Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы мәртебесі (Дөңгелек үстел); «Ұстазға мың тағзым» атты мұғалімдер күніне арналған мерекелік бағдарлама


Қожахметова Зульфия Рахметкулқызы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

                   Мемлекеттік тілдің бүгінгі таңдағы мәртебесі (Дөңгелек үстел)

 

Мақсаты: Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту… Ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

 

Мұғалім: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне —- жыл толған қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні орындалсын.

 

II.  Жүргізушінің сөзі :
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.«Адамға екі нәрсе тірек тегі,Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», – деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 23 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойнымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған “Қазақ тілін білу- Қазақстандық патриотизмнің белгісі”» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.

 

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын “Тілім менің ғасырлардан аманат” тақырыбына арналған слайд-шоуға назар аударайық.

IY. Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Дөңгелек үстелдің басты мақсаты Тілді қорғау, оның қолданыс аясын кеңейту…Бүгінгі жас ұрпақ- мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы- туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты- ұлтшыл емес, ұлттық сана- сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда.

 

Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
2. Мемлекеттік тілдің қадір-қасиеті қандай?
2. Қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері қандай?
3. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

 

Y. Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.

 

Жауаптарыңызға рахмет! Дағыстандық ақын Расул Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім- сенсің. Мен сені мақтан етемін»,- деген екен. Олай болса, тіл жанашырлары , бүгінгі ана тіліңіздің тағдырына ризасыз ба?

 

YI. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім-тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу- саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол- туған жерді, отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой-пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

Ән. «Жаса, қазақ тілі».

Балжан:
Мемлекеттік тілді үйренуге байланысты Көркем әдебиеттер, әдістемелік құралдар,Қазақ ертегілері,қазақша мултьфилмдер, дыбыс таспалары аланып, жар тақталар жасалып үкімет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-сананың негізгі өнегесі, нағыз белгісі.
Біздің тіліміз – көркем, бай. Мәселе соны дұрыс пайдалана білуде. Өз тілінің сұлулығын сезбей, өзге тілдің сұлулығын сезіну екіталай. Анамыздың ақ сүтімен бойымзға дарыған тілімзді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. Ана тілімізге мән берушілік, оны құрметтеушілік – шынайы патриоттарды тәрбиелеу жұмысына үлкен зиян.
Қазақ тілі – нағыз қазақ барда ешуақытта жоғалмайды. Қазақ тілінің қайнар бұлағы – халық ауыз әдебиеті. Бүгінгі жастарымыз түгілі, орта буынның өзі де сол негізден алыстап, рухани жұтаңдыққа душар болып отыр. Қаза ұлтының осынау мұраларын қасиет санап, қастерлей білген ұрпақтың мерейі әрқашанда үстем болмақ. Бүгінгі көшедегі жастардың бір-бірімен өзге тілде шүйіркелесіп тұруы өткен ғасырда жіберілген қатеміз болды. Қазақ елі өте сенгіш, бейімделгіш халық. Тілдің өзегі, өріс алар жері – ең әуелі отбасы, үй іші. «Әуелі бесігіңді түзе» деген сөзді кемеңгер М.Әуезов бекерге айтпаса керек. Ұлт азаматы болып қалыптасу үшін ең алдымен ана тілін сүю парызың, Отан алдындағы қарызың. Әрине, орыс, ағылшын және өзге тілдерді дамыту мәселесін де қолдайтын боламыз. Мемлекеттік тілді ең алдымен біздің жастарымыз білулері қажет. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов «Кім де кім өз ана тілін, әдебиетін, өз елінің тарихын білмесе, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» деген екен. Олай болса, қоғамның толыққанды, тең дәрежелі, мәдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілдің мәртебесін әлі де көтеру қажет меңгеруіміз керек.

 

Елзат:
Жаһанданудың жал толқындары көптеген мемлекеттер мен халықтарға оған қарсы тұрудың амалдарын ойлатуда, дабыл қақтыруда. Десек те, дабылшы көпшілік емес, аттөбеліндей ұлт қамын жеген азшылық болып тұр. Ол қай заманда да солай болған. Осындай қайшылық Абайды, Ахметті тудырған, Алаш қозғалысын қалыптастырған. Көптің еліктегіштігі, тарихтан сабақ, ғибрат алмайтындығы бүгінгі ұлт зиялыларын да ойлантуда. Егемендік алғалы отаршылдықтың салқыны шарпыған ұлттық діліміз, тіліміз, дәстүріміз жөнінде қаншама сөз айтылды, қаншама әрекеттер жасалды. Жалпы жаһанданудың, оның ішінде, тілдік жаһанданудың байыбына барсақ, оның мәні бір ғана тілге тіреліп тұрмағанды¬ғын аңғарар едік, егер мәселе тіл төңірегінде ғана болса, ол қазіргіден де оңайырақ соғар еді. Мәселе – өзге тілдің үстемдігінде емес, қандастарымыздың ана тіліне, отан¬дастарымыздың мемлекеттік тілімізге немқұрайдылығында, сондықтан да дү¬ниеге өзгелердің көзқарасымен қарауында. Яғни өзімізге қаратып айтсақ, бүгін қазақ баласының, әсіресе қалалық оқығандары айналаға, әлемге өзгелердің көзімен қарап, қазақша емес, басқаша ойлайтын болды. Дүниеде себепсіз нәрсе болмайды десек, мұндай көзқарастың төркіні күнделікті өмір салтынан, тұрмысымыздан, әрбірден соң қолданатын затымыздан, киетін киімімізден, ішетін асымыздан. Оған теледидарды, ғаламторды, елімізді жаулап алған өзгетілді ақпарат құралдарын қосыңыз.Өзгелердің дайын үлгілерін пайдалану, заттарын қолдану санамызға әсер етпей қоймайды. Есемізді жібермей, егелік ету үшін мықты экономика, алғыр саясатпен бірге осы елді мемлекет етіп отырған басты ұлттың, яғни қазақтың тілінің, мәдениетінің, дәстүрінің салтанат құрмағы, яки рухының асқақ болмағы аса маңызды. Ұлттық рухтың негізі де, тұғыры да тіл. Тіл асқақтаса, рух биіктемек. Алмас
«Қазақ тілі – қазақтың ғана тілі емес, менің тілім» деп айтуымыз қажет.
Тілді үйренуге ең басты қажет дүние – тілдік орта. Ал, тілдік ортаны алдымен балабақша мен мектепте жасау керек. Мектепте де, балабақшада да, мемлекеттік жүйеде оқытып-үйреткен тілдікқор, әріқарай қолданыста болмаса, ол құриды, жойылады. Алған тілдік білім әрі қарай даму үшін ол тілде сөйлеу керек. Сондықтан тілге қатысты атқарылар шаруа, бітірер іс ешқашан тәмәмдалмайды деп білеміз. Бүгінгі Қазақстан жастары осы сенімді ақтауға лайықты болуға тиісті.
Егер жас қауым бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа жұмылатын болса, біздің күшіміз бен қуатымыз да арта түседі. Біздің барлығымызды баурайтын «Біз – тілегі мен тілі бір Қазақстандықпыз» деген идея болуға тиіс. Қазақ тілі біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тілі болғандықтан, біз оны міндетті түрде білуге тиіспіз. Мәдениеті мен рухы жоғары, өркениеті дамыған ел боламын десек, осы іске жастар белсенділік танытып бастамшы болуға тиіс деп ойлаймын.

 

Мият:
Қазіргі кезде мемлекеттік тілді білуге, қастерлеуге деген талап күннен-күнге жоғарылап келеді. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер ана тілінде сөйлеп, ана тілінде сауатты жаза білуге, сөйтіп өзге ұлт өкілдеріне үлгі-өнеге көрсетулері тиісті.Қай кезде болмасын тіл мәселесі – сөйлейтін, сол тілден сусындаған, ұлттық, ділдік белгісі болып саналатын халықтың мәселесі. Әрбір халықтың ана тілі бар десек, өз ана тіліміздің барша болмысы, тіпті оның әрбір дыбысы мен жалғау жұрнағы әрбір шынайы азаматқа танымал, мәдени – әлеуметтік өмірде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Қазақ тілі – қазақтың мәдениетімен біте қайнасып жатқан рухани қазына. Қаймақты тілді пайдаланбай, қаспақтың түбін қырғыштап жүргендерге айтарым: әркімнің ана тілі тірлік үшін керек, мемлекеттік тіл бірлік үшін керек. Соны әрбір Қазақстан азаматының жүрегімен ұққаны жөн. Тіліміздің қадірін тек тіл мерекесінде ғана емес, күнделікті көтерейік!

Жазира:

Ата Заңымыздың 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мем¬лекеттiк тiл – қазақ тiлi деп көрсетілген. Мемлекеттiк ұйым¬дарда және жергiлiктi өзiн-өзi бас-қару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан хал¬қы¬ның тiлдерiн үйрену мен дамыту үшiн жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Десек те, тіл тағдыры – бар¬¬ша саналы қазақ азаматтарын тол¬ғандырып, кейбір жағдайда қын¬жылтып та жүрген мәселе. Осы орайда бүгінгі таңда мем¬лекеттік тіл мәселесі неліктен әлі де көкейтесті деген сұрақ ту¬ындайды. Мәселенің бір ұшы – қазақ тілі мәртебесін мой¬ындайтын, бірақ күнделікті тір¬шілігінде ресми тілді кең ау¬қымда пайдаланып жүрген, сая¬сат, билік, бизнес, мемлекеттік қыз¬мет салаларындағы орыс тіл¬¬ді азаматтардың мемлекеттік тіл¬¬ді іс жүзінде көтеруге деген ын¬¬та¬ларының жоқтығында бо¬лып отыр.
Әйтсе де қоғам да, би¬лік те бұл мәселеде қол қусы¬рып қарап отырған жоқ. Қа¬зақ тілі мемлекеттік тіл мәр¬те¬бесін алғалы қоғамдық жә¬не мемлекеттік салада ба¬яу да болса қолдану ая¬сы кеңею және тереңдеу тен¬¬ден¬циясына ие болды. Елба¬сы¬-мыздың жарлығымен бекі¬тіл¬ген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жыл¬дарға арналған мемлекеттік бағ¬дарламасы» тіл саясатын жү¬зеге асырудағы маңызды те¬тіктердің біріне айналды.Тіл – ұлттың бетпердесін, ер¬екшелігін, қадір-қасиетін, ділін қалыптастыратын ең маңызды кұрал. Қазақ тілін қадір тұтуға әр¬бір шаңырақ, әр адамның жеке ба¬сы борышты. Себебі, ұлттың уы¬зы – тіл, ұйытқысы – отбасы. Мем¬лекеттік тіл тұғырын ал¬ды¬мен өзіміз, яғни заңның ор¬ындалуын қадағалайтын ор¬гандар заңға сай көтере білсек, ана тілімізге деген адалдық пен құр¬мет болары кәміл.

 

Асылбек:
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Алтынбек
Тіліміздің мәртебесін арттыру үшін жүргізіліп жатқан іс-шараларымыз, рухани байлығымыз – ана тілімізді атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа қалдырудың бір жолы деп санаймыз.Ал біздің, қоғамның бүгінгі таңдағы ең басты мәселесінің бірі – мемлекеттік тіліміздің мәртебесін жоғары ұстап, оның қолдану аясын кеңейту. Сондықтан да елі¬міздің әрбір азаматы ұлты мен нәсіліне қа¬рамастан тіл мәселесін терең түсініп, жауапкершілікпен атсалысуы тиіс.
Айару
Мемлекеттік мәртебеге ие болған, бірақ ол мәртебесі толыққанды жүзеге аспай отырған қазақ тілінің қазіргі құқықтық аспектілері. Мұның адами, әлеуметтік жағы да жетерлік. Ең бастысы — ұлттық тіл ұлттық сананың, ұлттық намыстың жоғарылығына, оның қажеттілік деңгейіне байланысты екенін де ескермеуге болмайды. Өзін ешкімнен артық та, кем де емес дәрежеде сезіну халқымызға жетпей отыр. Әзір тәуелсіздік рухы баршамызды толыққанды түлете алмай отырғаны шындық. Осы арада бүкіл түркі әлемінің асыл перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқайдың: «Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» дегенін де еске сала кетсек, артық болмас. мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп отыр. Шынтуайтына келгенде, мәселеге тереңірек үңілсек, істің тетігі, яғни қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. Өркениетті елдерде тіл тағдыры көбіне-көп бұқараның белсенділігімен, биліктегі қазақ азаматтарының ұлтжандылық қасиеттерінің биіктігімен шешіледі. Мемлекеттік тіл туралы заң қабылданып, халқымыз тәуелсіздіктің рухани қуатын толық сезінгенде ғана Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп қойып отырған қазіргі стратегиялық мақсаты күнделікті шындыққа айналар сөзсіз.

«Ұстазға мың тағзым» атты мұғалімдер күніне

арналған мерекелік бағдарлама

 

Хор. № 1 мектеп-лицейінің орындауында «Ұстазым»

Осы орындауда « Атамекен» әні.

 

1 жүргізуші: Ассалаумағалейкум, уа, халайық !

 

2 жүргізуші: Қайырлы күн, аяулы ұстаздар!

 

1 жүргізуші: Бүгінгі көңіліміздің түбегінен орын алған кең пейілді, ақ ниетті ұстаздарға  арналған «Ұстазға мың тағзым » атты мерекелік бағдарламаға  қош келдіңіздер!

 

2 жүргізуші: Бабаларым өсиет еткен ұлы мұра мен үшін

Ұстаздықтың ұлылығын қалап берер кірпішім.

Ғұмырымды арнап өтем ұлы ұстаз жолына

Жас ұрпақты тәрбиелеу – менің басты борышым.

 

1 жүргізуші:Жоқтатпаймын ұлтымның ар – намысын

Қазағымды бүкіл ғалам танысын.

Ардақтайық ұстаздардың қауымын

Қошемет ет, өйткені олар – жолбасшысы халықтың!

 

2 жүргізуші: Асылбек , «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деп,  Абай   атамыз айтқандай, бар шәкірттің көңілінен шығып, оларды өзіне баурап  алу да оңай емес.

 

1 жүргізуші: Иә, Гүлмираш, сонда да осы қиындықты жеңіп, еңбегінің арқасында елеулі болған ұстаздар қаншама?!

 

2 жүргізуші:     Білімнің  кәусәр бұлағын

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым, дана да.

 

1 жүргізуші:    Мұғалім – ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін- дей келе,  Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдері Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында «Киелі менің Құланым» әнін қабыл алыңыздар.

 

2 жүргізуші: Ұстаз – әке, өйткені, ол шәкірттеріне аямай қамқорлық жасайды.

 

1 жүргізуші : Ұстаз – ана, ол шәкірттерін туған анасындай  өмір қиындықтарын шешуді   үйретіп, білім мен тәрбиенің кәусар бұлағынан сусындатудан жалықпайды.

 

2 жүргізуші: Асылбек, аудандағы білім қызметкерлерінің жаңа белестерге шығып,  кәсіби қызметімен айналысуына жағдай жасауға аудан  басшылары үлкен күш – жігер жұмсауда.

 

1 жүргізуші: Гүлмираш, олай болса, құттықтау сөз кезегін аудан әкімі Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы мен аудандық маслихат хатшысы Шамаев Берік Ысқақұлына  берейік.

 

Аудан әкімінің құрмет грамотасымен мараптталатындар:

 

Аудандық маслихат хатшысының құрмет грамотасымен марапатталатын

ұстаздар тізімі:

 

 

1 жүргізуші   Тілегіңізге рахмет!   «Әдемі-ау» бишілер тобының «Қазақ қызы»  биін  сіздерге арнаймыз.

 

2 жүргізуші: Асылбек , «Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты» деп    педагог К.Д. Ушинский  бекер айтпаған.

 

1 жүргізуші: Ендеше, әлем ойшылдарының бірі Д.И. Менделеев « Мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде…» – дейді, сол айтқандай мұғалімнің  мерейін өсіретін бүгінгі күнде барлық оқушылары атынан ыстық ықыласқа толы жалынды сөздерін арнаған жыр – шумақтарына ұласса, яғни  бүгінгі  мерекені «Мерекелік почта » айдарымен жалғастырамыз.

(Жедел  хаттар мен құттықтаулар, открыткалар оқылады. Мектеп оқушыларымен, түлектерінен және ата-аналардан)

 

2 жүргізуші: 1-ші хатқа кезек берейік. «Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “…1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Құрметті «Мерекелік почта»! Ардагер ұстаздар қауымына арнап ән жолдасаңыздар екен… №2 шағын орталықты орта мектебінің  9 «Г» сынып оқушысы Қуандық Қуаныш»

 

Ән . Квартет Е.Қасанғалиев «Жанарым»

 

 

1 жүргізуші: Гүлмираш, біздің почтаға  тек хаттар емес,бейнеқұттықтаулар да келіп түсуде. Экранға назар аударайықшы.

(1-2 бейне құттықтаулар қойылады.)

 

 

2. жүргізуші: Ұстазға деген сүйіспеншілік пен құрмет қандай!

 

1 жүргізуші: В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу.  Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады»,- деп айтқандай, ұстаздық жолды жүрекпен таңдаған ұстаздар династиясын мақтанышпен атауға болады. Олар: Абуталиповтар династиясы, Жаңабердиевтер династиясы, Базилбаевтар династиясы, Даубаевтар династиясы.

 

2 жүргізуші: Сіздердің құрметтеріңізге мына ән шашуды қабыл алыңыздар.

Дуэт. Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімдері Үмбеталиев Асылбек пен Есболова Жазираның орындауында «Егіз лебіз».

 

2 жүргізуші: «Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жету қажет. Бұл – бақыттың бастауы. Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық құрылысты жақсарту- барлығы да білімділікке байланысты»,- деген  екен дана бабамыз Әбу- Нәсір Әл – Фараби.  Сондықтан білім беру жүйесін басқару оңай тірлік емес.

 

1 жүргізуші: Иә, сондықтан да бүгінгі мерекеде ұзақ жылдар бойы басқарушылық қызметте жүріп, еңбек еткен бірқатар басшы-ұстаздарды атап өтпеуге болмайды.

1. Жабықбаев Дүйсен, Құсайынов Құралбай, Алагөзова Түзел, Анисимова Галина Васиьевна, Селиванова Вера Петровна, Наметқұлова Бағдат, Бөгенбаева Шакизада, Жапарқұлов Кәден, Бекмұратова Әшіркүл, Қокаева Әшіркүл , Әбумансурова Төлжан, Байбатчаев Өрнек, Рахметілдаев Мәмбет, Миралиева Гүлнара, Қораласбаева Райхан, Сейсенбаева Шахризада, Мажитова Балғайша    тағы басқалар. Сіздердің еңбектеріңіз бүгінгі жастарға үлгі, өнеге. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

2 Жүргізуші: Осы ұстаздарға бағыт-бағдар берген, барлық шығармашылық жұмыстардың ұйытқысы болған аудандық білім бөлімінің жұмысы ерекше. Аудандағы әдістемелік жұмыстың шебері -Есенкүл Мұқтарқызы, ақпараттық қызметті шебер ұйымдастырушы- Күмісхан Нұрғасқақызы, Айсара Әбдіразаққызы, Тахирхан Қожабергенұлы, Мерханов Абилда, Сартова Қанымкүл, Қабираев Серікбай  сынды білім бөлімінің қызметкерлерін де еске алғанымыз жөн болар.

1 жүргізуші: Сонымен қатар білім бөлімін білікті де , білімді басшылар басқарған. Жакибаев Кеңес, Байғабылова Машат Төреқұлқызы, Абдукасымов Рахым, Аманова Назира, Өскенбаев Сейтжан Әбдуәлыұлы, Тажиков Амзе Даданұлы, Букирова Жұмакүл Оңғарбайқызы, Тотаев Сейтхан Төреханұлы, Утеулиева Лаззат Шакуалықызы  (Слайд)

 

1 жүргізуші  Олай болса, Ұстаздарым, еңбегіңіз сөнбесін,

Табыстарыңыз бүршік жарып гүлденсін.

Сіз жолдаған жолыңызға киелі

Буырқанған кіршік лайы төнбесін!- деп құттықтау кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Утеулиева Лаззат Шакуалықызы мен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі.

 

2. жүргізуші: Бүгінгі мерекеде ұстаздар бірнеше номинациялар бойынша марапатталады:

 

1.     «Ең іскер басшы» – Жұмакүл Оңғарбайқызы Букирова

2.     «Білікті басшы»- Галина Васильевна Анисимова

3.     «Шебер-әдіскер» – Есенкүл Мұхтарқызы Мухтарова, Иманқұлова Бикен

4.     «Ақпараттық қызметті шебер ұйымдастырушы» Күмісхан Нұрғасқақызы

5.     «Шебер- психолог ұйымдастырушы»-  Айман Жакияқызы Жайлыбаева

6.     «Патриоттық тәрбие берудің үздік жетекшісі»- Әбілда Мейрханов

7.     «Үздік ұйымдастырушы- педагог»- Райхан Әлімханқызы Қораласбаева

8.     «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің үздігі»- Әшіркүл Қокаева, Шахризада Сейсенбаева, Әшіпкүл Бекмуратова

9.     Ұстаздық қызметті бағалап, мектепке үлкен жанашырлық танытқаны үшін  Дөненбаев Сайрамбай, Мамырбаев Сатжан, Көпбаев Төкен «Жыл демеушісі-2014» номинациясымен  марапатталады.

 

Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталатын ұстаздар:

 

(Мұғалімдерге гүл  табысталады.)

 

Ұстаздарға керек үлкен жүректілік,

Ала алмас беделді ешкім тілеп тұрып.

Шын бедел, ел таңдауы, халық сыйы,

Оны ешкім бере алмайды үлестіріп.

Бүгінгі мерекелік бағдарламаға келіп отырған ардагер ұстаздарға арналған сыйлықтарды қабыл алыңыздар.

(Ардагер ұстаздарға сыйлықтар тапсырылады)

 

Ән. Республикалық «Ғұмырдария» ән байқауының бас жүлде иегері, ауданымыздың мақтанышы Кәрім Жанияның орындауында «Үш бақытым»

әнін қабыл алыңыздар.

 

1жүргізуші: « Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру  үшін алты алаштың

баласы  бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі»,- деп М. Жұмабаев атап

өткендей,  ұстаздықтың даңғыл сара жолын салуға өз үлестерін қосып,

қоғамның барлық саласына атсалысып жүрген ардақты

ұстаздарымыздың орны тіпті бөлек.

 

1. № 1 м-л.  Жұмабай Жахангир  «Қазақстан»

2. № 1 м-л  Абдыхалық Еркеайым «Ардақты ұстазым»

4. №1 м/л Мейрамбек  Нұрайым мен Гүлайым «Алғашқы қоңырау»

5. Р.Смайлов о/м. Кәрім Жания «Әке-ана»

 

 

1 жүргізуші: Әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену үшін мемлекетімізге  білімді, мәдениетті, өз ісінің шебері болар азамат керек.Сондықтан да білім мен тәрбие сапасы күн тәртібінен түспейтін қағида. Сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздарымыздың жан-жақты болуы шарт емес пе?

 

2 жүргізуші  Құттықтаймыз мерекемен ұстаздар,

Әр күлгенің бізге бақыт саналар.

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде,

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар.- дей келе келесі кезекті саз мектебінің домбырашылар ансамблінің  Н.Тілендиевтың «Әлқиссасына»  берейік.

 

2 жүргізуші: Асылбек , әдептілік пен парасаттылықтың озық үлгісі –Ұстаз емес пе? Ес білгеннен біз соның жанарына қарап, жанының мөлдір бұлағынан сусындаймыз. Ең қадірлі жанды «Ұстазым» дейміз.

 

Келесі кезекті М.Төлебаев атындағы саз мектебінің  «Құлан сазы» фольклорының орындауында  М.Өзбековтың «Ақ тамақ қарлығаштар» әнін қабыл алыңыздар!

 

1,2 жүргізуші :Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

Аққудай самғап,

Гүлдей жайнап,

Бұлбұлдай сайрап,

Сезімді баурап,

Сыйластықты қолдап,

Достықты барлап,

Өмір шахарын шарлап,

Еңбекті ақтап,

Бүгінгі күнді мәңгі есте сақтап жүрулеріңізге тілектеспіз!

 

1.     жүргізуші: Бүгінгі ұстаздар күніне арналған мерекелік бағдарламамыз аяқталды.

 

2 жүргізуші: Келесі кездескенше амандықпен жүздесейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *