Автомобиль бензин насосы


Елбаев Абзал Жайгалиевич
 «Қаратөбе колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:      Оқушыларды автомобиль бензин насосының бөлшектерімен ,  жұмыс жасау принциптарымен  таныстыру арқылы білімділігін арттыру.

Дамытушылық: Сабақтан алған  білімін  практикада  қолданылуына  назар аудару  сабаққа деген  қызығушылығы мен талабын арттырып, ой-өрісін  дамыту.

Тәрбиелік :  Жинақылыққа, тиянақтылыққа  және берілген тапсырмаларды  нақты орындауға  тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланған  көрнекі құрал-жабдықтар :  Сұлба, әр түрлі құрал –жабдықтар, бензин насосы

Сабақтың  әдісі:  Тақырыпты түсіндіру, көрсету, өз бетімен  тапсырманы  орындату.

Сабақ  түрі:   Аралас

Сабақтың  барысы:

I  Ұйымдастыру бөлімі

II.     Үй тапсырмасын  тексеру    сұрақ –жауап  түрінде

1. Отын айдауыш  насос қызметі.

2. Отын багы

3. Отын сүзгі

III.   Жаңа сабақ    мазмұны :

Автомобиль двигателінің бензин насосы  (а –сурет ) диафрагма типтес.  Ол корпустан  (7), қақпақшадан (3) және қалпақшадан (5) тұрады. Корпус осінде қайтару серіппесі бар  екі иінді рычаг (15) пен отынды қолмен  айдау рычагы (12) орналасқан корпус және қалпақшаның арасында лакталған немесе  резенкеленген  матадан диафрагма (6) қысылған. Табақшалар (1) диафрагманы штокпен (10) қосады, оның төменгі бөлігі бензин насосы жетегінің екі иінді рычагымен байланысты.  Диафрагманың астынғы жағында айдау серіппесі (9) орнатылған Бензин насосының қалпақшасы (5) бөгет арқылы сору  және айдауыш қуыстарына бөлінген. Айдауыш қуысында шығару клапаны (2) ал сору қуысының  үстінгі  жағында  тор көзді  сүзгі орнатылған екі енгізу  клапаны  (8) орналасқан.  Қалпақша –корпусқа , ал қақпақ  қалпақшаға  винттермен бекітілген.  Бензин насосы таратқыш  біліктің эксцентригі арқылы іске қосылады. Эксцентрик екі иінді рычагтан  (б-сурет) ілгері шыққанда, соңғысы диафрагманы (6) майыстыра отырып, табақшалармен бірге, диафрагманың  штогын (10) төмен қарай ығыстырады, сол кезде оның үстінде сиретілу  пайда болады. Соның әсерінен отын  өткізгіші арқылы отын бактан  насостың ендіру  тесігіне келіп , тор арқылы ендіру клапандарына(8) өтіп диафрагма үстіндегі кеңістікті толтырады.  Бұл кезде насостың айдау серіппесі  сығылады, ал клапан жабылады.  Екі иінді рычагтың сыртқы жағынан эксцентриктің шығыңқы жері жылжып тускенде,шығару клапаны (2)арқылы бензинді шығару  каналына және отын  өткізгішпен одан әрі карбюраторға ығыстырып, айдау серіппесінің (9)  (в-сурет) әсерімен диафрагма жоғарыға орналасады.  Бензин насосына отынның берілуі карбюраторда оның  барынша  көп  жумсалуына есептелінген.

Двигатель  жұмыс істемеген жағдайда карбюратордың қалтқылы камерасын  отынмен толтыру үшін, насос корпусының бүйір жағында орналасқан  қолмен айдау  рычагын (12) пайдаланады. Қолмен айдау рычагы орын ауыстырғанда біліктің кесілген шеті екі иінді рычагты басып , диафрагманы төмен  қарай  майыстырады . Егер жұмыс істемеген двигательде  диафрагма төменгі қалыпта тұрса,  онда  эксцентрикті екі иінді рычагтан түсіру үшін иінді білікті  оталдыру тұтқасымен  бір айналымға  бұрау қажет.

IV.   Сабақты бекіту

1.   Бензанасостың  атқаратын  қызметі ?

2.  Бензанасос  негізгі бөлшектері?

3.  Бензанасос  жұмыс жасау  тәртібі қандай?

V.   Қорытынды.   Өтілген  жаңа сабақ  тақырыбы негізінде оқушының  өз ойымен бөлісу оқушылардың  білімдерін бағалау.

VI. Үйге тапсырма    Өтілген сабақ мазмұнын  қайталап келу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *