«Төрле – төрле, Жаңа жыл!»


Төлеп Куралай Жалгасовна

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы»  МКҚК тәрбиешісі

«Төрле – төрле, Жаңа жыл!»

Зал әдемі безендіріліп, шыршада әдемі ойыншықтар ілінген, музыка әуені ойналып тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар!

                     Даламызға,қаламызға,
                     Жаңа жыл кіріп келеді.
                     Қартыңызға,балаңызға
                     Жалынды сәлем береді.
                     Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар, 
                     Таңырқанып тұрмаңыздар.
                     Сәнді шырша шақырады.
                     Шырша жырын жырлаңыздар.
                     Келіңіздер,келіңіздер,
                     Би де билеп беріңіздер.
                     Қызығы мол жаңа жылдың
                     Тамашасын көріңіздер

Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесіде келді. Жаңа жыл жаңа бақыт, жаңа қуаныш әкелсін! Еліміздің еңсесі биіктеп, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын! Бөбекжайымыздың мәртебесі одан әрі арта берсін!

Жүргізуші:   Келіңдер бәрің қараңдар,

Ертегімді тыңдаңдар.

Ертегімізде сан қилы,

Қызық-қызық сырлар бар.

Осынау зәулім сарайда,

Жаңа жыл кеші өтпекші.

Хабаршы:  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

                       Карнавалдан қалмаңыздар!

                       Ханзада мен Ханшайым.

           Сіздерге сәлем жолдайды,

                       Бұл кештеріңді қолдайды.

Жүргізуші:Осынау зәулім сарайға, мерекені тойлауға Ханзада мен Ханшайым барлықтарыңызды Жаңа жылдық Карнавалды тойлауға шақырады.

Музыка әуені ойналып залға балалар келеді.

1.Шығыс елі

2.Мексика елі

3. Үнді елі

Ханзада: Біздің зәулім сарайда болып жатқан жаңа жыл кешіне қош келдіңдер!

Жүргізуші: О, Ханзадам мен Ханшайымым! Бұл зәулім сарайдағы төр өздеріңіздікі, төрге барып жайғасыңыздар. Сіздердің әміріңіз бойынша кешімізді бастайық мырзам, не қалауыңыз бар?

Ханшайым:Мен бұл кештің басталуын Жаңа жылдық әнмен көргім келеді.

                                          Ән: «Аққоян»

Тақпақ

Жүзімізде күлкі ойнап,                              Расул

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз, бәріміз!

Дала нұр, қала нұр                                       Санжар

Құтты болсын, жаңа жыл!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр!

Әдемілеп біз ілген                                         Бекзат

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық, баршамыз!

Боранмен буып белді,                       Инжу

Жаңа жыл тағы келді.

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Ню иэ дэй                               Дастан

Ню иэ дэй

Лэт ис синг

Энд лэт ас плэй

Елочка, елочка

Зеленые иголочки

Мы с тобой не будем спать                         Айнель

Новый год мы будем ждать

Ханзада:  Бұл зәулім сарайда,шыршаның шамдары неге жарқырап тұрмасқа?  Ханшайым, осы думанды кештің сәнін келтіріп балаларға шырша шамын жағып берсек қалай болады?

Ханшайым:  Әрине ханзада, мына зәулім сарайдағы шыршаның жарқырап жанғанын мен де тамашалап көргім келеді.

Ханзада мен Ханшайым, балалар бәрі бірге айтады:

1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф, деп үрлейді.

Ханзада:Ой, шырша шамы жанбады ғой, балалар тағы да қайталап айтайық?

1,2,3 деп санайық, шырша шамын жағайық, уф, уф, деп үрлейді. Бірақ шырша шамдары жанбайды. Ханзада мен ханшайым жабырқап қалады.

Жүргізуші: Уа, Ханзадам сіздің әміріңіз бойынша барлық тілегіңізді орындаймыз, тағыда қандай әміріңіз бар?

Ханзада: Мен бұл думанды кеште биші ұлдарды көріп отырмын, осы мерекенің сәнін келтіріп билейтін биші жігіттерің бар ма?

Жүргізуші:  Ия Ханзадам,осы зәулім сарайға өздерінің өнерлерін көрсетуге «Мексикалық» жігіттер де келген екен, солардың биін тамашалаңыз?

Би: «Мексика жігіттерінің биі»

Жүргізуші: – О, менің Ханшайымым сіз не қалайсыз?

Ханшайым: – Ммм….. (басын ұстап ойланып) мен балалардың тақпақтарын тындағым келеді

Ханзада: – Айтқаныңыз болсын Ханшайым!

Жүргізуші: – Айтқаныңыз болсын әміршім, тілегіңізді орындаймыз.

Балалардың тақпақтары

Боранмен буып белді,

Жаңа жыл тағы келді.              Инжу

Берекесін ала келсін,

Нұрға бөлеп біздің елді.

Келді тағы жаңа жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.                          Нұрдаулет

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Сені күттім елендеп.

Өзіңменен ілесіп                                       Аделя

Аяз ата келер деп.

Скоро, скоро новый год

Скоро дед мороз придет                                Али

Снег,снег кружится

Белая  вся улица

Жаңа жыл, жаңа жыл

Мереке тойымыз                                         А.Айлина

Алақай, алақай

Өседі бойымыз

Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Жаңа жылда жұп жазбай                                  Іңкәр

Бірге қарсы алайық

Э хэппи ню иэ

Зэ дэй ис соу клиа                                             Гүлім

Зэ сноу уайт

Зэ скэй ис соу брайт

Ханзада: – Қолын соғып 3рет, тамаша өте керемет би болды. Ал Ханшайым сенің көңілің неге түсіп отыр, бұл думанды кеште сен неге мұңайдын?

Ханшайым: – О ханзадам бәрі тамаша керемет, бірақ, осы думанға біреу жетіспей тұрған секілді ме?

Жүргізуші: –  Балалар біздің ортамызға кім жетіспей тұр?

Балалар жауабы: – Аяз ата мен Ақшақар.

Жүргізуші: – Ендеше балалар бәріміз дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық? Шырша шамдарын жағуға көмектессін

Бәрі бірге: – Аяз ата Ақшақар а – уу, а-уу.

                                (Бір кезде қатты жел тұрып, музыкамен ортаға қарқылдап күліп, зәулім сарайды басына көтеріп мыстан кемпір келеді)

Жүргізуші: – Бұл Аяз ата емес қой балалар?

Мыстан кемпір: – Бұл зәулім сарайдаменсіз өтіп жатырған қандай мереке тойдуман, менде бұл мерекеге қатысып көрейін? Қадірменді Ханзадам мен Ханшайым ханым мен де бұл мерекеге құр қол келмедім! Міне, қолымдағы нәрсеге қараңдар, жесең тілді үйіретін, жемесең өмір бойы есіңде жүретін, жеген адамдарды қайтадан жасартып, армандары мен тілектерін бұлжытпай орындайтын алмамды ала келдім. Осы алманы Ханзада мен Ханшайымға сыйлаймын! Мына алманы жеп өмірде жасарып, армандарың орындалып жақсы ғұмыр кешіп жүріңіздер. Ой, ой ұмыттым мені басқада балалар күтіп отыр еді, мен соларға қарай ұшайын. (музыкамен қарқылдап күліп, жасара-сыңдар, жасарасыңдар!!!)

Ха,ха ха.. – деп алмасын беріп, залдан шығып кетеді.

(осы кезде жарық сөнеді)

Ханзада мен Ханшайым: – Ммм……ым………қандай тәтті алма, мұндай алманы қалай жемеске ааа……..

(залдың светі қайта жанады. Ханзада мен Ханшайым ұйықтап қалады)

Жүргізуші: – (таңғалып,басын шайқап) – жоқ, жоқ, бұлай болуы мүмкін емес! Сіздерге не болды Ханзада мен Ханшайым?Мыстан кемпір сіздерге алманы сиқырлап алдап берген екен, енді не қыламыз?

Жүргізуші: – Ендеше балалар біз аяз атаны шақырайық? Бәлкім ата көмектесе алатын шығар?

Балалар бәрі: Аяз ата а-уу, а-уу, деп дауыстап шақырады.

Музыкамен залға Аяз ата сиқырлытаяғын ұстап, Ақшақар немересімен келеді.     (Балалалар орындықтарынан тұрып қол шапалақтап қарсы алады)

Аяз ата:                    Амансыңдарма ұлдарым!

                                   Амансыңдарма қыздарым!

                                   Қандай солғын жүздерің,

                                   Неге сонша мұңайдың.

                                   Бізді күтіп алаңдап,

                                   Шаршадыңдар ма балаларым!

Сендерге не болған балаларым? Неге көңілсізсіңдер?

Ақшақар: – Балалар, біз атамыз екеуміз сәл кешігіп қалдық, бірақ біз сендердің көңілдеріңді көтереміз!

Жүргізуші: – Ой, ата сіз бізге көмектесіңіз, Ханзадамыз бен Ханшайымымызды жаңа сіздің алдыңызда Мыстан кемпір келіп, сиқырлы алмасымен алдап екеуін ұйықтатып тастады.

Аяз ата: – Жарайды ендеше мен мына қолымдағы сиқырлы таяғымның күшін пайдаланып көрейін? Таяқшасын әрлі, берлі айналдырып, Оф,Оф, сим-салябим, абрака-дабра-уф-уф – деп таяғын сілтеп оларды қайтадан өз қалпына келтір, сиқырлы таяғым!  деп айтады. (Ханзада мен Ханшайым оянады)

Ханзада мен Ханшайым: – Рахмет ата көмектескеніңізге!!

Жүргізуші: – Балалар, біз Аяз атамызбен ақшақар құрметіне би билеп берсек қалай қарайсындар?Олай болса ортада үнді қыздарының биін тамашалайық.

Би: «Үнді би»

Жүргізуші: – Балалар, енді Аяз атамен ойын ойнаймыз ба?

Аяз ата балаларға ойын ойнатады.

Ойын: «»

Жүргізуші: – Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, отырып демалып, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз!

Тақпақ

Жасыл шырша, қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз.

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.                                               Раяна

Қараңыз мына шыршаға,

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келеді

Үйіне келді жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.                                                      Жалғас

Күліп, ойнап би билеп,

Ән салайық бәріміз

Аяз ата, аяз ата,

Сені күтіп жүрдік біз.                                                                    Жамбыл

Томпан қағып арқаланып,

Келеріне сендік біз.

Көрдіңбе Аяз атаны,

Аппақ екен сақалы.                                                                          Карина

Аппақ екен мұртыда,

Аппақ екен шапаны.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген                                                                          И.Айлин

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық, баршамыз!

Зис ис зэ сисон                                                                                         Даниель

Уэн чилдрен скэй

Энд фазэ фронт брингс

Зэ брайн ню иэ трии

Ханзада: – Уа уәзірім мына залда жиналған балалармен  маған тамаша бір ойын көрсетіңдер!

Жүргізуші: – Айтқаныңызды екі етпей орындаймыз, ханзадам.

                                         Ойын: «»

Доңыз жылы: – Балалар, менің жылым аяқталды. Мен сендермен бір жыл бойы бірге болдым. Қызықты күндер көп болды деп ойлаймын. Ал енді менің келер жылға орнымды беруім керек.

Жүргізуші: – Рахмет саған доңыз жылы! Сенің жылың тамаша жыл болды, балаларымыз да көптеген жетістіктерге жетті. Олай болса бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық?

Музыкамен Жаңа жыл кіреді. Шыршаны бір айналады.

Би: «Шығыс»

Жаңа жыл: – Балалар мереке думандарың құтты болсын!

Доңыз жылы: – Жаңа жыл, мен енді өзімнің мекеніме қайтадан ораламын, Сенің жылыңда сәтті жыл болып кірсін, балалар ешқашан мұңаймасын!  Мына менің мойнымдағы жыл белгісін саған табыстайын. Мені ұмытпай естеріңе ала жүріңдер. Сау болындар!-  деп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: –  Балалар, осы келген жылымызға арнап ән айтып берейік.

Ән: «Шырша»

Ханзада мен Ханшайым: – Балалар, біз сендердің тамаша өнерлеріңді көріп, көңіл күйіміз керемет болды, рахмет бәріңе! Енді біз басқада сендер сияқты балаларға барып, олардың да өнерлерін тамашалайық! Сау болыңдар балалар!-деп кетіп қалады.

                                                             Би:  «Сыған»

Жүргізуші: Аяз ата, біздің балалар сізге манадан бері өз өнерлерін көрсетіп, әні мен биін ортаға салып жатыр. Ал енді бізге беретін сыйлығың қайда?

Аяз ата: – Ой балалар, өнерлі екенсіңдер, әнші, биші екенсіңдер. Бірақ мен қартайдым. Көп нәрсені ұмытып қала беретін болдым. Сендерге дайындаған сыйлықтарды қайда қалдырғанымды білмей ұмытып отырмын.

Мыстан келеді: Иә-иә, ұмытшақ шал. Сыйлықтарыңның қайда екенін білмей отырсың ба? Енді балаларға не бересің. Олар болса сенен сыйлық күтіп отыр.

Аяз ата: Қап, мына мыстанды ма, қазір мен оның сазайын берейін. «Қане мыстан, биле» – деп таяқын жерге бір ұрады.

Мыстан билей жөнеледі: «Аяз ата кешір, Аяз ата мен енді қойдым, мен шаршадым, маған көмектесіңдер, айтам-айтам, сыйлықтарыңды мен жасырып қойдым қазір әкелем –(деп билеп жүріп айтады.)

Аяз ата: Тоқта-деп таяқты бір ұрады.

Мыстан тоқтап қалады:  Мені кешіріңдер балалар, аяз ата кешір мені, енді мен жамандық жасамаймын. Қазір әкелем сыйлықтарыңды, деп жүгіріп барып бір қап сыйлық алып келеді.

Аяз ата мен ақша қар балаларға сыйлықтар үлестіреді.

Аяз ата: Балақандарым, сендер менің сыйлығыма ризасыңдар ма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: ендеше балалар, Аяз атаға рахметімізді айтайық.

Балалар: Рахмет!

Аяз ата мен Ақшақар шығып кетеді.

Жүргізуші:

 Келді міне Жаңа жылым елімізге!

                                           Жаңа жылым құт әкелсін жерімізге!

                                           Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

                      Шуақ шашып баршамызға тарайды.

Осымен ортаңғы «Балбұлақ» ересек тобының Жаңа жылдық ертеңгілігі де аяқталды, келесі жылымызда  аман-есен кездескенше!  Сау саламатта болыңыздар!