Базалық ақпараттық конфигурациясы. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары


Ботабекова Асия Ердебековна

ОҚО Кентау қаласы , Кентау көпсалалы колледжінің информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың мақсаты: Студенттердң компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыру.

Білімділік   Студенттерге дербес компьютердің негізгі құрылғылары туралы мағлұмат беру

Дамытушылық: Студенттердің дербес компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Дербес компьютер құрылғыларымен жұмыс жасау принциптерімен жұмыс жасату.

Тәрбиелік: Студенттерді дербес компьютер құрылғыларын ұқыптап сақтауға тәрбиелеу және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

ОТҚ және көрнекі дидактикалық құралдар: плакат, таратпа материалдар, плакат

Оқыту тәсілі: тәжірибе

Пәнаралық байланыс: информатика, компьютерлік технология негіздері, ағылшын тілі

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі: Ғ.К. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ Алматы  2002ж

Қосымша: О.Камардинов «Информатика негіздері» Шымкент, 2005 ж.

Сабақтың барысы мен мазмұны

1.Ұйымдастыру кезеңі. 3-5 мин  (сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)

2.Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін сұрақтар арқылы бағалау, тақырып бойынша орындаған тәжірибелік сабақтарын тексеру. 10-15мин.

1. Информатика пәні нені зерттейтін ғылым ?

2. Ақпарат денгеніміз не ?

3.Оқушылардың өздігінше тәжірибелік сабақты орындауға қойылатын талаптарды түсіндіріп, іскерлік дағдыларын дамыту. 45-50 мин

Жүйелік блокқа компьютердің негізі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орналастырылған, сонымен қатар жүйені электр тогына қосатын батырма қойылған.
Оның ішінде:
•Аналық (материнская, системная)
• Процессор
• Қоректендіру блогы
• Жедел жад
• Қатты диск
• CD – ROM
• Көрініс платасы
• Дыбыс платасы
• Және т. б. құрылғылар орналасқан.
Компьютердің осы бөліктерінің ішіндегі ең «бастысы» жүйелік блок болып саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары орналасады:
1. Аналық тақша
2. BIOS
3. Процессор мен жад
4. Жүйелік өрім
5. Дискжетектер
6. Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар. Процессор – ол компьютердің басты бөлігі. Ол өзіне ұсынылған программа бойынша есептеулерді жүзеге асырады және компьютерлерді жалпы басқарады. Оны кез – келген компьютердің “миы” деуге болады.

I-топ «Алғыр қырандар» тобының компьютер макетін жасау кезі
Монитор (дисплей)- бұл кез – келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т. б) экранға шығаруға негізделген құрылғы. Мониторды адамға ақпараттарды беріп отыратын компьютердің “тілі” деп қарауға болады. Монитордың алдында көп отыруға болмайды, себебі:
• Көз тез шаршайды.
• Дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электромагниттік және ультракүлгін сәуле бөлініп отырады.
• 20 минут жұмыс жасағаннан кейін 5 минуттай демалуды, көз жаттығуларын жасап отыруды Ұмытпа!

Пернетақта (клавиатура)- бұл кез – келген ақпараттарды (сандық, символдық және т. б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы. Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі есіңнен шығарма:
• Пернелерді ақырын басу;
• Қатты соққылардан сақтану;
• Қолың таза және құрғақ болсын!
• Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды!
Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді.

Тышқан (мышка)- бұл компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаруға негізделген құрылғы. Тышқан екі немесе үш батырмалы болады. Тышқанмен жұмыс кезінде: Білек түзу болуы тиіс.
Ешқашан да үстелдің үстінде білегіңізге сүйенбеңіз. Білек буындарын бүкпеңіз: ол табиғи қалпында болуы тиіс. Тышқанды күш салып қыспаңыз. Бұл бұлшық еттеріңіздің қажетсіз ширығуына әкеп соғады.
Тышқанмен жұмыс істегенде қолыңызды түгелдей созбаңыз. Тышқанды еркін қозғалту үшін жеткілікті бос орын болуы тиіс.
Компьютердің қосымша құрылғыларына мыналар жатады :
Басу құрылғысы (принтер)- бұл кез – келген ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаруға негізделген құрылғы болып саналады
Сканер – бұл графиктік немесе текстік ақпараттарды компьютерден тікелей оқитын құрылғы.
Дыбыс колонкалары – дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Құлаққап – дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
Микрофон – дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы.
Джойстик – компьютерлік ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік.
Стример – мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.
Плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға арналған құрылғы.
Модем – бұл телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы.
Желілік адаптер – компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.

II топ «Білімгерлер» тобымен информатика пәнінің оқытушысы

Ботабекова Асия Ердебекқызы

Топтағы оқушыларды 2 топқа бөлемін Әр топтың алдында . „Ұшқыр ой“  әдісі бойынша тақтаға әр топтан  бір-бір  оқушыдан шығарып төрт оқушының  арқаларына компьютер құрылғыларының суретін жапсырып қоямыз.  ,   сол құрылғылардың орысша, ағылшынша баламаларымен анықтамаларын отырған оқушылар   айтады. Егер оқушы арқасындағы құрылғыны тапса, онда оның атауы мен қазақша қазақша анықтамасын өзі айтады. Әрқайсысына 1-2 мин уақыт беріледі.

ҚАЗАҚША                       ОРЫСША                 АҒЫЛШЫНША

ЖҮЙЕЛІК БЛОК

ПРОЦЕССОР

МОНИТОР

ПРИНТЕР

ПЕРНЕТАҚТА

ОЙ ТҮРТКІ» стратегиясы арқылы оқушылардың жаңа тақырып бойынша өткен тарауларда  алған білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақ қояды:
1. Дербес компьютер  туралы не білеміз? Әр топтан бір сөйлем арқылы ойды білдіру қажет.

«Сиқырлы сан» әдісі бойынша  әр топ қоржыннан шар алады. Шардың ішінде түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген.

1.Мына сөздерден дұрыс сөйлем құраңыз. Берілген сөздер Жеке,компьютер, адамның , істеуіне арналған, жұмыс.

Мына төмендегі жазылған сөздерден компьютерге қатысты сөздерді тауып, оларға анықтама беріңіз.СЦЕНАРИЙ, ТІЗІМ, ЖАЗБАЛАР, КОМПЬЮТЕР, ДОМЕН, АУРУ, СӨЗ, СЫЙЛЫҚ, ҰЯШЫҚ, ҚҰРЫЛҒЫ,ДОП, ҰЯШЫҚ, МЕҢЗЕР, ҚҰЖАТ,БАС, ЖҮЗІК, ҚИЫП АЛУ,СҰХБАТ, БЛОК, КӨШЕ, ГРАФИКА, ПРОЦЕССОР, ӘДЕМІ, ФОРМУЛА, АҚПАРАТ, ТІНТУІР, КЕСТЕ, ҚАДАМ.

Мына сөздерді үш тілде жазыңыз.

МОДЕМ-МОДЕМ -MODEM

СКАНЕР-СКАНЕР-SCANER

ИНТЕРНЕТ-ИНТЕРНЕТ-INTERNET

ТЫШҚАН-МЫШЬ-MOUSE

Суретпен  жұмыс. « Тауып көр»  стратегиясы бойынша

Процессор- компьютердің ең басты бөлігі.Ол компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламадағы барлық командаларды орындайды. Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасына – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған «пентиум» процессор. Сондықтан компьютер де пентиум деп аталады. Процесор жадпен жұмыс істейді. Жад микросхемасынан процесор өзіне қажетті ақпаратты алады.

4.Оқушылардың өздігінше тәжірибелік сабақты орындауын тексеру. 5-10 мин.

Ақпарат – информация-information

Информатика-информатика- informatica

Ақпарат беру- информирование -informing

5.Тәжірибелік жұмыстың қорытындысын шығару.3мин

Өз ойыңды түйінде » әдісі  бойынша әр топқа слайд арқылы электрондық кесте туралы  жеке- жеке жедел тапсырмалар беріледі. Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Мониторды екі белгісі бойынша жіктеуге болады.

Бейнелеу түсі бойынша ————- Шығаратын ақпараты бойынша

Монохромдық (қара, ақ, градияциясы сұр) —— Символдық, (тек мәтіндік ақпаратты бейнелейді)

Түрлі түсті ——– Графикалық (графиктерді, суреттерді шығаруға мүмкіндік береді)

Қанша тілді білесің?

1.Батырмасын басасың

Қажетті файлды ашасың? (тінтуір,мышь,mouse)

2.Мәліметті сұраған

Экранға шығарған. (бейнебет,монитор,monitor)

3.Жақтаулар арқылы шектеледі

Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе,окно, Windows)

«Білімгерлер» тобының ойлану сәті

6.Оқушылардың білімдерін бағалау. 5 мин. Әр топтағы жетондардың санын санау арқылы бағаланады. Ал оқушылар дың  сабаққа қатысуына байланысты журналда бағалаймын. Оқушылардың сабақты қалай түсінгендерін  «Антивирус» әдісін қолданамын. Оқушыларға сабақ барысында   магниттік тақтаға  плакатқа сызылған  «Кәрзіңке» суреті беріледі. Құлпынай суреті    «Мен сабақты жақсы түсіндім», Банан суреті – «Мен сабақты орташа деңгейде түсіндім», Қызыл бұрыш суреті   «Мүлдем түсінбедім»   деген мағынаны білдіреді. Оқушылар осы арқылы өз ойларын білдіреді.Сонымен біз бүгінгі сабағымызды толықтай қорытындыладық.

ДК не деп түсінесіндер?
ЕТ дамуын неше кезеңдерге бөлуге болады. (3)
ДК –лік қандай блоктар жатады?
Енгізу құрылғыра атап шығындар? (пернетақта, манипуляторлар, микрафон, модем жатады.)

7.Үйге тапсырма беру. 2 мин.  Дербес компьютердің құрылғыларына толық  сипаттама беру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *