«Мен, спорт және менің денсаулығым».


Сыздыкова Анна Кайратовна

воспитатель ГККП Детский сад №10 «Алтын бала» при акимате города Кокшетау

Білім беру саласы: Шығармашылық. Денсаулық.Коммуникация.

Бөлімі:Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка.

Тақырыбы: «Мен, спорт және менің денсаулығым».

·          Мақсаты:
Білімділік:
1. Балаларды  спорт түрлерімен  таныстыру, спорт құралдарымен таныстыру, спорт туралы сөздерді сөздік қорына енгізу.

Дамытушылық:
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу тілін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Балаларға әр спорт түрінің өзіндік ерекшеліктерін және олардың қажет екенін түсіндіру;  спортпен айналысуға  баулу.
Жабдықтар:спорт құралдары, суреттер.

Сөздік жұмыс: спорт құралдары, спорт сарайлары

Билингвалды компонент: спорт құралдары-спортивный инвентарь, спорт сарайлары-спортивные комплексы.

Оқу қызметінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық
Спорт сенің серігің ,
Жанға дауа ,қолға күш.
Сергітетін адамды,
Қимылменен,  қозғалыс.

Балалар біздің бүгінгі шеңберіміз ерекше болды.

Бүгін біз спорт түрлері, спорттың адам өміріндегі алатын орны жайында және де Көкшетау қаласындағы спорт сарайлары туралы әңгімелейміз
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне денсаулық тілейді.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі
Спорт — денсаулықты жақсартады, денені шынықтырады. Спорт бүгінде елімізде жақсы дамып келеді. Спорттың қай түрін алып қарасақ та, барлығы да адамның денсаулығына пайдалы.Өздерің көріп отырғандай біздің топта спорт кұралдары өте көп.Мына допты алайықшы.

«Доппен ойнау» Бұл жай доп емес, сиқырлы доп. Бұл сиқырлы допты музыка тоқтағанға дейін бір-бірімізге айналдырып береміз музыка тоқтағанда доп кімнің қолында қалса сол бала доп туралы тақпақ айтайық. Добым, добым, домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары, көк
Ойнайтын сенімен бала көп.
-Спорт түрлерін атаңдаршы.Дұрыс айтасыңдар. Спорт түрлері өте көп.Кәне, кім қандай спорт түрімен айналысқысы келеді екен, сол жайында сурет салайық.

Қандай спорт түрімен айналыссаңдар да, балалар, оның денсаулық үшін маңызы зор.

Біздің туған қаламыз Көкшетауда көптеген спорт сарайлары бар.Олар:  Бурабай спорт сарайы, Триатлон, Қажымұқан спорт сарайы,

Каратэ Федерациясы және т.б.  Көптеген балалар  спорт командалары бар: ХК «Арлан», ФК «Оқжетпес»,

– Сендер сол кешендерге бардыңдар ма?

Ойын: «Дұрыс ата»
Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек.
Ауыр атлетика, бокс, күрес, футбол, хоккей т.б.

Сөздік жұмыс: спорт құралдары, спорт сарайлары

-Балалар, спортшылар өз құралдарын әрдайым таза ұстайды. Біз де өз құралдарымызды ренжітпеуіміз керек.

-Спорт құралдары  бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?!

Балалар: Біздің топта әр спорт құралының өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің спорт құралдарымыз таза. Олар бізге ренжімейді.
Ал енді бір сергіп жаттығу жасайық.

Қос аяқтап дұрыс секіруді үйренейіқ.

Мұқият тыңдайды

Ойынға қызыға қатысып, ойын шартын көңілмен орындайды.

-Бокс, футбол,хоккей, гимнастика, тенис т.б.

-Түсін

-Бардық. Бассейнде болдық, хоккей

көрдік.

Атауларын атайды.

– Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, таза ұстаймыз.

Бұл ойынды өте ұнатты,секіру кезінде тепе-теңдіті сақтап бір-бірін қолпаштап отыр
Рефлексиялық түзетушілік
Алдағы уақытта күнделікті жаттығуымызды жасап, өзімізге ұнаған спорт түрімен айналысайық.

Жиналамыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен,кіші жасымыз кәрімізде
Дендеріңіз сау болсын боталарым,
Гүл-гүл жайнап жүріңіздер төрімізде

Қандай спорт түрлерн таңдағанын айтады

Күтілетін нәтиже:

жасайды: қос аяқтап секіреді, тепе-теңдікті сақтайды

түсінеді: ойынның шарттарын;

қолданады: спорттық құралдарды