Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру


Карагойшина Айтханым Мендешовна
«Т.Масин атындағы ЖОББМ» КММ мұғалімі

Пәні: математика
Сынып: 5
Пән мұғалімі: Карагойшина Айтханым Мендешовна
Күні: 23.01.2018
Тақырыбы: Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.
Оқытудың мақсаты:  Бөлшек сандардың ондық бөлшекте жазылуы, ондық бөлшектің жай бөлшек түрінде жазылу ережелерін есептер шығарған кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау қабілетін дамыту.

2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызыуғушылығын ояту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу
Сабақ түрі:   Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс – тәсілдері:    «Миға шабуыл» сұрақтар, тесттік, деңгейлік тапсырмалар, қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия
Күтілетін нәтиже:     Оқушы: – оқылған ақпарат туралы өз түсінігін қадағалайды,

– өз ойларын талдайды, сараптайды; ойлау логикасы дамиды,

– теориялық материалды есептеулерде қолдана алады,

– таным әрекетінде ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.
Этаптары
Уақыты
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар, құрал-жабдықтар, сыныптың жағдайы.
І.

ІІ.

ІІІ.

ІV.

V.

VІ.

VІІІ

ІХ.

Х.

ХІ.

ХІІ.
Ұйымдастыру .

Топқа бөлу. «Жай бөлшек», «Ондық бөлшек» ,

Үй жұмысын тексеру.

№ 597

Математикалық диктант.

1. Ондық бөлшектерді жазыңдар:

а) жиырма бес бүтін оннан үш;

ә) үш бүтін жүзден он алты;

б) нөл бүтін мыңнан он үш;

в) нөл бүтін мыңнан бес

2. Ондық бөлшекті жазыңдар:

а) жеті бүтін мыңнан он тоғыз;

ә) бес бүтін жүзден жиырма жеті.  Оларды аралас сан түрінде жаз.

3. Сандарды оқыңдар:

а) 0,4;     ә) 2,04;    б) 0,41;     в) 2,004

Миға шабуыл. Қайталау сұрақтары.

1. Жай бөлшек дегеніміз не?  Мысал келтір.

2. Аралас сан дегеніміз не? Мысал келтір.

3. Жай бөлшектің қасиеттері?

4. Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?

5. Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?

6. Ондық бөлшек дегеніміз не?

Мына сандарды оқы, бүтін және бөлшек бөліктерін ажырат:

Жаңа сабақ.

Ондық бөлшекті  жай бөлшек түрінде жазу үшін :
1. бөлшектің бүтін бөлігін өзгеріссіз қалдырады

2. алымына үтірден кейін тұрған сан

3. бөліміне бір цифры мен үтірден кейінгі цифрлар санына тең нөлдер жазылады (қажет кезінде бөлщек қысқартылады)

Кез келген жай бөлшек ондық бөлшек түрінде жазыла бермейді. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін оның бөлімін 10, 100, 1000 және т.с.с. сандарының біреуіне келтіру керек.

Бөлімдерінің жай көбейткіштерге жіктелуінде 2 мен 5 сандары ғана болатын қысқартылмайтын жай бөлшектерді ондық бөлшек түрінде жазуға болады.

Бекіту. Постер қорғау

І топ «Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру»

ІІ топ  «Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру»

Кім жылдам?

1.  Ондық бөлшекті анықта
а)  12,05     в) 20                   с)

2.  420,12 санының бүтін бөлігін тап

а) 12      в) 42    с) 420

3.  23,53 санының бөлшек бөлігін тап

а) 23     в) 53     с)100

4.  ондық бөлшек түрінде жаз

а) 0,421   в) 4,121 с) 4,21

5.  10,17 бөлшегіне тең бөлшекті анықта

а) 10,017  в) 10,170  с) 1,17

Сергіту сәті: «Жаңғалақ әдісі»

Кітаппен жұмыс.  Деңгейлік тапсырмалар.

А.    Есеп № 608, 609,

В. № 611

С. № 612

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар

Бағалау критерийі: Білім алушы
Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырады
Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырады

Тапсырма
Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек
Ондық бөлшек
0,5
0,3
10,15
1,021
3,009
Дескриптор: Білім алушы
– жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазады
– ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазады

Қалыптастырушы бағалауға арналған тест

1.  0,15 ондық бөлшегі ______________ жай бөлшегіне тең

2. 0,01 ондық бөлшегі ______________ жай бөлшегіне тең

3. 0,12 ондық бөлшегі қысқартылмайтын  ______________ жай бөлшегіне тең

4. 60,13 ондық бөлшегі ______________ аралас санына тең

5.6,013 ондық бөлшегі ______________ аралас санына тең

Рефлексия. Стикерге жазып жапсырады

1. Мен сабақта … жұмыс жасадым   /   Белсенді; енжарлықпен

2. Мен сабақтағы жұмысыма …        /   Ризамын; риза емеспін

3. Сабақ маған … болған сияқты       /  Қысқа; ұзақ

4. Сабақ бойы мен …                           /   Шаршаған жоқпын; шаршадым

5. Менің көңіл күйім …                        /   Өте жақсы болды; нашар болды

6. Бүгінгі сабақ маған …       /Түсінікті болды; түсініксіз болды

Үйге тапсырма. № 613

Бағалау
Психологиялық оң ахуал туады.

Сан аралықтары арқылы бөлінеді.

Үй жұмысын тексеру барысында оқушылар бір-бірінің есептер шығарудағы қателіктерін тауып, түсіндіреді.

Әр топқа қойылған сұрақтарға жеке жауап береді

жазылады

Топ болып тапсырманы орындап, қорғау.

Басқаның ойын білу.

Тапсырмаларды жеке – жеке орындауда бір-бірінің қатесін анықтау.

Бір-бірін бағалау

Бір-бірін бағалау

Өзін – өзі бағалау.
Интерактивті тақта

Интерактивті тақта

Оқулық

Кеспе қағаздары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *