Занятие «Ойнайықта, ойлайық »


Дюсембекова Салтанат Калдыкеновна 
воспитатель КГКП   Ясли сад №10 г. Сатпаев

Мақсаты: Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.Дарынды оқушыларды анықтау,қабілеттерін ашу.Ой-өрісін, сөздік- қорларын, таным процестерін дамыту.Шапшандыққа,тапқырлыққа баулу.

Түрі: Интеллектуалды сайыс-сабақ

Көрнекілігі: безендірілген зал, шар

 

1-    Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме,балалар бүгін бізде ерекше күн! Бүгін бізге қонақтар келіпті амандасайық.

 

Жүргізуші:  Ал енді балалар біз сабағымызды бастамас бұрын Шаттық шеңбері! орындайық

Алақай,алақай,қуанатын күн бүгін

Қайырлы күн,қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

 

1-жүргізуші: Бүгінгі кеш-қызықты кеш

Көрермендер, халайық.

Ой- түйсікті қозғап қазір

Биікке қанат қағайық

О заманда ашқан қазақ өнер сырын

Шақырған сайыстарға бірі –бірін,

Тыңдайық тамашалап көрермендер

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін

 

2-    Жүргізуші: Әділқазы алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Әділқазылармен танысу.

1-жүргізуші: Сайыскерлер келіп жітті кездесуге,

Бойындағы бар дарынды көрсетуге- деп, кезекті ойыншылардың өздерін таныстыруына береміз.

1 топ Алғырлар тобы

Асыл тастан,өнер жастан

Шығады деп дарынды,

Қабылданыз шын жүректен

Сәлем сізге жалынды

2-топ Тапқырлар тобы

Толағайдың тасындай

Сәлем бердік баршаға

Сөзге жүйрік баламыз

Тапқырлар тобы осындай.

Ал енді сайыскерлер  Қарсылас достарына сәттілік тілейік. Топ басшысы

 

 

1)1-жүргізуші: 1-кезеңіміз Кім жылдам?

Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Жылдам жауап берілуі керек.

Алғырлар тобы

1. Бағдаршамның неше көзі бар?

2.Қолғапта неше саусақ бар?

3.Адамның неше көзі бар?

4.Қазір қай мезгіл?

5.Қыс мезгілінде неше ай бар?

 

2-жүргізуші: Тапқырлар тобы

1.     Аспанда неше күн бар?

2.     Сиырдың мүйізі нешеу?

3.     Шардың пішіні қандай?

4.     Мысықтың аяғы нешеу?

5.     Адамда неше аяқ бар?

 

2)1-жүргізуші: 2ші кезеңіміз «бәйге» деп аталады

Балалар біз санамақ білеміз бе? Білсек айтып көрейікші?

1,2,3-ал кәнекей ұш!

4,5,6,7- мынау ауыл шеті,

8,9,10- ал кәнекей қон

 

2-жүргізуші: Бәрекелді балалар ендігі кезек сұрақтарға назар аударайық

 

 

Алғырлар тобына   1-10 дейін қазақша санау

Тапқырлар тобына 1-10 дейін орысша санау

Аяқ іздерімен жүру

Ал енді балалар қай топ маған  ағылшын тілінде жауап бере алады екен сол топқа бір ұпай беріледі.

 

1-жүргізуші: Жарайсыңдар балалар Ендігі кезек Әр топ басшысында

Геометриялық фигураларды пайдаланып сурет құрастыру

 

2-жүргізуші: Барекелді сайыскерлер келесі  сайысымыз ды бастамас бұрын сергіту жаттығуына кезек берейік.

 

3)1-жүргізуші: Келесі сайысымыз «Жорға»

 

2-топқа  бірдей сурет беріледі сол суреттке қарап әңгіме құрастыру.

мозайка

2-топтан бір сайыскерлер шығып  сөз құрастыру.

(ана ,ата,алма,нан)

 

4) 2-жүргізуші: Келесі сайысымыз  «Қиындыны құрастыру»

Сиқырлы қалам

 

5)1- жүргізуші:  Өз өнері

Алғырлар тобы

Тапқырлар тобы

 

2-жүргізуші: Қорытынды кезенгеде келіп жеттік. Әділқазылар алқасы бағаларын беріп,жеңімпаздарды анықтайды.

 

Білімнің алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына

Бүгінгі сайысымыз аяқталады,

Сөз кезегі қазылар алқасында

Бүгінгі сайысымыз қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы марапаттау қағазын табыстайды.

 

1-жүргізуші: 2030-дың барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Тәуелсіз елімізді көркейтетін

Дарынды болу парызымыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *