Сынып сағаты «Тәуелсіз елдің баласы»


Петропавл қаласы

«№21 орта мектеп» КММ

Орындаған: 5 «ә» сынып жетекшісі

Токина Жанель Асановна

Сабақтың мақсаты:
–          Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістіктерімен таныстыру, Отанды сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.
–          Қазақ елінің рәміздерін қастерлеп, туған жерін, атамекеніне деген сүиіспеншілігін арттыру.
–          Оқушы бойында патриоттық сезімнің қалыптасуына ықпал жасау.

Сабақ түрі:  тарихи-танымдық тәрбие сағаты.
Оқыту әдісі: әңгімелесу; пікір алысу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклеттер.

Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Кіріспе: Қазақстан дейтін менің отаным
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Мұғалім сөзі:
–          Ата-бабалардың армандап өткен  Тәуелсіздігіне қол жеткелі міне 21 жыл толыпты. Аталар арманы орындалып, халқымыздың мерейі үстем болды. Әлемге әйгілі болды.

1) оқушы:
–      Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,
Туымызды бізге ешкім бермеді.
Ел тізгінін қолына алу жолында
Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

2) оқушы:
–     Біз қазақ деген мал баққан елміз
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт- береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз.
Басымыздан намысты асырмаған елміз.
Адалдықты әрқашан жасырмаған елміз.
Еркіндікті ежелден аңсаған елміз.

Көрініс.  Төле би және Әнет баба.

3) оқушы:
–    1991 жылдың 16 Желтоқсаны – ел тарихындағы ұлы күн. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады.

 

 

Слайд «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы»

1990-2012 жылдар (парақтағы сөздер кетеді;)

4) оқушы:

–    Қазақстан!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек,  жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- Шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- дейді күн боп коктегі.
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
Отан, туған ел, туған жер туралы мақал- мәтел айту.

5) оқушы
–    Қандай дүние жетеді балауыңа
Бәрі сенің, жан-отан қалауыңда
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан елтаңбасы жалауыда.
Рәміздер туралы жырлар оқылады.
Тәуелсізмін, егеменмін, азатпын,
Туды міне, ел аңсаған азат күн!
Елдің туын биік ұстар әрқашан,
Болашағы сендерсіңдер қазақтың!
Ән ұраным- жанұраным
Айтар әнім- сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мың қайталап айтар әнім.

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *