«Алғырлар мен тапқырлар» интеллектуалдық сайыс


Ибраева Шынар Абилькайровна
Қостанай облысы Таран ауданы Новоильинов орта мектебі тәрбиешісі

«Алғырлар мен тапқырлар» инеллектуалдық сайысы

(МАД, 5-6 жас)

Міндеттері:

– Тәрбиеленушілердің интеллектуалдық белсенділігін арттыруға ықпал ету, математикалық – тілдік бағыттағы мазмұндағы ойын ойнауға ынтасын ояту.

– Ойлау, есте сақтау, зейінін дамыту

-Жаңа білімге деген ұмтылыс барысында табандылық, мақсатқа жете білу, өзара көмек көрсете білу сынды адамгершілік қабілеттерін тәрбиелеу.

Ойынның барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн барша қатысушылар және көрермендер! Мектепалды даярлық сыныбының оқушылары қатысатын «Алғырлар мен тапқырлар» интеллектуалды ойынымызды тамашалауға қош келдіңіздер! Ортаға өздерін таныстыру үшін командаларды шақырайық.

 

«Алғырлар» командасы

Девиз: «Алғыр ой – анық досың біліп қой»

 

«Тапқырлар» командасы

Девиз: «Тапқырлық – табам дегенге таптырмас»

 

Жүргізуші: -Біздің сайысымыздың әділ өтуін бақылап, әр кезең сайын әділ бағасын беретін  адамнан тұратын әділқазыларымызбен таныс болыңыздар:

1.

2.

3.

4.

5.

-Біздің сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1. «Келесі, келесі»

2. «Кім шапшаң»

3. «Ауыр-жеңіл»

4. «Бағыт-бағдар»

5. «Полиглот»

1-кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады, мүдірмей, тез жауап беру керек. Білмей қалса уақыт алмай «келесі» деп айту керек, әр дұрыс жауап – 1 ұпай, тиесілі уақыт – 3 минут.

2-кезеңде топтарға Қазақстан сөзінен 1 мин ішінде бірнеше сөз құрастыру тапсырылады.

3- әр топқа қызыл және көк түсті конверттен сұрақтар алу ұсынылады. Қатысушы таңдаған сұрақты тәрбиеші оқып береді. Көк түсті конверттің сұрақтары  «жеңіл» – 1 ұпайға тиесілі, қызыл конверттің сұрақтары «ауыр» – 2 ұпайға тиесілі. Әр конвертте 5 сұрақтан болады.

4-кезеңде тәрбиеші әр топқа торкөз сызылған плакат үлестіреді және бағыт-бағдар нұсқап тұрады, нұсқау бойынша балалар белгілі бір бейне сызып шығулары тиіс.  (қоян бейнесі)

5-кезеңде команда басшылары сайысқа түседі. Айтылған сөйлемнің мағынасына байланысты тиісті сөзді 3 тілде айтуы керек. Әр капитанға 3 сөйлем айтылады.

 

Жүргізуші: -Олай болса командаларға күш беріп, қошеметтеп қоялық.

1.     «Келесі, келесі» кезеңі:

«Алғырлар» тобына:

1.     Қысы-жазы бір түсте қай өсімдік? (шырша)

2.     Бір жылда неше ай? (12)

3.     Оқу жылы қай айда аяқталады? (мамыр)

4.     Қыс бойы ұйықтайтын аң? (аю)

5.     7 төлі бар қай ертегі? (7 лақ)

6.     Бәйшешек гүлі қапй мезгілде пайда болады? (көктем)

7.     Барлық қабырғасы тең (бірдей) пішін? (шаршы)

8.     Аузы жоқ бірақ тістейді? (аяз)

9.      Қандай ыдыстан тамақ жей алмаймыз? (бос)

10.                        «Қас пен көздің арасы» деген не? (жақын)

 

«Тапқырлар» тобына:

1.     Балалар қай айда оқуға барады? (қыркүйек)

2.     Қойдың төлі? (қозы)

3.     Ең қысқа ай? (ақпан)

4.     Қарғаның ірімшігін алдап алып қойған? (түлкі)

5.     Жаза-жаза таусылатын құрал? (бор)

6.     Қызыл бас киімі бар қыз? (Қызыл телпек)

7.     «Көзді ашып-жұмғанша» деген не? (тез)

8.     Аптаның бесінші күні? (жұма)

9.     Сағат сайын емес, секунд сайын өсетін батыр? (Алпамыс)

10.            Сәбіз, пияз, картоп..- бұлар ? (көкөністер)

 

2.     «Кім шапшаң» кезеңі:

Қазақстан сөзінен 1 мин ішінде бірнеше сөз құрастырулары керек.

 

3.     «Ауыр-жеңіл» кезеңі:

Көк түсті конверттің сұрақтары:

1.     Қай ертегіде түлкі құмырадан тамақ ішпек болды? (Түлкі мен тырна)

2.     Сенің және досыңның саусақтарыңның саны қанша? (20)

3.     Ұзындығы бойында жазулы тұрған оқу құралы? (сызғыш)

4.     Түн ұйқысын төрт бөлетін кім? (ана)

5.     Нағашы деген кімдер?

Қызыл түсті конверттің сұрақтары:

1.     Жаңбыр кезінде қарға қандай ағашта отырады? (су)

2.     Орман дәрігері? (тоқылдақ)

3.     3 салт-дәстүрдің түрін ата

4.     Орманда адасып кетпеу үшін қандай құралды қолданамыз? (тұсбағдар)

5.     Бейбітшілік құсын ата? (көгершін)

4.     «Бағыт-бағдар» кезеңі:

12 тор төменге, 1 солға, 1 төменге, 1 оңға, 1 төменге, 6 оңға, 1 жоғары, 2 солға, 2 жоғары, 1 солға, 2 жоғары, 1 оңға, 1 төменге, 1 оңға, 3 жоғары, 3 солға, 2 жоғары, 1 оңға, 2 жоғары, 2 солға, 3 жоғары, 1 солға

 

5.     «Полиглот» кезеңі:

1.     Біз түскі асқа … қызанақ жедік (қызыл, красный, red)

2.     Күнбағыстың түсі … болады (сары, желтый, yellow)

3.     Күнделікті жуып отырсаң, тісің … болады (ақ, белый, white)

4.     Құлпынайды ұнататын аюдың түсі… (қоңыр, коричневый,)

5.     Түрі қара ұлтты қандай нәсілді адам дейміз (қара, черный, brown)

6.     Қарбыздың іші қызыл, сырты … (жасыл, зеленый, green)

 

-Ал, балалар, осымен біз екі команданың арасындағы сайысымызды аяқтаймыз. Төрешілер жалпы қорытынды есеп жүргізгенше біз ойын ойнайық. Ойынымыз «Оңқай-солақай, еңкей- шалқай» деп аталады. Мен бір қимылды атаймын, сендер соны көрсету керексіңдер. Мен жаңылдыру үшін басқаша қимыл жасауым мүмкін, сондықтан мен айтқан қимылды жасауға талпыныңдар.

– Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасында.

-Құрметті біздің қонақтар, балалар, барлығыңызға алғыс білдіре отырып, бүгінгі сайысымызды жабық деп жариялаймын. Достығымыз өз жалғасын таба берсін деген тілекпен сіздердің алдарыңызда тобымыздың әншісі… қарсы алыңыздар.