«Физика пәнін пәнаралық байланыста кіріктіре оқыту» тақырыбындағы жобасы


ШҚО ББ «Шәкәрім атындағы облыстық

дарынды балаларға арналған үш  тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» КММ

Автор: Өтеулинова Фарида Закарияқызы физика пәні мұғалімі

Ғылыми кеңесші: Семей мемлекеттік педагогикалық

институттың математика және физика

кафедрасының аға оқытушысы: Ж.Е.Мешетова

Пікір

 

Тәуелсіз  Қазақстанның  XXI  ғасырда  дамыған  елдермен  теңестіріп,  өркениетте  әлемнен бәсекеге барынша  қабілетті  елу  елдің  қатарына  кіріп  орын  алуына  ықпал  етер  бірден бір  құдіретті  күш – білім, ғылым, білімді ұрпақ. Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  барлық  саласында  жаңа  технологияның  міндеті  оқушылардың  білімге  қызығушылығын  арттыру,  ізденімпаздыққа баулу.

Тәуелсіз еліміздің ертеңі жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді ұрпақ-мемлекетіміздің капиталы.

Оқушылардың білім деңгейінің жоғарлауына, логикалық ойлау қабілеті, шығармащылық ізденістерінің дамуына ықпал ету, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білу мүмкіндіктерін арттыру. Өндірістегі техника мен технологияның өркендеу маңыздылығын түсіне отырып, оқушының кәсіби білім, білік дағдыларын қалыптасуына жағдай жасап, политехникалық бағыттағы мамандылықтарды таңдай білуге тәрбиелеу.

Оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуда,пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыру көзделген.

Жобада физика пәнінің биология, химия, математика, әдебиет, география пәндерімен байланысы жан-жақты.

Осы мақсатта жоба оқушылардың ғылыми-шығармашылық әлеуетін және қабілетін дамытуға, зерттеу біліктілігі мен дағдыларын, іскерлігін дамыту мақсатында бүгінгі заман талабына сай өте жақсы құрастырылған, мазмұнды,құнды.

 

 

 

 

 

Семей мемлекеттік педагогикалық

институттың математика және физика

кафедрасының аға оқытушысы:                                                   Ж.Е.Мешетова.

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

                                                                                 «Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын

                                                                                                   сезіну – үлкен бақыт»

                                                                                                            В.И.Кочалов

 

Оқушылардың жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруге, физикадан алған білімінің сапасын көтеруде және жеке тұлғаны қалыптастыруда пәнаралық байланыстың мәні зор. «Арнайы курс» пен «Элективтік курсты» оқыту бүгінгі күн талабы оза оқытуды жүзеге асыру болып табылады.Осыған орай биология мен физиканың пәнаралық байланысын нығайту мақсатында «Элективтік курсты» жүргіземін.

Физика сабағында биофизикалық материалдарды қолдану оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы «Тербелістер мен толқындар» тарауын өткенде тербеліс тірі организмдерге де тән құбылыс. Айналадағы дыбыс құлақтың мембранасын  тербелтеді, соның нәтижесінде біз дыбысты естиміз. Адамның жан дүниесін тебіренте әсерлі сезімге бөлейтін музыка, музыкалық аспап ішегінің, күй табақтың тербелісінің нәтижесі. Ақырында, жүрегіміздің соғуы, дем алған кезіміздегі өкпеміздің ұлғайып-кішіреюі, тоңған денеміздің тітіркенуі, жүрген кезіміздегі аяғымыздың қозғалысы – барлығыда тербелістің тірі организм табиғатына тән екендігін көрсетеді. Адамның денесіндегі тербелістерге қатысты, адам организмінің күйін зерттеуге бағытталған ауқымды жұмыстар-инженерлік ізденістердің жемісі. Бұл мәселелердің көпшілігі жасанды жүрек, өкпе, бүйрек жасаудан бастап, теңіз толқындарымен күресу мәселеріне дейінгі барлық шаралар-тербелісті процестермен тығыз байланысты.

Әрбір сабақ қызықты, оқушы жадында ұзақ сақталу үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданумен қатар, 45 минут уақытты тиімді пайдалана білу қажет. 7 сыныпта «Атомдар мен молекулалар». «Заттардың молекулалық құрылысы» тақырыбын өткенде биология, химия пәндерімен байланысқа баса назар аударамын. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы туралы электронды оқулықты, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесін пайдаланып қысқаша тоқталып өтіп, тақырыпты оқушылардың өздеріне оқуға беремін.

 

Жаңа сабақты бекіту ретінде:1.Атомдарды құрайтын болшектер қалай аталады?

2.Заттардың молекулалары бірдей ме?

3.Химиялық элементтер бір-бірінен қалай ерекшеленеді?т.с.с сұрақтар беремін.

 

Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі ұрпақтың паразы екендігін айта келіп, қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің «Жазғы далада» өлеңінен мынадай шумақтарды мысалға келтіремін:

Көк ала  кілем-жасыл шөп.

Тамылжып иісін аңқытты.

 

Өз ұрпағының өнегелі, еңбек сүйгіш азамат болып өсуі үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылық пен оқу- тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті. Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқытуда, физикалық құбылыстарды, заңдылықтарды, оқушылардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыруға мол мүмкіндіктер  береді.

 

Кеудеге толып жас иіс

Тән мен жанды балқытты….

Осы шумақтар қандай физикалық құбылыстарды байқаймыз?

Жауабы: Диффузия.

Матемикатиканы  « Ғылымдардың патшасы»- деп тегін атамаса керек.Физикалық заңдар, математикалық символдар арқылы белгіленіп ,физикалық есептерді шығаруына  математика әдістерін пайдаланады.Физика қиын да қызықты пән.Солай бола тұрса да оны техникалық мамандар таңдағандар ,не физика пәнінен мұғалімдікті таңдағандар таңдайды.

Пәнді игеру үшін тек теориясын  оқып білген жеткіліксіз,ол үшін практикалықжұмыстарды орындап, әр түрлі деңгейлік есептерін шығара. білуі қажет.

9 сыныпта Дыбыс толқындары.Ультрадыбыс және инфрадыбыс тақырыбын интегративтік сабақ ( физика,информатика) түрінде өткізуге болады.

І.Мұғалім тақырыптың мақсатын ашып, сызба бойынша түсіндіреді.

ІІ.Информатика пәнінің мұғалімі техника- қауіпсіздік ережесін түсіндіреді.

Сол тақырыптарды  балалар электронды оқулықтан ашып, өз беттерінше талдау жасайды.Таңдаған тақырыптар бойынша тақырыптың мағынасын,негізгісін ашады.Құрған жобалары  бойынша тақтаға шығып ,әр топ өзінің тақырыбын түсіндіреді.

Компьютерде мультимедия арқылы оқушылар «Акустикалық резонанс», «Дыбыстың шағылуын» тәжірибеде көрсетеді.

ІІІ Информатика пәнінің мұғалімі сергіту сәтін өткізеді.Компьютерде оқушылар әйел адам мен ер адамның дауыс тонын анықтайды.

IV Кадаграмманың көмегімен  білімдерін бекіту ,тексеру мақсатында қысқа мерзімді  тест алынады.

XXI ғасыр –жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры.Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің  барлық саласына толық енгізілді.Сондықтан да ұстаздардың алдында  тұрған ең  негізгі ортақ міндет-өмірге икемделгіш,заман  ағымына  ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу.Ғылымның жеке салаларындағы білім мазмұнын интеграциялап оқытудың әдістемесінде өзіне тән қағидалары,түрлері,әдістері бар.Қазіргі ғылымның барлық салалары өзара тығыз байланысты.Пәнаралық байланыс мектептегі ғылым негіздерінің жан-жақты және  терең меңгеруілуінің дидактикалық шарты және құралы болып табылады.

 

 

 

 

 

Пәндерді кіріктіріп оқытудың тиімділігі.

 

                « Пәндердегі білім байланысы, сол байланыс негізінде меңгерілуге тиісті»

                                                                                Я.А. Коменский

 

Қазақстан республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді      дамытудың      мемлекеттік бағдарламасын   іске асыру     міндеттері ұстаздар алдына  қазақстандықтардың  жаңа   ұрпағын   қалыптастыруды   қамтамасыз ететін білім берудің тиімді жуйесін құруды мақсат етіп қояды.

Сабаққа қойылатын қазіргі заман талаптары мұғаліммен зор шеберлікті қажет етеді.Мұғалім сабақ үрдісіне материалды дайын күйінде бермей,оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс –тәсілдерді таңдап алуы қажет. Әрбір оқушының қабілетіне қарай білім  беруде оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын  жаңартылған   инновайиялық технологияны меңгеріп,  жаңашыл

әдіс –тәсілдерді пайдалануымыз қажет.

Пәнаралық байланыс оқушылардың бір пәннен алған білімін екінші пәнге қолдануға мүмкіндік береді.

Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуды,яғни оқыту үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде  дамытуды, оқушының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жеке оқытуды дамыту мен пәндердің бір-бірімен байланысын жүзеге асыруды көздейді.

Пәнаралық байланыс тиімділігі:

1-оқушыларға берілетін ғылыми білім негіздерінің бірлігін, пәнаралық байланысын сақтау;

2-жеткіншектердің ойының тиянақталуына, қиялдауына, ұғымды меңгеруге,  ойда сақтауына мүмкіндіктер тудырып, жағдай жасау;

3-оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастыруда, оқытудың тиімді әдістерін іздестіру жолдары, пәнаралық байланысты күшейтуге септігін тигізеді.

Пәнаралық байланыстар-ғылыми циклдағы физика сабағында жеке тұлғаны дамытудағы кешенді мәселе болып табылады. Оны үш бағытқа бөлуге болады.: 1) Пән бойынша алғашқы білім мен дағды; 2) Пән бойынша екінші білім мен біліктілік; 3) Осы білім мен дағдылардың бірлігі, оны оқу үрдісінде қолданылу үрдісін кеңейтеді,  яғни аннимациялық тәжірибелер арқылы.Осыған орай  педагогикалық тәжірибемде пәнаралық байланыстарды ашық кіріктірілген сабақтар, семинар сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, ғылыми практикалық конференциялар мен ғылыми жобаларға оқушыларды қатыстыру арқылы жүзеге асырып отырамын.

9-сынып физикасында денелерді, олардың қозғалыстарын (механикалық) қарастырамыз.Қозғалыстағы дененің ізі-траекториясы қозғалыстың түріне қарай әртүрлі  болып келеді. Мысалы,түзу сызықты бір қалыпты үдемелі қозғалыста-түзу сызық.

Айналмалы қозғалыста – шеңбер. Механикада денелер қозғалысының жаңа түрін-ауырлык күші әсерінен болатын қозғалысты қарастырамыз.Осы қозғалыста дененің траекториясы – парабола болады.Мысалы екінші космостық жылдамдықпен қозғалатын ғарыш ракетасының

(v=11,2км\с)ізі. Фонтан суының атқыландағы ізі,лактырылған ізі,зеңбіректен атылған снаряд ізі т.с.с. көп мысалдар келтіруге болады. Артиллерияда артиллеристер параболаны білуге мәжбүр, өйткені,атқан снаряд ізін,түсу нүктесін білмесе,артиллерия өз максатын орындай алмаған болар еді.

Қай елдің тарихына көз салсақ та халқының мәртебе мерейін көтерген,мақтанышына айналған дарын иелері,дана ғұламалары болған.

Табиғат құбылысы мен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ, тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі  ұрпақтың парызы екендігін айта келіп, қазақтың аса көрнекті ақыны, жазушысы, белгілі қоғам  қайраткері С.Сейфуллиннің «Жазғы далада » өлеңінен мынадай шумақтар мысалға келтіремін:

Қызғалдақ пен сарғалдақ

Араласып ұйысты

Желекті жас келіндей

Ұялып басын иісті,-деген шумағында физикада соққан желдің, яғни сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелістерді сипаттайды. Осы өлеңінде:

Кеудеге толып жас иіс

Тән мен жанды балқытты….

Осы өлең жолынан қандай физикалық құбылысты байқаймыз?

Жауабы: Диффузия

Ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына ыстық екені сөзсіз.

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам, жұртым өлеңдестім.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлең жырлары өлген жоқ. Халқымыздың ертегілерінде, салт-дәстүрлерінде, аңыз әңгімелерінде, табиғатты жырлаған ақындардың өлеңдерінде табиғат құбылыстары мен физикалық заңдылықтардың бір-бірімен астасып жатқаны белгілі. Ендеше, физика табиғатты зерттейтін ғылым болғандықтан, ол табиғат құбылыстарының құпия сырларын түсіндіретін болса, әдебиет сол құбылыстарды әсерлеп, көркемдеп суреттей отырып жеткізеді. Ендеше бұл екі пәннің арасында байланыс барлығын ақындардың табиғат жайында жырлаған өлеңдерін көруге болады.

Мұқағали поэзиясындағы өлең шумақтарын физика сабағында қолдана отырып, оқушыларға ғылыми тұрғыдан білім беру және сонымен бірге оларды адамгершілігі мол, елін, жерін сүйетін, сол үшін күйетін патриоттық рухта тәрбиелеуге үлес қосу мақсатында пайдаланамын.

М. Мақатаевтың тіршіліктің тірегі табиғат құбылыстарын физикалық құбылыстарын физикалық заңдылықтармен үндестіре отырып жырлағанын еске алған жөн. Осы тұрғыда алғанда Мұқағали жыр шұмақтарын өз сабағыма арқау ете отырып, көптен пайдаланып келе жатқанымды айтқым келеді.

Ей, табиғат, шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді көрсетерсің берерсің.

Ұланғайыр бұлағымды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің!

Айың – анау, Күнің – анау, Жерің – мынау.

Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды ол сені, мені, елді де! – деп ағынан жарылады. Бұл шумақты бір сөзбен айтқанда, табиғатсыз адамдардың өмір сүре алмайтындығы айтылса, физика әлем кеңістігі қоршап тұрған материя екендігі, сонымен бірге, табиғаттағы тіршіліктің бір-бірімен тығыз байланыста екенін: Күннің Жермен байланысын, жерге шыққан шөптердің, ағаштардың адам қажетіне жарауын, яғни табиғатта басы артық дүние жоқ екендігін, біріне-бірі мұқтаж, бір – біріне керек екендігі жырланғанын түсіндіремін. Сөйтіп, табиғатқа адамгершілік тұрғыдан қарым – қатынас жасаудың маңызды екеніне тоқталамын.

9 – сыныпта өтілетін механикалық тербелістерге мысал бола алатын мына бір өлең шумағына назар аударайық:

«Қара саздың шыбығын жел тербеген,

Жел тербеген шыбықты мен тербегер», – деген шумағында физикада соққан желдің тарапынан шыбықты тербелісі сыртқы периодты күштердің әсерінен болған еріксіз тербелісті сипаттайды. Ал «Таудағы көктем» өлеңінде мына:

«Қасқа бұлақ,

Тастан құлап

Бара жатыр шапқылап» – деген жолдарға назар салайық. Мұқағалидің бұл өлеңінде физика пәнімен тікелей байланысты. Бұл арада тастан құлап аққан бұлақтың потенциялдық энергиясының кинетикалық энергияға айналуымен, яғни, энергияның бір түрінен екінші түрге ауысып отыратындығын түсіндіремін.

Қорыта келе, Мұқағали табиғат жайындағы өлең шұмақтарын, оның әрбір сөйлемін, әрбір сөзін, талдап көретін болсақ, олардың сыры физикалық тұрғыдан аштық. Табиғат құбылысымен физикалық құбылыс екеуі егіз ұғым дейтін болсақ тіршіліктің тірегі – табиғатқа қамқорлық жасау бүгінгі ұрпақтың парызы екендігін айта келіп, ақынның табиғатқа арнаған мына өлеңімен аяқтағым келеді:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір, кәусар тынысын

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар! Қалай ғана қатыгездік жасайсың,

Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың.

Сондай – ақ, 8-сыныпта өтілетін «жарықтың қасиеттері» тарауын қайталау сабағы ретінде өткен кезде ақынның мына өлеңіне оқушылардың назарын аударамын, мысалы: «Түнгі алматы» өлеңінің бір шумағында:

Судың аты – су ғой ол, бұғына ма?

Тай бұлағы көпшілікке тығыла ма?!

Су сәулеге ұмтылып, сәуле суға

Айналады ғажайып шұғылаға, – деген шумақтың соңғы екі жолындағы сөз мағыналары осы жарық құбылыстарымен байланыстырады. Сонымен бұл өлеңде ақын түгі Алматының әсем бояулары мен оқушыларды таныстырып, ақынның поэзиясын дәріптеуге әр пән мұғалімі мүмкіншілігіне өз үлестерін қосып отырады.

Оқушылардың білім деңгейінің жоғарлауына, логикалық ойлау қабілеті, шығармашылық ізденістерінің дамуына ықпал ету, материалдық әлемнің бірлігі жөнінде түсінік алуға, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын білу мүмкіндіктерін арттыру. Өндірістегі техника мен технологияның өркендеу маңыздылығын түсіне отырып, оқушының кәсіби білім, білік дағдыларын қалыптасуына жағдай жасап, политехникалық бағыттағы мамандылықтарды таңдай білуге тәрбиелеу – әрбір ұстаздың міндеті .

 

 

Өтеулинова Ф.З.- физика пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәнаралық байланыстар негізінде жүйелеп оқыту

Пәндерді өзара байланыстыра оқыту педогогикада жаңа бағыт емес.Бұл туралы педагогтар Я.Коменский,И.Песталоцци,К.Ушинский т.б. өз еңбектерінде келелі ойлар айтқан.Оқыту үдерісінде пәнаралық байланысты қолданудың теориялық мәселелері Г.Батурина,Ш.Ганелин, И.Зверев, П.Кулагин  т.б.шығармаларында әдістемеләк тәсілдерді Н.Лошкарева, А.Усова , В.Федерова , А.Пинский ,А.Бейсенбаева, Ә. Көшеров т.б зерттеулерінде баяндалған.

Бұлардағы барлық  ой-пікірлер , зерттеу нәтижелері пәнаралық байланыстың білім беруде ,тәрбиелеуде және ой-жүйені дамытуда маңызы зор.

Мысалы  физика мен химия пәндерін байланыстыраып оқытудың аса тиімді екендігі-олардың ортақ ұғымдар мен заңдарға негізделгендігімен түсіндіріледі .Осы тұрғыдан алғанда, екі пәннің байланысын тереңдете зерттеу қазіргі білім берудің негізгі мәселелерінің тізіміне жатады.Бұл бағытта ғалым – әдіскерлерЛ.Загрекова,Л.Уфимцева,Б.Яворский,Е.Менченко т.б. еңбектерінде құнды ұсыныстар берілген.

Дегенмен,физика мен химия арасындағы пән аралық байланыстар мәселесі толығымен шешімін тапты деп айтуға болмайды.Сондықтан мұндай пәнаралық байланысты жүргізудің әдіс-тәсілдерін оқыту үдерісінде жүйелі түрде пайдаланып,унемі дамытып отыру қажет.

Төменде,осы екі пән арасындағы байланыстарды жүзеге асырудың кейбір мәселелеріне тоқталып өтейін.

   1.Екі пәнге де ортақ болатын теориялардың,ұғымдардың,құбылыстар мен оқулықтар бойынша жүйелеу тәсілі.

Жүйелеудің белгілі бір тарауға әлде тақырыпқа кірісер алдында ,немесе оны аяқтағаннан кейін жүргізу керек.Жүйелеуді олардың негізгі белгілеріне байланысты сызба, кесте немесе диаграмма түрінде көрсеткен тиімді .Себебі осындай жағдайда нәтижелерді өңдеуге ,өзара салыстыруға мүмкіндік болады.Төменде , тарау бойынша элементтік талдау арқылы жүйелеудің бір үлгісін көрсетіп отырмыз(1-кесте).

Кестені ары қарай жалғастыра беруге болады.Сонда мына төмендегі ұғымдар мен құбылыстарды көрсету орынды.Олар:атом ядросы, изотоп, энергетикалық деңгей,электрондар қозғалысы,элементтердің периодтық жүйесі,атом құрылысы,байланыс түрлері,кристалдық тор,электролиз,парциал қысым ,беттілік керілу ,т.б.

Пән оқулықтарындағы мұндай ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып кестеге толтыруды оқушылардың өздеріне үйге тапсырма ретінде беруге болады .

2.Екі пәнге де ортақ ғымдар,заңдар және құбылыстарды жүйелеу тәсілі.

Мұнда кестенің бір бөлігіне ұғымдар ,екіншісіне заңдар т.с. толтырылады.Ондай  тапсырманың үлгісі 2-кестеде көрсетілген

3.Пәнаралық байланысқа есептер шығарту және сұрақтарға жауап алу негізінде жүйелеу тәсілі.

     Берілетін есептер немесе жауап алатын сұрақтар пәнаралықбайланысқа негізделген болу керек.

      Талдау сұрақ.Физикадан ‘’Термодинамиканың бірінші бастамасын’’өту кезеңінде мына химиялық реакцияны мысал келтіріп жазамыз .

.

Мұндағы Q – реакция кезінде бөлініп шығатын жылу мөлшері . Оқушылардан осы реакция кезінде жылу бөліну себебін талдауды сұраймыз.Сонда оқушылар физика және химиядан алған білімдеріне сүйеніп жасаған ой –талдаулары мынадай мазмұнды болуы мүмкін.’’Ішкі энергияның өзгеруі химиялық байцланыстардың үзілуінен ,реакцияға түсетін зат көлемін өзгерту қажетіне жұмыс есебінен болады’’

Сабақ барысында физика мен химияны байланыстырудың жүйелеу тәсілдерін қолдану нәтижелері,оқушылардың алған білімдерінің  терең де сапалы болатындығын көрсетіп отыр.

Ашық сабақтар

Сыныптан тыс жұмыс

Еңбектің нәтижесі- оқушы жетістігі

 

Оқушылардың

Аты-жөні

сыныбы Іс-шаралар орны Оқу жылы
1 Мырзағалиев Аслан 10 «а» I Республикалық астрономия және космомық физика олимпиадасы III 2011
2 Орынтаева Акбота 8 «б» I Республикалық астрономия және космомық физика олимпиадасы III 2011
3 Орынтаева Акбота 8 «б» Республикалық зияткерлер олимпиадасы III 2012
4 Болатқазыева Ажар 10 «а» Эвристикалық олимпиада ПМПИ диплом 2012
5 Мырзағалиев Аслан 10 «а» Эвристикалық олимпиада ПМПИ диплом 2012
6 Құрманғали Тоғжан 10 «а» СМПИ III 2013
7  Серікжанова Айгерім 10 «а» СМПИ II 2013
8 Мырзағалиев Аслан 11 «а» Облыстық олимпиада I 2013
9 Мырзағалиев Аслан 11 «а» Білім гранты СМПИИ 2013
10 Мырзағалиев Аслан 11 «а» ШҚО аймақтық университетінің атаулы грант иегері 2013
11 Мырзағалиев Аслан 11 «а» Республикалық олимпиада сертификат 2013
12 Серікжанова Айгерім 11 «а» Облыстық олимпиада I 2014
13 Кожанова Гүлнәр 9 «а» Облыстық олимпиада III 2014
14 Қалиев Ернат 11 «а» Халықарлық олимпиада Сертификат 2014

 

 

 

 

 

1 Болатқазыева Ажар 10 «а» VII халықаралық тәжірибелік конференция Жинақ материалдары
2 Мырзағалиев Аслан 10 «а» VII халықаралық тәжірибелік конференция Жинақ материалдары
3 Лауенов Б

Мырзағалиев Аслан

10 «а» СМПИ студенттер мен оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы Жинақ материалдары
4 Жайсаңбаева Қ.

Болатқазыева А.

10 «а» СМПИ студенттер мен оқушылардың ғылыми-практикалық конференциясы

 

Жинақ материалдары
5 Мырзағалиев Аслан 11 «а» Ғылыми жоба «Семей өңіріндегі Жер магнит өрісінің индукциясын өлшеу» II  дәрежелі

2013

6 Базарғалиев

Мағжан

Қуанашқанова

Данагүл

11 «а» Ғылыми жоба «Су бетінде жүзетін денелердің орнықтылығы» III  дәрежелі Диплом

2013

 

7 Майкина Мөлдір

Қонысбеков Алихан

11 «» Ғылыми жоба «Создание искусственной грвитации в Космосе» III  дәрежелі Диплом

2013

6 Қалиев Ернат 11 «а» Ғылыми жоба «Баламалы энергия көздерінің проблемалары және шешу жолдары» III  дәрежелі Диплом

2014

 

 Новый рисунок (2) Новый рисунок (3)

Қорытынды

 

Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша бөлімінің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және вариативті білімнің , білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкім де жорққа шығара алмайды. Яғни интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуімен басталады,. Интеграциялық білім оқушының ақпараттық және коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырады. Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Интеграция-ғылымдардың жақындай отырып байланысуы.

Оқушының дүниетанымын қалыптастыру барлық пәндердің міндеті. Пәнралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бір ізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту-әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден бір жол.

Бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық байланыстың төртінші түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының «тасымалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болу нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр. Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз-өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол өз бойына ғұламаларымыз Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, М,Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б. жинаған энциоклопедиялық білімнің негіздерін жинап, осы қасиетті шәкірттеріне сіңіре білуі қажет.

Ол үшін әр сабағында пәнішілік, пәнаралық байланыстан бастау алатын интеграциялық білімнің біртұтас жүйесін ендіріп, оқушыларын әлемдік ақыл ойдың қол жеткен табыстар мен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға бейім болуына баулуы-заман талабы.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

 

  1. «Шығармашылық пәнаралық, проблемалық есептер», О.Мұсабеков. ИФМ., 2000, №1, 5-6 б.б.
  2. «Қазақстан мектебі» журнал, 2009 ж.№10
  3. Г.Б. Әлімбекова: «Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен байланыстыра отырып оқыту» оқу құралы, Алматы «Литера»-2001ж. 256-бет.
  4. «Оқыту технологияларын енгізу жолдары». Қазақстан мектебі №5, 2007ж.
  5. «Педогогикалық ізденіс» Алматы –Рауан 1993.
  6. М. Байжанов ., «Педогогикалық инноватция және оқытудың қазіргі технологиялары». Қызылорда 2000.
  7. «Қазақстан мектебі» 2003 .№1, Асанов/Білім беру.жетілдіру.өзекті мәселелері.
  8. Б.Қ.Садықов ., «Интерактивті тақта ғажайып құрал.» Алтын ұя газеті 2008ж.№2
  9. Минченков Е.Е. «Использование знании учащихся по физике при изучении химии.»/Химия в школе,1996,№4
  10. Бейсебаева А. «Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру.» Алматы. Республикалық баспа кабинеті 1995
  11. М. Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы.2002.
  12. Кронгарт Б.А., Тазабекова Ж.М. Физика әдістемелік құралы. Алматы, 2003 жыл
Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *