Балаларды патриотизмге тәрбиелеу- дегі ұлттық тәрбиенің ролі


Аймағамбетова Бақыт Максутовна
«Балапан» бөбекжайы тәрбиешісі

                                                     «Балам дейтін ел болмаса,

Елім дейтін бала қайдан болсын»

Халық даналығы

Қазіргі таңда қоғам алдында адамгершілік-рухани тәрбие бе ру мәселесі өзекті болып отыр.Әлемде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне өз әсерін, ықпалын тигізіп отыр. Бүгінгі күні білімнің сапасымен бірге,бүлдіршіннің рухани тәрбиесіне және ішкі дүниесіне де көңіл бөлінуде. Болашақтың іргетасын салатын бала әуелі отбасында, содан кейін мектепке дейінгі мекемелерде, одан мектепте қалыптасатыны баршамызға белгілі. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында имандылық сана сезімі қалыптасқан, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру – отбасының, балабақшаның, жалпы халықтық қасиетті борышы екені баршамызға мәлім. Бүгінгі біздің  басты парызымыз  болашағымыз болып табылатын балаларға үлгілі өнеге, тәлім-тәрбие беру.

Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті- өз елінің азаматы ,патриотын тәрбиелеу болса,осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм » балалардың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемелекетіне деген сүйіспеншілік ,ұлтына деген сенімі ,нанымы, саяси көзқарасы,, т.б қарамастан ,әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп отырған мемлекетін –Отаным деп тануы ,заңдарына бас июі, рәміздеріне құрмет,жетістігіне сүйсініп,мақтану,кемшіліктерін болдырмаудың жолдарын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.

Ата –бабаларымыз баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.Балаларды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын,намысын оятып,мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік,қамқорлық көрсету,адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет.Осы қасиеттерді бала бойына сіңіре білсек ,адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз.

Патриоттық тәрбие –адам бойындағы гуманистік құндылық, отаншылдық, «кісілік» ,  «ізгілік» , «рух» тәріздес ұғымдармен  мәндес.мінез-құлық пен іс-әректтерде көзге түсетін  төмендегідей птриоттық белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу,сыйлау,сену, ар-ұятын сақтау,имандылық пен рақымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік ,әділдік, қанағатшылдық,және т.б  Бүгінгі әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасыуына ізгілік,яғни патриоттық тәрбиенің шешуші фактор болуы заңдылық.

Патриоттық тәрбие оқу-тәрбие үрдісінің барлық салаларында,яғни оқыту,білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады.

Балалардың патриоттық жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады.Мектепке дейінгі жаста баланың бастапқы патриоттық сезімдері мен ұғымдары , мінез-құлықтың  ең қарапайым дағдылары қалыптасады .Баланың мектеп жасына дейінгі  қалыптасқан мінез-құлықтары  келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынастарында көзге түседі.Сайып келгенде патриоттық тәрбие үзіліссіз жүргізілетін үрдіс.Ол адамның өмірге келген күнінен  бастап өмір бойы жалғаса береді.

Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі –рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы  тиіс.Патриотизмөзінің шыққан тегінің бірлігі мен орталығы ,туған жеріне ,тіліне ,өскен жеріне ,мінез құлқына ,тарихи ұлттық дәстүрге тығыз байланысты.Отаншылдық, ел-жұртын сүю,азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық рухани құндылықтардың бірі-ар-намыс.Бұл борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш.

Елінің егемендігін,тәуелсіздігін орғай алатын ,Қазақстанды өркендететін ,ұлттық рухты,ұлттық тәрбиені бойына қалыптастырған,ел үшін намысшыл,нағыз патриоттар болу қоғамдағы жастарымыз еңбекте және білімде өздерін жоғыра көрсете білуі тиіс.