Сценарий «Тәуелсіздік тұғыры»


Кайыржанова Меруерт Толеутаевна
№24 «Айналайын» б/бақша тәрбиешісі 

«Тәуелсіздік тұғыры»

 

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балалар! 16 – желтоқсан  Қазақстанның  тәуелсіздік алған  күніне  арналған   ертеңгілігімізді  ашық деп  жариялаймыз.
Илияс: Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.

26-жылдық тойы құтты болсын

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Дамира: Мерекелерініз құтты болсын, ағайын!
Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпін таста мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!

Аяру:    Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

. Амир: Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

Арсен: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарлана жарқыра.

Тарихымызда батырлар көбейсін,

Бас иемін ата баба рухына.

Сафина: Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

Егеменді ел бақыты ертеңгі,

Құтты болсын Қазақстанның Тәуелсіздігі (хором)

Жүргізуші:

Бақыт бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикамның  әнұраны

Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекемізді еліміздің әнұранымен бастайық. «Әнұран»

(Балалар отырады жалаушаларды жинап алу)

(музыкамен  Тәуке хан кіреді, бәрі шапалақтайды.)

Тәуке Хан: Амаңсын ба, халқым менің!

Ұлдарың орындады берген антын,

Кімдер еді, шығарған елдін даңқын.

Мерекелерің құтты болсын бүлдіршіндерім!(шапалақтайды)

Жүргізуші: Хош келдіңіз Тәуке Хан, біздің тойға. Төрлетіңіз,  отырыңыз.           Біздің тойдың құтты қонағы болыңыз.

Тәуке Хан: Жүрегім қуанышқа толып, әдилеп осы мерекеге келдім. Сендер  бөбектерім осы тәуелсіздік елінде өмір сүргендеріңе 26 жыл болды. Шалқы қазақ шалқитын заман келді демекші, осы тәуелсіздікке жету үшін батырларымыз өз елін қорғап, тәуелсіздікті аңсаған.

Балалар, ал сендер қандай мемлекетте тұрасыңдар, білесіңдер ме?

Балалар: Қазақстан республикасында

Тәуке Хан: Қазақстанның бас каласы қандай қала?

Балалар: Астана қаласы.

Тәуке Хан: Ел басы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәуке Хан: Е, Керемет, бәрін біледі екенсіңдер. Ал рәміздерді білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз, Ту, Елтаңба, Әнұран

Жүргізуші:Біздін балалардың  Рәміздер туралы тақпақ өлендері бар…соны тамашаланыз

(ортаға балалар шығады)

Тәнірберген:

Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Бұл елтаңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі.

Азамат:

(Ту туралы):

Жалауымда көгілдір:

Күн күледі төгіп нұр…

Қыран-бейне-қанатты,

Көкке самғар-елім бұл!

Ілем биік жерге туды,

Қашан дағы төрде орны:

Әжем басқан сырмақтай-

Әшекейлі өрнегі…

Әдемау :

(Әнұран туралы):

Әні-сөзбен толығып, маздар бойда толы үміт.

Намыс, жігер жұптасқан. Ол-Әнұран, зор рух!

Оттай жанып жанарым,

Одан қуат аламын…

Әнұран-ол тынысы,

Кең жазира даламның.

Рәміздер туралы әніміз де бар…..

Ән «.Менің Қазақстаным»

Жүргізуші:балалар Тәуке хан Астанадағы Бәйтеректі әлі көрмепті ,біз қазір ойын ойнап  Бәйтеректі көрсетейікші

Ойын «Бәйтерек»

Тәуке Хан: Бәрекелді бүлдіршіндер, өнерлерін өрге жүзсін.

Жүргізуші: Баяғы заманда Тәуке Хан үш жүзден өзіне кеңесші етіп үш би алған екен. Балалар сендер үш жүзді білесіңдер ме?

Балалар: Иә, білеміз, Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз.

 

Жүргізуші: Ұлы жүзден үйсін Төле биді қарсы алайық! (Мансур шығады)

Орта жүзден арғын қаз дауысты Қазыбек би!(Әкежан)

Кіші жүзден алшын Әйтеке би. (Айтуған)

Тәуке Хан: «Би үшеу болса, дау төртеу болады», деген сөз бар. Сондықтан үш бидін қайсысы аға би болуға лайық? Келер ұрпаққа үлгі болатындай мынадай сұрақтарға қандай асыл сөзді жауаптарын бар?

Тәуке Хан: Бірінші сұрағым Төле биге….Жерден ауыр не? Оттан ыстық не? Судан терең не? Көктен биік не?

Төле би-Мансур: Жерден ауыр дегенім ақыл білім, судан терең дегенім оқу ғылым.

Оттан ыстық дегенім адамның өмірі, көктен биік дегенім тәкәпардың көңілі.

Тәуке  Хан: Қазыбек биге сұрақ….Не жетім?

Қазыбек биӘкежан : Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтылған сөз жетім.

Тәуке Хан:Әйтеке биге сұрағым…. Не тәтті, не жұмсақ, не қатты?

Әйтеке биАйтуған : Ананың сүті тәтті, ананың қолы жұмсақ, атаның жүрегі қатты.

Тәуке Хан: Кім жақын?

Төле би:Мансур… Тату болса ағайын жақын, ақылшы болса апайын жақын,

Бауырмал болса інің жақын, инабатты болса келінің жақын,

Алдына тарткан адал асын, қимас жақын қарындасын.

Тәуке Хан: Не қымбат?

Қазыбек би:Әкежан: Алтын ұян Отан қымбат, құт береке атан қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауын әкең қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

Тәуке Хан: Не қиын?

Әйтеке би:Асылхан: Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын.

Жазылмаса дерт қиын.

Ақылыңнан адасып, өзін түскен «өрт» қиын.

Не істерінді біле алмай, ашиды сонда бас миың.

Жүргізуші: Тәуке Хан билердің тапқырлығына риза болдынызба?

Тәуке Хан: (тұрып)Төле би тауып айтады, Қазыбек би қазып айтады, Әйтеке би қауып айтады екен. Үшеулерін де аға би болуға лайықсыңдар. Осы Қазақстанның болашақ ұрпағы сендердің асыл сөздерінмен сусындап, ел азаматы болсын!

(билер отырады)

Қыздар әні:»Жаса Казакстан»

Тәуке Хан:  Кәне балақайларым айтындаршы, осы біздің еліміз Тәуелсіздікке қалай жетті?

Ерсултан: Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,
Бізге оны ешкім аяп бермеді.
Сабира, Қайрат, Ләззат, Ерболдың,
Тас көшеде тас – талқан боп өлгені.

Айбар: Жалғыз Отан адамның жүрегі ғой,

Әр адам туған жерін сүйеді ғой.
Ел үшін желтоқсанда құрбан болған
Батырлардың  бірі  еді ғой.
Аллаберген:Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын

Аруай: Әр қазақтың есінде сақталады
Желтоқсандық өрендер ақталады
Ел намысын қорғаған батырларым
Ерліктерін мәңгілік сақталады.
Назерке: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,

Туған тілім шұбарлана жарқыра.

Тарихымызда батырлар көбейсін,

Бас иемін ата баба рухына.

Би….

( Бөгембай батыр келеді)

Бөгембай батыр: Ассалаумағалейқұм халқым менің! Амаңсындар ма, сүйікті балақайларым! Жақсы болды мерекеге дәл келдім. Тәуелсіздік күні құтты болсын! Мен Бөгембай батырмын,осы «Құлыншақ» тобында мен сияқты батыр жігіттер бар мекен күш сынасып, ойнауға келдім сендерге

Ж: Иә, ойнайық, көңіл көтерейік!

Бөгембай: Кәне күшті жігіттер қайдасыңдар, «Қол күрестіріп» күшімізды сынайық  шығындар ортаға.

Ойын «Қол күрес»

Алдар көсе: Иә, күш-қуат жағына келгенде алдарыңа жан салмайтындарың көрініп тұр, өнерлі де ақылды балалар екенсіңдер.

Жүргізуші: Иә, біздің балалар өнерлі де ақылды.

Ән «Қазақстан елі»

Хан:  Е,(Қуанышпен балаларға қарап) аңсаған арманымызға жеттік-ау деймін

Тәуелсіздік деген тәтті ұғым,қастерлі сөз. Әлемде соңғы 25-жылдың ішінде  тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел-Қазақстан!

Жүргізуші: Ел іргесін сеніп тапсыратын ұлдарымыз бен қыздарымыз өсіп келе жатыр. Өзіңдей дана болсын, біздей дара болсын деп батаңызды берініз хан ием!

Тәуке Хан: Ал қолдарынды жайып, батамды алыңдар.

Елімнің іргесі тыныш болсын!

Ұрпағым мекен еткен ,

Жері түкті майса болсын!

Қарттарына шежірелі қамқор болып,

Әр ісінде бөгетсіз жолы болсын!

Шаңырағында шат күлкі ұялаған,

Балдырғанның ұйқысы тәтті болсын!

Әумин.(қоштасып шығып кетеді герои)

Выход героев под музыку

 

Жүргізуші Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан
Он бір әріп не мағына береді
Ал талдайын, жеткінше қызыл тіл

(Ортаға ақ қағазға әріптер жазылған 11 бала шығады)

1 бала(Айлин): Т – білдіреді теңдікті

2 бала: Ә(Таир) – әдептілік елдікті

3 бала: У (Аянат)– уайымсыз уақытты

4 бала: Е (Абзал)– егемен елдікті

5 бала: Л (Сафина)– дейді лебіз, лепірді

6 бала: С (Қасиет) – сенімділік секілді ең

7 бала: І(дамира) – ілтипат пен ізет қой

8 бала: З (Ерсултан)– зиялылық тілек қой

9 бала: Д (Аяру)– шақырады достыққа

10 бала: І (Айтуған)– ілкімді боп сақтыққа

11 бала: К(Әдемау) – дейді күн боп көктегі

Көз алартпа көршілерге, қол сұқпа

Хормен: «Ел – қорғауға әзірміз» әні орынд

.Құрметті бүлдіршіндер, ата – аналар, сіздер еш уақытта қиындық көрмеңіздер. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, бейбіт күніміз жарқын болсын. Әрқашан аспанымызда күн сөнбесін. Тәуелсіз еліміздің көк байрағы желбіресін. Міне, бүгін еліміздің тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды