Стихотворение «Ұлы дала баласы (Мұхтар аға)»


Бақытбекқызы Мадина
студент группы “Сестринское дело” КГКП «Государственный медицинский колледж имени Д.Калматаева г.Семей»
Руководитель: преподаватель Омиржанова Карлыгаш Омарбековна

 

Сөз келеді бұрқырап қара дала құйындай,

Екпініме кезіккен кетер ме екен жығылмай.

Талай ақын жырлаған, ұлы ата-бабам деп,

Менде терең толғасам асыл Абай атамдай.

 

Сырлы мекен шұрайлы Шыңғыстауым,

Әдеби ізгі жол салған асқар-асқар тауларым.

Жарқын болған нұрлы жер, егеменді болашаққа,

Нәрін сепкен балауса менің балғын бауларым.

 

Талай арыс туылған бұл биіктен,

Биіктетіп биікті әуелеткен.

Болашаққа алтын жол салған бір із,

Шабыт сыйлап ұрпаққа нұрын сепкен.

 

Қасқабұлақ мекен болды даналарға,

Олардың бірі Абай, бірі Мұхтар аға.

Маржан сөзбен өрнектеп нәр сыйлаған,

Мың тағзым осы ұлы аталарға.

 

Абайды Абай қылған Мұхтар ғана,

Мұхтарды Мұхтар қылған Абай дана.

Арада бір себеп бар-ол дара сөз,

Ұлыларды ұлы қылған ұлы дала.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *