Басқару әдістері


Нишанбекова  Жанар
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға басқару әдістері жайында толық түсінік бере  отырып, пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру

Білімділік: Оқушыларға басқару қағидалары жайлы білім беру.

Дамытушылық: Оқушыларды басқару әдістерін дұрыс таңдай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Басқару әдістерін тиімді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдттар

Сабақтың түрі:  тәжірибелік сабақ.

Пәнаралық байланыс: экономика, кадрлық менеджмент, маркетинг

Сабақтың әдіс- тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, модульдік оқыту технология

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу,   оқу құралдарын реттеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Фирма ішіндегі бақылауды ұйымдастыру

Бақылау мәні және түрлері

Бақылау процесінің кезеңдері

Тиімді бақылаудың сипаттамалары

«Ойлан тап!» ойынында 10 ұяшықтағы сұрақтың жауабын табу.

Ұяшық 1-Бақылау басқару функциясы ретінде қалай жүзеге асады?

Ұяшық 2-Тәжірибеде бақылаудың қанша түрі бар?

Ұяшық 3-Ұйымда ағымдық бақылау қалай жүзеге асырылады?

Ұяшық 4-Бақылау процесінің кезеңдерін ата

Ұяшық 5- Менеджмент факторларын ата

Ұяшық 6-Менеджмент компанеттері нешеге бөлінеді?

Ұяшық 7- Менеджмент мектептерін ата

Ұяшық 8-   Сыйлық

Ұяшық 9 – Ән жұмбақ

Ұяшық 10- Шешім түрлерін атаңыз

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Басқару әдісінің мәні мен мазмұны

2. Басқару әдістері

3. Билік пен ықпалдылықтың формалары.

1.Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндіріледі. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу  процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленеді. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді. Сонымен, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асырылады.

2. Басқару ілімінде бірнеше әдістер бар:

1.Әкімшілік әдістері

2.Экономикалық

3.Әлеуметтік-психологиялық

Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған   мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстауда. Ең негізгі әдіске — әкімшілік әдіс жатады.

2. 1.Әкімшілік әдістерінің негізі — жекеменшік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы керек.

Басқару аппаратында:  1. Линиялық алдынғы саптағы басшыларға:

а)Жалпы басшылық ететін басшылар — директор — ол жоғарғы саптағы басшы.

б)Цех бастығы — орта деңгейдегі басшы.

в)Мастер, бригадир — төменгі деңгейдегі басшылар.

Басқарудың ұйымдық- әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен  кәсіпорынның шаруашылық қызметіне  ықпал етуге үлкен рөл атқарады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға  тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады. Бұл ықпал жасау әдістері жұмыстағы айқындық пен ынтымақтастықты, тәртіптілікті, жүйе жұмысының орамдылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, жұмыста қажетті реттілікті  сақтауға, басшы органдармен адамдардың барлық шешімін  іске қосуға, кадрлар мен жұмысты іске асыруға тиіс.Мекеменің функцияналдық бөлімдері мен бюро басшылары функцияналдық басшылар құрамына жатады. Бұлай бөлінудің себебі, бұйрықтарды тек қана линиялық басшылар бере алады. Қалғандары ауызша немесе жазбаша нұсқаулар беруге құқы бар.Ұйымдастырушылық ықпалдарына: әр бөлімнің іс-әрекеттері жөніндегі ережелері, әр маманның, қызметкерлердің міндеттерін анықтайтын инструкцияларды істеу жатады. Бұл құжаттар болмаса бөлімдердің іс-әрекеттердің жөні болмай, басқару қиындап кетеді.

Әкімшілік әдісіне күнделікті жұмыстарды ұйымдастырып, басқарып отыру әрекеттері жатады. Бұлар бұйрық, нұсқаулар арқылы іске асырылады. Кадрларды іріктеу, жұмысқа алу, босату, жазалау—бәрі де әкімшілік әдістеріне сай келеді.

2.2.Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.

Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты – кәсіпорынның коллективті, жекелеген қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге  ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Бұның негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр. Бұған қандай әдістер, тәсілдер жатады?

Мемлекеттік мекемелерде өндірісті қаржыландыру саясаты, тиімді, келешегі зор, сұранысы көп заттарды шығаруға, жаңа техника мен озат технологияны енгізуге, жоғары сапалы заттар шығаруға бағытталғаны дұрыс.

Ынталандыру жүйесін кеңінен жұмыскерлер, цех және ұжымдар да қолдануы керек. Ынталандыру жүйесі еңбек өнімділігін өсіруге, зат сапасын көтеруге, үнемділік тәсілдерін игеруге бағытталуы тиіс.

Несиені тиімді пайдалану арқылы жаңа техника, технология, жаңа өндіріс бағдарламаларын өркендетуге мүмкіндік береді.

Салық жүйесін де тиімді пайдалану арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. Сонымен қатар баға саясатын да пайдалану керек.

2.3. Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын рөліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. Еңбек ұжымын басқаруда басшының жақсы маман екендігі әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Еңбек коллективінде әлеуметтік-психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі қалыптасады, олар еңбек өнімділігін арттырудың, шаруашылық есеп принциптерін  нығайтудың, ұжымның қоғамдық өмірін демократиялаудың  орасан резерві бар.

Сондықтан осы шартты іске асыру үшін басшы:

-өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттары;

-материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін;

-идеялық тәрбие жұмысын жолға қоюды;

-өндірісте демократиялық негіздрдің дамытылуын;

-өзінің қызметтік және қоғамдық функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп, пайдалану қажет.

Бұл әдістің негізі — адамдардың мұқтаждығын, қажеттілігін ескере отырып, басшылардың өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне әр түрлі (әлеуметтік-психологиялық) ықпал жасауында.

Адамдардың мінез-құлқын, жан дүниесін, зерттеп келіп, олардың рухани көз-қарасын бақылап, ұжым жайлы ортасын жасап, тәртіпті нығайтып, қызметкерлердің жұмысқа деген шығармашылық ынтасын көтеретін шаралар жасау жолдары.Мұндай жағдайларды жасау үшін мекемеде ғылыми негізде әр түрлі зерттеулер жүргізу керек. Олар анкета тарату, тест тәсілі арқылы, сұрақ-жауап ұйымдастыру секілді жолдары бар.Үнемі тиімді басқарушы бола алмайды. Лидердің тиімділігі олардың басқаларға ықпал, әсер ету деңгейімен өлшенеді. Кейде шешім лидерлік басқаруға кедергі болуы мүмкін. Мысалы, бір ресми ықпалды лидер ұжымның нашар жұмыс істеуіне және арасындағы айырмашылықты көрсетеді:

Басқару—бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі, ал, лидерлік болса, керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі.

Ұйымның басшысы — лидер, сонымен бірге өз бағыныштыларын тиімді басқаратын адам. Оның мақсаты-ұйымға берілетін жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білу.

Лидерлік (жеке қызметкерлік) — бұл ұйымның мақсатына жету жолын бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті.

Ықпал — жеке адамның келесі бір адамның мінезіне, қатынасына, сезіміне т.б. өзгеріс енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде өтініш, құлаққа сыбырлау, немесе ең соңғы саты — қорқыту жатады. Бір адам басқаларға тек қана идеяларының көмегімен ықпал етеді. Басқарушы, өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билікті пайдаланады және оны дамытады.Көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен байланыстырады. Ал, біздің анықтамамыз бойынша: “Билік — басқарушылардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі” Басқарушыда билік болмаса ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлайды.

Басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі, бағыныштылар жалақы, қызметте өсу, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы да басқа мәселелерге келгенде басшыға тәуелді болып қалады.Бірақ, кейбір жағдайларда бағыныштылар басшьшарға билік жүргізуі мүмкін.Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттарды жинақтауда басшы бағыныштының көмегі мен ақылына жүгінеді. Бағыныштылардың басшыға билік жүргізуінің анық мысалы ретінде артист немесе атақты спортсменнің жақсы шарт-келісімге отыруын айтуға болады.  Олардың басшылары өз жалақысынан артық жалақыны артиске бергісі келмейді, бірақ оның келісімін алу үшін, еріксіз кішіреюге мәжбүр  болады.

Сондықтан да тиімді басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі тиіс. Себебі, ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты.

3.Басшылық жасау үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін сіз орындаушыға аса қажетті бір нәрсені өз қолыңызға алу арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр етесіз. Мұндай нәрсе бәрімізде  де бар.

Маслоудың айтуынша негізгі қажеттіліктер мыналар:

—физиологиялық

—қорғаныс

—әлеуметтік

—сыйластық

—құрметке ие болу

Ықпалдың барлық формалары басқа адамның талаптарын орындауға талпындырады. Соның салдарынан басшы және орындаушы болашақтағы ұқсас немесе ұқсас емес мәнерлерін қалыптастырады. Басшы бағыныштыларға ықпал етеді.

Биліктің әр түрлі формалары болады. Олар:

1.  Мәжбүр етуге негізделген билік. Орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен жасқанады. Аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмай тастауы мүмкін деп ойлайды.

2.  Марапаттауға негізделген билік. Орындаушы ықпал етушіге өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйлық аламын деп сенеді. Ол одан жақсылық күтеді.

3.  Сараптау билігі. Орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруына мүмкіндік беретін билігі бар деп сенеді.

4. Эталондық (үлгі билігі). Орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жағымды, сондықтан ол ықпал етушіге ұқсағысы келеді.

5.     Заңды билік. Орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігіне сенеді. Орындаушы бағынған кезде қажеттіліктер қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады. Сондықтан заңды билікті көбінесе дәстүрлі билік дейді. Бағынышты басшының бұйрығын ұйымдық иерархияның төменгі сатысында тұрғандықтан орындайды. Себебі басшыға басқа адамдарды басқаруға болатын өкілеттілік берілген.

IV. Бекіту

1.      Басқару әдістерін топтастырып, түсінік беру.

2. «Кім тапқыр?» ойынында «Тапқыр» сөзіндегі әріптерде берілген сұрақтарға жауап беру.

“Т” әрпі

Басқару әдістері қалай жүзеге асырылады?

“А” әрпі

Басқару әдістері қалай жүзеге асырылады?

“П” әрпі

Экономикалық әдіс қалай жүзеге асады ?

“Қ” әрпі

Билітің негізгі формаларын ата

“Ы” әрпі

Менеджмент функцияларын ата

“Р” әрпі

А. Маслоу қажеттілікттерді нешеге бөліп қарастырды?

V. Үйге тапсырма: Билік формаларын оқу.

VI. Бағалау:    Оқушыларды бағалап, журналға бағасын қою, естірту.

VII. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.C. Есімжанова «Менеджмент  негіздері», Алматы, 2005 ж.

2.Т. И. Есполов, Ж. Ж. Сүлейменов «Менеджмент негіздері» Алматы, 2003 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *