«Алақай Жаңа жыл келді!»


Сулейменова Назира Бекболатовна
Қарағанды қаласы КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның,Ақшақардың ,Қоянның, Түлкінің, Қасқырдың, Аюдың мерекелік киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, аңдар, балалар, ата-аналар. Құрметті ата-аналар, әріптестер! Ақсұңқар  екінші кішкентайлар тобының Жаңа жылға арналған

«Қуант бізді, Жаңа жыл»  ертегісіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:  Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.

Жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алқа  тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Балалар, бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы безендірілген әсемде әдемі болып тұрған не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!

Жүргізуші: Балалар, тыңдаңдаршы біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық.

( Балалар тығылады, Ақшақар  мен Ескі жыл келеді)

Музыка әуенімен.

Ақшақар: Ой мында тыныш ғой бари қайда кеткен?

Ақшақар: Мен балабақшаға балалардың Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім, балалардың дауысын естіген секілді едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. ( Балаларды іздейді. Мысықтың дауысы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады) . Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін (Балаларды табады). Таптым, таптым!!!

Сәлеметсіздер ме, балалар! Балабақшаның қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.

Балалар: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Ескі жыл

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар. Ал неге шыршада шамдар сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнап, өз шамдарын жақсын.

Ойын: «Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты-қатты үреміз. ( Балалар үреді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.

Ақшақар: Қандай сиқыршымыз бәріміз. Бірақ шыршада шамдар жанып тұрсын, сонда ғана шыршамыз әдемі, мерекеміз көңілді болады.

Жүргізуші:

Амансың ба халайық?
Жаңа жылды тойлайық
Ән салайық, билейік
Көңілімізді көтерейік деп

Біздің балғындарымыздың  шырша биін тамашалаңыздар.

Би: «Шырша биі»  Дарина , Дария , Аят, Жамила.

Ақшақар :   Мен ризамын сендерге ( шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астында жаңа жылдық сыйлықтар тұрған секілді. Сыйлық алу қандай тамаша, балалар сыйлықты ашып көреміз бе?

( музыка ойнайды, қораптың ішінен Аққала шығады) ( Музыка әуенімен)

Аққала: Амансыңдар ма, балалар! Мені таныдыңдар ма? Иә, бұл менмін, Аққаламын! Мені мына ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы! Мені өз орталарыңа қосасыңдар ма?

Жұргізуші : Ия

Бірак Аққала біздің балалардың өнерлерін тамашала Қазір Жана жылға арналған өлеңдерін тамашала.

Ән: Шырша

 

 

Аққала өнерлерің өте керемет екен мен сендерге ойын алып келдім ойнағыларың келеме?

Ойын: Музыка (Аққаламен қар лақтырып ойнайды). Аққала кішкентай аққалаларға қар жинауды ұсынады.

Жүргізуші: Балалар мынау кімнің үйі екен?

Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю ұйықтайды.Аюдың үйіне келіп, оны оятып жібереді. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді.( Аю оянды).

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен балалармен бірге ойнашы, мереке ғой.

Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да ұйықтайды).

Ойын: «Аюды оятайық». Музыка.

Балалар: (ақырындап жақындайды). Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.

Аю (оянып) : Туу, қоймадыңдар ғой. Ояндым. Кане кім, мен секілді жүре алады.

Ойын: Аюдың жүрісін салады.

Музыка.Аю: Ақшақар, Ақшақар, ал Аяз Ата қайда? Аяз Атасыз мерекенің сәні болмайды ғой.

Ақшақар: Білмеймін Аю. Аяз Атада жұмысы көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.

Аю: Мен онда  орманға барып, Аяз Атаны іздеп келейін. (Аю мен  шығып кетеді).

Аққала : Ой мына жер қандай ыстық , мен еріп барамын менде кеттім сау болыңдар.

Музыка. (Қоянды қуып ішке қасқыр кіреді). Музыка.

Қоян: құтқарыңдар, (2рет) көмектесіңдер. Мені қасқыр қуып келе жатыр.

Қасқыр: Тоқта бәлем, тоқта. Мен сені жеймін. Менің қарным аш, қысқы орманды тамашалап жүріп қарным ашты, тоқта,тоқта Қоян мен сені жеймін.

Жүргізуші: Тоқтаңдар достар, бұл не қылған шу?

Қасқыр: Менің қарным аш мен мына қоянды жеймін.

Жүргізуші: Жоқ қасеке, тоқтаңыз бүгін бізде жаңа жыл мерекесі ғой, жаңа жылда барлық аңдар дос болу керек.

Ақшақар: Иә қасқыр. Сен қоянды жеме. Жаңа жыл болса келіп қалды. Мен Аяз атаны таба алмай жүрмін, адасып қалдым. Одан да бірігіп, Аяз атаны іздейік. Жаңа жылды бірге қарсы алайық. Балалар Аяз атаны күтіп қалды ғой.

Қасқыр: О, жаңа жыл дейсің бе? Бізде қарсы аламыз ба? Жарайды қоян мен сені жемеймін. Кел, екеуміз дос боламыз. Сол кезде қуана қутыңдап қу түлкі келеді. Музыка.

Түлкі:

Түлкінің бірімін

Ұсақ емес ірімін

Орман кезіп шарқ ұрып

Қоянды іздеп келемін

Ұзын құлақ ақ қоян

Өзі сондай сақ қоян

Шыға келсең алдымнан

Шап берем де жеп қоям.

Түлкі: тіміскілеп, иіскелеп.

Мен қоянның тәтті иісін сезіп тұрмын

Ә-Ә-Ә қайда екен әлгі қоян

(қоянды тап беріп ұстап алады)

Түлкі: қоян мына жерде отыр екен ғой!

Мен сені жеп қоям

Ақшақар: туу, сендерге не болған, бәрің қоянды жегілерің келе береді екен? Одан да жаңа жылды қарсы алайық, аяз атаны іздеп табайық. (жылайды)

Қасқыр: не істейміз достар? Ақшақарға аяз атаны табуға көмектесейік.Аяз атаны іздеп табайық.

Қоян: Ақшақар жылап отыр ғой, көңілін көтерейік.

Түлкі: Ендеше бәріміз бірге би билеп берейік.Қасқыр бәріміз дос болайық балалар бізге өнерлерін көрсетсін.

Музыка. Аңдар: Жоқ, жоқ. Біздер Аяз ата келгенше би билейік деп жатырмыз, кел бізге қосыл.

Аңдар биі: ( улдар)

Ақшақар: Балалар мүмкін аяз атаны бәріміз дауыстап шақырып көреміз? Біз көппіз даысымызды аяз та естіп қалар.

Балалар: Аяз ата ауууууу!

(Бірнеше рет қайталайды, аяқтарымен топылдатады.)

Ортаға музыкамен (Аяз Ата мен  Жаңа жыл келеді).

Естіп жатырмын, естіп жатырмын,

Келе жатырмын, келе жатырмын,

Жаңа жылдарыңмен!

Жаңа жылдарыңмен!

Балаларым, балғыным,

Өмір гүлім, шағыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың,

Амансың ба, ұлдарым,

Аппақ ару қыздарым?

Мен сендерге әкелген,

Құтты болсын жылдарың!

Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! ( Балалар амандасады).

Музыка ырғағымен (Жаңа жыл тауық айтады ).

(Тауық өзін таныстырады).

О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.

Келдім міне еліме, Қазақстан жеріне!

Келдім міне балабақша төріне

Шаттыққа бөлеп әр үйді,

Шығам енді төріме.

Сәлем бердім,  Гауһардың бөбектері,

Қадам бастым, сендерменен төрт жасқа

Ақшақар: Қош келдіңіз, Аяз ата! Біздің балалар сізді көп күтті, сізді сағынды.

Жүргізуші: Аяз Ата алыс жолдан шаршадыңыз, төрлетіңіз, отырыңыз. Балалар сізге  өз өнерлерін көрсетеді. Дем алып тамашалаңыз.

Ақшақар: Аяз ата біз сізді коп тостық, менде сізді күттім сізден адасып қалған соң маған мына  аңдар көмектесті.

Аяз атам  қасымда енді мен сендерге өз өнерімізді көсрсетейің менің Ақшақарларым келіңдер?

Балабақшамыздың  бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық

Би: Ақшақарлар

Аяз Ата:  Ой балақайларым өнерлерің өте керемет екен мынандай өнерлі балақайларды көріп тамсанып отырмын барлықтарын өте өнерлі екенсіңдер әнде, биде  керемет кәне құлындарым бері жақын келіп тақпақтарыңды айтыңдар.

Такпатар айтады балалар :

Бексұлтан

Ал келіңдер келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер

Аружан

Мұздан моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр Ақшақар

Көптен күтіп сағынып

Айлана

Жаңа жылда жаңаша

Такпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Аппақ аяз атамыз

Мерей

Бізбен бірге ойнайды

Жаңа жылды тойлайды

Барлық бала бақытты

Болса екен деп ойлайды.

Ясмин

Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз  ән салып.

Биназар

Жылдыңғ әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайын

Көтере алмай көп қарды

Қайсар

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған

Салем берді жұртына

Жамила

Жаңа жылды қарсы алдық

Мініп алып күймеге

Мен де бүгін ән салдым

Араластым биге де.

Айым

Той мереке салтанат

Думандатып шартарап

Келді міне жаңа жыл

Тартуларын арқалап

 

Дарина

Жаңа жыл Жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай, алақай

Өседі бойымыз.

Азамат

Оралдың өлкеме

Жаңа жыл армысың

Оранды ақ көрпеге

Асқар тау қарлы шың

Аруна

Қалып едік сағынып

Күтіп алдық жабылып

Жолын қойдық ,жарық ғып

Шыршаларға шам іліп.

Карима

Аппақ тоңға оранып

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып

Дария????????????????

Аят

Міне тағы келіп тұр

Жаңа бір жыл балалар

Жадыратып жер үстін

Төрімізге ол шыққан

Ақшақар: Аяз Ата, балаларға қандай ойын әкелдіңіз?

Аяз ата: (Ойын 2 рет ойналады).

Ойын: «Үсірмек»

Ойын шарты: Шеңбермен балалар жүреді.Қырау дегенде отырамыз,мұз дегенде тұрамыз, Ақшақар дегенде айналамыз , шырша дегенде шапалақ ұрамыз.

Аяз Ата: ой, жарайсыңдар, балаларым, сендерге көп рахмет!ойын ұнадыма ?

Мешін жыл мен сендермен қоштасатын уақытта келді

Мешін: Ескі жылмен, сіздерге бақыт әкелген. Келер жаңа жылға айтар тілегім.

Қуанышты ортамыз сазға ұласқан,

Тілегім болсын мәңгі ашық аспан

2017- жылға қадам басқан

Гүлдене көркейе бер, Қазақстаным

Келесі жыл бастауын Тауыкка  бердім.

Мешін қоштасып шығып кетеді.

Тауық жылы

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, балалар , күлкімен орта толсын.

Тауық жаңа жылда менде сендерге сиымды  акелдім менің балапандарым қайда екен деп  әндеткенде балапандары жұмыртқадан шығып билейді.

Жүргізуші:

Бүлдіршін, бишілерді шақырайық

Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.

Балапандарым ырғалтып би билесін,

Қол соғып биік шыңға самғатайық.

Би: «Балапан »

Ән: «Аяз ата».

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз достарымызбен алыс жолға аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар! Ой бірак менің сыйдлығым қайда екен Ақшақар қызым сыйлыктар қайда екен андар бари іздейді, жан жақтан сол кезде қорбаңдап аю алып келеді

Аю: Аяз ата мен сізді ертіп келуге кеткем бірақ сізге жолыға алмадым мына сыйлықты орман-н алып келдім сіз ұмытып кетіпсіз мінеки деп сыйлықты тапсырады.

Аяз ата ой рахмет сендерге орман аңдары бари бізге көмектесті Жаңа жыл мерекесінде баріміз татту –тәтті өмір сүрейік.

Аяз ата –сыйлығын тарату.

Ақшақар: Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыз Аяз ата, сау болыңыз Ақшақар. Сау болыңыздар достар!

Жүргізуші:

Біз тілейміз жаңа жылдың шаттығын

Біз тілейміз Ақшақардың пәктігін.

Ардақтаймыз ақ армандай ойларды,

Аялаймыз ару құстың ақ таңын.

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері

Шарпылмасын жүректердің мұң лебі,

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың кештері.

Міне, жаңа жыл да келді. 2017 жылы Қазақ еліне тыныштық болып ырыс- берекеміз арылмасын.

Жаңа жыл – Әр Қазақстандықтардың отбасына жаңа нұр, табыс пен береке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Бірге: Жаңа жыл құтты болсын!

Балалар қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші:Бүгінгі Ақсұңқар тобымыздың Жаңа жылдық мерекесі осымен аякталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *