Бесіктің пайдасы


Абилхайыров Ердос
Рудный қаласының №13 орта мектебі»КММ 1 «Ә» сынып оқушысы
Жетекші: бастауыш сынып мұғалімі Капышева Гүлшат Сайрановна

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….3

I БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, БЕСІККЕ САЛУДЫҢ ТӘРБИЕЛІЛІГІ.

1.1Бесіктің тарихы мен оның түрлері………………………………………………………………4

1.2Бесік құрылысы мен  жабдықтарының пайдасы………………………………………….5

1.3Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызы………………………………………………..7

1.4 Бесікке салу дәстүрі…………………………………………………………………………………..9

II ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1Әжелермен сұхбат……………………………………………………………………………………11

2.2Жас аналармен сауалнама………………………………………………………………………….3

2.3 Дәрігермен бесік туралы ой бөлісу…………………………………………………………..14

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………………..15

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………………………………………….16

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Менің отбасым қазақ халқының қай дәстүрі болмасын, орындайды. Соның ішінде тәрбиелілігі мол дәстүр бесікке салудың мәнін зерттедім. Ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүрді, қазіргі кезде жастар неге  ұстанбайды?  Әлде баланың тыныштығы болмай ма деп ойлай ма екен, Атақты аға апаларымыз, біздер де бесіктен шықтық қой. Аналардың әлдилерін бойымызға сіңіріп, өскен балалармыз. Сондықтан мен сіздерге бесіктің зиян туралы ойын теріске шығарып,  киелі мұрамыздың құдіреті мен қасиетін ашып талқылайымын.

Ø Болжамы: Егер бесіктің пайдасын дәлелдесем, онда жас аналар салт дәстүрімізді отбасында  міндет етеді деген үміттемін.

Ø Зерттеу мақсаты: Бесікке салудың сырын ашып, оның тәрбиелік мән-мағынасын түсіну. Бесік жырының сәби тәрбиесіндегі орнын көрсету

Ø Зерттеу міндеттері:

ü Бесіктің құрылысына зер салу.

ü Бесік жабдықтарының пайдасын дәріптеу

ü Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызына тоқталу

ü Бесікке салу дәстүрін көрсету. Әжелермен сұхбат

ü Жас аналарға сауалнама өткізу

ü Дәрігермен бесік туралы ой бөлісу.

ü Қорытынды жасау

Ø Зерттеудің әдісі: Зерттеу, бақылау, ізденіс, әдебиеттермен жұмыс

I БЕСІКТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ, БЕСІККЕ САЛУДЫҢ ТӘРБИЕЛІЛІГІ.

1.1 Бесіктің тарихы мен оның түрлері

Бесік— нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек. Бесікті  Орталық  Азия      мен Кавказ,  Үндістан,  Қытай  жерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады Бесік  көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған.

Қазақ бесікті  қарағай, қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік  жеңіл, ықшам әрі берік  көшіп-қонуға ыңғайлы болады.

Бесік қалай пайда болды?  Аңызға сүйенсек, бесік алғаш рет Алтай мен Жетісу аймағында Айырқалпақ Айдахар бидің заманында пайда болған деседі. Айдахар бидің әкесі қазақтың дархан даласына ағаш егіп, орман отырғызған атақты Мизам Баб болған екен. Мизам баб 150 жыл өмір сүріп дала өркениетін өзінің бау-бақшасымен таң қалдырыпты. Алайда ол қайтыс болған соң, қызғанышпен қараған қытайлықтар орманды өртеп кетіпті. Бұл кезде Айдахар би алыс сапарда жүрген көрінеді. Әкесінен түсінде аян алған Айдахар би тез арада елге оралады. Нулы тоғайдың жапан далаға айналғанын көріп, қатты қапаланады. Қалған, ағаштарды сүйретіп, үйіне барады. Өмір жалғасып, Айдахар би үйленіп, өмірге сәбиі келеді. Алайда, нәресте іңгәлап жылағанын тоқтамайды. Тіпті, ең атақты емшілер де еш көмектесе алмапты. Кенеттен бала бірден жылағанын доғарады. Қараса, ақ шапан киген ақсақал Айдахар бидің әкесінен қалған ағаштарға сәбиді тербетіп, жұбатып отыр екен. Айдахар би жақындай бергенде, әлгі ақсақал көзден ғайып болыпты. Айдахар би баласына әкесінің орманына қалған ағаштан бесік жасап беріпті. Бесік көшпенді халықтың өмірінің ажырамас бөлігіне айналыпты.
1.2Бесік құрылысы мен  жабдықтарының пайдасы

Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады?  Оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан теңіз.

Бесіктің құрылысына тоқталсақ, олар:

1. Арқалық. Ол ұзындығы 70-75 сантиметр, ұстап тұтуға ыңғайлы, бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр бел ағашы. Оны арыс деп те атайды.

2. Жақтау. Ол – төртеу. Екі үлкен жақтаудың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.

3. Шабақ. Бұл да – төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.

4. Сабау. Ол – екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.

5. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің табаны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқалыпты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақтар табан деп те атай береді. Ұзындығына тең жұмыр ағаш.

6. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

7. Шүмек. Бесіктегі сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асық жілігінен бір басы тесіліп, екінші басының төменгі жаны ойылып жасалған түтікше. Кейде айрықша аппақ болуы үшін оны алғаш пайдаланар алдында сүтке қайнатып алады.

8. Түбек. Сәбиді бесікке бөлегенде жаялығы былғанбас үшін бесіктің ортасындағы тақтайды тесіп орнататын алмалы-салмалы киіз қалта. Шағын шыны құтылар (банкілер) пайда бола бастасымен содан түбек жасалатын болды. Шүмектің ұшы түбекке сұғынып тұрады.

Бесіктің жабдықтарына:

Құс төсек, жастық, жөргек, тарпа бау, кепіл, жапқыш жатады.

Әр жабдық терең оймен жасалған. Әрқайсысының ерекшілігі мен балаға беретін пайдасы бар.

•         Құс төсек -жұмсақ төсеніш. Дәрет жүру үшін арнайы ойығы бар.Баланың денесіне жұмсақ болуы үшін төсейді

Пайдасы: шалқалап жатқан баланың, денесі түзу болады

•         Кепіл- түбек маңына  төселетін арнайы жастықша.Баланың тәнін қажамау үшін төселеді.

•         Жастық- бас жағына төсейтің жабдық.Баланың дем алуын жеңілдетеді.Емізгенде қолайлы.

•         Тартпа бау- біреуі көкірек, екіншісі тізенің үстінен тартылады Неғұрлым қатты тартылуы керек

Пайдасы: Тартпа баумен баланың аяқ қолын тартып, бесікке бөлегенде, нәтижесінде денесі келісті болып өседі

•         Жапқыш –жұқа матадан тігіледі.Сәбиді күн көзінен, суықтан қорғайды

1.3Бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңызы

Сәбиді бесікке бөлеген соң, анасы не әжесі бесік әуеніңнайтады. Ғалымдардың дәлелдеуінше бесік жырының балаға беретін пайдасы мол.

“Бесік жыры”  – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі және баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр.

Бесік жырлары 4 ке бөлінеді

Ø Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен, мазмұндық-композициялық негізгі құрылысы толық сақталған,

 

Қазақстанның барлық жерінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Жыр құрамында “әлди-әлди” немесе “жылама, бөпем, жылама” тәрізді қайырмалар қайталанады.

Ø Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған.

Ø Уату жыры- бала жылаған кезінде жұбату үшін айтылатын жыр.

Ø Ұйықтату жыры анасының әлдиімен айтылады. Бала сол тәтті әуенді тыңдап ұйықтайды.

Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады

Қазіргі жастардың 70 пайызының жүйке жүйесінде ауытқушылықтар бар екенін аңғартады. Сондықтан  ғылым мен музыкаға әуестері болмайды.

Ғылымда бар жаңалық: Егер бала бесік жырын тыңдап өссе, түбінде

ü Баланың жүйке жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

ü Сәби бойындағы мейірімділік, қайырымдылық, ата-анаға деген махаббат сияқты ізгі сезімдерді дамытады.

Баланы ұйықтатақан кезде көбінесе ұйықтату жырлары көп айтылады. Мен өз әжемнің үйіне барып ұйықтату жырын айтып, бесікке салу дәстүрін көрдім.

1.4. Бесікке салу – басты рәсім

Әрине, бесік той туралы исі қазақтың көпшілігі біледі. Алайда оның тәрбиелік мәні аса терең

Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан.Қазақ баласын ағаш бесікке салып баққан. Ағаш бесік көшпелі өмірге өте қолайлы. Бесікті қазақтың құрмет тұтуы соншалық, кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан. Қазақтың туған жерді алтын бесікке теңеуі де бесікті ардақтаудан шыққан.

Бесік түгел ағаштан жасалады. Оның құрылысы келіннің әнінде былай баяндалады.

Түбегіңді, шүмегіңді салайын.
Денең таза болсын деп
Бас жастықша салайын
Басың жұмсақ болсын деп
Екі бел жастаншы
Бел көрпеңді салайын.
Сымбатты, сұлу өссін деп
Тартпа бауды тартайын
Сымға тартқан сүйректей
Денең сұлу болсын деп
Жабуыңды жабайын
Жел, суық тимей қалсын деп.

Бесікке бөлеу рәсімін ауылдың қадірменді анасы іске асырған. Бесікке салушы бесіктің барлық жабдықтарын орын-орнына қойғаннан кейін, шашуға әкелген құрт, май, бауырсақты уыстап алып бесіктің түбек байлайтын тесігінен төмен өткізіп, бесік астынан қолын тосқандарға үлестіріледі. Бұл дәстүр тыштырма деп аталады. Тыштыма үйлестіріп болған соң барлық отырғандарды қамшымен арқаларынан ұрып шығады. Сонан соң бесікті отпен аластайды.

II ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

2.1  Сұхбат.

Менің әжем көп балалы ана.Әжемнің барлық балалары бесікте өскен. Бесікке бөлеудің шебері, бесіктің қыр  сырын толық меңгерген кісі.

Өз білімімді әрі қарай дамыту үшін әжеммен бесік жайында сұхбаттасып та үлгердім. Сұхбаттасу мақсатым :  бесік жөнінде сұрап білу, бесікке бөлегеннен кейін бала бойындағы өзгерістерді білгім келді.

Әжеме сұрақ қойдым.

v Сұрақ:

– Әже, баланы бесікке баланы бөлегендегі бала бойындағы өзгерістер қандай?

v Әжемнің жауабы:

-Бесіктің бала тәрбиесіне ыңғайлығы:  бесік баланың тазалығына,ұйықтауына, анасына емізуне қолайлы.Жалпы, ана баланы бесікке дұрыс бөлеуді білсе, сәбиі тып-тыныш ұйықтап, демалып, мамасының да мазасын алмайды. Ал егер де дұрыс бөлемей, баланың қолы, не аяғы бос қалса, ол ербеңдеп жылай береді. Түбек пен шүмек те дұрыс орнатылмаса, баланың дәреті үстіне жайылып, денесі су болады.

Әжемнің сөзіне сүйеніп бесіктің пайдасы туралы өзіме жаңалық аштым. Бесіктің анаға және балаға пайдасы бар екенін анықтадым.

Балаға беретін пайдасы мол

Балаға пайдасы:

Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етеді. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі

Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Ал сонымен қоса анаға пайдасы бар екенін білдім Ол:

Ø Ананың емізуіне қолайлығы

Ø Бесік баланың үйі болғандықтан, ұйқы кезінде анасынан бөлек жатады. Сонымен ана баланы басып кету қауіпінен сақтайды

Ø Баланың ұйқысын келтіру үшін, жабуын жауып, тербетсек, тәтті әлдиге бала аз уақыт ішінде ұйықтап қалады. Ананың уақыты үнемделіп, үй жұмыстарын жасауды да үлгіреді.

2.2 Жас аналармен сұхбат.

Бірақ сонда да жас аналар  баланы бесікке бөлемейді.Оның себебің алыстан іздеген жоқпын.

-Біздің  сыныпта 4 жас ана бар. Мен олардан бесік жөнінде сұрастырдым. 1 ана баланы бесікке бөлейді.

Бесікке бөлеген тиімді деп айтты.Баласын бесікке бөлегенде, үй жұмыстарын да жасап үлгіреді екен және жаялықтарға қаржы жұмсамайды

Ал 3 ана бөлемейді.Аналар бесікке бөлемеу  себептерін анықтадым

Олар:

Ø Баланы еркін қойғанды жөн көреді. Баланы аяйды.

Ø Жөргекке ораған тиімді деп санайды.

Ø Қорқыныш сезім:Бала қараңғыда жатады, емізгенде тұншығып қалады деп ойлайды.

Ø  бөлеуді білмейді. Бесік зиян деп айтты.

Әжемнің және жас аналардың сөздері бір бірімен ұштаспады.

Бұл аналардың жауптарнан кейін менде 2 ой туды. Баланы бесікке бөлеген дұрыспа әлде бұрыспа? .Осы сұрақтарға жауап табу үшін, балалар дәрігерімен көріскенді жөн көрдім.

2.3           Дәрігермен сұхбат.

Мен  Рудный қалалық балалар ауруханасының  педиатр дәрігерімен кездесуге келдім. Зерттеу барысында туған ойларға көз жеткізу үшін, дәрігерге келген себебімді айттым. Дәрігер сұрақтарымды тыңдап, жауап берді.

v Менің бірінші Сұрағым:

-Бесік туралы көзқарастар екіге бөлінген. Үлкен қауым бесікті дәріптесе, қазіргі жас аналар неге бесікке қарсы шығады?Әлде бесіктің зияны бар ма?

v Дәрігер Жауабы:

– Бесік  бала денсаулығына қолайлы.Тек дені сау баланы бесікке салған жөн. Бесікте жатқан баланың денесі шымыр болады.. Қазіргі жастар осыны түсінбейді. Сәбиіне қарап аяушылық сезімі пайда болады. Мысалы  бөпені машинаға отырғызғанда, немесе тамақтануға арналған арнайы орындыққа отырғызғанда қауіпсіздік белбеулерін кигізетінін білесің.Бесік те сол автокресло сияқты, сәби оның ішінде жатқанда қаупсіздікте болғанын білуі қажет. Сонда ғана, шошымай, тыныш жата алады. Бірақ бесікте 3-4 сағат уақытында бөлеу керек. Бір мезгіл баланың денесін бос жіберген де жөн.

v  Екінші сұрақ: – Оның ішінде бала тұншығып қалмай ма?

v  Дәрігер жауабы:  – Жоқ, тұншығып қалмайды. Бесіктің іші бізге тар болып көрінгенмен,жас сәбиге ол мүлде басқаша көрінеді. Ол бесікте жатқанда өзінің  анасының құрсағында жатқандай сезінеді.Өйткені бесіктің іші  ана құрсағындай тар және қараңғы.Керісінше бос жатса қол аяғынан шошынып, оянып кете береді.

Дәрігермен сұхбаттасқаннан кейін Жұмысымды аяқтағу бел будым. Өйткені маман сөзі, әрқашан шындықты талап етеді.

Қорытынды.

Жұмысымды қорытындылай келе, бесіктің пайдасы мен балаға беретін тәрбиесін білдім. Әдебиеттермен, интернет желілерін қолдандып,  мамандармен ой бөлісіп, қызығушылықпен жұмысты атқардым.

Қазақтың бесігі жайлы тек қана жақсы дүниелерді айтуға болады.Мәселен, оның көшпелілер өміріндегі пайдасын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Басы иілген, төрт аяғы, астында төсегі, арқалығы бар бесіктер үстіне қанша жапқыш жапқанмен сәбидің жатуына жайлы болған.Бала ешқашан тұншықпаған, ауасы кең болып тұрған. Қазақтың бесігі баланың өміріне өте лайықты ойластырылып, шебер дайындалған.

Қазақ халқы бесікті киелі деп санаған.  Мұхтар Әуезов атам айтқандай «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген сөзді бекерге айтпаған. Сондықтан жас аналарға киелі мұрамызды жоғалтпайық деп айтқым келеді.

Әдебиеттер тізімі

1.Ғаламтор жүйесі

2.Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан,

3.Көкшеева З. Бесік жырлары – эстетикалық мәдениетті қалыптастыруы

4.Өмешұлы Ә. Бесіккее бөлеу зиян ба? Парасат, №7

5.Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *