Тоғызқұмалақ


Бакеев Қанат Қайыржанұлы

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин,

А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай атамыз бұл ойынды сүйсініп ойнаған екен.

Тоғызқұмалақ – 4 мыңжылдық тарихы бар, ерекше маңызға ие, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны – тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалаққа қызығушылар  тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді тәрбие беру, кез- келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру болып табылады. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Ойын ережесіне тоқтала кетсек, тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды. Ол «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады. Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде тоғызқұмалақ үйірмесі өткізіледі. Үйірме аптасына 2 рет өткізіледі, мектебіміздің оқушылары қызығушылықпен қатысады. Тек мектеп аясында ғана емес, мектебіміздің мұғалімдері оқушылары қалалық, облыстық жарыстарға үнемі қатысып тұрады. Үйірмеде ғана емес, сабақ уақытында да тоғызқұмалақ ойыны үйретіледі. Сондай-ақ, жетістіктеріміз де бар. Мектебіміздің оқушылары биыл қала мектептері арасында жүлделі орындарға ие болды, олар Кошегалина Инеш, Борашев Әділет, Садирова Әсем. Үйірмеге қатысатын оқушылардан бөлек, ұстаздар да ойынға қызығушылық танытып, ойынның әдіс-тәсілін жетік меңгеріп, оларды оқушыларға үйретудің технологияларын танып білу мақсатында өздері оқушылардан бөлек дайындалып, жаттығуда.Тоғызқұмалақ ойыны оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарын ғана  арттырып қоймай, ойлау қабілеттерін, қиялын, ойлау өрісін кеңейтіп, тереңдете түседі. Тоғызқұмалақ ойынын жақсы ойнайтын балалардың математикаға да жүйрік болатыны бәрімізге мәлім. Сондықтан оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету, үйірмелерге қызықтыру,  шақыру – біз үшін үлкен бақыт. Мектебімізде  осы бағыттағы жұмыс үнемі жандандырылып, оқушылар мен мұғалімдерге үйірмеден де тыс сабақтар беріліп, үнемі қызу жұмыс жүргізіп отырамыз. Жемістің жеңісін әлі де талай көреміз деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *