Аудандық «Үздік қосымша білім беру педагогы – 2018» байқауы


Тойланова Айнұр Сайлаубекқызы
Жамбыл облысы ,Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының қосымша білім беру педагогы

      М. Төлебаев атындағы балалар саз мектебінде  қосымша білім беру педагогтарының аудандық байқауы қосымша білім беру ұйымдарындағы оқу- тәрбие процесін қамтамасыз етуші педагогикалық қызметкерлердің мәртебесін, беделін арттыру мақсатында өткізілді. Байқау қосымша білім беру жүйесіндегі оқу – тәрбие процесін жетілдіру тәжірибесіне көңіл бөлуді насихаттауға жағдай жасауға бағытталған. Талапты педагогтарды анықтау, оларға қолдау көрсету және шығармашылық әлеуетін ашуға жағдай жасау;қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал жасау және ынталандыру;оқыту мен тәрбие беру саласындағы жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер мен технологияларды насихаттау және кеңінен тарату мақсатында өткен байқауға ауданымыздағы үш қосымша білім беру мекемесінің ұстаздары мынандай бөлімдер бойынша сайысқа түсті:

1.       «Үздік портфолио» (Сырттай бөлім)

Педагогтың жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығын көрсетті.

2.      «Бейнесабақ» (Сырттай бөлім)

Ашық сабақта инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, нәтижелі сабақты көрсетуі, озат тәжірибені насихаттауы, шығармашылық және педагогикалық шеберліктерін көрсетті.

3.      «Мамандығым-мақтанышым» (Негізгі бөлім)

Қатысушы өзін, мамандығының артықшылықтарын, педагогикалық ойларын, өмірлік ұстанымдарын және мамандығына, балаларға, әріптестеріне деген қарым-қатынасын ашып берді.

4.      «Шеберліктің кеніші-тәжірибенің жемісі» (Негізгі бөлім)

Қатысушы өзінің педагогикалық шеберлік қазынасымен таныстырады, тәрбие процесін ұйымдастырудағы жеке тәжірибесін көрсетті (әңгіме-сұхбат, іскерлік ойын, тренинг, шебер-сынып және т.б.).

Байқаудың нәтижесінде 1-ші орын  Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Домбыра» үйірмесінің мұғалімі Айымбекова Гүлнар Мажитханқызы жүлделі 1-ші орын иеленсе, осы мекеменің «Сәндік қолданбалы өнер» үйірмесінің мұғалімі Ұлтамбаева Әлия Фрунзеқұлқызы педагогтың жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығын көрсеткені үшін аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. Г.М.Айымбекова «Үздік қосымша білім беру педагогы-2018» атағына ие болып , сәуір айында облыста өтетін додаға жолдама алды. Жеңістеріңіз құтты болсын әріптестер! Еңбектеріңізге шығармашылық табыс, тек қана сәттіліктер тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *