Ғылыми жобаның тақырыбы:Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары


Еркалина Г.К қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жобаның жетекшісі.

Ғылыми секциясы:этномәденитану

Жобаны қорғаушы: 6«Б» сынып оқушысы Богомолов Владислав

Аннотация:

Қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі,яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір,жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырған.Қазақ халқының қанына сіңген тектігі,адамгерілігінің жоғары болуы,әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,яғни бала бойына ертеден сіңіргеннен.Біз сол ата-әжелеріміщдің тыйымымен өсіп өніп келеміз.Бұл сөздер балаларды жаман әбдет,жат пиғыл,орынсыз қылық,теріс мінездерден сақтандырып отырған.    Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп.Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін қағазға түсіріп ұсынып отырмыз .

Жұмыстың орындалу әдістері:

Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы мәлімет жинау,жүйелеу,талдаусауалнама өткізу,қазіргі заман талабына сай қолдану аясын анықтау.

Мақсаты:

Жас ұрпақтың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының тыйымдары мен ырымдары,наным-сенімдерінің алатын орны ерекше екенін таныту.

Міндеттері:

-мәдениеттану,тарихы-этнографиалық еңбектерді зерттеп талдау;

-аудан кітапханасындағы қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарымен танысу;

-ауыл тұрғындары әжелерден мәлметтер жинау;

-оқушылар арасынджа сауалнама өткізу;

-қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары тақырыбына сынып сағаттарын өткізі;

Өмірдегі тәрбиелік мәні:

Тыйым сөздер тәрбиенің балбұлағы емес пе?

Қазақта тыйым сөздер деген көп қой.Мысалы:аяқ киімді кигенде оң аяғыңнан бастап кию,тәубе айтып жүру,міне,осының бірі-үлкен тәрбие.Осындай адамның рухани дүниесін байытатын көп нәрсені жоғалтып алғандаймыз.Біз жоғалып бара жатқан еремет мұрамыздың ішкене де болса жас ұрпақтың есінде сақталса екен деп ойлаймыз.

Кіріспе бөлім

Аталар сөзі-ақылдың көзі.

            Халқымызда «баланы-жастан»деген сөз бар.Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйренуге тырысқанымен,кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз.Көп жағдайда,мысалы: «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа»деп айтуын айтқаныменбалағаоның мән-мағынасын түсіндірместен, «жаман болады»деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Осынымыз дұрыс па?Жалпы ,тыйым сөздер қайдан ыққан?Оның астарына зер сала қарадық па?(1)-интернет.

Жалпы қазақта тыйым сөздер көп қой.Осы тыйымдардың өзі ертеңгі күнгі үлкен тәрбиенің қайеар бұлағы екенін ұғына білуіміз керек.Тозбаған киімді татауға болмайды.Қазақ халқында тозбаған киімді тастау-жаман ырым.Егер адам оны кигісі келмесе,біреуге сыйлауы керек,тәубе айтып жүру, міне,осының бірі-үлкен тәрбие.Қазір біздің баламызды әкесі мен шешесі тәрбиелеп жатқан жоқ компютер мен теледидар тәрбиелеп жатыр.Жалпы қазақ халқы тұрмыс-салтымызға ырым мен тыйымға айрықша мән беретін елміз.(2)-кітап.Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі-тыйым сөздер.Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет,жат пиғыл,орынсыз қылық.теріс мінездерден сақтандырып отырған.Тізені құшақау –жалғыз қалудың,қолды төбеге қою-ел-жұрттан безінудің,үлкеннің жолын кесу-әдепсіздікңтің,асты төгу-ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған.(3)-З.Ахметова

Негізгі бөлім

Ырым-тыйым ұлағат көзі

Ырым мен тыйымды қатар айтамыз.Айырмасы неде деп ойлайсыз? Ырым мен тыйым дүниежүзі халықтарының бәрінде бар.Бұлардың ұқсастығы екеуінің де тәрбиелік мәнге құрылғандығында.Кейде біз «өте ырымыл,дініл екен»деп жатамыз.Діншілдік –ырымшылдық емес.Ырым-тәрбие.Тыйым-салтымызбен сабақтасқан шарт.

Тыйым сөздерге тоқтайық.Халқымыз Ай мен Күнд және жұлдыздарды ереше құрмет тұтқан.Тіпті,оларды қолын шошайтып көрсетпеген де.Әсіресе отбасылық мәдениетіне келгенде біздің алдымызға түсетін ұлттар кемде кем деп ойлаймын!Алайда «елу жылда ел жаңа ,жүз жылжа қазан жаңа» демекші ұлттардың аралас қоныстануы мен жаппай жаһандандыру ұрдісінің,басқа да себептердің кесірінен тамаша салт санамыз құрдымға кетіп бара жатқаны да шындық «үшке уәкілді ету»деген назариянгы білмейтін қазақ жоқ шығар,соның бәрі:озық мәдениетке уәкілдік ету,демек озық мәдениет деген не?Өз ұлтына қандай тамаша салт дәстүр бар?Ең әуелі соған уәкілдік етіп алайықшы көп адамдар қазақ ырым етеді ырымы қырын кетеді деп мән бермейді,алайда оның тұп астарында қандай ғылымилық жатқанын олар түсіне бермейді.Кезінде қазақ шала туған баланы тымаққа салып өсірген,сәбидің кем күндерін тымақтың ішіне ұлпа мамық немесе ботаның түбітін ,түйенің жабағысын орауыш етіп,керегеге байлап күн түсетін,немесе қыс мезгілі болса жылы орынға бағады.Уақыты толып жақсы болған соң барып бесікке бөлейді,бұл жындының қылығы деп ойлайды,алайда қазір медецинадағы шағын әйнек қорапша,төқ нұры арқылы нәрестені емдеу тәсілінің ең қарапайым түрін біздің қазақ ертеде ақ қолданған деуге әбден болады .Ал «балаға немесе үлкен адамға бетіңді баспа,жағыңды таянба жаман болады» дейтін ырым бар.Бұндағы жалпы жаман болуға келсек,беті күйелі адам немесе жамандық істеген жандардың елге қарайтындай беті жоқ,бетін басып көзін көптен тайдыра қашатыны шындық қой,немесе қайғылы уақиға болғанда жағын таянып,отыра кету,тағ,дырдың пенде баласына сыйлаған шарасыздықтан,тарыққанда болатын шартты құбылыстар.Алайда күнделіті тұрмыста балаларға немесе ересектергебұл қимылдар үнемі кезігіп қалады,оның бәрі қайғырудан,жаман әрекет істеп қоюдан болмаса да,адамдар ортасында «ағаш ағаштан мәуеадам адамнан тәлім алады»демекші осындай әдеттер жиыны қалаптасады,сол себепті қазақ оны ырымға кіргізіп жаман болады деген тағылым арқылы тежем салған.Ал шынында жаман болама?Жоқ олай емес одан келіп ығатын ең үлкен жамандықүнемі бетіңізді бассаңыз,жағыңызды таянсаңыз,сіздің бет пішініңізде өзгеріс болады әжім түседі,сәбилер жөнінде енді өсіп келе жатқан дене мүше сүйегіне ықпал етері сөзсіз ғой,сол себепті де оны «бетіңді баспа әкең өліп қалады» жаман ырым деп тнжем істеген ғой.Қарашы қандай даналық?Ендеше бұл сияқты ырымдар көп ең маңыздысы,ұрпақ тәрбиесі қазақилыққа бет бұрмаса не зардап болар екен.

Даналығын халқымның мақтан етем

            «Нанды бір қолмен үзбе»дейді. «Онда тұрған не бар»деп түсінетіндер бар.Олар мұның кесірлі екенін түсінбегендіктен солай ойлайды.Қасиетті нанды бір қолымен қалай болса солай үзген кесір болады.Айтпай кетуге болматын бір оқиға есіме түсіп….Кеңес өкіметінің кезінде ең арзан өнім нан болды.Ауылдық жерде кездесе қоймағанымен,қалалық жерде жатқан нанды аяғымен теуіп ойнап жүрген балаларды көзіміз көрді.Бізге кішкене езіміздеүлкен кісілер,ата-анамыз «жердежатқан нанды өтеріп биіке қойыңдар ,құс шоқып жесін»дегенді жиі айтатын.Біздің жасымыздағы адамдар болмаса,жастарымыз жерде жатқан нанды көргенде,мән бермей кете береді.Сауабы тисін десеңіз,біреудің жерге тастап кетен нанын өтеріп биікке қойыңыз.Өз басым осыны немерелеріме аяғышығып өздері жүре бастағаннан үйретіп келемін.Көшеде жетектеп келе жатқанда аяқ астында жатқан нанды алып биіке қойғанымды олар талай рет көрді.Тәрбие айтудан ғана емес,көрсетуден сіңеді,сондықтан да болар ,жерде жатқан нанды «құс жейді»деп көтеріп биікке қойып жатқан немерелерімді көргенде іім жылып қалды.Бала көргенін істейді.Олай болатын болса,мың рет айтқаннан бір рет көрсеткен әлдеқайда тиімді екенін естен шығармағанымыз жөн.90-жылдары қыйнылықты бастан өткердік Дүкендердегі тапшылық,қаңырап бос тұрған сөрелер,зейнетақы мен еңбекақының уақытылы төленбеуі,жарықтың болмайы,газдың жиі берілмеуі,міне осындай қиыншылықты қаладағы кез келген отбасы басынан өткерді деуге болады. «Апырмай ,бір кездері нанды соншалықты кесірлетіп аяқасты қылып едік,мынау соның зауалы ғой…» деген ой мені сонда жиі мазалады.Көпке топырақ шашудан аулақпын.Бірақ қалай айтсақ та,нанның қадірін білмей кеткендер болды.Сол жоқылық арқылы жаратқан иеміз бізге бір кездегі кесірлігімізді көрсетті. Олай болатын болса,мың жерден бай болыңыз,бар болыңыз,бірақ еңалдымен,ас атасы-нанды қабірлеңіз!Біздің кішкене кезімізде нанды үзгенде уағына дейін қалдырмай жегізетін. «Нанның уағын жеп отыр»деп кейбіреулерге біртүрлі көрінуі мүмкін,бірақ айналып келгенде нанның уағы да нан ғой.Бүтін нанды нан деп,нанның уағын тастау –күнә.Сондықтан да балаға жасынан нанды оң қолына ұстатып,уағын тастамауға,нанды үгітпеуге үгітпеуге жөн.

Тыйым дегенді «мынау жаман», «ескіліктің қалдығы»деп түсінбеген жөн.Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған.Ол әншейін жай ғана  «сөйтпе-бүйтпе» емес,оның әрқайсысының астарлы мағасы бар.

Сауалнама:

1.Қазақ халқының ырымдары мен тыйымдары туралы естігенің бар ма?

2.Олар туралы кімнен естідің?

3.Өзің ырымдар мен тыйымдарға сенесіз бе?

4.Көбінесе қандай ырым ,тыймдарға сенесіз?

5.Осы ырым,тыйым туралы көбірек білгіңіз келеме?

Осы сауалнаманы 5-6сынып оқушыларынан,6-ты кітапханашыдан және 7-әжеден алған болатынбыз.

Соның ішінде 5-ші сынып оқушылары арасында осы тақырып жөнінде мүлде мәлмет жоқ екен,Ал кітапханашылар болса осы тақырып жөнінде шамалы болса да,мәлметтері бар екен.Әжелерімізді біз тіпті тоқтата да, алмадық.Ырым мен тыйым жөнінде өте көп мәлметтер естідік.

Қорыта келгенде біз мынадай түсіндемеге келдік.Ырымдар мен тыйымдар біздің мектепте тек қана 25 % ғана екен.Себебі орыс тілді мектеп бағдарламасында бұл тақырып бөлек берілмейді,тек қана жалпы салт дәстүрлер деп беріледі.Ырым мен тыйымдарға мүлде сағат бөлінбеген.

Қорытынды бөлім

Халқы мықтының – салты мықты

Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ кішкентай кезінен жақсылыққа үйір,жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы баласын тәрбиелеп отырғанын біз жоғарыда айтқандай.Халқымыздың қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы,әртүрлі келеңсіз көріністерден,әбес  қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы,яғнибала бойына ертеден  сіңіргеннен.Құдайға шүкір,біз сол ата – әжелеріміздің тыйымымен өстік.Үлкендер бізге обал – сауапты кішкентайымыздан құлағымызға сіңірді.Біздің халық нан мен тұздың қатарына ағарғанды жатқызады, өйткені ақты да қатты қадірлеген. Айталық «ақты баспа» дейді. Ақ дегеніміз не? Бұл – сүт, айран,қатық, қымыз, шұбат… Осының барлығы ақтың құрамына кіреді.Өйткені ол – сүт. Мал өзінің төлін алғашқыда сүтімен асырайды.Адам баласы анасының сүтімен жетілетін болса, малдың төлі де – сол, өзінің енесінің ақ сүтімен жетіледі. Мал да өзінің ұрпағын сүтімен өсіреді. Оның үстіне біздің қазақ төрт түлік малдың қадірін жан – жақты білген, өзінің өміріне  тірек еткен. Қазақ – малды көп ұстаған халық.Ақтың қадірін, өзгелерге қарағанда, дәл қазақ халқындай жақсы білетін әрі  қадірлейтін халық  кемде – кем шығар… «Ақты баспа»,  «ақты төкпе»  деп жатамыз. Өйткені төгілген ақты баспау керектігін мал желінінің ісіп кететіндігімен түсіндіреді. Алғаш найзағай ойнағанда, көктемнің алғашқы жауыны жауған кезде киіз үйдің босағасына, керегелерінің басына ырымдап ақ жағады. Көктен жаудырсын, жерден өндірсін, ақ мол болсын, береке болсын деген ізгі тілек жатыр мұның астарында. Қазақ ұғымындағы ақ атаулы – азықтың тамақ қана емес, ол шынымен қаншама төлді өсіріп отырған қасиетті сүт қой. Сондықтан ананың ақ сүтін ардақтай білетін қазақ халқы малдың сүтін де қадірлеген. Қазақта «ақ» сөзімен тығыз байланысты ұғым  өте көп. «Ақ жаулықты ана», «ақ сақалды қарт», «ақ сүт», «ақ неке»  дегендей, ақ сөзімен байланысқан ұғымы терең сөздер тазалықты, пәктікті айғақтайды. Жылан екеш жыланға да көңіліміздің түзулігін білдіріп, жамандық жасамай, басына ақ тамызып шығарып жібереміз. Қазақ ешқашан үйге кірген жыланды өлтірмейді.Өйткені жылан өздігінен, қарнын тойғызу үшін адамды шақпайды, тиіп кеткенде өзін қорғау үшін шағады. Ата марқұм: «Енді оның тебетін аяғы, ұратын қолы жоқ, тым болмаса әкеден бастап сықпыртып боқтайтын тілі де жоқ, жыланның жаратылысы солай, шақпағанда қайтеді…», – дейтін еді. Алла тағала тектен – тек ештеңені жаратпаған. Қазақта «жатқан жыланның құйрығын баспа» деген сөздің өзі біраз жайды аңғартпай ма?! Тіпті адам таңғаларлық, қазақтың әрбір мақалының өзінде ұлттық тәлім – тәрбиенің көзі жатыр деуге болады. Түсінген адамға тіпті қазақтың әрбір сөзінің өзі – ұрпағына қалдырған үлкен қазынасы. Өкініштісі, оның мағынасына терең бойламаймыз. Бүгінде көшеде төгіліп қалған  сүтке мән бермейміз, шалпылдатып басып бара жатқандарды да көреміз. Бұл да – ұлттық сананың, ұлттық психологияның сұйылып бара жатқандығы…

 

«Оқып үйренбесең, өнерге де, даналыққа да қолың жетпейді»

                      Демократ.

Үлгісі өшіп кейбір киелі ырымдардың,

реніштің жырын жаздым,

үлкендердің қатары сиреген сайын,

ұрпақтың байқалады бұзылғаны.

 

Ырым мен тыйымдардың қолдану аясы.

«Орындаймын – ұмытпаймын,

көремін-еске сақтаймын,

Істеймін-түсінемін»

қытай даналығынан

Демекші, бүгінгі ұрпақ ұмыта бастаған ырым мен тыйымдарды біз шамамыз келгенше жан-жақты зерттеп, саралап көрдік. Әртүрлі ырымдар қазақта мыңдап саналады. Оның бәрін түгендеуге біздің шамамыз жетпеді.«Алтынның  қолда  бар қадірі жоқ» –  дегендей атадан келе жатқан ырым мен тыйымдар – балаға мұра болып келе жатқан осы бір салт-дәстүрлерінен қол жазып қалмай тұрғанда келер ұрпаққа аманат қылайық.

Оқу бағдарламасында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті сабақтарында жекелей нақты берілмеген бірақ та, сыныптарда кездесіп тұрады мысалы:

  • 5 сыныпта Ы.Алтынсариннің «Асан мен Үсен» әңгімесінде ырымдар кездеседі.
  • 8 сыныпта З.Ахметованың «Су тіршілік көзі» мәтінінде тыйымдар кездеседі.

Орыс әдебиеті сабақтарында жалпы беріледі «Приметы, запреты и народные понятия»

5 сыныптағы өзін- өзі тану сабағында «Традиций в моей семье»

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Ақ желкен журналы 12/2007ж.
  2. Алматы «Өнер» 1998ж Қазақы тыйымдар мен ырымдар.
  3. Бала би журналы 12/2003ж.
  4. Зейнеп АХМЕТОВА: Қазақтың тыйым сөзі – ұлттық тәрбие көзі /интернет/
  5. Қ.Бегманов. Халқы мықтының – салты мықты. Алматы «Өлке»2010ж.
  6. С.Кенжеахметұлы. Ұлттық әдет-ғұрыптың беймәлімі. Алматы «Санат»1998ж.
  7. С.кенжеахметұлы. Жеті қазына. Алматы «Ана тілі»2001ж.
  8. Х.Арғынбаев. Қазақтың отбасылық дәстүрлері. Алматы «Қайнар»2005ж.
Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *