Көжек


Капышева Гүлшат Сайрановна
Рудный қаласының №15 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ мақсаты: «Көжек» ертегісінің мазмұның түсіндіру; оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру, әдебиеттік оқуға қызығушылығын ояту, ой-өрісін, тілбайлығын дамыту, шығарманың негізгі ойын анықтауға үйрету; оқушыларды туған жерін сүюге, жануарларға қамқорлық корсетуге тәрбиелеу.
Сабақты өткізу түрі: аралас сабақ
Сыныпта оқушы саны: 24
Сабаққа қатысқан оқушы саны: 24
Сабақ кезеңдерін талдау: сабақ тақырыбы күнтізбелік жоспарға сай «Туған жер табиғаты» бөлімінен өткізілді. Уәждемелік кезеңінде мұғалім оқушылардың оқу қызметін сабақта тиімді ұйымдастыру үшін, жапырақ түстері арқылы (жасыл, сары, сарғылт) 8 оқушыдан 3 топқа бөлді: «Ауыл», «Орман», «Дала».
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының «Қызығушылықты ояту» кезеңінде мұғалім оқушыларға сабақтың оқу мақсатын әр топқа берілген жапрақтармен  тақтадағы ілінген «Білім ағашын» тапсырмаларды орындау арқылы толтыруды ұсынды. Өткенді қайталау үшін, жаңа тақырыпқа көшу және туған жер табиғатына сүйіспеншілікті ояту мақсатында, мұғалім туған жердін көрікті табиғатының көріністерін ұлттық музыка салынған слайд-шоу арқылы көрсетті. Көрініс қорытындылау мақсатында, пысықтау сұрақтары дүниетану пәнімен байланыстырылып қойылды: Алтай тау кайда орналасқан? Алтай тауының көркін бейнелеу үшін ақын қандай көркемдеуші сөздерді пайдаланған? Тауда қандай жануарлар мекендейді?

Технологияның «Мағынаны тану» кезеніңде мұғалім дүниетану пәнімен пәнаралық байланысты оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында, ұтымды қолданған. Оқушыларға презентация арқылы дала және үй қояның салыстырып көрсетті. Салыстырмалы кесте арқылы оқушылар қояндардың  терісін, салмағын, түсін ажыратты және оларды тамақтандыру, одан алынатын өнім жайлы ақпарат алды. Көжек туралы түсінік берді (қоянның баласы).  Көжектің сүйікті тағамы сәбіз болғандықтан, оқушыларға оқу жетістіктерін сабақ барысында жиналған сәбіз санымен бағалауды ұсынды. Бірақ оқушылардың 3 сыныпта қалыптасқан оқу дағдыларын және өзін-өзі реттеуін дамыту мақсатында, ұпаймен бағалауды ұсыну керек еді.

Ертегіні түсініп оқуға үйрету  мақсатында, ертегінің мәтінің алғаш рет оқушыларға іштей  оқытты. Мәтінді оқушыларға мәнерлеп, бөлікке бөліп оқыту арқылы мазмұның талдатты. Әр бөліктің негізгі ойын тауып ұғындыру үшін, мазмұны бойынша дара сұрақтары реттімен қойып отырды, сондықтан мазмұның оқушылар толық түсінді. Оқушылардың өткен «Ертегілер» тақырыбынан  теориялық білімдерін пысықтау үшін, ауызша проблемалық сұрақтар арқылы, берілген шығарманың  ертегі екенің дәлелдеуін, ертегінің түрін анықтауын сұрады:

Ертегілер қалай басталып, қалай аяқталады?

Ертегілердің түрлерін атап беріндер. «Көжек» қай түріне жатады, неліктен?

«Көжек» ертегісінің сыйқырлығы неде?

Оқушылардың  өтіп кеткен «Ертегілер» тақырыбы бойынша теориялық білімдері мен біліктері қалыптасқан, себебі ойланбастан жауап берді.

Оқушылардың тілбайлығын дамыту мақсатында, «Сыр сандық»  кезеңінде жұмыс дәптерінде ертегідегі жаңа сөздер мен тұрақты сөз тіркестерімен лексикалық жұмыс өткізді.

Сабақты пысықтау кезеңінде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін, жеке оқу мүмкіндіктерін  және қызығушылықтарын ескере отырып, топтарға деңгейлі тапсырмалар ұйымдастырды:

Мәтіндегі берілген көжектің қорқынышты халін  қағазға суреттеу (шығармашылық)

Ертегінің жоспарын құрастыру (дамытушылық)

Көжек пен Шаруаның диалогін өзара талдау арқылы ертегінің түпкі ойын анықтау (дамытушылық).

Туған жер туралы мақал-мәтел айту.

Оқушылар шығармашылық тапсырманы толық орындады, түпкі ой Туған жерге деген сүйіспеншілік екенің анықтады. Жоспар құрастыруда қиналды, себебі әр бөліктің негізгі ойын есте сақтап үлгірмеген, оқиғаның барысымен құрастырып қойған.

Сабақтың қорытындылау кезеңінде мұғалім тақырыпқа байланысты өмірмен байланыстыру үшін, «Көксерек» ұлттық көркем фильмнен үзіндіні тамашалауға ұсынды. Бейбаянды қорытындылау мақсатында проблемалық сұрақтар койылды: Неліктен көксерек ер баладан қашып, қайта келді? Ер балаға неге шабыл жасады? Көксеректің көжекпен ұқсастығы?

Оқушыларға бейнебаян ертегінің негізгі ойын түсінуге ықпал етті және туған жерге деген ыстық сезімін оятты.

Оқушылардың жаңа тақырып бойынша қалыптасқан біліктерін анықтау және меңгерудегі оқу кедергілерін анықтап, өз оқу ісін реттеуге бағыттау үшін «оқу қызметінің» рефлексиясын кестелі түрде ұйымдастырды:

Маған ұнаған жұмыс түрлері ол……
Маған қиын болған жұмыс түрлері, оның себебі…..
Мені қызықтырған мәлімет ол….

Рефлексияның саралау қорытындысы бойынша оқушылар көпшілігіне қызық болған мәлімет – дала және үй қояны туралы және бейнебаян; ұнаған -шығармашылық жұмыс түрлері; қиын болған – жоспар құрастыру, негізгі ойды табу.

Бағалау кезеңінде 24 оқушыдан 14 оқушы бағаланды: 60%, оның ішінде үлгілі бағаға 6 оқушы, жақсы -6 оқушы, қанағаттарлық – 2.

Үйге тапсырмасына: мазмұндау және келесі шығармамен танысу берілді.

Қорытынды: Сабақ кезеңдері сақталды. Сабақ мақсатына жетті. Мұғалімнің жаңа тақырыпты меңгертудегі қолданған сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері тиімді болды: технологияның толық кезеңдері «Қызығушылықты ояту», «Мағынаны тану», «Ой-толғаныс» сақталып, әдіс-тәсілдерге сай жұмыс түрлері құрастырылған: сипаттау, баяндау, салыстыру, бақылау, талдау, қолдану. Жұмыстардың мазмұны топтық орындауға сай: күрделі тапсырмалар ой бөлісуге және бірлесіп орындауға бағыттады. Топтық жұмысқа оқушылар бейімделген, себебі топ мүшелер арасында басымшылық немесе шектеу байқалған жоқ. Бірақ сабаққа өзгелердің қатысуы әсер етті, себебі жауап беру кезеңінде қысылу, ұялу байқалды.

Мұғалімнің дайындаған көрнекіліктері талапқа сай және ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану біліктері қалыптасқан: слайд-шоу, ғаламтор ресурстары, интерактивті тақта.

Сондықтан сабақ «жеткілікті» деңгейге бағаланды.

Әдістемелік ұсыныстар:

1.     Шығарманы талқылау барысында оқушыларды жоспар құрастыруға бағыттау.

2.     Өзара ұпаймен бағалауды үйрету.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *