Ашық сабақ “Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік”


Н. Наушабаев Затобол орта мектебінің

құқық пәнінің мұғалімі 

Затобол кенті,

Қостанай ауданы,

Қостанай облысы

Кабдуллин Малдыбай Серикбаевич 

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік – оқушыларға қылмыс ұғымын және түрлерін, қылмыс жасаған жағдайда азаматтарға берілетін жазалар туралы, құықытың барлық салаларын құрметтей отырып, заң алдында барлық азаматтардың теңдігі, ешкімнің ар – намысына тимеуге және балағаттауға, бөтеннің мүлкіне қол сұқпауға, сонымен бірге оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алуға, құқық бұзғаны үшін кінәлі азаматтардың заң бойынша жауапқа тартылатындығы туралы түсіндіру.

Ә) тәрбиелік – адамгершіліктің, ізгі ұасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтары мен міндеттерін баңыттай отырып құқықтық тәрбие беру.

Б) дамытушылық – оқушылардың бойында құқықтың білімді қалыптастыра отырып, саяси саналыға мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз бетімен салыстыра білуге, баулу.

Сабақтың түрі: практикалық (семинарлық сабақ)

Сабақтың типі: білімді бекіту

Сабақтың оқыту әдістері: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы стратегиясының элементтері, театрландырылған көрініс, сұрақ – жауап, іздену, ойын элементтері және т.б

Сабақтың көрнекілігі және техникалық жабдығы: Интерактивті тақта, қанатты сөздер, кітап көрмесі, тірек сызбалар және флипчарттар, слайдтар т.б

Пәнаралық байланыс: Қылмыстық іс жүргізу, саясаттану және әлеуметтану негіздері, қылмыстық атқару құқығы, құқықтық статистика т.б

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, дәрісхана тазалығына назар аудару.

Ә) Сабақтың мақсатын хабарлап, оқұшылардың назарын сабаққа аудару, құқықтық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Екі топқа бөлінген оқушылар жеке – жеке отырғызылады, топ лидерлерін сайланады, эксперт тобы құрылады.

1 – топ «Заңгерлер»

2 – топ «Бейбітшілік»

Жоспары:

  1. Ой қозғау: өткен тақырыпты  еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоцация жасау
  2. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – мақал – мәтел сайысы
  3. «білгенге маржан» – терминдермен жұмыс
  4. театрландырылған көрініс

«Тергеуді мамандар жүргізеді

«Сот процестері»

  1. «Білімді көрсет» кезеңі (ҚР – ның қылмыстық кодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды )
  2. «Аттестеция» (әр топ құқықтық криптограмманы шешеді.)
  3. Кім жылдам? –(капитандар жарысады)

Сабақта жасалатын әрекеттер:

–          топқа бөлу

–          жеке жұмыс, ой – өрісін тыңдау (ой – шақыру)

–          слайдтармен жұмыс

–          пысықтау, бекіту, топпен жұмыс, (әр топқа сұрақ беріледі, топ лидері мен топ мүшелері жауап береді)

–          шығармашылық жұмыстармен таныстыру

–          эксперемент тобының жұмысы (бағалау)

–          мұғалімнің өорытынды сөзі

Оқытушының сөзі: Құрметті оқушылар! Еліміз тәуелсіздігін алып, бары мен жоғын түгендеп жатқан тұста мемлекетімізде қабылданған Ата – заңның  1 –  бабында «ҚР –сы өзін демократиялық, әлеуметтік, зайырлы, құқықтық мемлекет деп таниды, оның ең қымбат қазынасы адам, адамның өмірі және құқықтарымен бостандықтары» деп көрсетілген

Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» деп аталады.

 

  1. Жарыс сабағымызды жүргізу үшін 2 топқа жетекшілер сайлап алайық. Топтарға сәттілік тілейміз

 1 Сайысымыздың бірінші бөлімі Ой қоғау: өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Қылмыс дегеніміз не?» деген сұраққа ассоциация жасау

Новый рисунок (1)

 

 

2 кезеніміз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – мақал мәтел сайысы деп аталады. Бұл кезеңде балалар мақал – мәтелдің жалғасын табу беріледі жәнесол табылған жалғастың ішіндегі сөздің екі тілде аудармасын айтады. Егер жалғасы дұрыс табылып, екі тілде де аудармасы дұрыс берілген жаңдайда әрбір дұрыс жауап 20 ұпай алады, егер бір ғана аудармасы дұрыс берілсе 10 ұпай, ал аудармалар берілмей тек мақал  – мәтелдің жалғасы дүрыс табылса 5 ұпайдан беріледі.

1. Бір қазаға екі ………….. жоқ (жаза)

2. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі ……… табар (куә)

3. Би екеу болса, ………. төртеу (дауа)

4. Әр елдің  ………… басқа , иттер қара қасқа (заңы)

5. Елшіге ………. өлім жоқ (өлім)

6. Тақыр жерге су төксең жеруге тайғақ болар,

Жаманға сырығды айтсаң …………… , болар (айғақ)

  1. Ата – ананың қадірін балалы болғанда білерсің,

Анық достың қадірін, ………….. болғанда білерсің (жалалы)

  1. ……………. істің – арты игі (әділ)
  2. Жолға шықсаң сайлан, бес ……………. байлан (қару)
  3. У ішкен бір өлім, ……………….. ішкен мың өледі (ант)

3.Білген маржан (терминдермен жұмыс)

Конституция – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқық нормалары біріктірілген және жұйеленген нормативті акт

Амнисция – қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны жеңілдету немесе жазадан босату

Санкция – қолданылатын жағымсыз шара

Жаза – соттың үкімі бойынша тағайындалынатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы.

Прецедент – нормативтік актілердің бірі

4 кезең – театрландырылған көрініс

1 – топ заңгерлер «тергеуді мамандар жүргізеді»

2-  топ  бейбітшілік «Сот процестері»

5 кезең «біліміңді көрсет» (ҚР –ның қылмыстық көодексінің кейбір баптарына өзіндік анализ жасайды)

1- топ Заңгерлер «Көліктегі қылмыстар»

2 – топ бейбітшілік «кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жауапкершілігі»

6 кезең «Аттестация» – «білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» демекші сайыста озып шығу үшін білімді болудың маңызы зор. Сондықтан бұл бқлімді әр оқушының білімін бағалау үшін әр топ құқықтық криптограмманы шешеді

 

25 23 9 19 23 15 5 23 25 25 12 25 12 25 17 7 6 7 14
20 19 20 24 4 1 2 22 23 3 1 4 13 22 23 10 4 6
1 14 17 1 4 25 1 16 23 9 17 1 3 1 14 25 23 9 19
23 15 11 7 14 21 1 24 1 , 25 23 9 19 23 15 5 23 25
21 1 13 1 11 5 23 9 23 25 14 7 6 20 24 20 , 21 1 24
1 21 18 26 7 9 7 4 20 14 , 21 1 24 1 14 23 5 1
3 1 26 23 14 17 1 13 17 23 2 5 27 4 5 20 16 20 19
7 14 22 1 4 5 5 1 4 23 14 , 15 10 14 17 1 26 1
25 25 23 9 19 23 15 5 23 25 21 1 13 1 11 5 23 9 23
25 5 1 14 21 27 14 7 21 1 24 1 17 1 14 16 10 15
1 5 13 17 23 16 7 9 6 20 9 7 26 5 20 14 24 1 2
17 23 9 23 25 14 10 4 19 1 9 1 4 17 25 2 21 28 23
14 5 23 3 23 16 10 9 23 11 5 1 16 23 9 1 17 2

 

  1. әділдікті мойындау ———- кісінін ісі – 1.17.1.9
  2. Жалған кішіпейілдік те ——— сияқты жиіркенішті – 19.7.14.19.7.14.17.20.8
  3. имансыздың жүрегінде ——– сүйіс пеншілігі болмайды-10.5.1.14
  4. Адалдық қайда болса – —- сонда -5.20.4.22.20.9.20.8
  5. Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше шындықтың ——- ішіп өлген артық 13.23.14
  6. Екі жүзді адамның жау болғанынан да дос болғаны——- 25.1.13.20.11.5.20
  7. Өш алғаннан гөрі ——— жақсы -8.7.22.20.4.6.7.14
  8. жазасын тартпайтын —-болмайды -21.1.19.1.14.17.23.25
  9. Туғанына бұрғаны биді ——-ұрғаны -25.12.17.26
  10. Жыртқыш ——1.2
  11. ————білу заман талабы-24.1.2.17.23
  12. 15.10.5 мемлекеттің ———жүрегі 21.18.4.7.6.20
  13. 6-г
  14. 3-ғ
  15. 16б
  16. 27ә
  17. 28и

 

 

7 кезең Кім жылдам? (капитандар жарысы)

1- топ «заңгерлер»

Сұрақтар:

  1. Егемендік алғаннан кейін ҚР – да Конституция қанша рет қабылданды? (1993,1995ж)
  2. Жаза дегеніміз не? (Соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы)
  3. ҚР – сы әкімшілік құрылымы жағынан қандай мемлекет?(унитарлы)
  4. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы? (Тәуке хан)
  5. ҚР –сы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады? (демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік)
  6. Қылмыс құрамын атаңыз? (объект, объективтік жақ, субъективті, субъективті жағы)
  7. Зеспубликадағы жоғарғы заң шығарушы орган? (Парламент)
  8. ҚР – ның тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991ж, 16 желтоқсан)
  9. ҚР – ның «Мемлекеттік нышандары туралы»заң қашан қабылданды? (1992ж, 4 маусым)
  10. Азамматрдың құқық құбілеттілігі қай кезден басталады? (бала туылған кезден бастап)

2- топ «Бейбітшілік»

Сұрақтар:

  1. Конституция сөзінің аудармасы қалай? (лат. «constitutio»- құрылғы, өкім)
  2. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
  3. Қылмысты санаттары қарай қалай бөлеміз? (жіңіл, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр)
  4. «Жеті жарғыда» бір құнның мөлшері ұанша? (мың қой)
  5. ҚР – ғы мемлекеттік биліктің бірден – бір бастауы (халық)
  6. Бала неше жастан бастап, қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан)
  7. Алғаш рет қабылданған Ата Заң қабылдаған уақыт? (1993ж, 28 қаңтар)
  8. ҚР –да билікті именденіп кетуге кімнің құқығы бар? (ешкімнің құқығы жоқ)
  9. Мемлекеттің биліктің жүйесі?(Президент, Парламент, үкімет,Сот және БАҚ)
  10. Конституцияның құрылымын ата? (9 бөлім, 98 бап)

Сабақты қорытындылау

Эксперт тобының жұмысы: (сараптау және бағалау)

Оқытушының қорытынды сөзі: Міне, осы айтылғандарды саралай келгенде, біздің еліміздің өркениетті ел ретінде болашақта қарқынды дамуы сіздер мен біздердің қолымызда. Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сендер. Ендешеғ  М. Әуезов атамыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адмның баласы болуы керектігін осы бастан ой – зерделеріңде сақтаңыздар.

 

Үйге тапсырма: 1) «Өлім жазасы қажет пе?» – эссе жазу

2) ҚР –ның Конституциясы  31-34, 39 бап

3) Оқулық 24 параграф.

 

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *