АКТ-ны қолдана отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту


Байкасынова Балауса Кикбаевна

Қостанай  облысы, Қостанай ауданы, Заречный ауылы” Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

АКТ-ны қолдана отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.  Мен де ұстазбын.  Менің ұстаз ретінде негізгі мақсатым – АКТ-ны қолдана отырып, сабақтың сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың  сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың өздігінен ізденуін, танымын қалыптастыру, болашақ өмірлеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру.Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы – оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологиялар. АКТ – ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды.АКТ-ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс – әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан – жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу, яғни оқушыны ақпараттық қоғамға бейімдеу. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай – ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Өз сабақтарымда АКТ-ны жиі пайдаланамын. Соның ішінде: компьютер , ноутбук, ұялы телефон, планшет, ауқымды ақпаратты сақтағыш құрылғылар, интербелсенді тақта, фотоаппарат, интернет, т.б. АКТ-ны сабақ үстінде кез келген кезеңінде қолданамын.  Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты ұялы телефон не планшет арқылы интернет желісінен мәлімет іздеуді тапсыру тиімді. Мәліметті интернет желісінен тез тауып, оқуда қолдануға үйренгеннен кейін тапсырманы күрделендіремін. Планшетті қолданудың тағы бір жолы- тапсырманы хат арқылы жіберу. Яғни, өзімнің тәжірибемде  алдын ала математика пәнінен тапсырмаларды, есептерді, сызбаларды теріп қояды да, керек кезінде  электронды пошта арқылы немесе SMS-пен  жіберемін, оқушылар  тапсырманы топпен, жұппен, өз бетімен  орындайды. Бұл жұмыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар топпен, жұппен жұмыс жасауға үйретеді.Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Үй тапсырмасын сұрауға не пысықтауға  қажетті сұрақтарды  видеоға жазып аламын да, интербелсенді тақтадан тыңдатамын. Мұндай сұрақтарға оқушылар қызыға отырып, таласа жауап береді. Бұл әдіс пәнге деген қызығушылықты оятары сөзсіз. Ұялы телефонның диктофонын пайдалана отырып, оқушыларға журналист роліне еніп сұхбат алу тапсырмасын ұсынып отырамын. Иә, бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел ертеңі. Олай болса, АКТ аясында жаңа технологияларды тиімді қолдана отырып, сапалы білім беруде еңбегімізді еселей берейік!