«Қош бол, алтын ұям –мектебім!»


Кранбаева Арманай Алламбергенқызы
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Ақбұлақ ауылы, Ақбұлақ орта мектебінің тәлімгері

Жүргізуші:  Құрметті ата- аналар, аяулы ұстаздар, қонақтар, қымбатты оқушылар! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан- сыныпқа. Көшіп асыға күткен жазғы демалысқа, шығарып салатын мектептің мерекесі- соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде, алтын ұя мектебімізде тойланатын

«Қош бол, алтын ұям- метебім» салтанатты жиынына  қош келдіңіздер!

 

Жүргізуші: Бүгін қандай шаттық толы кеш еді,
Көңіл шіркін, тасып-толып өседі.
Ұл кешегі жігіт болып қалыпты,
Бойжетіпті бантикті қыз кешегі
Жүргізуші: Бүгінгі ұмытылмас мереке, мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып түлеп ұшқалы отырған мектеп түлектері мен білім нәрін сусындатқан ардақты ұстарымыздың мерекесі.Мерейлі Астанамыздың 20 жылдығы мерекесімен қатар, еліміздің рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, тың істерді бағындырып, жарқын болашақтың ертеңіне жас түлектерді нық қадаммен, сәт сапар тілеп ұшырғалы отырмыз. 2018 жылғы жас түлектер, ұстаздар, оқушылар бүгінгі тарихқа толы ұлы мерекелерініз құтты болсын!

Жүргізуші: Салтанатты жиынға келген құрметті қонақтарымызбен таныстырып кетсек.

Ақбұақ шағын орталықты орта мектебінің директоры Белгибаев Мият Ерікұлы.

Р. Сабденов ауылының әкімі Құлманов Ербол Амангелдіұлы.

Ақсақалдар алқасының төрағасы Аденов Қырқынбай ағай

Ардагер ұстаздар Аденова Нұршакүл Есенжанқызы және Тұрғанбаева Талдыкүл Бейсенбайқызы.

Жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары- гүл,
Бағбан- ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Жүргізуші: Ендеше  қарсы алыңыздар!

1.Әрбір шәкіртті білім нәрімен сусындатқан, ұстаз, 11 «А» сыныбының жетекшісі Садырбаева Анар Есқожақызы және оның шәкірттері мектеп бітіруші түлектер ортамызда.

Жүргізуші: 2017-2018 оқу жылының аяқталуына арналған

« Қош бол, алтын ұям- мектебім» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз.

 

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Алкереев Ғалымжан команда береді.
-Мектеп түзел, тік тұр!
-Алаңға Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы кіргізілсін.

Жүргізуші: Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған.
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың,
«Ұстаз» деген аяулы ардақты адам.

Өмірде өлшенбейтін іс- балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді елдің ертеңі болашақ ұрпаққа қамқорлығым деп түсінген мектебіміздің директоры Белгибаев Мият Ерікұлына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Тек жүректен арналар сөзіміз де,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берейін құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

 

Сөз кезегі құрметті қонағымыз ауыл әкімі Құлманов Ербол Амангелдіұлы беріледі.

Жүргізуші: 11 сынып оқушысы Кәдірбек Меруерттің орындауындағы «Ұстазыма» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!

Құттықтау сөз кезегі аудандық білім беру бөлімінің әдіскері …………………………………………, Тұрар Рысқұлов аудан әкімдігінің маманы ……………………………………………….. ……………. беріледі.

Жүргізуші:  Ардағым деп  қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!- деп ардагер ұстаздар Аденова Н.Е.  Тұрғанбаева Т.Б.

Ақсақалдар ұйымының төрағасы Аденов Қырқынбай ағайға сөз кезегін береміз.

Ән: Бохаева Жанель « Мектебім»

Жүргізуші: Білімнің кілтіндей,
Әліппе ұстатқан,
Оқуға іркілмей,
Тоқуға ұстартқан.
Қамқорлы ұл, қыздың,
Мұғалім- ол біздің!- дей келе сөз кезегін түлектердің алғашқы ұстазы: Малдыбаева Б.О. және Құрымбаева Э.К. беріледі.

Жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі – жетекші бапкерлерде.
Ортаға Садырбаева Анар Есхожақызын шақырамыз.

Жүргізуші: 11 сынып оқушыларының орындауында «Соңғы қоңырау» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Қазір осында тілеулес болып келіп отырған ата- аналардың алдында қарызымыз да, парызымыз да шексіз. Оларға әр баланың орны бөлек, жөні де бөлек екені рас. Біздер сол асқар тауымыз-әкелердің, мейірімді аналардың жан толқытар сөздерін естігіміз келіп отыр.

Ата- ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен әрқашан бала қамын.

Ортаға мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарын шақырамыз.

Жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды.

Құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.

Жүргізуші: 4 сынып оқушыларының орындауында «Қазақ биін» қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Алтын ұя, алтын бесік- мектебім,
Мәңгі есімде анам болып өткенің.
Парызыңды өтедің мен білемін,
Ал, қарызым саған берер көп менің.

Құттықтау сөз кезегі 11 сынып оқушыларына беріледі. Махамбет С, Кәдірбек М.

Жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады,
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен 11- дің білім кемесін,
Ізін басар сыныпқа тапсырады.

Білімнің кемесін 2018 жылғы «Үздік аттестат» үміткері Санатова Әмина 10 сыныптың топ басшысы  үздік оқушысы Абдрахманова Аружанға  аманатқа тапсырады.

Жүргізуші: Жас түлектер ел үмітін ақтаған,
Гүлге орансын әр қадамың аттаған.
Мектеп туын ізбасарға тапсырып,
Жаңа өмірге аттағайсың бақ қадам.

Білім кілтін тапсырып, қабылдап алу құрметі 11 сынып оқушысы үздік аттестат үміткері Кәдірбек Меруерт, 1 сынып оқушысы Мақсұтқызы Еркежанға беріледі.

Жүргізуші: Сахнада «Ай-ару» бишілер тобының өнерін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Шақырайық вальске түлектерді
Қоштасудың вальсін айтып тұрып.(Соңғы қоңырау әніне вальс)

Жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда және 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше болмақ. Ол мектеп кезеңіндегі сендер үшін сыңғырлайтын соңғы қоңырау болмақ.

Қоңырауы мектептің тозбайтұғын,
45 минуттан еш озбайтұғын.
Тебірентіп мектептің тіршілігін,
Сыңғырлаған үнімен қозғайтығұн.
Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін,
Одан асқан сыйлайды ғажабын кім,
Мектебінен киелі білім алып,
Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның.
Бәрі сын араласаң өмір ауылың,
Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң.
Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің,
Дауысын сағынғанда қоңыраудың.

Ендеше 11 «А» сынып оқушылары Қырқынбай Нұрғиса және  Қаржаубай Арна 1 сынып оқушылары Тлекеева Аяла мен Рахымберді Диасты ортаға шақырамыз.

Жас түлектердің орындауында « Қош бол мектеп» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаздар қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер.

Қоштасады ұшқан ұяң мектебім,
Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.
«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,
Тілейміз біз армандарға жеткенін.!

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Осымен 2017-2018 оқу жылын аяқтауға арналған « Қош бол, алтын ұям- мектебім» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *