Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізгі

Cадвакасова Кулайым Айтпаевна
  Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ бастауыш сынып  мұғалімі

      Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады және қоғамға      пайда         келтіреді.
«Функционалдық сауаттылық» — ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген. Осы бағдарламаны басшылыққа ала отырып, ҚРсы Үкіметінің 2012ж. 25 маусымдағы №832 қаулысымен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. БұлҰлттық жоспар – білім сапасын жетілдірудің негізгі         бағдары.
Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықтың төмендегідей негізгі механизімдерін бөліп көрсетеді. Ұлттық жоспардың жоғарыда аталған мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда төмендегідей тетіктері (механизмдері) нақтыланып, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады.

Олар:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
• оқыту      нысандары          мен    әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі;
•мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім     беру          ортасының         болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады. Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне қатысуы оң әсер         ететіндігін көрсетті.
Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін де ата-ана.
Құрметті ата-аналар биылғы оқу жылындағы баланың білім сапасының деңгейін бақылау мақсатында әр сыныптарда тарау бойынша сынақ жұмыстары алынып, баланың білім деңгейі анықталып бағаланып отырады.

Мысалы: Бастауыш сынып оқушыларының тарау бойынша алынған сынақ нәтижелеріне тоқталып өтейік.

Оқушылардың қазірге кезде оқу сауаттылығына көп көңіл бөлінуде. Оған себеп балалардың кітап оқуға көңіл бөлмеуінен бастауыш сыныптарда оқу қарқыны төмен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.