«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»


Беришбаев Канат Беришбаевич

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы, Ұштаған ауылы, А.Өтепбергенов атындағы орта мектеп тарих пәнінің мұғалімі

Ашық сабақ:  Уакыты: 04.03.2019 ж

11  сынып

«Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу.

• Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

• Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, суреттер, тақырыптық рефераттар, сызба – «Соғыс жылдарындағы Қазақстанның маңызының артуы», тест сұрақтары, үлестірме материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру сәті. Сәлемдесу, әнұран орындау.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақты қайталау мақсатында және оқушылардың білімін тексеру үшін төмендегідей сұрақтар қоямын.

1. Степлагерде қанша адам тұтқында ұсталды?

2. Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің аты қалай аталған?

3. Бұл лагердің аумағы?

4. Степлагер қай жерде орналасқан?

5. Ұлы Отан соғысы басталуына дейін Карлаг лагерінде қанша адам болған?

6. Бұл лагерде кімдер ұсталған?

III. Жаңа сабақпен таныстыру.

Оқушыларды жаңа сабаққа қалай дайындалып келгенін тексеру:

1. Фашисттер Германиясының КСРО ға шабуылы.

2. Смоленск шайқасы.

3. Мәскеу астанасындағы шайқас.

4. Ленинград шайқасы.

5. Сталинград шайқасы.

6. Курск жеріндегі шайқас.

7. Волга бойындағы шайқас.

8. Соғыстың аяқталуы.

Тақырып: Ұлы Отан соғысы.

Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Германияның КСРО-ға шабуылы. 22 маусым, 1941 ж.

Гитлер Батыс Еуропа елдерінің көбін жаулап алғаннан кейін, КСРО-ны (Кеңес Социалистік Республикалар Одағы) жаулап алуға дайындыққа кірісті. 1940 жылы 18 желтоқсанда КСРО-ны қысқа мерзімде басып алу мақсатында дайындалған «Барба­росса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспар бойынша Германия КСРО-ға қарсы негізінен үш бағытта шабуыл жасап, 8-10 апта ішінде соғысты аяқтау керек болды. Бірінші бағыт – Ленинград,екінші бағыт – Мәскеу, үшіншісі – Киев қалалары. Соғыстың түпкі мақсаты – социалистік ел КСРО-ны жою еді. 1941 жылы «Барбаросса жоспарын» жүзеге асыру үшін КСРО шекарасына 190 дивизия, оның 153 дивизиясы Германиядан, 5,5 млн адам, 47 мың зеңбірек, 4300 танк және 5 мың әскери самолеттер шоғырландырылды. Мұндай қарулы күшті жинақтау адамзат баласының тарихында бұрын-соңды болмаған. Кеңес үкіметі Фин соғысынан кейін ғана әскери күштерді қайта құрып, жаңа қару-жарақтармен жабдықтауға кірісе бастаған еді.

Соғыс қарсаңында КСРО-ның әскер қатарында 5,3 млн адам болды. Батыс шекарада 2,7 млн адам, 170 дивизия, 147 танк және 1510 самолет, 375 әр түрлі зеңбіректер болды. Осы кезде Кеңес Армиясының қатарын тазарту мен репрессия кең етек алды. Кеңес Армиясының қатарындағы 5 маршалдың үшеуі репрессияға ұшырап (М.Н.Тухачевский, В.К.Блюхер, А.И.Его- ровтар), атылды. 1937-1938 жылдардағы репрессия барысында 40 мың әскер басшылары тұтқындалды. 1941 жылы соғыс басталарда әскери және саяси басшылардың 70-75%-ы жаңадан келген, тәжірибелері жоқ жас адамдар болды.

Сталин Ұлы Отан соғысы қарсаңында көптеген қателіктер жіберді. Біріншіден, Гитлер КСРО-ға шабуыл жасайды деп ойламады. Екіншіден, соғыс қарсаңында шет елден келіп жатқан ақпарат мәліметтеріне сенімсіздікпен қарады. Соғыстың баста- луына бір апта қалғанда 1941 жылғы 14 маусымда ТАСС-тың «Германия КСРО-ға соғыс ашады деген өсек ешқандай шын- дыққа жатпайды» деген мәлімдемесі жарияланды. Кеңес Армия- сының батыс шекарадағы бөлімдері толық әскери дайындыққа келтірілмеді. Гитлер Сталиннің сеніміне толық кіріп алғаннан кейін, соғысты бастауға кірісті.

1941 жылы 22 маусымда таңертеңгі 3 сағат 30 минутта, Германия шабуыл жасаспау туралы Кеңес-Герман шартын бұзып, соғыс жарияламастан КСРО жеріне опасыздықпен басып кірді. Баренц теңізінен Қара теңізге дейінге аралықта орасан зор шайқас басталды.