Сынып сағатының үлгі жоспарын құру


Сырғабаева Алма Канатовна

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагогика, психология кафедрасының оқытушысы  

дұрыс әрекет
Қасиеттері
ынтымақтастық, жауапкершілік, тәртіптілік, шынайылылық
Күтілетін нәтиже
Барлық оқушылар:

Сынып сағатын сауатты жоспарлай біледі
Оқушылардың басым бөлігі: Сынып сағаты жоспарының тиімділігін арттыру жолдарын анықтайды,тиімділік критерийлерін талдайды;
Кейбір оқушылар біледі, қолданады:

Тәрбие сағатының тақырыбын, ұйымдастыру формасын таңдау мен жоспарлауда өз креативті идеяларын ұсынады, болашақ кәсіби іс-әрекетінде қолдана алады;
Тілдік  мақсат
Пәннің ерекшеліктеріне сай тақырып бойынша тілдік дағдыларын қалыптастыру
Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндірмелі-иллюстративті, проблемдік баяндау, диалогтық оқыту, шығармашылық жұмыс, белсенді тыңдау әдісі.
Қолданылатын технологиялар

Проблемдік оықту технологиясы, СТО, АКТ, ізгілендіру технологиясы
Пәнаралық байланыс

Өзін-зі тану, педагогика
Алдыңғы оқу
Сынып сағаты, оны ұйымдастыру жолдары
Оқу және әдістемелік әдебиеттер, интернет ресурстары
С.Г. Губашева «Тәрбие жұмысының әдістемесі»

С.Есқалиева «Тәрбие жұмысының теориясы және ұйымдастыру әдістемесі»

А.Дүйсенбаев «Тәрбие теориясы мен әдістемесі»

Мassaget.kz;   oilar.kz;  malimetter.kz;   psy.1september.ru сайттарының материалдары
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері, уақыты
Оқытушы әрекеті

Оқушы әрекеті
Сабақтың басы:

(Кіріспе бөлім)
– Топпен сәлемдесу, топқа біріктіру, топтағы жұмыстың ережелерін естеріне салу;

– Өзін-өзі  бағалаудың критерийлерімен таныстыру;

–   Сабақтың  мақсатын қою
-Амандасады

Ережелерді қайталайды

-Сабақ барысына қатысты өз пікірлерін ортаға салады

Сабақтың тақырыбын дәптеріне жазады
Сабақтың ортасы:

(Негізгі бөлім)
Өткен тақырыпты бекіту

-«Келісемін-келіспеймін» әдісі

Тақтаға өткен тақырып бойынша бірнеше тұжырым (оң, теріс) жазады;

– «Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша топтарға кестені толтыру ұсынылады

үзінді
түсіндірме
Әңгімені өткізу әдістемесі

Пікірталасты өткізу әдістемесі

Ауызша журналды өткізу әдістемесі

Топ жиналысын өткізу әдістемесі

Ақпараттық мәтінмен жұмыс:

1-      Топ: ”Кел,танысайық”сынып сағаты

2-      «Орман дәріханасы»

3-      «Сұраққа-жауап»

4-       «Медицина қызметкерлерімен кездесу»

5-      «Презентация»

•          ”Кел,танысайық”сынып сағаты

Ақпараттық мәтін:

•           ”Орман дәріханасы” сынып сағаты

Жаз кезінде оқушылар,биология пәні мұғалімінің ұсыныстары бойынша орманнан,даладан дәрілік шөптер жинайды.Сынып сағатында оқушылар өз қалауы бойынша шөптердің ғажайып ерекшеліктері туралы,оны қалай кептіріп,сақтау керектігі жөнінде әңгімелейді.Сынып сағаты соңында оқушылар кептірілген өсімдіктерді бір-біріне,ата-әжелеріне сыйлайды.

•           ”Ата-аналармен кездесу”

Пресс-конференцияға сынып сағаты барысында ата-аналар оқушыларды өзіндік мамандықтарымен таныстырады.Егер мүмкіндік болса,өздері жұмыс істейтін өндіріс,жұмыс орындарына саяхаи ұйымдастырады немесе үйірме,студия.секция ұйымдастырып,балалардың белгілі бір мамандық әлеміне қызығушылығын туғызады.

•           ”Сұраққа-жауап” сынып сағаты

Сынып сағатына сынып жетекшісі,пән мұғалімдері жіне мектеп әкімшілігі қатысады.Балалар өз көкейлеріндегі сұрақтарды қағазға күні бұрын жазып (аты-жөндері жазылмайды) береді.Сұраққа ұстаздар жауап береді.

•           ”Құқық қорғау, медицина қызметкерлері, психологпен кездесу” сынып сағаты

1-ші кезеңде пресс-конференция”ауызша,жазбаша сұрақтар”.

2-ші кезеңде жеке кеңес беру.

•           ”Презентация” сынып сағаты

Оқушылар өздері жазған өлең,проза,әндерін айтады,би билеп,спорттық номерлер көрсетеді.

•           ”Мен білемін – сен де біл” сынып сағаты

Әрбір оқушы газет,журналдардан қызықты тақырыптық жаңалықтар алып келіп,хабарлама жасайды,барлығы бірігіп талқылайды.

•           ”Бір-бірімізді таниық” ойын сынып сағаты

Өз қалаулары бойынша, өз сыныбындағы жолдасының жақсы қасиеттерін мысалы: кімге көмектесті, қызығушылығы қандай, т.б.айтады,бірақ аты-жөнін атамайды. Балалар кім туралы сөз етіліп тұрғанын табулары керек.

•           ”Вернисаж” сынып сағаты

Белгілі суретшілер туындылары ілінеді, балалар бұл сурет немесе суретші туралы білетіндерін айтады.

•           8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған сынып

сағаты

Ер балалар құттықтау сөздері жазылған ашықхат дайындап, қыз балалар мен ұстаздарға сыйлайды. Әрбір қыз балаға арналған қабырға газеті,буклет шығарылса өте жақсы. Газетке қызықты оқиғалар туралы жазып,құттықтау сөздер арнауға болады. Бұл күні әдеби-музыкалық кеш дайындауға болады.

Шығармашылық жұмыс

Тәрбие сағатының тиімділігін арттыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар құрастырудың мысалын келтіріп, нұсқау береді
Топ ақылдаса келе әр тұжырымға қатысты өз келісімін (келіспеушілігін) білдіреді,  пікірін дәлеледейді

 

Кестеде берілген  сынып сағатын ұйымдастыру формаларын жіктелуіне қарай ашып жазады, өз пікірлерін дәлелдейді,  мысалдар келтіреді

-Бірін-бірі тыңдап, дәптерге негізгі ұғымдарды, олардың мән-мағынасын жазып алады; оқулықтағы қызықты деректерді оқып, өзара талқыға салады

 

« Сынып сағатының үлгі жоспарлары»  оқу мәтінін өз бетінше оқып танысады, бірлесе талқылайды,  постер құрып  қорғайды

Тәрбие сағатының тиімділігін арттыру жөнінде әдістемелік нұсқаулар құрастырады

Сабақтың соңы :

(Қорытынды бөлім)
Рефлексия

«Жетістіктер баспалдағы» бойынша сабақтан алған әсерлерімен бөлісуді ұсынады;

Бағалау:

бағалау парақшаларындағы критерийлер бойынша  оқушыларды бағалайды

Үйге тапсырма

1)       Тәрбие сағатының жобасын әзірлеу;

2)      Әдістемелік басылымдағы  бір жоспарға талдау жасау.Студенттер стикерлерді баспалдақтың  біріне орналастырып, алған әсерлерімен бөліседі

Өз-өзіне қойған бағасына анализ жасайды
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің педагогика, психология  пәндерінің оқытушысы:    А.К.Сырғабаева

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы