«Қазақ мақал-мәтелдердің ерекшеліктері»


Чалых Мария Анатольевна

 ученица 11 класса ГУ «Карабалыкская СШ имени Абая Кунанбаева отдела образования акимата Карабалыкского района»

Руководитель: Абишева Алима Имангалиевна

«Қарабалық ауданы әкімділігінің білім бөлімінің

АбайҚұнанбаев атындағы Қарабалық орта мектебі»  ММ

                                  Орындаған:

11 А сынып оқушысы  Чалых Мария



Қазақ мақал-мәтелдердің ерекшеліктері


Бағыты:  Тіл білімі

Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті

Ғылыми жетекші: Абишева Алима Имангалиевна

Қостанай қаласы, 2019


Мазмұны 
Кіріспе…………………………………………………………………………………………………..3-4
1. Теориялық бөлім
1.1. Мақал мен мәтел ерекшеліктері, айырмашылықтары………………………..5-8.

1.2. «Үш тұғырлы тіл» саясатында фольклордың   көрінісі…………………………………9-10 
2. Зерттеу барысында қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін анықтау
2.1. Казақ тіліндегі мақал-мәтелдерді зерттелеуі……………………………………….11

2.2. Ағылшын  тіліндегі мақал-мәтелдерді зерттелеу……………………………..12-13

2.3. Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдердің ерешеліктерін анықтау

  ……………………………………………………………………………………………………………….14-16

Қорытынды……………………………………………………………………………………………..17-19
Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………………..20
Қосымша ………………………………………………………………………………………………….21-26

                                                             Абстракт

Зерттеу жұмысының мақсаты – Талдау, саралау  негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының  тілінің жалпы  және  жеке  ерекшеліктерін анықтау;  ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған  өзіндік  ерекшеліктерін зерделеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері – Оқушылардың,  менің достарымның сөйлеу тілінде пайдалануын белсендіруге  және жеке  өмірлік тәжірибесін кеңейтуге  ықпал ететін қазақтың  тіл  шығармашылығының  бірегей  формасы,  мақал-мәтелдердің тақырыптарын зерделеп, мәнін  ашу.

Зерттеудің болжамы – Қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыптары мен мағынасын зерделеу  заманауи  адамның  тілінің  мәдениетін, нақтылығын, байлығын   анықтайтындығы  жөніндегі  болжам  алынды.

Зерттеу  объектісі – Сонау ықылым  заманнан  бізге өзінің тағылымдық мәнін жоғалтпай  жеткен  қазақ әдебиетінің  ажырамас  бөлігі болып табылатын мақалдары мен мәтелдері, сонымен қатар халқымыздың мақал-мәтелдерінде  айқындалған  мәдениеті.

Зерттеу  пәні – Қазақ  халқының  мәдени  және  әдеби  мұрасы.

Зерттеу  әдістері – Талдау,  бақылау,   іс-тәжірибеде  қолдану.

Зерттеудің  жаңалығы – Зерттеу  жұмысында мақал-мәтелдер арқылы қазақ  халқының  шешендік өнері,сөйлеу мәнері,сөздік қорындағы   ерекшеліктері сараланды.  Үш тұғырлы тіл енгізіп   мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін  қолдана отырып оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қандай тиімді жолмен ұсынуға болатындығы туралы мәселелерді қарастырдым.

Жұмыстың нәтижесі  мен  қорытындылар – жастарға    тәлім-тәрбие беретін,  ұнамды үлгі қалыптастыратын мақал-мәтелдерді насихаттау;  мақал-мәтелдерді  құрдастарымның,достарымның өмірінің  барлық  бағыттарына  (сабақта,  сыныптан тыс  өмірде) кеңінен  енгізу  керек  деген  қорытындыға  келдім.

Іс-тәжірибеде  пайдалану  аясы – Мектепте  тек    қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да оқу  пәндерін оқыту  іс-тәжірибесінде;   әсіресе,   жас жекіншектердің  сөйлеу  тілінде   пайдалану керек.

Абстракт

         Цель  исследования — определить путём анализа, общие и частные особенности пословиц и поговорок  казахского народа, закреплённых в метких выражениях;  рассмотреть своеобразие отражения в пословицах и поговорках  важные   черты   национального  характера, сравнивая с пословицами английского и русского народо..

Задачи исследования – изучить  тематику, расскрыть  значение  одной  из  форм казахского языкового  творчества – пословиц  и  поговорок,  которые  будут способствовать   активизации  трехъязычия, применения  в устной речи,   расширению  индивидуального  жизненного  опыта школьников,  моих  сверстников.

Гипотеза  исследования– предположение  о  том,  что  изучение  тематики  и  значения  казахских  пословиц  и  поговорок  определяет  культуру,  выразительность,   богатство   речи   современного  человека.

Объектом   исследования  являются  пословицы  и  поговорки казахского, русского,  английского  народов,  дошедшие  до  нас  с незапамятных    времен   и  не потерявшие  своего  познавательного  значения, являющиеся неотъемлемой  частью  казахской  литературы,  а  так  же своеобразие  отражения  в них  культуры  нашего народа.

Предмет  исследования – культурное  и  литературное  наследие казахского, русского, английского народов.

Методы  исследования:  анализ,  наблюдение, сравнение, практическое  использование

Новизна  исследования – работе анализируются  различные  черты  обычаев  и  традиций  казахского, русского, английского  народов, через пословицы и поговорки.

Результаты  работы  и выводы – популяризация тех пословиц и поговорок, которые отражают положительные примеры воспитания, создающие положительный идеал;  внедрение трехъязычия через пословицы во все  сферы   школьной   жизни: уроки,  внеклассные  мероприятия.  т.д.

Область  практического  использования – практические  занятия  в школе при преподавании школьных  предметов,  и  не  только  казахского  языка  и  литературы;   применение   в   речи    современной молодежи.

                                                     Abstraktion

          Tne  aim  of  research  work is to define  with  analysis,  general and  priwate especially  of  kazakh  people,  wich are  fixed  to  point ehpressions;  to  consider  special  reflection  into  proverbs  and  sayings  and  their features  of  national  characteristics.

     The  tasks of  the research is  to  study  topic,  to  open  the  meaning  one  of  the forms of  kazakh  language,  creation  of  proverbs  and  saying  which  will promote  actiwation  trier  using in  speech,  extension  оf  personal  expresiehce  life  of pupils,  my classmates.

Hypothesic of research is  the  supponsition that  studying the topic  and meaning of   kazakh  proverbs  and sayings to define the culture,  expression  wealth  of  speech  of mjdern  man.

The  object  of research  are  proverbs  and  sayings  of  kazakh people which  came  from  larly  times  and  doesn’t  lose own  important  meaning  which  is  main part  of  kazakh  literanure  and  also  reflection  in their  culture  of air  people.

The subject  research  is  cultural  and  literaru legacy of  kazakh  people.

The methods  of  research  is  analusis,  observation,  practikal   using.

The new  one  of research:  there  are different features  of customs  and  tradinions  of  kazakh  people  through provers  and  sayings  in  work.

The  results  of  work  and  conclusions  is populizations  those proverbs  and saying which reflect  good examples  in  bringing up,  maxing  good ideal; inculcation  such proverbal  expressions  to all  spheres  of schoit /lessons6,  outdoor  arrangements  ets/

The  region  of  practikal  usind is  practical  lessons  in  scholl  in  teaching  schjll  subjects  not  only  Kazakh  language  and  literature;  using  in  sptitch  jf  young  peoplt.

                                                  Кіріспе 
Тақырыптың өзектілігі. Үш тұғырлы тіл – заман талабы екендігі сөзсіз. «Үш тұғырлы тіл»: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын  тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды. Аталған жобаның басты ұстанымдары: «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз» [1]. «Сөздің көркі- мақал» дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады.

         Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан,өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра, ақылына ақыл қосатын, жарқын болашағына дұрыс бағыт сілтейтін, өмірді танытатын қамқоршы.Онда халықтың өмір сүру барысындағы барлық тәжірибенің өнегелі өсиеттері айтылған, халық даналығы сақталған. Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады деп ойлаймын.

Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері, мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына, оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді. Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі.

 Бұл ұстанымдар өз кезегінде зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Талдау, саралау  негізінде ұтқыр, дәл айтылған тіркестерде берілген қазақ халқының  тілінің жалпы  және  жеке  ерекшеліктерін анықтау;  ұлттық мінез-құлықтың мақал-мәтелдерде айтылған  өзіндік  ерекшеліктерін зерделеу.

 Осы мақсаттың орындалуы барысында мынадай міндеттер қойылды:

– фольклор ұғымына түсінік беру;

–мақал-мәтелдердің орны ерекше екендігін дәлелдеу. 

– үш тілдегі мақал-мәтелдерді салыстыра зерттеу;

– оқушылар білетін мақал-мәтелдердің үлгілеріне талдау жасау;

– зерттеу жұмысының қорытындысын шығару.

Ғылыми болжам. Зерттеу  жұмысында мақал-мәтелдер арқылы қазақ  халқының  шешендік өнері,сөйлеу мәнері,сөздік қорындағы   ерекшеліктері сараланды.  Үш тұғырлы тіл енгізіп   мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін  қолдана отырып оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қандай тиімді жолмен ұсынуға болатындығы туралы мәселелерді қарастырдым

Егер мақал-мәтелдердің ерекшелектері мол және алуан  болса  – олар ғасырлар бойы қалыптасып, әр халық даналығының қазына байлығы болып табылады. Сондықтан да мақал-мәтелдерді жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады.

Зерттеу пәні: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, фольклортану.

Зерттеу әдісі: жинақтау, салыстыру, талдау, сауалнама, сұхбат жүргізу.

Зерттеудің теориялықмен практикалық маңызы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Осындай зор мәртебеге ие болып отырған мемлекеттік тілді меңгеру- Қазақстанда тұратын, оның азаматы болып табылатын кез келген жастың  да, үлкеннің де ардақты да абыройлы міндеті. Егемен еліміздің толыққанды азаматы болып өсу үшін әр оқушы үш тілді білуге құштарланып, талаптанғаны дұрыс.

 Сондықтан, мен өз ғылыми жұмысын  қазақ тілі мен әдебиет сабағында  мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін  қолдана отырып оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда қандай тиімді жолмен ұсынуға болатындығы туралы мәселелерді қарастырдым.

Менің пікірімше,  ол үшін ең алдымен оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Өтілетін тақырыппен мақал-мәтелдерді тығыз байланыстыру керек. Оқушының үш тілге қызығушылығын анықтау – бұл сабақтағы алғы шарттардың бірі, қазіргі заман талабы.

                                                     1.Теориялық бөлім.

1.1. Мақал мен мәтел ерекшеліктері, айырмашылықтары.

Адамның ойын жарыққа шығаратын күшті құрал тіл.  Ал тіл адамдар түсінетін құрал болып қана табылмай сонымен бірге атадан балаға мирас болып келе жатқан өмір тәжірибесін, өнер-білімін жеткізуші құрал. Сол рухани байлығымыздын бірі халық ауыз әдебиеті. Ауыз әдебиеті халқымыздың асыл да мол мұрасы, қымбат қазынасы.

Мақал-мәтелдер -ауыз әдебиетінің бір түрі.Мақал-мәтелдер – халықтың ғасырлар бойы іс-тәжірибесінен, өмір тәжірибесінен қорытып, сан алуан құбылыстарға баға беріліп, ереже, өмір заңы түрінде тұжырымдалған аталы сөз халықтың ой түйіні.

«Мақал-сөз атасы». Мазмұнының тереңдік жағынан шағын жанрлардың ішіндегі ең нақтылы де осы мақал- мәтел. Мақал-мәтелдер дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. (Қосымша А)

 Мақал-мәтелдің өзара айырмашылығы бар.

Мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отырады. Ал, мәтелде бар мағына ашық емес, қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ.

Мақалдар тіпті жазу пайда болмаған кездің өзінде пайда болды.Олардың пайда болуының себептері алуан түрлі. Ешкімде дәл қай кезде қандай себеппен айтылғанын дөп басып айта алмайды. Мақал-тұрмыс айнасы. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалармен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты мағынасын жоғалтып, заманға сай ауыспалы мағынаға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады.

«Сөздің көркі- мақал” дегендей мақалдың көмегімен айтайын деген ойыңды ұнамды да, ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелде басы артық сөз болмайды. Мақал-мәтел- сөз мәйегі. Ол халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды. Негізінен мақал –мәтелдер дыбыс үндестігіне негізделіп жасалады. Ел ішіндегі мақалдар түгел жиналса, бір мың ғана емес, әлденеше мыңға кетері анық. Зерттеу кезіндегі іздену жұмыс барысында мақал-мәтелдердің толық жинақталып, бір басылым болып шықпағанын байқадым. Әр кітапта бытырап жүр. Мақал-мәтелдердің тақырыбы әр алуан. (Қосымша Б)

Мақал – мәтелдер ғасырлар шежіресі. Мақал-мәтелдер ой дәлелдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан құблыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Халық даналығы үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, асқан шеберлікпен танытқан. «Көп сөз-көмір, аз сөз -алтын» дегендей, мақал-мәтелдің өн бойынан поэзияға тән жинақылық, үнділік, саздылық, ұйқас, ырғақты кездестіреміз. Онда артық бір сөз болмайды.
Барлығы өз орнына.

Қазақтың мақал-мәтелдері –көркем әдебиетте сөздің әрін келтіретін, айтайын деген ойдың мағынасын толықтыратын, сонымен қатар ұтымды да ықшам қолданатын әдемі форма.Өйткені бұл – мол тәжірибенің ұзақ уақыт әбден сұрыпталған, екшелген, сыннан өткен асыл түйіні.

Адамның мінезіндегі жат қасиеттер де мақал-мәтелдерде жеркенішті түрде берілген.Халық даналығына баулуда мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік мәні бөлек.

Мақал мен мәтелдердің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, еске сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Сонымен қатар балаларға арналған мақалдар мен мәтелдердің ерекшеліктері оның құрылысы мен жасалу жолынан емес, мазмұны мен мағынасы тәрбие жұмыстарына, оқу-ағарту істеріне байланысты болуынан көрінеді. Мақалдар мен мәтелдер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі.

Қай халықтың болса да ауыз әдебиетінде мақал мен мәтел көлемі шағын, мазмұны бай, тілі көркем жанрға жатады. Мақал-мәтелдер өзін жасаушы халықпен бірге жасайды, біреулері ескіріп қолданудан шығып, екіншілері жасарып, жаңадан туындап жатады.

Халық шығармасының басқа түрлері секілді мақал мен мәтелдердіде әуел баста жеке адамдар шығарады, оны біреуден біреу естіп, жаттап айта жүреді, өңдейді, өзгертеді, сөйтіп, олар бірте-бірте жалпы халықтық мұраға айналады.Демек,мақал-мәтелді белгілі бір халықтың өмірде көрген –білгенін жасаған қорытындысы, ақыл-ой түйіні деуге болады.

Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын,түсіндіретін оқу құралы болып табылады. Мақал-мәтелде, көбінесе ортақ ой, жалпы ереже, анықталған қағидалар айтылады, формасы жағынан тілге жеңіл, құлаққа жағымды дыбысқа, ырғақ-ұйқасқа құрылады, көбінше көркем тілмен, өлеңмен жасалады.

Мақал мен мәтелдердің өміршеңдігі, тілінің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде, аз сөзбен көп мағынаны беретіндігінде, еске сақтауға қолайлылығында.

Мақал-мәтел адам тұрмысындағы алуан түрлі уақиғаларды, қарым-қатынастарды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді; айтылмас ойды ажарлайды, әрі анықтайды.

Мақал-мәтел-қос мағыналы шығарма, онда көбінесе тура мағынамен қатар астарлы мағына да болады.Тура мағына мысал ретінде алынады да негізгі ой астарлап айтылады. Мысалы, «Тырнадан қалауыл қойсаң,төбеңнен қиқу кетпес».

Мақал-мәтел, әдетте бүкіл адам баласына ортақ. Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет етеді.

Мақал-мәтелдер ауыз екі сөзді көркейту үшін ғана емес, көркем шығармаларда да көп қолданылады. Ақын – жазушылар шығармаларында халық даналығын пайдаланумен бірге, сол үлгімен өздері де жаңа мақал-мәтелдер жасайды. Ыбырай Алтынсариннің «Аш бала тоқ бала мен ойнамайды, тоқ бала аш баламен ойнамайды» дейтін сөз мақалға айналып кеткені рас.

Мақал-мәтелдер-ертек, аңыз әңгіме, батырлық-ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр.Олай дейтініміз XII-XII ғасырлардан сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мәтелдерді кездестіруге болады.

«Көре-көре көсем боласын, сөйлей-сөйлей шешен боласың», деп еңбектенудің, алаптанудың, үздік әрекеттің арқасында осындай иелікке алға қарай шырқай беруге болатынына жасөспірімдердің сенімін арттырып, өздерін ынталандыра, қызықтыра түседі. Балалардың көңілін серпітіп, қанатына су бүркіп, эстетикалық идеялын шыңдап аспандата береді.Оның бәрі халықтың балаға деген ізгі ықыласынан туған асыл мұра.

Халықтық шығармалар ішінде балаларға арнайы айтылған мақал мен мәтелдердің алатын орны да өз алдына ерекше. Бұл барлық айтылған ойдың, насихаттың жиынтығы, қорытындысы ретінде беріледі.Мысалы, «Ата балаға сыншы» деген халық мақалы мейлінше дұрыс айтылған пікір. Бұл өмір тәжірибесінен алынған бірден- бір даналық сөз.

Бала өсіруде, тәрбиелеуде халық өзінде бар барлық асыл сөз, даналық ойларын балаларға, жеткіншектерге арнады. Өз өмірін ғасырлық тәжірибесінен алынған асыл ойларын мақал-мәтел етіп, үлгі өнеге ретінде өмірінің жалғасы болатын баласына, немересіне қалдырып отырған. Бала-бауыр еті, көздің нұры деп босқа айтпаған. Кім болса да өз баласын білімді,өнегелі халық азаматы болып өссе екен деп арман еткен. Сол арманын іске асыру үшін қолда бар барлық мүмкіншілігін бала болашағының игілігінен аямайды. «Оқу- білім -өмір шырағы» деген нақыл сөздерді әрқашан құлағына құйып отырған.

«Оқу – білім азығы,білім-ырыс қазығы» деп өз болашағының ырысты болуы да сол білімділіктен туатынын айтады. «Ақыл- тозбайтын тон, білім таусылмайтын кен» деп оның болашағы да соншалық босымды, мығым болатынын сан рет ескертеді.

Бірақ мұның өзі еңбексіз, әрекетсіз тектен-тек қолға түсе қалатын оңай олжа емес.Асуы қиын бел-белес, ұшы қиыры көрінбейтін құба жон екенін де ашық айтқан. Қажымай қайрат көрсету арқылы ғана оның үлесінде болатынын ескертеді.

«Білім қымбат, білу қиын» деген мақал осыдан алынып, жасөспірімдерге әдейі айтылған.  «Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса кішіден сұра», қалайда соның уәдесіне жет, шыңына көтеріл дегенді насихат етеді. Егер білім алу жолындағы қиыншылыққа төзбесең, еңбектенбесең қатарыңнан қалып қойсаң, өкінішті боласың.

«Өкініш естен кетпейді,бір тойғаның түске жетпейді». «Өнерлі жігіт өрге жүзер,өнерсіз жігіт жер соғар» деп жастардың намысына тие, ойына қозғау сала айтатын жақтары да халық мақалдарынан көп кездеседі.

«Адам болар баланың кісіменен ісі бар,

Адам болмас баланың кісіменен несі бар»,-деп баланың психологиялық оқу процесіне зер салып, дұрыс бағытқа жөн сілтеп отырған. Адам болатын баланың талабы, ынтасы жас кезінен танылады. Көпшілікке, оның игілікті жақсы жақтарына үйір бола бастайды. Қоғамшыл, көпшіл бола бастайды. Ақыл- парасатқа бой ұрып, игі жұмысқа тез үйренеді.

«Мақал дегеніміз –тағылым берерлік, ырғағы бар, тәжірибеде көп қолданылатын бейнелі, қысқа, нақыл сөйлем…Мәтел дегеніміз де өнерге берерлік бейнелі, ырғағы бар сөйлем. Мұның мақалдан айырмашылығы-мағынасы ашық болмай ишарамен айтылғандығы,сөйлемнің толымсыз болып келуі.

Мақалдар мен мәтелдер –мағынасы да, тұлғасы да әлдеқашан қалыптасқан, тез өзгере қоймайтын жанр.

Мақал мен мәтел-егіз жанр,туыс жанр.Дегенмен мағынасына, құрылысына, атқаратын қызметіне қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар.Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіреді,өз алдына тұрып та дербес мағына береді. Мысалы: «Толмасқа құйма,тоймасқа берме».

Мәтел жеке тұрып тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі бір ойды,пікірді ажарлау,айқындау үшін қолданылады,эпитет,теңеу қызметтерін атқарады. Мысалы: «Ат қойып,айдар тағып,көргеннен көзі ақы алған» деген мәтелдер тианақты ойды білдіріп тұрған жоқ.

Ауыз әдебиетінде мақал-мәтелдің араласпайтын жанры жоқ.Ертегі, аңыз әңгіме, дастан-жыр, халық өлеңдерінде, тіпті жұмбақтар мен тақпақтарда дау сөз әрлеу, ойды өткірлеу үшін мақал-мәтелдер дәлел, айшық  ретінде қолданылады. Мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің аталған жанрларына материал-кірпіш болып қаланумен бірге, олардан өзі де нәр алады, ойлы, өнегелі сөйлемдер есесінен байып, дамиды. «Қорқыт дегенде өстіп Қорқыт деп пе едім» дейтін мәтел «Бөдене мен түлкі» әңгімесімен, Түйе бойына сеніп жылдан құр қалыпты дейтін мақал жыл туралы аңызбен байланысты шыққан.

2.1.   «Үш тұғырлы тіл» саясатында фольклордың көрінісі.

Ғылыми еңбектерде фольклор туралы мынадай ақпарат берілген: «Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте «халық шығармашылығы», «халық поэзиясы», «халықтың ауызша сөз өнері» дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 ж. ағылшын ғалымы  Уильям Томс ұсынған «фольклор» (ағылш.folk – халық, lore – білім, даналық ) cөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан» [2; 547-б.]. Нақты айтқанда, фольклор – ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралған халық шығармашылығы.

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау жұмысы XVIII ғасырдан басталады. Ресейден Қазақ даласына шыққан түрлі экспедициялардың мақсаты фольклорлық және этнографиялық деректерді де жинау болатын Алайда фольклор үлгілерін жүйелі түрде жинау жұмысы XIX ғасырда жүзеге асты. В.В.Радлов,  Г.Н.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Е. Алекторов, А.В.Васильев сияқты ғалымдар ауыз әдебиеті жанрларын жіктей отырып, олардың текстологиясына да көңіл бөлді. Түптеп келгенде, фольклорлық мұраны жинау және жарыққа шығару халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, наным-сенімін, дүниетанымын білудің негізгі дерек көзіне айналды. XX ғасырдың басындағы Ә.Диваев бастаған бірнеше экспедициялардан бастап, жерден үлгілерін жинау ісі бүгінге дейін жалғасып келеді [2; 548-б.]. Олай болса, фольклорды жинау, текстологиясын жасау – өте күрделі үдеріс.

            Орыс халқының фольклорлық шығармаларын жинау үдерісіне тоқталатын болсақ, «фольклордың әр түрлі жанрлары (аңыздар, әндер, ертегілер, мақал және мәтелдер) «Повесть временных лет» (XII ғ. басы), «Слово о полку Игореве» (XII ғ.соңы), «Задонщина» (XIV ғ.), «Повесть о Петре и Февронии» (XV ғ.), «Повесть о Горе-Злочастии» (XVII ғ.) және басқа көне орыс әдебиетінің ескерткіштері шежірелі жинаққа кіреді. XVI ғасырдағы қолжазбаларда ғалымдар ертегілерді тапты. XVII ғ. орыс фольклор жинаушылардың есімдері де бізге жетті. Мысалы, ағылшын саяхатшы Ричард Джемс 1916-1620 жылдарында Архангельск өлкесінде «ылаң» заманының оқиғалары туралы тарихи өлеңдер жазып алды. Ағылшын саяхатшы С.Коллинз 1660-1669 жылдар аралығында Иван Грозный туралы екі ертегі жазды. 1681 жылы П.А.Квашнин-Самарин халықтың лирикалық әндерін жазумен айналысты» [3]. Жоғарыда келтірілген мәліметтерге тоқталатын болсақ, ауыз әдебиетінің үлгілері  көне орыс әдебиетіндегі авторлық шығармаларда көрініс тапты. Орыс фольклорды жинаумен тек орыс халқының өкілдері ғана емес, шет елдің мамандары да шұғылданды.

            XVII ғасырда «Об Иване Пономаревиче», «О царевне и Ивашке Белой рубашке», т.б. ертегілері, Илья Муромец, Михаил Потык, Ставр Годинович туралы батырлар жырлары, әндер, мақал және мәтелдер жазылды. Ал XVII ғасырдан бізге жеткен «Повести или всенароднейшие пословицы по алфавиту» қолжазба жинағында 28000 мақал қамтылған[4].

XVIII ғасырдың І жартысында фольклорға деген ғылыми қызығушылық В.Н.Татищев, В.К.Тредиаковский және М.В.Ломоносов есімдерімен байланысты. В.Н.Татищев (1686-1750)  көне орыс тарихын сипаттап, Илья Муромец, Алеша Попович, Соловей-Разбойник және Дюк Степанович туралы батырлар жырлары жөнінде сөз қозғады. В.Татищев мақалдардың шағын жинағын құрастырды [3].

В.К.Тредиаковскийдың (1703-1768) фольклорға филологиялық қызығушылығы болды [3]. Жоғарыда келтірілген ақпаратқа сүйенетін болсақ, XVIII ғасырдың І жартысында фольклор тарихи және филологиялық тұрғыдан зеттеу жұмыстары жүргізілді. 

            Орыс халықтың поэзиясының зерттелуінде М.В.Ломоносовтың (1711-1765) тірек сөздері және еңбектері маңызды орын алады. Ол фольклорды шежіре және қолжазба жинақтары бойынша зерттеді. Халықтың мақал-мәтелдерін «Риторика» (1748), «Российская грамматика» (1757) деген шығармаларында қолданды [3]. 

А.М.Астаховтың «Русский былинный эпос на Севере» (1948);  Э.В.Померанцеваның «Судьбы русской сказки» (1956); С.Г.Лазутинның «Русские народные песни» (1965),  Д. М Балашовтың «История развития жанра русской баллады» (1966); Т.М.Акимованың «Очерки истории русской народной песни» (1977) деген кітаптарында орыс фольклоры дәстүрлі жанрларының тарихи өзгерістері, олардың болашағын байқауға болады.   Қазіргі уақытта да фольклорлық шығармаларын зерттеу үдерістеріне көп көңіл бөлінген [3].

Ағылшын фольклорына келетін болсақ, XVIII ғасырда Англия өндірістік, урбанистік ел болғанда,  фольклорлық ескерткіштерді жүйелі түрде жинау басталды. Сол себепті ағылшын фольклоры Британ аралдарының басқа халықтары (ерекшелік ретінде Солтүстік Американың бір бөлігі) фольклорымен салыстырғанда жеткілікті деңгейде сақталмаған және аздау зерттелген. Соған қарамастан ағылшын фольклорының зерттелуі «фольклор» терминін дүниеге әкелді (ағылш.folk – халық, lore – білім, даналық).  Аталған термин 1846 жылы ағылшын фольклортанушы Уильям Томс «саксондық жақсы сөз» ретінде ұсынды [4]. Жоғарыдағы ақпаратқа тоқталатын болсақ, «фольклор» терминінің шығу тегі  – ағылшын сөзі. Фольклор – халық шығармашылығы.

Қорыта айтқанда, фольклор – көп қырлы құбылыс. Фольклорды жинау, зерттеу, текстологиясын жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2. Зерттеу барысында қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдердің ерекшеліктерін анықтау

   2.1. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең – оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.

Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,

т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.

Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.

Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

  • Ағылшын тіліндегі мақал – мәтелдердің  зерттелуі

Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап,  жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы “Book of Proverbs in the Old Testament” атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы “Collectanea” (818 MM), 1508 жылы Венецияда “Chiliades” (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.

Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы “A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue” атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды.  

Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe “Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes”, 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) “ParoemiologiaAnglo»1678 жылдары Дж. Рэйдің ‘EnglishProverbs”атты 

енбектері жарық көрді. Келісі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысындамамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.

Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.

 Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі “Сэлфриджезді” (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде “Тһе сustоmег іs аlways гіgһt”, яғни “әрқашан тұтынушынікі дұрыс” деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы “авторлы” тіркестердің мол қоры бар.

Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.

Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады./ 1/

Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.

                    2.3. Қазақ, орыс және ағылшын мақал-мәтелдердің ерешеліктерін анықтау.

 Мақал-мәтелдер – халық даналығы. Халықтардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі түрлі болғанымен, отансүйгіштік, бірлік, отбасы, еңбек, жақсылық пен жамандық туралы түсінігі ұқсас болып келеді. «Отан» – әрбір халық үшін қасиетті жер. Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау – әрбір азаматтың басты борышы. Орыс фольклорында «Любовь к Родине в огне не горит, в воде не тонет» деген мақал болса, қазақ халқында: «Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды» деген мақал бар. Байқағанымыздай, орыс тілінде берілген мақалда ерекше мән Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне берілсе, қазақ мақалында өз Отанын сүйген тұлғаның орны көрсетіледі. Ағылшын мақалында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі басқа елдерде жүргенде анық көрінеді: «East or West, home is best». Орыс халқында: «В гостях хорошо, а дома лучше» деген мақал болса, аталған тақырып бойынша қазақ фольклорында бірнеше мақал бар:  «Әркімнің өз жері – жұмсақ», «Туған жердің күні де  ыстық, түні де ыстық», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің» [5].

Жас ұрпақты тәрбилеуге арналған әрбір халықта мақал-мәтелдердің саны көп. Ағылшын фольклорында: «Like father, like son» [6] айтылса, қазақ халқының мақалында «Әкеге қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер» деп айтылады. Орыс тілінде «Яблоко от яблони недалеко падает» деген мақалда балалардың тәрбиесінде ата-анасының ерекше рөлі астарлап жеткізіледі.

Тұлғаның жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер ететіні сөзсіз. Соған байланысты орыс халқында «С кем поведешься, от того и наберешься» деген мақал бар. Қазақ халқы: «Кімнің жерін жерлесең, соның суын суларсың» деп айтса, ағылшын халқының өкілдері аталған мақалдың терең мазмұнын астарлап жеткізеді: «Не that lies down with dogs must rise up with fleas» [6].

         Жақсылық пен жамандық туралы мақал-мәтелдер қазақ, орыс, ағылшын фольклорында ерекше орын алады: «Жаман айтпай, жақсы жоқ» – қазақ халқында, орыс мақалында «Нет худа без добра» деп айтылса, ағылшын тілінде аталған мақалдың негізгі ойы астарлап беріледі: «Every dark cloud has a silver lining».

         Адам мінезінің жасырын қырларына байланысты,  «Still waters run deep» /«still waters have deep bottoms» [6] деген мақал бар. Оның орыс тіліндегі эквиваленті: «В тихом омуте черти водятся». Ал қазақ тілінде «Жуастан жуан шығады» деп айтылады.

Ағылшын мақалында: «An evil chance seldom comes alone» [6] деп айтылса, орыс халқы: «Беда не приходит одна» дейді. Байқағанымыздай, ағылшын мақал-мәтелдердің мағынасы «seldom» мезгіл үстеуі арқылы тұрақсыздықтың белгісі ерекше көрсетілсе, орыс халқының мақалына тоқталатын болсақ, тұрақтылыққа назар аударамыз. «Жұт жеті ағайынды» деген қазақ мақалында қандай да бір бәленің өзінің салдары болады деген мәтін аспалдап, тұспалдап жеткізіледі. Қазақ халқының дүниетанымына сүйенетін болсақ, жеті жұт: жұт, құрғақшылық, өрт, індет, сел (көшкін, топан су), зілзала, боран (бұрқасын, дауыл).

         Қазақ, орыс, ағылшын мақалдарында адамдардың қарым-қатынасына ерекше мән берілген: «Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің», «Не рой другому яму, сам в нее попадешь», «Не that mischief hatches, mischief catches» [6]. Мақалдардың ішкі мазмұны ұқсас болса да, сыртқы құрылысында ерекшеліктері бар. Нақты айтқанда, негізгі мәні шартты рай арқылы берілсе, орыс мақалында етістіктің болымсыз түрі арқылы көрінеді. Ал ағылшын мақалында негізгі мәні ашық райда тұратын етістіктер арқылы беріледі.

 Өмірдің түрлі қырларын, адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттерін дана халық былай көрсетеді: «Ащы мен тұщыны татқан білер», «Не отведав горького, не узнаешь и сладкого», «Не knows best what good is that has endured evil» [6].

 Қандай да бір жақсылықтың бір сәтте жойылуы туралы үш тілде былай астарлап беріледі: «Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» [5; 270-б.],  «Ложка дёгтя в бочке мёда», «One scabbed sheep will mar a whole flock» [6].

 Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде әмбебап мағынасына ие болған мақал-мәтелдер бар: «As a man sows, so shall he reap» [7], «Не ексең, соны орарсың», «Что посеешь, то и пожнёшь». Нақты айтқанда, жоғарыда келтірілген мақалдардың тақырыбы – жақсылық пен жамандық және еңбек.   

 Қазақ, ағылшын, орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдерде еңбек тақырыбы маңызды орын алады: «Көз – қорқақ, қол – батыр», «Глаза боятся, а руки делают», «You never know what you can do till you try» [8]; «Адал еңбектің абыройы жоғары», «По заслугам и честь»,  «First deserve and then desire»; «Шыдамдылық пен еңбек бір мақсатқа жеткізер», «Терпенье и труд всё перетрут», «Diligence is the mother of success (good luck)».

Жұмыстың алғышарттары туралы «Семь раз отмерь, один раз отрежь» және «Score twice before you cut once» [6] деген мақалдарда айтылады. Байқағанымыздай, жұмыс барысында бақылауға, дәлділікке ерекше ден қоя білу керектігі жайында айтылады. Ал қазақ мақаласында жұмыс барысындағы бірлесу, ақылдасу үдерістеріне ерекше мән беріледі: «Кеңесіп пішкен тон келте болмас».

Бір уақытта бірнеше іспен айналысудың алғышарты жайында қазақ, орыс, ағылшын мақалдарында: «Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді», «За двумя зайцами погонишься, ни одного не поймаешь»,   «Dogs that put up many hares kill none» [6] деп астарлап айтылады.

Сөз – қару, құдіретті күш екені сөзсіз. «Айтқан сөз – атқан оқ, кері қайтпас», «Слово – не воробей, вылетит – не поймаешь», «A word spoken is past recalling» [6] деген мақалдарда айтылған сөздің ерекше күші көрсетіледі, яғни оны қайтаруға болмайтынына зор мән беріледі. Байқағанымыздай, қазақ халқының мақалында ауыстыру (жасырын теңеу) кездеседі, нақты айтқанда, дана халық атқан оқтың жымдамдығын сөз ағынымен теңестіріп қояды. Орыс халқында «От слова спасение, от слова и погибель» деген мақал бар.

Уақытты бағалау, оның пайдасын білу керектігі жайында қазақ, орыс, ағылшын фольклорында даналық сөз де берілген: «Уақыт алтыннан қымбат»,  «Время – деньги», «Time is moneу» («Time is gold») [6]. Байқап қарасақ, қазақ халқының мақалында уақыттың алтыннан қымбат екендігі ерекше көрсетіледі, яғни  уақыттың әрбір сәтін бағалай білу керек деген сөз.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде уақыт тақырыбына арналған мағыналық және құрылымдық жағынан бір-біріне сәйкес келетін мақал-мәтелдер бар: «Ештен кеш жақсы», «Лучше поздно, чем никогда», «Better late than never».     

Мақсат қою, оған жету – өміріміздегі басты ұстанымдардың бірі.   Мақсат – жарқын болашаққа апаратын жол екенін бәріміз жақсы білеміз. Мақсатқа жетудің басты алғышарты – іздену  туралы дана халық былай дейді: «Іздеген мұратына жетер», «Кто ищет, тот всегда найдет», «Everything comes to him who waits» [4].

Халық күш, ерік, білім туралы даналығын былай жеткізеді: «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «You can take a horse to the water but you cannot make him drink», «Силою не все возьмешь» [4].

Байлық ұғымы да фольклорда көрініс береді: «Бірінші байлық – денсаулық», «Здоровье – главное богатство», «The first health is wealth» [6].

Мақал-мәтелдер – халық тілінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Байқағанымыздай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдердің тақырыптары, негізгі ойы ұқсас болып келеді.

Сауалнама қорытындысы. 

Мақал-мәтелдердің күнделікті өмірде алатын орнын анықтау мақсатымен, үш  сынып оқушыларынан, яғни 75 оқушыларынан сауалнама алынды.
Сауалнама қорытындысы бойынша: 
25% мақал-мәтелдерді кейде қолданады, 
50% үнемі; 
25% қолданбайды 
Оқушылар мақал-мәтелдерді көбіне ата-әжелерінен, оқытушыларынан еститіндігін немесе кітаптан оқитындарын  жазған.
Қорытындысы бойынша: оқушылар оқулықпен шектелмей, әдеби кітаптардан мақал мәтел туралы мағлұмат алатыны және мәдениетті, әдемі әрі көркем сөйлеуге талпынатыны байқалады. Яғни, ғаламтор мен кітапхана арасында және оқытушылар арасында байланыс бар.

                                                                     Қорытынды.

                Зерттеу нәтижесінде мақал-мәтелдердің үлгілері салыстырылған, ерекшеліктері көрсетілген,   білім қорындағы фольклордың орны анықталған. Мақал-мәтел, әдетте бүкіл адам баласына ортақ.Сондықтан бір халықтың мақалын екінші халық төл шығармасындай қабылдай береді. Көптеген мақал-мәтелдер көнермей көп жасайды,әлденеше ұрпаққа, қоғамға қызмет етеді. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде мақал-мәтелдердің тақырыптары, негізгі ойы ұқсас болып келеді.

Зерттеу барысында фольклор ұғымына түсінік берілген; үш тілдегі мақал-мәтелдер салыстыра зерттелген; оқушылар білетін фольклордың үлгілеріне талдау жасалған; ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы шығарылған.

 Оқушылардың білім қорындағы тіл туралы ең танымал мақал-мәтелдер мынадай:

1) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады;

2) Язык мой – враг мой: прежде ума рыщет, беды ищет;

3) Easier said than done,

4) Facts speak louder than words.

Оқушылар Отан туралы мынадай мақал-мәтелдерді жиі қолданады:

1) Отансыз адам – ормансыз бұлбұл;

2) Родина – мать, умей за нее постоять;

3) East or West home is best.

Білім, еңбек туралы таңдаулы мақал-мәтелдер:

1) Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тілінбей;

2) Без труда не выловишь и рыбку из пруда;

3) He that will eat the kernel must crack the nut. 

 Қорыта айтқанда, фольклорды көп қырлы құбылыс ретінде қарастыруға толық негіз бар. «Үш тұғырлы тіл» саясатында фольклордың көрінісі» деген тақырып алдағы уақытта да кең көлемде зерттеліп, жаңаша ғылыми көзқарасқа сай сипаттала беретін болады.

Мақал-мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Олар аз сөзбен көп мағына береді. Халық өмірден көрген – білгенін айтқан. Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы.
Мақал-мәтелдер – тура ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры.
Осыған мысал, қазақ халқы «Сөздің көркі – мақал» деген, өйткені мақал-мәтелдер сөзді ажарландырып, сөйлеушінің ойын басқаларға айқын да айшықты түрде жеткізеді.
Мақал-мәтелдер әр алуан тақырыптарға айтылған. Олар: Отанын сүюге, адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, мейірімділікке, әдептілікке шақырады. Кез келген тілдің сөздік қорының мазмұнды да мәнді бөлігін құрайтын – мақал-мәтелдер екені бәрімізге мәлім.
Мақал-мәтелдерді зерттеп, талдап, оның танымдық сипатын анықтап жазған ақын-жазушылар өте көп. Олардың шығу тарихы, қалыптасу кезеңі, көмескі тартқан іздері, қыры мен сыры тек халық өмірімен байланыстыра қарағанда ғана айқын аңғарылады.
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, олардың сабаққа қызығушылықтарының арттыруымен тығыз байланысты. Әсіресе, мақал-мәтелдер оқушылардың лидерлік қабілеттерін жетілдіріп, өз пікірін дәлелдеуге, сыныптастарымен еркін пікірлесуге ықпал етеді. Мақал-мәтелдер оқушыларды тілдік материалдарға қызықтырумен қатар ана тілінен алған білімдерін бекіту, тереңдету үшін де тиімді. Мұның өзі мақал-мәтелдер бастауыш сынып оқушыларының танымын кеңейтіп, оның ойлау қабілетін, ізденімпаздығын, еңбекқорлығын жетілдіруде, олардың жеке тұлғалық қабілеттерін тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Мақал-мәтелдерді меңгеру барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, басқа жолдастарымен тілдік қарым-қатынасқа оңай түседі. Бұл шәкірттердің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруіне, сабақтың тартымды өтуіне, жаңа материалды терең игеруіне ықпал етеді. Сондықтан оқыту барысында мақал-мәтелдерді қолдану – әдебиеттік оқу пәнін сапалы оқытудың, меңгертудің ұтымды жолдарының бірі деген қорытындыға келдім.
Өкінішке орай, қазіргі таңда өзінің сөздік қорында мақал-мәтелдерді қолданып, көркем сөйлейтін адамдар саны санаулы ғана. Әрине, бұл мәселені шешу баспалдағы бастауыш сыныптан басталатыны бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, тәжірибе жинақтау барысында менің көз жеткізгенім – оқулықта, яғни, әр тақырыптың соңында кездесетін мақал-мәтелдерге көп мән берілмейді. Сондықтан да оқушылар көптеген мақал-мәтелдерді тек жаттанды түрде ғана айтып, оның мағынасын терең ұғына алмайды. 
Мен ғылыми жұмыс   барысында оқушылардың бойында мақал-мәтелдерге деген қызығушылықтарын, ынта-ықыластарын арттыру мақсатында көптеген сынып сағаттарын, тәрбие жұмыстарын, сайыс сабақтарын ұйымдастырдым. Атап айтсақ, «Сөздің көркі – мақал», «Мақал – сөз мәйегі», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ». 
Әдебиеттік оқу сабақтарын әсерлі, қызықты өткізуде, әрі сабақтың тақырыбындағы тәрбиелік мәнін ашуда қазақтың мақал-мәтелдерінің орны ерекше деп аса жоғары сенімділікпен айта аламын.

Осы жолда көп іздендім көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды қарадым. Қазіргі заман талабына сай ғаламтор желісін пайдаланып, мектеп және ауылымыздың орталық кітапханасынан мәліметтер жинадым.Өз сыныптастарымның бір жыл бойы жинаған ”Мақал-мәтелдер жинағы”дәптерлерімен де жұмыс жасадым.Сыныптастарыма алғысымды айтамын. Ғалым зертеушілердің еңбектерімен танысып, ондағы мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәніне,ерекшеліктеріне  талдаулар жүргіздім. Өз білетін  адамдардан мақал-мәтелдер үйреніп, мағынасын аштым. “Ақылды қария-ағып жатқан дария” деген мақал менің таныс қазақ атама арнап айтылған-ау, шамасы -деп ойладым.

Зерттеу жұмысы, берілген тақырыптың өзегіне жетіп, оқушыларға халқымыздың асыл мұрасы, сөз мәйегі – мақал-мәтелдің сан қыры ашылып, үлгі өнеге болады деп сенемін 

Қолданылған әдебиеттер

  1. Албытова Н. Қазақ балалар фольклор арқылы мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру.Алматы,1999 ж.
  2. Ахметова С.Г. Английские пословицы и поговорги и их эквиваленты в русском и казахском языках. Алматы,1989 ж.
  3. Әлімбаев М. Халық –ғажап тәлімгер. Алматы,1989 ж.
  4. Дубравин М. Английские и русские пословицы и поговорки в иллюстрациях. Алматы,1989 ж.
  5. Қазақ мақал-мәтілдері. Құрастырған: Ж. Дәуренбеков. Алматы,2001 ж.
  6. Қазақ  тілінің түсіндерме сөздігі,7 том. Алматы: Ғылым,1983 ж.
  7. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан -2050» стратегиясы. Астана ,2012 ж.
  8. 4. https://ru.wikipedia.org/wiki/Английский_фольклор‎
  9.  Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2010. Т.65: Қазақ мақал-мәтелдері.

10. http://enative.narod.ru/practice/reading/proverbs.htm(www.native-english.ru).

Қосымша  Ә

Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері

Қосымша  А

Мақал-мәтелдердің тақырыбтары:

Қосымша  Б

Мақал-мәтелдер кездесетін жерлер

Қосымша  В

Қосымша  Г

Мен ұйымдастырған іс-шаралар

1.bmp

Қосымша  Г

Мен ұйымдастырған іс-шаралар