Әдептілік-тәрбие бастауы


Кисметова Ажар Хайрауовна
«Т.Масин атындағы ЖОББМ» КММ мұғалімі

Мақсаттары: 1) Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру;

2) Жаман әдептен аулақ болуға, ата – анаға мейірімді, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға баулу;

3) Адамгершілікке, жолдастық сыйласымды қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Өнегелі сөздер, мақал – мәтелдер, суреттер.

Әдісі: Ауызша баяндау, талдау, сұрақ – жауап, топтық жұмыс.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

– Қайырлы  күн жас достар! Бүгінгі күндерің сәтті болсын!

Сенің жақсы азамат болып өсуің – ата – анаңның, ұстазыңның тілегі. Қоғам алдында адал, достарыңа жанашыр, ата – анаңа қамқоршы, кішілерге үлгілі болып, өзіңнен үлкеннің ақыл – кеңесін тыңдауың керек. Бойында осындай қасиеттері бар баланы кім дейміз?

– Әдепті, сыпайы, ұқыпты, тәртіпті, адал, шыншыл, кішіпейіл.

– Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – тәрбие бастауы» деп аталады.

-Балалар мен бүгінгі сабакта сендерді көңілашар сәтіне шақырамын!Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен.Қызыл-адамгершілік,сары-адалдық,қызғылт-мейірімділік,көгілдір- сүйіспеншілік,жасыл-әдептілік,көк-ізеттілік,ақ-қарапайымдылық.

-Балалар осы жүрекшелерді алып,биікке ұшыруға тырысайық.Балалар жүрекшелерді аспанға лақтырады.

-Қараңдаршы қандай керемет!Біздің сыныптың іші құнды қасиеттерге толды.Балалар бұл түрлі-түсті қагаздан жасалган жүрекшелердің ұшканын неге ұқсаттындар.

-Олай болса бәріміз бәрге әдептілік,мейірімділік сыйлайтын күнмен  сәлемдесейік.

-Сәлем Күн-анамыз!

Қуанатын күн бүгін

Қайырлы таң!Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Ән: Болайықшы досым-ай

Балалар тәрбие сағаты   сайыс түрінде өтеді.

Әр салада бар лайық

Сынды- сынға жалғайық

Әділ баға беретін

Әділ қазы сайлайық- дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазыларымызды сайлап алайық

1.Қарағойшина Айтханым Меңдешқызы Физика – матемтика пәнінің мұғалімі

2. Қаусова Дана Биболатқызы-қосымща білім беру педагогы.

3.Жадигерова  Айдана  Берікқызы – Физика – Информатика пәнінің мұғалімі.

Сайыс  шарттары:

1 .Топтарды таныстыру

2 .Ой ашар    сұрақ – жауап

3. Сәлем бере  білейік . Әр топқа тапсырма беру, әріптерден  амандасуға байланысты  сөздер  құрастыру.

4 .Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен

5 .Жалғасын тап:  Макал – мәтел сайысы

6. Ой толғаныс  Әр топқа жеке тапсырма беру қорғау

7 . Ойлан тап  Жаксы –жаман суреттер бойынша  жаман –жақсы әдеттерді айыру

1.Топтарды таныстыру: 1 топ Кішіпейілділер тобы: Үлкенгеде де сіз, Кішігеде сіз . Барша жанды кұрметтеп,Бас иеміз біз 2-топ «Әдептілер»тобы.Аулак жүріп жаман қылық ,әдетттен Үйренеміз жақсы мінез,әдептен.3-тобы «Ізеттілер» тобы.Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.4-тобы  «Инабаттылар» тобы.Кім үлкенді сыйласа,кім үлкенді тыңдаса

Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де.

2 бөлім: «Ой ашар» (сұрақ – жауап)

1. Әдептілік дегенді қалай түсінесің? (әр топтың жауабын тыңдау)

1 – топ: Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, жүріс – тұрысынан, өзінен байқалады.

2 – топ: Әдептілік дегеніміз – өзін – өзі кез – келген ортада ұстай білуі. Әдепті адам – әдемі адам.

3 – топ: Ата – ананы сыйлауды, өзіңе, достарыңа жауапкершілікпен қарауды, адамгершілік қасиеттерді сақтауды әдептілік белгісі деп білемін.

4- топ : Әдептілік дегеніміз әдеп,ізет,инабат,сыйласым ,құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді.

Мұғалім:

– Қай халық болмасын бір – біріне жылы мейір мен кеңпейілділікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аман екенін білдіруі – сәлемдесуінде.

Адам баласы қашан да тыныш, бейбіт бір – бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Сондықтан сәлемдесу – әдептілік ғана емес, имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған.

Мұғалім:

Сәлем – сөздің анасы,

Сәлем – сөздің сарасы,

Сәлемдесер үлкенге

Қазақтың әр баласы.

Сәлем – сөздің анасы,

Білгені жөн әр қазақтың баласы.

Үлкен мен де кішімен,

Сәлемің түзу болсын деп

Үйретер ата – анасы,- дей келе келесі бөлімді  бастаймыз

3- бөлім: «Сәлем бере білейік»

(әр топқа тапсырма беру  әріптерден амандасуға байланысты әдепті сөздер құрастыру

Ән : Ата – ананы тыңдаймыз.

4- бөлім: «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен»

(әр топқа өлең оқылады, ұйқас жауап айту)

1. Бұрылатын қызға да,

Ұрынатын ұлға да.

Төбелеспей жүрмейтін,

Қандай бала бұл тұрған? (тентек, сотқар)

2. Кітап түбі қырқылған,

Күнделігі жыртылған.

Сабаққа да самарқау,

Қандай бала бұл тұрған? (бұзық)

3. Сабақ айта білмеген,

Шақырмасаң жүрмеген.

Сабақ бетін ашпайтын,

Баланы сен кім дер ең? (жалқау

4 Анау бала бетін  қара

Кір қожалақ қап қара

Тырнақ өскен шашы көптен

Алынбаптау масқара

Бұл баланы кім дер ең

1. Сыйлап үлкен ағаны,

Сәлем берген баланы

Кім дейміз? – Әдепті екен бұл дейміз.

2. Таудай биік талабы,

Жақсы оқитын баланы

Кім дейміз? – Үлгілі екен бұл дейміз.

3. Кітап, дәптер, қаламы

Кір шалмаған баланы

Кім дейміз? – Ұқыпты екен бұл дейміз.

4.- Міне, оқушылар бізде жақсы істерді үйреніп, жаман әдеттен, қылықтан бойымызды аулақ ұстауға әдеттенуіміз керек. Оқу құралдарымызға, киген киімдерімізге, ас атасы – нанға ұқыптылықпен қарау керек. Өздерің білетін ізгілік, адамгершілік, әдептілік туралы мақал – мәтелдер айтайық.

5-бөлім . Жалғасын тап:  Мақал- мәтел сайысы

1. Әдепті бала ата – анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.

2. Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

3. Сыйламаған жолдасын, сыйлай да алмас өз басын.

4Әдепті бала  арлы бала

Әдепсіз бала  сорлы бала

5Әдепті  елдің баласы

Алыстан сәлем береді

6 Әдептілік белгісі  иіліп  сәлем бергені

Жақындықтың белгісі  келіп- кетіп жүргені

7Әдебі  жақсы  әдемі

8Жаман бала –өле жейді

Жақсы бала – бөле жейді

9 Жаман туғаның  болғанша

Жақсы  жолдасын болсын

10 Жаманнан жирен  Жақсыдан үйрен

6- бөлім: «Ой толғаныс»

(әр топқа жеке тапсырма беру, қорғау, пікірлерін айту)

1 – топ: Жаман ,Жақсы  қасиеттерді  тап

2 – топ: Әдепті бала , әдепсіз бала .

3 – топ: Жағдаяттан шығу (оқу, танысу, өз пікірлерін айту)

Жағдаят:

Жұмыстан келген анасы ұлына: – Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? – деді.

– Жата беріңіз, – деді компьютер ойынының қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр – күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн – түнсіз оның өтінішін орындады.

• Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма?

• Сен оның орнында болсаң не істер едің?

2. Сырым мен Дина дос болатын.Бірде  Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ал жөнелді.

Дина мен Сырым шын достар деп айтуға бола ма ?

(Топтағы оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң, қорытынды ойды мұғалім айтады

7-бөлім Ойын: Ойлан тап: Жақсы , жаман

«Жылы лебіз»

(әр топ орнынан тұрып шеңбер құрып, бірге айтады)

1-топ:Өсеміз біз ,күліп ойнап,

Он саусақтын саласындай

Өсеміз біз күліп ойнап

Бір адамның баласындай.

2 – топ: Басымыз аман болсын!

3 – топ: Аспанымыз ашық болсын!

4 – топ: Күніміз жарық болсын!

Ән:  Жақсы адамдар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *