Сыныптан тыс шара Тақырыбы: «Ой мен ойын» танымдық сайысы

Дусипова Айсара Тлеугалиевна
МКҚК «Ойыл аграрлық колледжі» информатика пәнінің оқытушысы

Мақсаты: Студенттердің өз ойларын еркін тілмен жеткізіп, белгілі бір кейіпке енуін қалыптастыру, сөздік қорларын дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын бақылау, білімдерін одан әрі шыңдай түсу.Әрбір бөлім бойынша жүйелі түрде сөйлеуге, оқуға, білім алуға деген қызығушылығын оята отырып, ой-өрісін дамыту. Өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру. Ойлау қабілетін дамыту. Тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

 

Сайыс барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:
1 – жүргізуші:
Құрметті  оқытушылар  мен студенттер бүгінгі «Ой мен ойын » танымдық сайысымызға  қош келдіңіздер! Бұл сайыста алғырлар білімділер  күш сынаспақ. Екі мамандық арасында өткізілді.
2 – жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, курстас,танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
деп осы сайысқа келіп тұрған сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
(сайыскерлер ортаға шығады және өз топтарын таныстырады).
Сайыстың шарттарымен таныс болайық.Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.
1 – жүргізуші: 1-кезең: «Бетпе -бет» (Естіп қойма!)
2 – жүргізуші: 2-кезең : «Көп сөйлеме».
1 – жүргізуші: 3-кезең:  «Суреттер сөйлейді
2 – жүргізуші: 4-кезең:  «Хронология».
1 – жүргізуші: 5-кезең «Сөзжұмбақ»
2- жүргізуші: 6-кезең «Өлең сөздің –патшасы, сөз сарасы»
Сайыс шартымен таныс болсақ, енді әділ –қазылар алқасымен танысайық.
1.Карасаева Сарбиназ  2.Сағиданов Медет   3.Ертлеуов А.

1-жүргізуші:
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй
Сонда ортақ боласың бар жеңіске деп сайысымызды бастаймыз.
2- жүргізуші:1-кезең: «Бетпе -бет» (Естіп қойма !) (Топ басшылар сайысы.Топ басшының құлағы жабулы тұрады.Қолын артына ұстап тұрады.  Ал қалған  қатысушылар берілген сөздерді кезекпен-кезек шығып, топ басшысының алдына келіп ерінінің ұшымен айтады, қай топ бірінші айтады соған ұпай қосылады) Ұпай  саны-10

1.Пернетақта   2.Сканер    3.Принтер   4.Тышқан   5.Интернет  6.Модем 7.Инстаграмм 8.Ақпарат
9.Монитор  10.Құлаққап 11.Байт  12.Фотошоп   13. Диск   14.Адаптер  15.Флешка
1- жүргізуші: 2– кезеңі «Көп сөйлеме». Әрбір студент берілген сөздерді 30 сек ішінде топ мүшелеріне іс – қимылымен түсіндіруі тиіс.     Ұпай саны-10
І-топ :жол, күн, бауырсақ,сырғанақ ,метр, камера ,тышқан ,аңшы,қалам,күнделік ,теледидар, ұялы телефон
ІІ-топ:кереге, кітап, балға,күзет, шкаф, қарлығаш, парта, есік,қоңырау,беташар,тұсаукесу,тоқылдақ
2- жүргізуші:
Айыра біл, жақсы менен жаманды,
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы деп келесі
3-кезең: «Суреттер сөйлейді» Бұл кезеңде сайыскерлерімізге. мамандыққа байланысты  мақалдар жасырылады.Топтың ойыншылар кезекпен – кезек мақалды суреттеп қалған қатысушылар мақалды табады.   Ұпай саны- 20
«Ветеринария» мамандығы

1.Екі қошқардың басы
Бір қазанға сыймас.

2.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды

3. Аққуды атпа, досыңды сатпа.

4. Қарға қарғаның көзін шұқымас.

5.Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айрылыпты»

6.«Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді»

7.«Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме»,

8. Мысыққа ойын – тышқанға өлім»

«Ауыл шаруашылығын механикалндыру» мамандығы

1.             Ұстаны соққан пышағынан таниды.

2.         Өтпес пышақ қол кесер.

3.         Шеберді шеге қағысынан таны.

4.          Жігітке  жетпіс өнер де аз.

5.         Қыс азығын жаз жина.

6.          Боранды күні ит пен бала құтырады.

7.         Адам көркі шүберек,

Ағаш көркі жапырақ.

8.         Ұста пышаққа жарымас,

Етікші етікке жарымас.

1-жүргізуші:
Мықты болсаң  алдағыны басып оз,
Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң – шоқалаққа сүрінбе,
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда.
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт,
Мықты болсаң — заманыңды көктеп өт – деп келесі
4-кезең:  «Хронология». Сурет пен санның сәйкестігін табу. Екі магнитті тақтаға  бір жағына сурет,екіншісіне сандар соларды сәйкестендіру керек.  Ұпай саны- 30 Нравится1.Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қай жылы тойланды?   (2016 жыл)
2.Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі қай жылы болды?    (2017 жыл)
3.«Қазақстан-2050» стратегиясы«Мәңгілік ел» қай жылы енгізілді? (2012
4.Көкжар мешітінің құрылған жылы?      (1869 жыл)
5.Ақтөбе облысының құрылған жылы?   (1932 жыл)
6.100 нақты қадам- (2015 жыл)
7.Президент күні қай жылдан бастап тойланды?           (2013 жыл)
8.Ойыл ауданының құрылған жылы?      (1930 жыл)
9.Президенттің алғашқы сайлауы қай жылы өтті?         (1991 жыл)
10.Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қай жылы енді?(2017 )
2016       1930

1932       2017

1869      2017

2012   2015

2010       1991

2- жүргізуші: 5-кезең «Сөзжұмбақ»,жұмбақ қойылады,оның жауабы 4 әріптен тұрады, көздері байлаулы тұрады, әріптер таратылады жауапты дұрыс орналастыру керек.

«Ветеринария» мамандығы

1.Апан-апан,

Ескі шапан.

Иір қобыз,

Жарық жұлдыз. (Түйе)

2.Әр түрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (Есек)

3.Ай астында ақ мамық

Жатыр суды жастанып (Аққу)

4.Басында көп-ақ бұтағы,

Адамды көрсе зытады.  (Бұғы)

5. Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.  Сиыр

6. Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.Қозы

7.Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.Ешкі

8. Әңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай,
Құс десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек, екі құлағы бар.Қоян

9. Жауымнан мен қашқанда
Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам               Тиін

10. Басы — тарақ, арты — орақ.     Әтеш

«Ауыл шаруашылығын механикалндыру» мамандығы

1.Құс ұясы секiлдi,
Үйшiгi бар биiкте.
Өрiлген қос кекiлдi,
Тұрар мойын иiп те.     Кран

2.Болат түктi,
Көсеу мықты.
Тозаңдатып,
Темiрдi үктi.        Егеу

3.Аяғы үшкiр,
Басы доғал.
Ұрсаң шөгедi,
Ұрмасаң обал.    Шеге

4.Айға ұқсас түрi бар,
Қатар өскен бiрi бар.        Орақ

5.Тасты қияқ,
Батыл басар
Темiр тұяқ.        Таға

6. Құстан аумады,
Көкте заулайды       Ұшақ

7.Жаны жоқ сөйлеп тұрған денесінде,
Ұмытпай мәңгі қалған сөз есінде.
Тарихтан бұрынғы өткен хабарлайды,
Мәделі тығулы тұр кеудесінде.         Кино

8.Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден   Стол

9.Қызып кетсе табаны,
Бар жалғыз-ақ алаңы,
Бар жалғыз-ақ шатағы:
Іздей бастар матаны.    Үтік

10.Әншейінде жекесің,

Қарай қалса екеусің.   Айна
1- жүргізуші:6-кезең «Өлең сөздің –патшасы, сөз сарасы» Өлеңнің авторы мен өленнің атын табу қажет.Ұпай саны: 15
1.Бейбіт Қошқалиев (Қайтесін өзгені сен)
2.Ақылбек Жеменей (Қызыл өрік)
3.Абдіжаппар Әлқожа  (Тәтті ару)
4.Қайрат Нұртас        (Телефон)
5.Нұрболат Абдуллин  (Сен қорқақсың)
6.Төреғали Төрәлі     (Сәлеметсізбе?)
7.BN тобы      (Топ томпақ)
8.Ерке Есмахан          (Қайда)
2- жүргізуші:
Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен болашаққа жол салынар – дегендей білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік деп сайысымызды аяқтаймыз. Енді әділқазылардан топтардың  қорытынды ұпай  санын сұрап, марапаттау кезегіне береміз.

1-жүргізуші: Осымен «Ой мен ойын» танымдық сайысы өз мәресіне жетті.Қатысқандарыңыз үшін үлкен рахмет,қош сау болыңыздар!

Загрузка…

Leave a Reply

Your email address will not be published.