«Жерде тіршіліктің дамуы»


Есенбаева Зияда Толемисовна

БҚО,Бөкей ордасы ауданы, «Т.Масин атындағы ЖОББМ» КММ мұғалімі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Жерде тіршіліктің дамуы»

Мектеп: «Т.Масин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Есенбаева Зияда Толемисовна

Сынып: 9 сынып                     Қатысқандар: 7                Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Организмдерді жіктеу.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар: тірі ағзалардың түрлерін және олардың арасындағы айырмашылықты біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Тірі ағзалардың ерекшеліктерін түсіндіре отырып, бір бірінен ажыратады.

Кейбір оқушылар: ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардың Қазақстан халқының өміріндегі және олардың болашақ ұрпақ үшін маңызына баға береді.
Бағалау критерийі
Тірі ағзалардың түрлерін анықтайды.

Ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттайды.
Тілдік мақсаттар
Термин сөздермен жұмыс: вирус, бактерия, микология, флора, фауна.

Негізгі сөздер мен тіркестер: улы саңырауқұлақтар, жеуге жарамды саңырауқұлақтар, ауру тудыратын вирустар, т.б.

Талқылауға арналған тармақтар: Ботаника дегеніміз – ………………………ғылым.

Өсімдіктер дүниесі ………..,  себебі …………….. Қорықтар ……………….қолданылады, бірақ……………………………..шектеулері болады.
Құндылықтарға  баулу
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті сезіне отырып, өзінің отанына, табиғатына деген жауапкершілікті сезіну, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Жаратылыстану, география, экология.
Алдыңғы білім
Тірі ағзалардың түрлері мен маңызы туралы біледі. Жергілікті экожүйенің тірі ағзалардың тіршілігі мен таралуына әсерін сипаттай алады.
Сабақ   барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар
Сабақтың басы

0-7 минут
Ұйымдастыру.

Топқа бөлу: (жануарлар мен өсімдіктерді таңдау арқылы)

Өткен білімді пысықтау және тақырыпты ашу мақсатында бейнеролик көмегімен Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сақтау мәселелері туралы айтылады. Қазіргі кезде қоршаған ортадағы тірі ағза түрінің шектен тыс азаюы басты мәселеге айналғаны жасырын емес.

І топ: Сөзжұмбақ            ІІ топ: «Дұрыс, бұрыс» стратегиясы

Сондықтан: бүгінгі сабағымыздың мақсатын анықтау үшін мынадай сұрақтарға жауап береміз:

Тірі ағза
Қасиеті
Маңызы

Оқушылардың берген жауаптары бойынша сабақ мақсаты таныстырылады.
Жануарлар, өсімдіктер суреттері

Бейнеролик

«Аялайық табиғатты»

Ассоциация «Тірі ағза»
Сабақтың ортасы

8-15 минут

16-30 минут
О.Ж. Мәтінмен жұмыс.

ЖЖ. Оқушыларға тірі ағзалардың түрлері, маңызы жазылған парақшалар таратылады және оқулықты пайдалана отырып, әр жұпқа және жеке оқушыға тапсырма берілді. (постер қорғау)

Жұптар өздерінің толтырған сызбакестесі немесе постерлерін ортаға шығып қорғайды, пікір алмасады.

Әр жұптардан бір оқушыдан шығып өз тұжырымдарын жазып, қысқаша түсінік береді.

Бағалау. «Бағдаршам»

Т.Ж. «Шығармашылық тапсырма»

І топ: «Хан жарлығы» Алдарыңыздағы материалдарды пайдаланып, тірі ағзалардың бес тобына жарлық шығару..
ІІ топ: Қосымша көрнекіліктерді пайдалана отырып, ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлардан буклет дайындау, жарнама жасау.
Бағалау критерийі: Тірі ағзалардың түрлерін анықтайды.

Ерекше қорғалатын Қазақстан Республикасының табиғи аймақтарының өсімдіктері мен жануарларын сипаттайды.

Дескриптор:

1. Тірі ағзалардың бес тобын анықтап, маңызын атайды;

2. Ерекше қорғалатын табиғи аймаққа тән өсімдіктер мен жануарларды сипаттайды.
Оқулық

«Атамұра» 2013 ж

9 сынып

М.Гильманов

А.Соловьева

Л.Әбшенова

Түрлі түсті қағаздар, суреттер
Сабақтың соңы

31-40 минут

Сәйкестендіру.

Сұрақ-жауап

Рефлексия. «Бес саусақ»

Рефлексия парақшасы
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және техника қауіпсіздік техникасын сақтау
Барлық оқушылар – тірі ағзаның қасиетіне, түрлеріне, маңызына,  мысал келтіре алады

Көптеген оқушылар –тірі ағзалардың жойылуына әсер етуші факторларды тізбектей алады.

Кейбір оқушылар –

Қорықтардағы  жануарлар және өсімдіктер әлемін сипаттайды, оларға әсер етуші факторларды біледі. Олардың жойылып кетпеуінің алдын алу шараларын ұсынады.
Жасыл –  Қазақстанның қорықтарын атай аламын

Сары- картадан қорықтарды таба аламын

Қызыл-өсімдіктер мен жануарларды табуда қателіктер жібердім

Шапалақтау

Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Денсаулық:  Сыныптың санитарлық нормаға сай болуы. Ток көздерімен жұмыс жасағанда сақтық ережелерін сақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *