Күздің әсемділігі


Темірболат Ардан,  Жүсіпбек Диас, Ысқақова Айя, Самат Мансур, Асланұлы Серқожа, Сағындықов Елеусін

«№13 орта мектеп» КММ 3 «В» сынып оқушылары

Жетекшілер: Ескермесова Айдана Куандыковна, Байбосынова Жанар Жұмағалиқызы

Ақтөбе қаласындағы

№13 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы

Темірболат Ардан

 

 

Күздің әсемділігі

 

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Біздің мектепте күлімдеп,

Көз тартады атырап

 

Міне, күз де келді. Адам да, жан-жануарлар да барша тіршілік иелері қысқа дайын. Айнала сап-сары жапырақтарға оранған. Әдемісі, жаңбырдың сіркірегенін естіп, неше түрлі құбылған дауыстар естиміз. Ал жаңбырдан соң әдемі кемпірқосақ көреміз. Мен күз мезгілін өте жақсы көремін. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, қоршаған ортамызды тани бастаймыз. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда. Мен күз мезгілін өте жақсы көремін.

 

Ақтөбе қаласындағы

№13 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы

Жүсіпбек Диас

Күздің әсемділігі

Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Төрт жыл мезгілінің ішіндегі менің ең жақсы көретін мезгілім – күз. Күз айлары – қыркүйек, қазан, қараша. Күз мезгілі басқа маусымдарға ұқсамайды. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді  бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпейді. Бір қызығы маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, қыстың қамын ойлайды.  Күз келгенде біз қуанамыз. Мектепке барып білім аламыз. Бойымыз да ойымызда өседі. Күзде жеміс-жидек, көкөністер піседі. Қысқа дайындық басталады. Малдарға шөп дайындаймыз. Үйге отын әкелеміз. Жаз бойы баққан құстарымыз өседі. Солардан анамыз дәмді тамақ әзірлейді.

Ақтөбе қаласындағы

№13 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы

Самат Мансур

Күздің әсемділігі

Мен күз мезгілін қатты жақсы көремін. Себебі күзде жеміс-жидектер, көкөністер піседі. Құстар жылы жаққа ұшып, аспан өте әдемі кейіпке енеді. Қыркүйек айының алғашқы күндері жылы болады. Ағаштарда ең алғашқы сары жапырақтар пайда болады. Жердегі шөптер сарғайып, гүлдер сола бастайды. Үлкендер егіс даласындағы жиын-терін жұмыстарын аяқтауға, мал азығын мол етіп жинап алуға асығады.                                                  Ендеше, күз дегеніміз, біріншіден, байлық, молшылық: қаптаған астық, картоп, жүгері, күнбағыс, қарбыз, қауын, алма, өрік, жүзім. Осының бәрі күзде әбден пісіп – жетіледі. Әне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да – бәрі де сап – сары. Сондықтан далалық күзді «алтын күз» дейді. Екіншіден, күз – ет пен май. Малда да аң да, құс та күзге дейін әбден семіріп болады. Күз – қауырт жұмыстың кезі. Қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалатын кез. «Күздің бір күні қыстың бір айын асырайды». Күзде аянбай еңбек етсең, қыста қысылмайсың. Қысқа адам да, аң да, барлық жан – жануарлар да дайындалады. Күзде жыл құстары жылы жаққа қайтады, сөйтіп олар да қыстан аман шығуға әрекет жасайды. Күзде күн қысқарып, түн ұзарады, жауын – шашын көбейеді. Сондықтан да күздің осындай әрбір ашық күнін пайдаланып, мол өнімді тез жиып аламыз.

Ақтөбе қаласындағы

№13 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы

Ысқақова Айя

Күздің әсемділігі

Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспанды бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болады. Күн суық болып,  жел арық малды, жұқа киімді адамды тоңдыра бастайды. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы,жабырқаулы көңіл-күй,қара суық жер күзге тән қасиет.Біз жылы киімімізді киіп мектепке асығамыз. Қоймасын астыққа толтырған диқаншы,қыс азығын жинаған шаруа,еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты көріністер болады.                             Сондықтан күз-молшылықтың,байлықтың,берекенің мезгілі болып саналады.Адамдар оны«жаңбырлы күз»,«суық күз»,«қара күз» деп,айыптап жатады.Ал мен оны«алтын күз»деймін.

Ақтөбе қаласындағы

№13 орта мектептің 3 «В» сынып оқушысы  Асланұлы Серқожа

 

Күздің әсемділігі

Міне, күз келді! Күз өте әдемі мезгіл. Күзде ағаштардың жапырақтары сарғая бастайды. Айнала сап-сары. Күн салқындап, жаңбыр да сіркіреп жауады. Біз енді жылы киімімізді киеміз.

Күздің  кереметі ,байлығы өте көп.Күзде  біздің  дастарханымыз  дәнді                                               дақылдарға,көкөністерге ,жеміс-жидектерге  толы  болады.Бірақ  осы  байлыққа  жету  үшін  көп  еңбек  ету  керекпіз. Қазіргі  біздің  еңбегіміз сабақ  оқу. Сондықтан біз  еңбекшіл  болу керекпіз.

Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азаяды. Күн салқындай бастайды.  Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен  қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне  кіріседі. Адамдар да қысқа дайындық жұмыстарын бастайды.                                                                                                       Табиғаттың әр мезгілінің өзіне тән әсемдігі мен сұлулығы бар. Ал мен үшін орны бөлек, жаныма жақын – күз мезгілі. Әр түрлі түске боялған жапырақтар және қурап үлгермеген шөп күз мезгіліне әсемдік пен сұлулық береді. Ағаштың бейнесінен қуаныштың, қайғының көңіл-күйін байқауға болады. Күздің салқын желі жұқа киінген адамды тоңдыра бастайды. Не киерімізді білмей, киім ауыстыратын, көңіл-күйіміз де өзгеретін мезгіл. Бірақ күз келгенде барлық балалар қуанады деп ойлаймын. Себебі біз мектепке барып білім аламыз. Бойымыз да, ойымыз да өседі.

№13 орта мектебінің

3«Б»сынып оқушысы

Сағындықов Елеусін

 

Күз-сағыныш маусымы

 

Мен үшін орны бөлек,жаныма жақын-күз мезгілі.Иә,көне шаhар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті.Күн қысқарып,түн ұзарды.Күн сирек көрініп,аз жылытады.Жиі-жиі жаңбыр жауып,құстар жылы жаққа ұша бастады.Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп,шөптер де қурап қалды.Адамдар жылы киіне бастады.

 

Сап-сары күз сонымен келді ме,

Ағаштардан жапырақтар төгілді.

Несібесін жинап жатыр ел міне,

Ауыл маңы бұрынғыдан көңілді.

 

Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы,жабырқаулы көңіл-күй,қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала,қоймасын астыққа толтырған диқаншы,қыс азығын жинаған шаруа,еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар.

Сондықтан күз-молшылықтың,байлықтың,берекенің мезгілі болып саналады.Адамдар оны«жаңбырлы күз»,«суық күз»,«қара күз» деп,айыптап жатады.ал мен оны«алтын күз»деймін.