Тәрбие сағаты «Менің Отаным – Қазақстан»


Петропавл қаласы

«№21 орта мектеп» КММ

Орындаған: 5 «ә» сынып жетекшісі

Токина Жанель Асановна

Мақсаты: 

Білімділік: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Дамытушылық: Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата – бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі:  сұрақ-жауап,әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік

Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі:
Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.

 Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

– Отанымыз Қазақстан
– Мемлекеттік рәміздер – ту, елтаңба, гимн.
– Елордамыз Астана қаласы.

Оқушылар  мемлекеттік рәміздерді  толығырақ кім баяндап береді.    

  1. 1.      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек

нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді.  Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

  1. Әнұран, гимн — салтанатты ән,

мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Әнұрандардың революциялық, әскери, діни тағы басқа түрлері болады. Оның сөзі де, музыкасы да рух көтеретін салтанатты, үлкен мұраттарға бастайтындай болуы керек.

Кеңестік дәуірде 1945 жылы бекітілген Қазақстан әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылды. Дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды. Осы талаптарға сай ән музыкасын сақтап қалу туралы шешім қабылданды да, оның сөзіне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Т. МолдағалиевЖ. Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Қазақстан Республикасы әнұраны музыкасының авторлары:

М. ТөлебаевЛ. ХамидиЕ. Брусиловский. Еліміздің әнұраны 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 7 қаңтарында Конституциялық заң күші бар Жарлығымен мемлекеттік рәміз – Әнұранның мәтіні мен оны ресми пайдаланудың рет жөні бекітілді. Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов. Әнұранның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, Атамекенге деген шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен жан – дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейіліміз, досқа ашық құшағымыз, еркіндікке құштар кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттер басшыларының ресми кездесулері Әнұранның орындалуымен ашылады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында:

«2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.

Қазақ хандығының 550 жылдығын,

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын,

Ұлы Жеңістің 70 жылдығын  барлығымыз бірге атап өтеміз»- деп айтып өтті.

Елбасының Жарлығын орындау- біздің міндетіміз.

 

  • Ø Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы

алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім ол бүгінгі шекарасындағы,  бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн».

 

  • Ø Биыл Ассамблеяға – 20 жыл. Осы жылдар ішінде Елбасының теңдессіз

идеясы әлем үшін үлгі болып, жеке дара «қазақстандық бренд» ретінде танылды. Әрқашанда бірлік пен татулықты сақтауға, алауыздыққа жол бермеуге шақырған Қазақ Елі «Бақыт қайда барасың, ынтымаққа барамын» деген әйгілі сөзін қалдырған. Сондықтан Елбасы айтқандай, «біздің туымыз – бірлік» болуы керек. Тәуелсіз Қазақстанның аспаны мәңгі бейбіт болсын. Жерімізден құт-береке қашпай, ұлт пен ұлыстың достығы артып, татулығымыз таси берсін!» – деп атап өтті.

 

  • Ø -1941жылы 22маусым күні таңғы төртте елімізге қауып төнді.

Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды.Фашистік германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

-Ұлы Отан соғысы басталды. Отанымыздың басына ауыр күндер туды.

Соғыс әр отбасына үлкен қайғы, қасірет әкелді.Әрбірқұндақталған сәби

мен қартайған қария соғыс зардабын шекті…

( Оқушылар өздері естіген, теледидардан көргендері жайлы

баяндайды,пікір алысады)

Ой туғызу. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

– Бейбітшілікті сақтауда сен қандай үлес қосар едің?

-Соғыста немістер жеңсе не болар еді ?

-Жеңіске жетуге не себеп болды? (халықтар достығы)

Мұғалім:

-Фашизімнің ордасы рейхстагқа қазақ жігіті,лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті!

Мұғалім: 1.Оқушылар бүгінгі біздің сынып сағатымыздың тақырыбы  «Менің Отаным – Қазақстан» осы тақырыпқа орай  сөзжұмбақ  шешейік.

Сөзжұмбақ «Отан»
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы /Достық/
2. Елордамыз қай қала /Астана /
3. Біз қай ұлтпыз?/ Қазақ/
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі /Әнұран/

Новый рисунок (3)

2. Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт.  

  • Ø Отан …..  ыстық. 
  • Ø Қазақстан …..  жер.
  • Ø ……..адам — ормансыз бұлбұл.  
  • Ø Қазақстан  Республикасының рәміздері …… қалай аталады?
  • Ø Қазақстан Республикасының астанасы ….  қай қала?

Мен бүгінгі сынып сағаттымызды мына өлең  жолдарымен қорытындылағым келіп тур.

Қорытынды: Үш бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *