«Математика патшалығы»


Сураганова Жанна Тулегеновна

воспитатель № 71 «Мөлдір» г. Нур – Султан

Мақсаты:

Білімділік: 1-10-ға дейін санау туралы түсініктерін бекіту (тура және кері, реттік санау). Ойынға қызығушылықпен қатысты.

Апта күндері және тәулік бөліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. 

Дамытушылық:  Логикалық ойлау, зейін, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Берілген тапсырманы толық, дұрыс орындауға және өзіне-өзі қызмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Жабдықтар:Ергежейлілер , қасқыр мен түлкі, қоян, үлестірмелі материалда, мыстан. Берілген тапсырманы толық, дұрыс орындауға және өзіне-өзі қызмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: Ергежейлі-гном, тәулік-сутка, апта-неделя, қоян-заяц, қасқыр-волк, түлкі-лиса.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбер Қуан, шаттан, Қуан, шаттан Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң! Қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін. -Армысың сұлу күн! -Армысың ашық аспан! -Қайырлы күн баршаға! Ғажайып сәт: «Ергежейлілердің қонаққа келуі»     Балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Ұйымдастыру – іздестіру -Балалар, бүгін балабақшаға қай кезде келдіңдер? -Таңертең -Дұрыс айтасыңдар, таңертең балабақшаға келеміз, ал кешке үйге қайтамыз? -Балалар, таңертең және кеш бұл тәуліктің бір бөлігі екен. Ал, тәуліктің тағы қандай бөліктерін білесіңдер? -Таңертең, түс, кеш, түн. -Олай болса балалар, біз бір ойын ойнайық. Сөздік ойын: «Мен бастаймын сен аяқта» -Таңертең балабақшаға келеміз, ал кешке үйге қайтамыз. -Таңертең таңғы ас ішеміз, ал түсте түскі ас ішеміз. -Кешке күн батады, ал таңертең күн шығады. -Қыста күн суық болады, ал жазда……….. -Көктемде ағаштар жапырақ атады, ал күзде жапырақтар жерге……. т.б. -Балалар, бізге бүгін қонақтар келіпті, олар  да бізбен бір ойын ойнағысы келіпті.  Олар кімдер екен?  (тақтаға ергежейлілер ілінеді) -Балалар, бұлардың аттары кім білесіңдер ме? Олардың аттары апта күндерімен сәйкес келеді екен. -Қане , апта күндерін есімізге түсірейікші, аптаның бірінші күні қалай аталады? -Дұрыс айтасыңдар, онда бірінші ергежейліміздің аты Дүйсенбі екен. -Ал, аптаның екінші күні қалай аталады? -Аптаның алтыншы күні ше? -Балалар, Жексенбі атты ергежейліміз қайда кетті екен? Енді не істейміз? Олай болса оны  іздейік. – Көзімізді жұмайық   Орманға біз барайық   Ертегілер елінен   Көмекті біз сұрайық -Ой, балалар,  қараңдаршы нелерді көріп тұрсыңдар? -Дұрыс айтасыңдар, қасқыр мен түлкі екен. Мүмкін олар көрген  шығар біздің ергежейліміздің қайда екенін қане сұрап көрейікші.  Бірақ балалар, қараңдаршы қасқыр мен түлкі бір нәрсеге ренжісіп тұр екен, олар неге ренжісіп жатыр? Балалар, қасқыр мен түлкі кім көп балық аулағанын білмей дауласып жатыр екен. Ендеше балалар біз бәріміз бірге көмектесейік,                                     -Қане санап көрейікші, қасқыр неше балық аулапты? -Ал, түлкі ше? -Қайсысы көп балық аулады, қасқыр ма, әлде түлкі ме? -Түлкі көп балық аулады. Өйткені ол 10 балық аулады. -Қайсысы аз балық аулады? Қасқыр аз балық аулады,өткені  ол 9 балық аулады? -Түлкінің балығы қасқырдың балығынан нешеуге артық? -Түлкінің балығы қасқырдың балығынан біреуге артық. -Ал қасқырдың балығы түлкінің балығынан біреуге кем екен. -Балалар, қасқыр мен түлкіге өзіміздің қалай санайтынымызды көрсетейікші. Үлестірмелі материалдармен жұмыс -Балалар, қағаздың жоғарғы бөлігіне 9 дөңгелек қоямыз. -Ал, төменгі бөлігіне 10 үшбұрыш қояйық. -Қандай пішін көп? -Қайсысы аз? -Дөңгелек пен үшбұрыш бірдей болу үшін не істеуіміз керек? -Дөңгелек пен үшбұрыш бірдей болу үшін теңестіреміз. -Балалар, енді қасқыр мен түлкіден сұрап көрейікші ергежейлімізді көрді мекен? -Балалар, қасқыр мен түлкі: -Ергежейлі бұл жерде жоқ, әлі оған дейін тағы да жүру керек-дейді. Олай болса, – Көзімізді жұмайық   Орманға біз барайық   Ертегілер елінен   Көмекті біз сұрайық -Ой балалар қараңдаршы, мына қайыңның артында  тағы да бір аң тығылып қалған сияқты, ол қай аң екен қараңдаршы? -Балалар, қоян айтады; -Мен өзімнің ормандағы достарымнан адасып қалдым, маған көмектесіңдерші-дейді. Балалар қоянға көмектесеміз бе? Олай болса сендердің алдарыңда геометриялық пішіндер бар, содан қоянның  көп достарын құрастырып берейік. «Танграмма»  ойыны    Енді қоян мен және оның достарымен бірге бойымызды жазып алайықшы.                               Сергіту сәті: Қоян құсап секіреміз топ-топ, Қолымызды шапалақтап көп-көп. Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш, Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш. -Балалар, қоян бізге өте риза болды, рахмет сендерге балалар, сендер маған достарымды тауып беруге көмектестіңдер-дейді. Бірақ, қоян айтады: Ерегежейлі мұнда да жоқ , бізге әлі тағы да жүру керек дейді. Олай болса, – Көзімізді жұмайық   Орманға біз барайық                                                                                             Ертегілер елінен   Көмекті біз сұрайық -Ой, балалар, біздің ергежейлімізді Мыстан кемпір тығып қойыпты. Мыстан кемпір айтады:  -Әуелі сендер менің тапсырмамды орындаңдар, сосын ергежейлінің қайда екенін айтамын-дейді.  Олай болса Мыстан кемпірдің тапсырмасын орындайық. Ол үшін сендердің алдарыңда карточкалар жатыр. Сол карточкадағы заттарды санап олардың  нешеу екенін санмен белгілеп көрсетейік.                                               (ермексазбен санды мүсіндеп белгілеу) -Балалар,  Мыстан кемпір ергежейліні мына мұнаралардың біріне  тығып қойыпты.  Ол ең биік емес және ең кіші емес мұнарада тығулы тұр-дейді. -Сонда ол  қай мұнарада деп ойлайсыңдар? -Ол қай жерде орналасқан? -Қай мұнараның қасында орналасқан? -Түсі қандай  мұнарада? -Ой балалар, ергежейлі мына мұнарада екен: Қане шығарып алайықшы. -Балалар, Ергежейлі сендерге өте риза болды. Енді оны өз достарының қасына апарайық. -Қане, енді санап көрейікші неше ергежейлі болды? -Бұл ергежейлінің аты кім еді?   Қойылған сұрақтарға толық жауап берді.         Ойынға қызығушылық таныта отырып қатысты.           Тәрбиешіні тыңдай отырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.                                                                                   Тапсырманы мұқият орындай білді.                                                                                               Пішіндерден қоянды құрастыра білді.             Өлең мазмұнына сай қимылдар жасады.                                                   Дұрыс санай отырып, цифрларды саз балшықтан мүсіндей білді.                    
Рефлексивті – түзетушілік Қорытынды: «Көңілді және көңілсіз күн» ойын жаттығуы (ҰОӘ алған білімдеріне, көңіл-күйлеріне  байланысты күнді таңдау және өз ойларын ортаға салу) -Балалар, сендер барлықтарың  бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Сендердің көңіл-күйлерің қандай? Балалар мен тағы да бір ойын ойнағым  келіп тұр.  Ойынның аты  «Көңілді және көңілсіз күн»  деп аталады. Балалар қараңдаршы,  мына жерде екі күн бейнеленіпті. -Мына күн қандай? -Дұрыс айтасыңдар, бұл күн көңілді екен. -Ал мына күн ше? -Өте жақсы, бұл күн көңілсіз екен. Енді сендер өздеріңе ұнаған күннің жанына барып, шетіне мына геометриялық пішіндерді орналастыра отырып, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен алған әсерлерің туралы өз ойларыңды айта қойыңдар. -Ақарыс қане сен айта қойшы,  қандай пішін таңдадың? Оның түсі қандай? Бүгін саған не істеген ұнады?  -Балалар бүгін біз кімдерді кездестірдік? Ол Ергежейлілердің аттары кім екен? -Тағы нені кездестірдіңдер? -Сендерге не істеген ұнады? Қоштасу рәсімі: Біздің топта ұл –қыздар Тату-тәтті тұрамыз Әлемдегі бар адамға тек Жақсылық ойлаймыз.     Өз ойларын білдірді.                                  Ойынға қызығушылықпен қатысты.  

Күтілетін нәтиже: 

Нені біледі: 10-ға дейін дұрыс және кері санай біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Цифрларды заттың санымен және геометриялық пішіндермен сәйкестендіру туралы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Берілген тапсырманы толық, дұрыс орындауға және өзіне-өзі қызмет көрсете білуге дағдыланды.