Ойын арқылы баланың тілін дамыту


Шагаева Жанар Дулаткановна
Рудный қаласының №15 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі

Ойынның негізгі ерекшелігі  – Балалар үн  – түнсіз ойнамайды. Тіпті жалғыз болғанның  өзінде де сөйлесіп  жүреді.Ойын процесінде сөйлесу қарым – қатынасы үлкен роль атқарады.Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның мазмұнын  анықтайды.

Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы. Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым – қатынастарының дамуын, көп жақтылығын анықтайды.Ойын бала үшін нағыз өмір. Олай болса мұғалім ойында ақылмен ұйымдастыра білуі қажет. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны тудырады.  Сабақ кезеңінде  ойындардың  мазмұнды болғанын қалаймын.  Ойын түрлерін іс – әрекетке бағыттаймын.  “Құрылыс”  ойыны балалар әрекетінің бір түрі.  Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған  өмір.

Балалар ойын үстінде стадиондар, цирктер, театрлар салады.  Олар заттың бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің  өзіндік шешімін енгізеді. Яғни, бір – бірімен еркін сөйлесіп, тіл байлығы дамиды. Қимылды ойындарды ойнатуда  көбінесе, ұлттық ойындарға  көңіл бөлемін. “Асық”, “Көкпар”, “Бәйге”, “Тақия тастамақ”  т.б  ойындардың тәрбиелік мәні зор.Тіл дамытуда  топтық ойындардың  да берері мол. Бір – біріне пікір айту арқылы тілі жетіледі.

Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетііліп,  жүйке – психикалық  дамуы, мінез – құлқы  осы кезде қалыптасады десек, ойынның түрлеріне ерекше көңіл бөлейік.

” Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы” демекші , сан алуан  ойын түрлері   жас ерекшелігіне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. Тәрбиелеу және білім берудің  жұмыстарының негізгі түрі – сабақ. Сабақ барысында дидактикалық ойынның берері мол. Дидактикалық ойындар дүниетанымын жетілдіріп, сөздік қоры мен сөйлеу тілін, ой – өрісін дамытып, еңбекке баулиды.  Яғни, ойын барысында бүлдіршін өзіне жақтас іздейді, оған балалардың  қарым  – қатынасына да әсер етеді. Осы орайда ойынның мазмұнын назарда ұстаймын.

“Ала күшік” ойынының   тәрбиелік ерекшеліктеріне келер болсақ, оның сюжеттік мәнінде сақтыққа баулитын қасиеттер бар. Ойынның шарты бойынша  бала қауіпті бейнеге қарсы келе жатып, өзіне белгі берілмейінше  қашпайды. Бұл әрекет баланы қиындықтан қорықпауға үйретеді. Ал, “Бос орын” ойыны балалардың күшін сынауға, ерік  – жігерін қайрауға және тәртібін бақылауға бағытталған. “Менің түсім” ойынында түстерд і таңдау арқылы рефлексия жасай білуге машықтанады.  Сонымен қатар “Телефон даусы” ойыны арқылы сөйлеу мәдениеті артады.  Жасыратыны жоқ балалар үйде ғаламтор мен теледидардағы  ұлттық ертегімізді емес, қатігездікке үйрететін ойындарға әуес. Сондықтан да алдын – алу шараларын жүргіземін. Ата – аналармен қарым – қатынас барысында  адамгершілікке баулитын ойындарға  ден  қоюға  үгіттеп,  дидактикалық ойындардың маңыздылығын  айтып отырамын.

Қорытындылай келе әріптестерім  өздеріне  “бойтұмардай” ой түйіп, ойынның  тәрбиелік мәніне назар аударса деймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *