«Қасиетті киіз қиындысы!» Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік. /даярлық тобы/


Ақмола облысы, Степногорск қаласы.

№2 «Балдырған» балабақшасының музыка жетекшісі

Жумабекова Майра Еслямовна

Кейіпкерлер:

Ересек – Жургізуші, Айдаһар, Хан

Балалар – 1хатшы бала, 2 хатшы бала

Күнекей, Саққұлақ, Желаяқ,Таусоғар

Мақсаты: Балалардың Отаны, Рәміздері, Қазақ хандығы жайлы, Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Мәнерлеп тақпақ айтуға, ән мен би билеу, ұлтық музыкалық ойындар арқылы еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. 

Музыкамен балалар залға кіреді, жарты шеңбер құрып тұрады.

Жургізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгін біз еліміздің ең басты, маңызды  мерекесін атап өтеміз! Ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні! Мереке құтты болсын!

Әнұран тындалады.

Тақпақтар:

1.бала

Байтақ елім  Қазақстан

Мөлдіреген ашық аспан

Алыс кетсем  сағынам

Отаным сен Қазақстан!

2бала

Мерекеге шығады

Бүкіл халық біліп қой

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік ұлы той

3.бала

Аялап ару Ананы
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Отаным – Қазақстаным!

4.бала

Біздін Отан – Қазақстан
Ел басымыз – Нурсултан
Бас қаламыз – Астана
Жаңа туған жас қала

ӘН «АСТАНА» муз: А. Досмағамбетова, сөзі: Г. Жотаева

Музыкамен балалар орындықтарына барып отырады.
Жургізүші: Балалар сендер білесіңдер ме, биыл Қазақстан хандығының бес жүз елу жылдық мерей тойы өтті. Бір мың төрт жүз алтыншы жылы Қазақ хандығы құрылды, бір тудын астында бірігіп қосылған ел  – Қазақ хандығы деп атанды. Оның маынасы ел болып, өз еркімен еркін жүргенді білдірген. Қазақ хандығының салты бойынша, халық,  ақылымен, батырлығымен, және елге деген жаңашырлығымен танылған сұлтанды, – ақ киізге отырғызып хан сайлайтын.  Содан кейін сайлауға куә болған, адамдарға  сол киізді бөліп беретін. Сол киіз киындысы ханның әділ сайланған белгісі ретінде және тәуелсіз ел болғаның білдірген. Міне осылай балалар, ерте заманда қазақтың тұнғыш Керей ханы сайланған.

Музыкамен атға мінген екі хатшы бала шауып кіреді.

1 хатшы бала.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

2хатшы бала

Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар!

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жанында қалған күн

1хатшы бала.

Сіздерге біз Қазақ хандығынан

Маңызды бір хат әкелдік

Қауіпті бір жағдай болып

Сізден көмек іздедік!

Жүргізүшіге хат береді.

Жургізүші: Хатты алып.

Құрметті хатшы балалар

Бізге қонақ болындар!

Хатты ашып оқыйын

Не болғанын  білейін!

ХАТ

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Балалар сендер білесіңдер ме, қасиетті киіз қиындыларын, еліміздің тәуелсіздгінің белгісін айдахар алып кетті.

Сендер өте батылды, ақылды және жүйрік балалар екендеріңді  естідім. Сол қиындыларды елге қайтаруға  көмектесіңдер!

Хан

Жургізүші: Балалар, енді не істеймін ханға қалай көмектесеміз?

Музыкамен залға Күнекей, Саққұлақ, Желаяқ, Таусоғар кіреді.

Күнекей: Мен Күнекеймін, күн нұрынан жаралған қызбын!

Саққұлақ: Ал мен Саққұлақпын! Мен кез келген жердегі дыбыстарды естимін!

Желаяқ: Ал мен Желаяқпын! Ұшқан құс, қашқан аң менен құтыла алмайды, мен бәріне жетіп аламын!

Таусоғар: Күшім бойыма сыймаған соң, таудың тастарын ары-бері қозғап, ойнап отырмын. Таусоғар деген батыр мен боламын.

Жургізүші: Қандай тамаша, бізге келгендеріне біз қуаныштымыз! Мүмкін сендер бізге көмектесесіндер! Айдахарды тауып, киіз қиындысын елге  қайтарып береміз!

Саққұлақ: Әрине көмектесеміз! Құлағын жерге салып тындайды. Естіп тұрмын, Айдаһар, анау биік таулардың арасында тұрады екен!

Күнекей: Олай болса, балалар, кәне бәріміз, көңілді ән әуенмен жолға аттанайық!

МУЗЫКАЛЫҚ ОЙЫН «КӨҢІЛДІ САЯХАТ»  /Айгөлек әніне/

Музыкамен балалар шеңбер бойымен жүреді

–          Өзеннен де қорықпаймыз, балық болып жүземіз! /қолдарын қосып, алақандарымен балық секілді шеңбер бойымен жүреді/

–          Орманнан да қорықпаймыз, құстар болып ұшамыз! /қоларын жанжаққа созып, құс секілді ұшып жүреді/

–          Таулардан да қорықпаймыз, тауешкі боп секіріп өтеміз /қолдарын басына апарып, саусақтарымен ешкінің мүйізін көрсетіп, ешкі секілді секіріп жұреді/

Жургізүші: Балалар міне біз айдахардын жеріне келіп жеттік!

Балалар орындықтарына барып отырады. Музыкамен залға Айһахар кіреді.

Айдаһар: Менің жеріме кім келді? Неге менің мазамды аласындар? Сендер кімсіңдер?

Жургізүші: Айдһхар, біз балабақша балаларымыз! Сіз киіз киындысын алып кеттіңіз, бізге қайтарып беріңіз!

Айдаһар: ХА – ХА- ХА!Ақмақтар, киіз қиындыларын  жәй бермеймін! Мені женіп көріндер! Сонда мен ойланып көремін! Берем бе, әлде бермеймін бе?

Жүргізүші: Жарайды кәне жарысайық!

Айдаһар: Олай болса күш сынайық! Менімен бірге арқан тартысайық! Егер женіп шықсандар! Сонда берем!

Жургізүші: Бұл ойынды біз жеңіл ұтып аламыз, үйткені бізбен бірге Таусоғар деген батырымыз бар. Кәне Таусоғар Айдахармен арқан тартысып көр! Екеу арқан тартысады,

 Таусоғар женіп шығады.

Айдаһар: Күштерін бар екен, мені женіп шықтындар! Сол үшін сендерге бір киіз қыйындысын берем. Береді.

Жургізүші: Ойын бізге ұнады, біздің ұлдарымыз да арқан тартысып ойнағысы келеді. Кәне балалар арқан тартысып ойнайық!

ҰЛТТЫҚ ОЙЫН «АРҚАН ТАРТУ»

Айдаһар: Менен жылдам адам жоқ! Мен  бәрін жеңіп шығам!

Жургізүші: Ал бізде Желаяқ деген батыр баламыз бар, ол сені жеңіп шығады.

Айдаһар: Кәне біліп көрейік! Екінші тапсырмам мынау, «тақия тастамақ» деген ойын ойнайық!

Жургізүші: Олай болса Желаяқ батырымыз ойынды бастасын!

ҰЛТТЫҚ  ОЙЫН «ТАҚИЯ ТАСТАМАҚ»

Ойынға барлық бала қатысады. Балалар шеңбер жасап отырады. Желаяқ бала шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреуінің артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер біреу сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жургізуші қуған баланың орнына тұра қалуға тырысады.

Айдаһар: Жарайды мынау екінші киіз қиыдысын берем. Береді. Балалар сендер күшті және жылдам балалар екенсіңдер, ал тағы қандай өнерлерін бар, маған көрсетіп беріндер!

Жургізүші: Әрине, бізде Күнекей деген қызымыз бар! Ол қыздармен қосылып тамаша би билейді, кәне тамашалап көр!

БИ «ҚАРЛЫҒАШ» Б. Бейсеова әніне /грамзапись/

Айдаһар: Балалар өнерлерін тамаша екен, мені қуантып жібердіңдер! Сол үшін сендерге үшінші киіз қийындысын берем!Береді

Жургізүші: Айдаһар сен білесің бе бүгін бізде бүгін үлкен мереке. – Тәуелсіздік күні! Осы мерекеге арналған балалардың тақпақтары бар еді, соны тындап көр!

Тақпақтар: 

1бала

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын елімнің керегесі

Тату – тәтті боп халқымыз

Әрқашан кетпесін туған жердің берекесі!

2бала

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп,

Бала өседі талапты

3бала

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі

Тұнығындай көңілді, –

Ортада – аспан әлемі.

4бала

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

ӘН « ТУҒАН ӨЛКЕМ» әні: С. Жанғабылов, сөзі: Ө. Тұрманжанов

Айдаһар: Балалар жарайсындар! Әндерін, билерін, тақпақтарын тамаша екен! Енді мен түсіндім, осы киіз қиындылары Қазақ еліне өте қасиетті екен! Осындай балабақшада қаншама ақылды, өнерлі балалар бар екен! Жарайды мен төртінші киіз қиындысын сендерге қайтарып берем!Береді. Мені кешіріндер, мен енді жамандықты ешқашан жасамаймын! Мен тек бейбіт жолымен өмір сүріп, сендермен дос болам!

Жургізуші: Жарайды айдахар біз сені кешіреміз! Бізбен бірге дос бол, бізбен бірге би биле!

БИ «ТУҒАН ЖЕРДЕЙ ЖЕР БОЛМАС»  Б. Бейсенова /грамзапись/

Айдаһар: Балалар сендерге рахмет! Мен өз ертегі еліне қайтып барайын! Қош сау болындар! Кетеді.

Жүргізүші: Балалар біз барлық киіз қиндыларын қайтарып алдық! Енді осы киіз қыйындыстары өз елімізге оралып келді. Балалар бізге тағыда бір қонақ келе жатқан сияқты! Кәне кім екен!

Музыкамен залға Хан кіреді.

Хан: Ассалаумағалейкум балалар! Сендер бүгін өз елінің батырлары екенің дәлелдедіңіздер! Қасиетті киіз қиындыларын елге қайтарып бердіңдер! Жарайсындар балалар! Ал енді  киіз қиындыларынан  бір үлкен ақ киіз құрап  алайық!

ОЙЫН «КИІЗ ҚИЫНДЫЛАРЫН ҚҰРАП АЛ»

Балалар:

1. Менің елім- Тәуелсіз
2. Менің елім – кең байтақ
3. Менің елім – көп ұлтты мемлекет
4. Менің елім – қонақ жай
5. Менің елім – дарқан ел
6. Менің елім – Қазақстан

Хан: Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесі құтты болсын! Жүздерің жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілеймін. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілеймін, әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін! Ал қызым Күнекей балаларға дайындаған сыйлықтарымыз бар емеспе, кәне балаларға таратып берейік!

Күнекей әдемі қалтадан кәмпиттерді балаларға таратып береді.

Хан: Балалар енді менің де өз ертегіме қайтатын кезім келді! Қош сау болындар!

Жургізүші: Осымен бүгінгі Тәуелсіздік күніне арналған мерекеміз аяқталды Қазақстанымыздың көк байрағы желбіреп,еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Қош сау болыңыз!

 

Метки: , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *