Утренник: «Қош бол, балабақша!»


Есжанова Жанар Пердебаевна
воспитатель Детский сад № 71 «Мөлдір» г. Астана

Астана қаласы

№71 «Мөлдір» балабақшасы

Есжанова Жанар Пердебайқызы

«Қош бол, балабақшам!»

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жалпы би.

Жантөре:

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңізде есен сау, бармысыздар

Ұлжан:

Таусылмастай ағытып,ой арманың

Ал,балалар қысылмастан сөйлегін.

Арслан:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді бастайық

Амира

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің әр айың

Дарын

Армысыздар,халайық!

Бармысыздар,халайық!

Апайларды ардақтап,

Ортаға біз алайық.

Музыка әуенімен апайлар ортаға шығып ән орындайды.

Жанар апай апай: Сәлем гүлдей жайнаған,балғындарым

Бақшамыздан тәрбие алғандарым

Енді міне ержетіп бәрің бірге

Достарыңмен мектепке барғандарың

Қайырмасы: бірге

Балаларым балапан,балғындарым

Кілең беске оқыңдар жарқындарым

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,

Барлығыңда болашаққа аттаныңдар

Жүргізуші: Қайырлы күн,құрметті қонақтар, ата-аналар ,әріптестер және балабақшамен қоштасқалы отырған бүлдіршіндеріміз!Бүгін бізде үлкен мереке,ең алғаш тәтті қылықтарымен балабақша табалдырығын аттаған кішкентай сәби балапандарымыз,бүгінде сүйікті балабақшасымен қимай қоштасып ,мектеп  атты білім ордасына шығарып салғалы отырмыз,бұл үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!

Жүргізуші: Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді

Сәбилерім жүздеріңнен нұр тұнды,

Бізден ұшып қанат қағып есейіп

Өздеріңмен қоштасатын күн туды

Жүргізуші:Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып,биде билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән сАлғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады,-дей келе тойымызды тамаша  әнмен ашайық.

Ән: «Балабақшада»

Жүргізуші:Ал бүгінгі біздің кешіміз өте ерекше болмақ,біз барлығымыз  су көлігі кемемеге отырып,білім әлеміне сапар шегеміз. /барлығы кемеге отырып саяхатқа шығады /

Жүргізуші:балалар  алдымызда,теңіз толқындары кездеседі сол толқындардан жақсы өту үшін,өнерлерімізді көрсете отырайық.

/төрт апай,көк матаның төрт шетінен ұстап, толқын қимылдарын жасайды/

1 бала:Ислам

Балабақшам балғыным,

Күліп ойнап қайтатын

Ән саламын,би билеп

Тақпақтыда айтамын-дей келе теңіз толқындарына тақпақтарымызды айтып берейік.

2 бала: Ақжан

Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы мол шуақты

Ол өз үйім сияқты

3 бала: Дильназ

Бақша біздің панамыз,
Мектеп біздің анамыз,
Ұлағатты ұстаздан,
Оқып білім аламыз.

Жүргізуші:балалар міне біз теңіз толқындарынан жақсы жүзіп өтіп,білім әлемінің бірінші аялдамасына да келіп жеттік.Балалар қараңдаршы

/ слайдтан Математика аялдамасы көрсетіледі/

Әуен ойнап,Дымбілмес шығады/ Жанар апай/

Дымбілмес: Сәлеметсіңдер ме менің кішкетай достарым,менде мектепке бару үшін білім әлеміне саяхатқа шыққан едім,бірақ мен математика әлеміне тап болдым,бір өкініштісі мен сандарды танымаймын, санауда білмеймін.

Жүргіуші:Балалар мында бір тапсырма жатыр,онда былай делінген ,сендер «Көңілді сандар» ойынын ойнап ,сандарды ретімен қойып тура және кері санаңдар. /Балалар музыка әуенімен қолдарына сандар жазылған кубиктармен билеп жүріп , әуен тоқтағанда,реттік санымен тұра қалады/ (Манап, Александр,Илья,Полина, Дария, Элина,Адина,  Ұлжан,Арслан,Альтаир) Дымбілмес қате санап, Альтаир тура және кері санап береді.

Жүргізуші:балалар математика әлемінің ойыныда тапсырмасыда өте қызықты болды,олай болса бізде математика әлеміне тамаша биімізді тарту етейік.

Би: (Қыздар: Диана, Е.Амира, Ақжан,Виктория,Жәния,Дильназ,Алина)-Раушан

Жүргізуші:Балалар сапарымызды әрі қарай жалғысайық,тағыда теңіз толқыны кездесіп отыр.

/Төрт апай,көк матаның төрт шетінен ұстап, толқын қимылдарын жасайды/

Жүргізуші:теңіз толқынан жақсы өту үшін,әсем ән орындап берейік.

Ән: «Досвидания детский сад»

Жүргізуші:балалар міне біз теңіз толқындарынан жақсы жүзіп өтіп,білім әлемінің екінші  аялдамасына да келіп жеттік.Балалар қараңдаршы

/ слайдтан Әріптер аялдамасы көрсетіледі/

Әуен ойнап,Білім ханшайымы шығады/ Акмарал апай/

Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме  балалар,әріптер әлеміне қош келдіңдер. Мен сендердің білімдеріңді тексергім келеді.

Білім ханшайымы:Білім, Ана, Мектеп сөздеріне жұмбақ жасырады,жұмбақтың жауабын тапқан бала тақтаға сол сөздерді әріппен жазады.

Жұмбақ:

1.Теңіздей түбі терең

Сүңгіген жетер әрең /Білім/ К Амира

2. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама /Кітап/ Дарын

3.Маған да, саған да

Жақын адам қашанда

Үш әріптен тұратын

Оңға солға оқысаң

Өзгермейді еш одан /Ана/Алина

 

(Алина, К. Амира, Дарын)

Білім ханшайымы:жарайсыңдар балалар,өте білімді екенсіңдер,міне сендерге мектепке жолдама деп, апайларына береді.

Жүргізуші:рахмет, білім ханшаймы енді сізгеде біздің балалардың дайындаған өнері бар.

Би: (ұлдар-қыздар: Ұлжан, К. Амира, Элина, Дария,Жания, Диана, Е Амира, Дильназ)

-Жанар апай.

Жүргізуші:Балалар сапарымызды әрі қарай жалғысайық,тағыда теңіз толқыны кездесіп отыр.

/Төрт апай,көк матаның төрт шетінен ұстап, толқын қимылдарын жасайды/

Жүргізуші: балалар олай болса, бізбен толқындарда ойын ойнағысы келеді екен.

Ойын: «Теңіз толқындары»

( Владимир,Илья, Саша, Манап, Жантөре)

Жүргізуші:балалар теңіз толқынындарында біздің Владимир қалып қойған,олай болса өз өнерін көрсетсін.

Музыкалық нөмер: Владимир (СКРИПКАДА)

Жүргізуші:балалар міне біз теңіз толқындарынан жақсы жүзіп өтіп,білім әлемінің үшінші  аялдамасына да келіп жеттік.Балалар қараңдаршы

/ слайдтан Ертегілер аялдамасы көрсетіледі/

Әуен ойнап,Ертегіші әжей шығады/ Ляззат апай/

Ертегіші әжей : Сәлеметсіңдер ме  балалар,ертегілер еліне қош келдіңдер!  Мен сендерге, «Патшаның тентек қызы» атты ертегі айтып беремін, сендер мұқият тыңдаңдар!

(Әжей ертегіні айтады,балалар ертегіні сахналап береді)

Ертегі: «Патшаның тентек қызы»

/Ұлжан,Дарын, Арслан, Ислам/

Жүргізуші:Балалар сендерге әжейдің ертегісі ұнады ма, біз патшаның қызындай тентек боламыз ба?!Мектепке бармаймын деп, жылаймыз ба?! Рахмет сізге әжей,біздің балалар сізге және патшаның қызына тамаша ән арнамақшы.

Ән: «Біз мектепке барамыз»

Жүргізуші:Балалар сапарымызды әрі қарай жалғастырайық, теңіз толқындарына біздің өнерлеріміз ұнаған сияқты, олай болса тағыда бір ойынға кезек берейік.

Ойын:

/музыка әуенімен музыка жетекшісі шығады/ Гүлсім апай сөйлейді.

Ұшырсада бұл өмірдің сан құсын

Ұстаз апай толастамас мәңгі ісің

Жалыпайтын асыл жандар аяулы

Тыңдаңыздар бөбектердің алғысын

К. Амира

Гүлдендірген бақшаны

Меңгеруші апай жақсы адам

Сондықтанда біз үшін

Артықсыз сіз басқадан- Айжамал Қожайхановнаға мың алғыс!

Диана

Жайдары жүз, ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын-әдіскеріміз  Гүлзат Берденовнаға мың алғыс!

Дария

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбігер

Қасмқоршымыз дәрігер- Лязззат Тасболовнаға мың алғыс!

Ислам

Үйренгенбіз өнер біз

Шетімізден шеберміз

Бал татыған әндерді

Мың бұралған билерді

Үйреткен –Гүлсім апайға мың алғыс!

Інжу

Жазу жазып үйреткен

Әріптерді оқытқан

Санамақты жаттатып

Санауды бізге үйреткен

Жақсы болсақ қуанған

Қате болса кешірген-Жанар апайларға мың алғыс!

Арслан

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекте жатқызған

Басымыздан сипаған-Гүлзағипа апайға мың алғыс!

Жәния

Ұстаздардың ұстазы

Тәрбиенің ұстасы

Ырза сізге бәрі де

Ұмытпаймыз сіздіде-Психолог Арай апайға мың алғыс!

Адина

«Спасибо!» нежно говорим

Айгуль Есенжоловне

Еще признаемся мы вам

Похожи  вы на наших мам

Спасибо вам сто тысяч раз!

Всю жизнь мы будем помнить вас!

Альтаир

Үйреткен тілді білсін деп

Ағылшын тілін оқытып

Шет тілін білу керек деп

Талап қойды күлімдеп- Асия апайға мың алғыс!

Манап

Еңбек еткен ерінбей

Сыртыменен ішіне

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген-Эльмира апайға мың алғыс!

Дильназ

Сөйлеуді бізге үйреткен

Қисық болсақ түзеткен

Логопед Қаракөз Жетпісқызына-мың алғыс!

Виктория

Бізді баптап қараған

Күлімдеген жақсы адам

Ақ төсекте жатқызған

Басымыздан сипаған- Сарқыт апайға мың алғыс!

 

Алина

Әрқашан жылы шырайлы

Мерекеде әр айдың

Бізге киім беретін-Дана апайға мың алғыс!

Е Амира

Бізге арнап пісірген

Кампот, ботқа сорпаны

Тез-тез асып түсірген

Аспазшы апайларға- мың алғыс!

 

Элина:

Кіріс, шығыс есептеп

Сандары сөйлер кесектеп.

Есепші деген мамандық

Сандарды жүрер жетектеп!

Жанагуль Гульзира апайға мың алғыс!

Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар ,салтанатты сәт балаларды марапатттауға келдік./Балаларды, ата-аналарды марапатттау/

Ән: «Қоштасу вальсі»

Жүргізуші:Кезек балабақшадағы соңғы би, қоштасу вальсінеде келіп жетті.

Би: «Қоштасу вальсі»

Жүргізуші:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!
Біріншіге баратын қадамдарыңқұтты босын!

– Сәт сапар, ақ жол жас түлектер!