Мерекелік бағдарлама «Тәуелсіз елдің -болашағымыз!»


Дюсебаева Самал Кузтаевна,

№3 «Иван-Царевич» балабақшасының

қазақ тілі мұғалімі,

Акмола облысы, Степногорск қаласы

Жүргізуші:   Құрметті балалар, құрметті қонақтар, ата – аналар! Бүгін біз тәуелсіз Отанымыздың мерекесін атап өтуге жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалайды шапағы

Байтақ елім – Ұлы Қазақстаным,

Ең бақытты балалардың Отаны.

 

Қазақстан – ол елдің аты

Қазақстан – ол көктем таңы

Қазақстан – ол бостандықтың аты

Қазақстан – ол күннің көзі

Қазақстан – ол жеңістің  қанаты.

 

Әнұран орындалады.

 

Жүргізуші: Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз, – біздің болашақ бағымыз, нұрлы таңымыз.

 

 

Туған жерге нұр шашып жарық берген,

Қуаныш пен мол бақыт алып келген.

16- желтоқсан шуақ болып,

Тәуелсіздік еліме алып келген.

 

Әсел:  Отанды әркім анасындай

Қастерлейді бағалап

Өйткені Отан баласындай

Бізді өсірер аялап.

 

Айғаным: Көсерлеп құйар селі бар,

Бәйшешек толы белі бар.

 

 

Томирис:

Назерке:

 

«Отан»  әнін қабыл алыңыздар.

 

Бағлан: Арайлап атқан таңы бар.

Өрісі толы малы бар.

Омарта толы балы бар

Сыңсыған мойыл талы бар.

Әділхан : Көкке тиген асқар тауы

Жасыл киген бақша бауы бар.

Менің жерім, туған елім.

Күн сәулелі Қазақстаным!

 

« Салтанатты күн бүгін » әнін қабыл алыңыздар.

 

Жүргізуші:Біздің әр мерекемізг қонақтарсыз  өтпейді.  Бүгін де қонаққа Қарашаш сұлу келді. Қарсы алайық.

 

Қарашаш: Құрметті балалар, біз де Отанымызды ұлттық мемлекеттік деңгейде қорғайтын өр қазақ, ер қазақ, ірі қазақ болып өсуіміз қажет. Елдікке жетпей, теңдікке жетпейтінімізді жадымызда сақтайық, ағайын!

Ойы биік, арманы алыс.

Жаны жомарт, айқабағым

Көкірегі толған намыс

Қазағымнан айналайын.

Сіздерге мерекелік ән шашуым бар. Қабыл алыңыздар

« Ару – ана» әні

Жүргізуші: Құрметті көпшілік, тәуелсіздік алғалы бері тіл туралы көптеген кедергілерге, қиындықтарға кездесіп келеміз. Құрметті ата –аналар сіз боп, біз боп көмектесіп, біздің балалар сол қиындықтан мүдірмей өтеді деген үміттеміз, сол үшін ерінбей, жалықпай ана тілімізді жақсы

білуге тырысамыз. Қане, біздің балалар тіл туралы  не айтады екен,  соны  тыңдайық.

 

Малика: Сүйсең Отан – тіліңді,

Сүйерсің ана тіліңді

Қадірлесең халқыңды

Білесің ана тіліңді.

 

Дария: Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

 

Жүргізуші:Халқымыздың өткен тарихына көз салсақ, қай кезеңде де ұрпақ тәлім – тәрбиесі ең толғақты мәселе ретінде ғасырлар бойы халқымыздың қанына сіңіріп, қастер тұтқан. Солардың бірі Алдаркөсе. Тәуелсіздігімізбен құттықтауға Алдаркөсе келіпті.

 

Алдаркөсе: Сәлеметсіздер ме, балалар.

Мереке құтты болсын!

 

Жүргізуші:  Алдаркөсе біздің балалар ойын ойнағысы келеді. Қандай ойын алып келдің?

Ойындар: «Бәйге»

«Орамал тастамақ»

 

Балалар «Кел, билейік»  әнін Алдар Көсемен орындайық.

« Кел, билейік » әні.

Жүргізуші: Ыстық маған өз елім,

Құшағындай анамның,

Қымбат маған өз жерім,

Бейнесіндей бабамның- деп тәуелсіздігіміздің  келешек Отан қорғау батырларын қарсы алайық.

 

Бауыржан:

Ертөстігім деп елім,

Ертегі ғып шертеді

Мәңгі жасап келемін

Мен қазақтың өркені.

 

Мадияр: батырлар қарашы,

Жаңа елдің баласын

Маржандай өрімнің

Бақытты жарасып

 

Алмас:Армандар іске асып,

Жайнайдау жанарым,

Үміті ұштасып

Сайрасын жараным.

 

Ділназ:Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл қаланы

Ардақты ата мекенім

Отаным – Қазақстаным»

 

« Батырлар» биі.

Рахмет,  шын батыр екенсіңдер.

 

Жүргізуші: Тәуелсіздік – біздің бас ұранымыз, көгілдір туымыз,- өсіп, өніп келе жатқан , жас Астанамыз.Балаларымыз Астана туралы не айтады екен?

 

Айымай: Ей, бас қала Астанам

Жас Астана – Жас қалам

Тарихың бар аспаған

Ордасы бол ойшылдың

Ей, бас қала-Астанам.

 

« Қазақ» биін тамашалыңыздар.

 

Жүргізуші:  Міне, құрметті балалар тәуелсіздік күнін мерекелей отырып, өткенге зер салсақ, еркіндік аңсаған ата – бабаларымыз, тәуелсіз жан деп тәңірге, аллаға табынып, ата –анасына бағынып, өз еңбегіне күн кешкен. Тәуелсіздік үшін ата –бабамыз басын бәйгеге тіккен. Сондықтан тәуелсіздігімізді сақтайық, ағайын. Тәуелсіз елдің жарқын болашақ жұлдыздары –Сіздерсіздер!!!

Мерекемізді « Қазақстан» әнімен аяқтайық.

Қош, сау болыңыздар.

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *