Ашық сабақ “Менің Отаным – Қазақстан”


Шишимбаева Гульнара Батырхановна

№ 3 Қарабалық орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасы туралы кеңінен мәлімет беру. Қазақстанның көрікті жерлері мен байлықтары, ақын – жазушылары туралы әңгімелесу. ҚР туралы білімдерін тексеру, әр бала өз елінің азаматы екендігін түсіндіру. Әр адам өз мемлекетінің тарихын білуге міндетті және мақтануы тиіс екендігін айту. Балалардың отансүйгіштік, патриоттық сезімін ояту.

Көрнекілік: суреттер, рәміздер, глобус.

Сабақ барысы: Сәлеметсіздерме балалар.

-Балалар, біз қай планетада тұрамыз?

-Біз Жер планетасында тұрамыз.

– Дұрыс, мынау-глобус. Глобус- Жер планетасының макеті. Мұнда барлық елдер көрсетілген. Ал біз қай елде тұрамыз?

Біз Қазақстан елінде тұрамыз.

-Иә, ендеше, глобустан Қазақстан Руспубликасын тауып көрейік. Мынау-Қазақстан Республикасы. Ол біздің Отанымыз. Қазақстан-байтақ ел. Сендердің әрқайсысың Қазақстан Республикасының азаматысындар. Қазақстан туралы кім маған тақпақ айтып береді?

Әйнегі-күн, шатыры-аспан

Кең дала….Төсі толқыған егін

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан-Республикам менің.

Өте жақсы жарайсын.

Еліміздің елордасы қай қала?

Еліміздің елордасы-Астана. (глобустан тауып көрсетеді)

-Біз қай ауданда тұрамыз?

Біз Қарабалықта тұрамыз.

-Балалар, енді алақанымызды бір-біріне үйкелеп жылытып, жерге өз жылуымызды беріп, тілегімізді айтайық.

Балалар қолдарын жылытып глобусқа қояды, тілектерін айтады.

-Жақсы тілектерін орындалсын.

-Енді орнымызға отыру үшін сұрақтарға жауап берейік.

-Біз тұратын аудан? (Қарабалық)

-Біздің облыс қалай аталады? (Қостанай облысы)

-Бас қаламыз қай қала? (Астана)

-Еліміз қалай аталады? (Қазақстан)

-Қазақстан Республикасының елбасы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

-Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? (ту, елтаңба, әнүран)

-Ұлттық тағам қандай? (бесбармақ, бауырсақ, қуырдақ т.б)

-Ұлттық аспап қандай? (домбыра, қобыз, сыбызғы)

-Ою-өрнектің атын ата? (қошқармүйіз, түйетабан т.б)

-Балалар біздер бүгін Отанымыз, туған жеріміз-Қазақстан Республика туралы әңгімелеп жатырмыз.

Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қазақстанның өз Конституциясы, президенті, рәміздері бар. Сондықтан тәуелсіз ел деп атайды.

-Көп ұлтты мемлекет қандай мемлекет? (Қазақстан)

-Ия дұрыс Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдер тұрады: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, корейлер т.б.

-Бүгін бізге қонаққа достарымыз келіпті. Олар сендерге тапсырмаларды алып келді.

Тапсырма № 1. Өз еліңнің астанасын анықта. (тақтада әртүрлі елдердің астаналары көрсетілген сурет ілініп тұрады)

-Өйткені онда Бәйтеректің суреті көрсетілген, Бәйтерек Астана қаласында орналасқан.

-Астана туралы кім маған тақпақ айтып береді?

Астана-арман қала,

Бағы бір жаңған қала

Тұрады ол жап-жас боп,

Мен үлкен болғанда да.

-Балалар Қазақстан Республикасының әр азаматы өз елінің тарихын білуі тиіс, сендер сол Бәйтеректің шығу тарихын білесіңдер ме?

-«Астана-Бәйтерек» кешені тұрғызу президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың идеясы болатын. Бәйтерек-өмір ағашы. Бәйтеректің тамыры өте теренде, ал биіктігі аспанмен таласады. Жыл сайын Бәйтеректің басына киелі құс- Самрұқ жұмыртқалайды екен. Жұмыртқасы-Алтын-Күн, оны сол Бәйтеректің түбінде өмір сүретін Айдаһар жұтып қояды екен. Ол жаз бен қыстың , күн мен түннің, жақсылық пен жамандықтың алмасуы білдіреді екен.

Тапсырма № 2. Қазақтың ұлттық аспабын тап. (үлестірмелі материал)

-Ендеше домбыраның күмбірлеген дауысын тыңдайық. Құрманғазының күйі «Адай»

Тапсырма № 3. Қазақтың ұлттық ою-өрнегін құрастыр.

-Балалар алдарындағы конвертті ашыңдар ішінде ою-өрнек бар оны құрастыру керек және атын атау керек.

Ою-өрнектер қайда қолданылады? (ұлттық киімде, ыдыс-аяқта, бұйымдарда)

Тапсырма № 4. Қазақтың ұлттық тағамын тап.

-Балалар ұлттық тағамын тауып атын атау керек.

-Балалар сендерге бүгінгі достарың алып келген тапсырмаларды жақсы орындадындар. Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

Біз қай елде тұрамыз? Президентіміз кім? Рәміздерді атаңдар?

Өте жақсы жарайсындар?

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *