Зат есім


Жусупова Гүлнар Даурханқызы

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай арнайы мектеп-интернаты» КММ қазақ тілі мұғалімі

 Сабақтың мақсаты:

Білімдік:  Зат  есімдер туралы түсінік беру, жасалу жолдары жайлы мәлімет беру.

Түзету-дамытуышылық:  Жаттығулар орындай отырып, зат есімдер туралы алған білімдерін меңгерту. Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды тапсырмалар орындату арқылы тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, сауаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, ажырату.

 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: интер белсенді тақта,  кеспе карточкалар.

Пән аралық байланысы: орыс тілі «Имя существительное».

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин).

1-слайд Психологиялық дайындық:

Балалар, сабақ алдында өзімізге жақсы сөздер айтайық.

Бәріміз сабаққа белсенді қатысып отырайық!

4-слайд ІІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру және бекітуге арналған тапсырма: (3 мин)

 Тақтада орындалады.

Берілген сөздерді үш бағанға бөліп жазу.

Күрделі сөздер                          біріккен сөздер                     қос сөздер

Алакөл, ата-ана, бір жарым, Байқоңыр, азық-түлік, бара жатыр

  5-6слайд IV. Жаңа сабақ (3 мин)

Ережені түсіндіру

  • Зат есім заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Зат есім Кім? Не?

деген сұрақтарға жауап береді.

Ү.Жаңа білімді игеру кезеңі: (4мин)

-ережені оқыту. Мәтінмен жұмыс

Түйеқұс – қазіргі құстардың ішіндегі ең үлкені. Оның қауырсыны алтынмен бағаланады. Оның еті мен жұмыртқасы да құнды. Түйеқұс күзетші иттің қызметін де атқарады. Оңтүстікте үйретілген түйеқұсты бақташы ретінде пайдаланады.

Түйеқұс-страус

Қауырсыны-перья

Еті-мясо

Жұмыртқасы-яйцо

Бақташы-пастух

7-слайд  Сөздерді екі бағанға бөлу. Дәптерде орындалады. Талдайды.

Кім?                         Не?

Оқушы, мұғалім, терезе, гүл, аю, ит, орман, бұлт, аспаз, парта, қол, құс, көл, тау, дәрігер, Алматы, Әсет, тігінші, бала, қыз, әнші, Ардақ, Талғат, Мәншүк.

ҮI. Түсінгенді тексеру кезеңі

8 слайд  Жұмбақтарды  мәнерлеп оқу, талдау. (4 мин)

1.Қалың киімді ұнатады,                              2.Ағайынды бәрі:

Шешіндірсең жылатады.  (пияз)                    Шықса – көк,

Түссе – сары.                        (жапырақтар)

9 слайд VII. Сергіту сәтіне сөзжұмбақ шешу (3 мин)

10 слайд  VIII. Сөйлемді дұрыс  құрау. Жұппен орындалады. Сөйлемдерді ауызша талдайды.(3мин)

  1. Күзде жиі-жиі жаңбыр жауады.
  2. Дүкенде азық-түлік сатылады.
  3. Бақта жеміс-жидек жинадық.

 

  • 11 слайд Фонетикалық талдау жасау (4 мин) –
  • 1 қатар – түйеқұс
  • 2 қатар – бақташы

ІX. Сабақты қорыту. (6 мин).

Ережені еске түсіріп, қайталап оқыту.

X.Бағалау: (1 мин).

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Көңіл-күй рефлексиясы (1 мин)

Сабақ соңында өзінің көңіл-күйлерін көрсетеді.

XI.Үйге тапсырма: (1 мин). Ережені жаттап келу.