3 саны


Избулатова Гульнар  Наурызгалиевна
ЖББ.Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің тәрбиешісі 

Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы

ЖББ.Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешенінің тәрбиешісі  Избулатова Гүлнар Наурызғалиқызы.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын  қалыптастыру

Тақырыбы: 3 саны

Мақсаты: Балаларға 3 санын мысалдар келтіре отырып түсіндіру, тең, үлкен, кіші ұғымдарын қалыптастыру.3 санының қатарын ауызша санауға үйрету. Геометриялық пішіндерді дөңгелек, шаршы, үшбұрыштарды ажырата білу, түстерін айыра білу дағдыларын қайталау.Балалардың математикапәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойын барысында ой-өрістерін, тілдік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер:Геометриялық пішіндер, ойыншық аюлар, құрсаулар, тарелке, қасық, гүлдер, көбелектер,интерактивті тақта, Маша қуыршақ.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: көркем әдебиет,сөйлеуді дамыту,дене шынықтыру.

Көп-тілділік: Бір-один-one , екі-два- two , үш-три-three.            .

Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері

Дөңгеленіп тұрамыз,

Шеңберді біз құрамыз.

«Сәлем» – дейміз достарға.

Жалқаулықты білмейміз,

Ертемен ақ пейілмен

«Қайырлы таң »- дейміз біз.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тосын сәт:

Балалар, біреу есік қағатын сияқты.

-Бізге қонаққа қуыршақ Маша келді.

Машаның түрі жабырқаулы екен.

Маша сен неге көңіл-күің жоқ?

Маша үйінен жалғыз орманға жидек теруге шығып, адасып қалған.

-балалар айтыңдаршы,Маша дұрыс жасаған ба? Үйден жалғыз шығып кетуі дұрыспа екен?

Себебі: адасып кетуі мүмкін.

-Балалар Машаның үйіне ата-анасына қайтуына көмектесеміз бе?

Көмектесу үшін Машадан сұрап білейік қайда тұратынын.

-Маша сен қайда тұрасың?

Маша айтады, орманның арғы жағындағы үлкен үйде тұрамын дейді.

-Балалар ол үлкен үйге бару үшін, Машаға көмектесу үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек.

Балалар ендеше жолға жиналайық.

Балалар орманға барғанша мына тіл ұстарту жаттығуларын қайталайық

Орманда жел улейді : у-у-у,

Ағаштар тербеліп билейді: зу-зу-зу,

Қатты – қатты жел соқты –гу,-гу,-гу,

Жапырақтар қол соқты:-ду,-ду,-ду.

-Балалар орманға барар жолда гүлдер өсіп тұр, қараңдаршы қандай әдемі гүлдер.

Әдемі гүлдер жайқалып,

Көз тартады алыстан.

-Балалар Машаның үйіне жеткенше, гүлдермен ойын ойнайық.

«Көбелектер ұшты алаңда» ойыны.

Көбелектер алаңға ұшып келеді.Көбелектер ұшты, ойнады, шаршап қалды. Тынығып алғысы келеді. Оларды ешкім көріп қоймау үшін, ұстап алмау үшін әр көбелек өзінің түсіне ұқсас гүлге қонуы қажет. Көбелектерге тығылуға көмектесейік. ( Үш көбелек ұшып келеді, үш гүлге қондырады)

Қанша екен?

Санайық 1,2,3.

Көбелектер мен гүлдер тең екенін салыстыру.

-Жарайсыңдар, балалар!

Бірінші тапсырманы жақсы орындадыңдар, әрі қарай жүреміз. Балалар орманға барғанша мына тіл ұстарту жаттығуларын қайталайық

Орманда жел улейді : у-у-у,

Ағаштар тербеліп билейді: зу-зу-зу,

Қатты – қатты жел соқты –гу,-гу,-гу,

Жапырақтар қол соқты:-ду,-ду,-ду.

Орманға келдік. Балалар жолымызда хат жатыр екен.Бұл хат сіздерге Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша кешенінің «Күн нұры» тобының  балаларына  арналған екен.Балалар хатта жұмбақ жасырылған шешуін табайық.

Ормандағы шоғырда,

Тұрады екен ағаш үй.

Үш үстел, үш орындық,

Үш төсек және үш жастық,

Тұрғындарға арналған.

Ағаш үйде тұратын,

Кім болды екен тұрғындар.

Айтыңдаршы балалар? (Үш аю)

-Балалар бұл қай ертегінің кейіпкерлері?

-Үш аю.

-Дұрыс!

Алдарынан ормандағы ағаш үй кездеседі. Үйдің ішінде ,үстелдің үстінде 3 тарелке, 3қасық тұрады.

Балалар санайды.

-Ал, енді балалар осы Үш аюдың аттарын атайық. Михайло Иванович, Настасья Петровна және Мишутка.

-Осылардың ең үлкені кім?

-Ең кішкентайы кім?

-Қай тарелке Михайло Ивановичтікі?

-Қай тарелке Настасья Петровнанікі?

-Қай тарелке Мишутканікі?

Үш аю тарелкелеріне не салып жейді ертегіде?

Олар ботқаны немен жейді?

-Жарайсыңдар, балалар.

Бұл  екінші тапсырманыда орындадыңдар.

-Енді кішкене дем алып, серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Қане, қане тұрайық,

Кел, билейік, ойнайық.

Қоян болып секіріп,

Аю болып қорбаңдап,

Қу түлкідей қимылдап.

Бойды жазып шынығып,

Орнымызды табайық.

Рахмет балалар.

Енді әрі қарай кеттік. (Осы кезде ағаш түбінде отырған қоян мен кірпіні көреді.)

Ой, балалар қараңдаршы қоян мен кірпіні.

-Қоянмен кірпі қайда мекендейді?

-Орманда

Олар қандай жануарлар?

-Жабайы.

-дұрыс айтасыңдар.

Кірпі нешеу екен санаңдаршы?

Қоян нешеу екен?

Кірпі мен қоянды қосқанда неше жануар болады?

Жарайсыңдар ,балалар!

Бұл үшінші тапсырманы да жақсы орындадыңдар.

Әрі қарай  кеттік .Тіл ұстарту жаттығуымызды қайталайық.

Орманда жел улейді : у-у-у,

Ағаштар тербеліп билейді: зу-зу-зу,

Қатты – қатты жел соқты –гу,-гу,-гу,

Жапырақтар қол соқты:-ду,-ду,-ду.

 

Ал, енді балалар төртінші тапсырма «Өз үйіңді тап» ойыны.

Шарты: сіздерге геометриялық пішіндер таратып берем. (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш)

Ал мына құрсаулар әр түрлі пішіндері бар бұл яғни, сендердің үйлерің. Мен қазір сылдырмақты сылдырлатып дыбыс шығарғанда бір-біріңнің артынан саппен жүресіңдер, сылдырмақтың дыбысы тоқтағанда әр пішін өз үйлеріңді  жүгіріп барып тауып кірулерің керек.

Балалар өз үйлеріне кіргенде, тәрбиеші  балалардың қолдарындағы пішіндерді тексеріп шығып, қандай пішін екенін сұрап шығады. Пішіндердің дұрыс таңдалғанын тексереді.

Жарайсыңдар, балалар!

Бұл тапсырманыда орындап, орманның арғы жағына да өттік. Міне, Машаның үйінде таптық.(Интерактивті тақтадан Машаның үйі көрсетіледі)

Тәрбиеші: -Балалар Маша сіздерге рахмет айтып жатыр көмектескендеріңе , сол себепті сіздерге кәмпит сыйлыққа беремін деп, балаларға кәмпит үлестіріледі.

Рахмет , Балалар деп Маша балалармен қоштасып үйіне кіреді.

Сау бол, Маша –деп балалар қоштасады.

Тәрбиеші : Балалар енді кеш түспей тұрып тобымызға қайтайық.

Тез жетуіміз үшін «Санамақ» айтып жол қысқартайық.

Бір дегенім-білім

Алып жүргін балам,

Апайлардың тілін.

Екі дегенім-еңбек,

Еңбекпен іс өнбек.

Үш дегенім-үміт,

Жайдары жүр күліп.

Балалар қуанады.

-Жоқ

-Дұрыс емес

-Иә, көмектесеміз.

Орманда жел улейді : у-у-у,

Ағаштар тербеліп билейді: зу-зу-зу,

Қатты – қатты жел соқты –гу,-гу,-гу,

Жапырақтар қол соқты:-ду,-ду,-ду.-деп балалар қимылмен қайталайды.

Балалар гүлдерге жақындап келіпқарап, түстерін ажыратады.Балалар жіпке бекітілген үш көбелекті әуенмен өзкөбелегінің түсі қандай сол түске қондырады, көбелегінің түсін және қандай түсті гүлге қонғанын айтады.

Балалар хормен көбелектермен гүлдерді санайды.1,2,3.

Балалар орманға барғанша мына тіл ұстарту жаттығуларын қайталайық

Орманда жел улейді : у-у-у,

Ағаштар тербеліп билейді: зу-зу-зу,

Қатты – қатты жел соқты –гу,-гу,-гу,

Жапырақтар қол соқты:-ду,-ду,-ду. балалар қимылмен қайталайды.

-Үш аю.

-Бір, екі, үш.

Михайло Иванович, Настасья Петровна және Мишутка.

Михайло Иванович

Мишутка.

-Үлкен.

-Орташа.

-Ең кішкентай.

-Ботқа

-Қасықпен.

Балалар қимыл қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.

-Орманда.

-Жабайы.

-Біреу.

-Екеу

-Үшеу.

Орманда жел улейді : у-у-у,

Ағаштар тербеліп билейді: зу-зу-зу,

Қатты – қатты жел соқты –гу,-гу,-гу,

Жапырақтар қол соқты:-ду,-ду,-ду.

Балалар бірінің артынан бірі саппен жүреді.

Балалар қолдарындағы қандай пішін екенін,қандай үйге кіргендерін айтады.

-Сау бол, Маша

Санамақ» айтып жол қысқартайық.

Бір дегенім-Білім

Алып жүргін балам,

Апайлардың тілін.

Екі дегенім-еңбек,

Еңбекпен іс өнбек.

Үш дегенім-үміт,

Жайдары жүр күліп.

Рефлексиялық-түзетушілік
Міне, балалар тобымызға да жеттік.

-балалар, бүгінгі оқу қызметіне туралы болғанын еске түсірейік.

 

 

-Жарайсыңдар, балалар!

Сендер ақылды, білімді, тапқыр балалар болып өсіп келесіңдер екен.

Егер әрбір адам ересек  мейлі кішкентай болсын, мейірімді әрі жауапты болса,  бүкіл жер бетінде бейбітшілік болып, адамдардың барлығыда жақсы болады.

Балалар сіздер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар.Мадақтау.

Машаға үйін табуға көмектестік.

Көбелектермен ойын ойнадық. «Үш аю» ертегісінің кейіпкерлерін еске түсірдік.

Геометриялық пішіндерді өз үйлеріне кіргіздік.

Күтілетін нәтиже.

Жасайды:Заттардың ұқсас белгілеріне қарай тауып, оларды сол белгілеріне қарай геометриялық пішіндермен сәйкестендіруді;

Түсінеді:Заттарды түсіне, пішініне, көлеміне қарай орналастыруды;

Қолданады: 1-3ке дейін санауды.Тапсырмаларды орындай біледі;

Метки: , ,