Ай.


Султангалиева Ляззат  Куанышевна

А.Конкабаев атындағы  мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы Ай.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.10 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, тәулік, апта күндері, ай) білу, тиісті уақыт өлшем бірліктерін қолдану және олардың өзара байланысын білу
Сабатың мақсаттары Тиісті уақыт өлшемдерін пайдалану және олардың өзара байланысын білу. «Ай, жыл» – уақыт аралағы және уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік беру, оқушыларды ай аттарымен және олардың орналасу ретімен таныстыру, қолайлы уақыт өлшем бірліктерін қолдануға және олардың арақатынасын білуге үйрету.
Жетістік критерийлері Уақыт аралығының ұзақтығы -ай, жыл туралы түсінік қалыптасады; «Ай, жыл» уақыттың өлшем бірлігі екендігін ұғынады; Ай атаулары және олардың орналасу ретімен танысады. 1жыл 12 айдан тұратындығын біледі: жылдың төрт мезгілін ажырата біледі.
Сөздік қор ай, күнтізбе, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, жыл.
Құндылықтарды дарыту Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланыс орнайды
Алдыңғы меңгерілген білім Апта күндері
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет   Ресурстар
    3минут Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру Шаттық шеңбері Шеңбер болып тұрайық, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толы жанымыз, жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден ОМ анықтап алу айдың ұзақтығын және аттарын білетін боласың; жылдың қаншалықты ұзақ екенін білетін боласың   Слайд презентация, жыл мезгіліне байланысты суреттер,ай аттары жазыла кеспеқағаздар, үстел күнтізбесі, А3 форматтағы қағаздар, түрлі-түсті маркерлер.
      30 минут   (Ұ,Т) Оқушыларды Бақа биімен топқа бөліп отырғыздымӘр топқа жыдың төрт мезгілінің суретін таратып беріп қыс, көктем, жаз, күз деп кезек-кезек айтқызып жылдың төрт мезгілі топтың аттарын қойдық.Өткен сабақты пысықтау үшін әр топқа тапсырмалар берілді.Апта күндерін үш тілде қайталап, «Поровоз»ойынымен жаңа тақырыппен таныстық.Әр топқа тапсырмалар беріліп, «Бағдаршам» әдісімен бағаланды.     Олардан өз тобының атына қатысты жыл мезгіліне сәйкес келетін ай аттары мен ойнайтын ойын аттарын топтастырып жазды. Әр топтың жауабын тыңдау. Барлық топтың жауабын тыңдағаннан кейін,ортаға әр топтан біроқушыны шығарып,оларға ай аттары жазылған кеспеқағаздарды бір-бірден таңдап алуын өтіну.Ай аттарының реті бойынша тұрады. Ал басқа оқушылар ай аттарын хормен атап шығу керек. Ай 30 немесе 31 тәуліктен (ақпанда -28 немесе 29 тәулік бар)тұрады. Күндердің апта және ай бойынша ретімен жазылуын «күнтізбе»- деп те атайды. Айға арналған күнтізбе- бұл күндер ретімен жазылған жазба. Әр айдағы күндер саны әртүрлі: 30,31,28,немесе29күн (МК) Сен білесің бе? Айда қанша күн барын күнтізбесіз де білуге болады.Күнтізбесіз айдағы күндер санын сақтау үшін , саусақтағы сүйектердің ретімен айларды санау тәсілін қолдануға болады.Санау кезінде алақаныңды жұмып, жұдырығыңды түйесің.Содан кейінсолдан оңға қарай, сүйектерден бастап санайсыңдар.Яғни бірінші ай қаңтар- бұл айда 31 тәулік бар.Содан соң екінші ай -ақпан Ол саусақ сүйектерінің арасындағы шұңқырға сәйкес келеді.яғни 30 күндік ай деген сөз.Бірақ ақпан айында 28 немесе 29 тәулік бар.Үшінші ай сүйекке түседі- бұл айда 31 тәулік бар, төртінші ай-шұңқырға – бұл айда 30 тәулік. Осылайша 9 айды оқушыларға саусақ сүйектері арқылы санауды көрсету. Уақыт аралығы мен уақыттың өлшем бірлігі жыл туралы түсінік беру. Шығарып көр. Жыл -уақыт аралағы. 1 жыл -12 айға немесе 365 тәулікке тең. Ай аттарын оқы. Өзің туған айды ата. Бүгін қай айдың қай күні. Келесі қай ай болады. Күнтізбе бойынша анықта.