Сыныптан тыс іс – шара «Астана – бас қала» / 6 – эксперименттік сынып/


Петропавл қаласы

«№21 орта мектеп» КММ

Орындаған: 5 «ә» сынып жетекшісі

Токина Жанель Асановна

Мақсаты:

Білімділік:Астана қаласының тарихи- мәдени орындарымен таныстыра отырып, туған елді, Отанды құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Астана жылнамасын құру, жаттау арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, , ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Астананың мәдени жетістіктерінің негізінде оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке баулу.

Түрі: сыныптан тыс іс-шара.

Көрнекілігі: Интерактивтік тақтадағы слайдтар, Астана  суреттері.

Барысы:  

1. Ұйымдастыру. Тақырыппен, мақсатымен таныстыру.

2. Астана қаласына саяхат.

3. Сөзжұмбақты  шешу. «Ойнайық та, ойлайық» айдары.

4. Топтастыру. «Астана туралы не білеміз?»

5. «Жүректен жүрекке»-ізгі тілектер.

6. Қорытынды. Ән: «Астана»

І. Ұйымдастыру.

Мұғалім: Балалар бүгін сабағымыздың тақырыбы:  «Астана- бас қала».

Казақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Астананың алғашқы атауы Ақмола. 1998 жылы 10 маусымында Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып қалада ресми тұсау кесері өткізілді. Астана қиялға бай, шексіз сәулетті.

1 – жүргзуші:  (Әділет) Армысыздар  құрметті  қонақтар!

2 – жүргізуші: (Валя) «Астана – бас қала»  атты сынып сағатына  қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Астана – еліміздің бас қаласы. Ол өте әдемі қала. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз.  Ендеше Астана туралы бүгін жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.

2-жүргізуші:

Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Осы аз уақыт ішінде Астана ғажайып қалаға айналды.

Мұғалім: Ал, балалар Астана туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Ксения.

Астана –арман қала,

Бағы бар жанған қала.

Тұрады ол жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

Астана-сұлу қала,

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Дастан

Сәулесі түскен Есілге,

Сарыарқа төсінде.

Армандай әсем қала бар,

Бір көрсең, мәңгі қалар есіңде.

Астанам саған табынам,

Аңсаймын, сағынам.

Таңдарың қандай жарқын,

Жандарың қандай алтын,

Бақытқа бастаған Астанам.

Биікте болсын байрағың!

Диана

Мақтаным, айбарым.

Күн өткен сайын құлпырып,

Көктемгі әсем гүлдей жайнаған.

Елордам менің еңселі,

Ерліктің өлшемі.

Арудай қала, аяулым,

Мәңгілік сүйіп өтем мен сені.

Катя.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей  ғажап  бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз  ел көшін бастаған.

Асем.

Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Мұғалім: Ал, енді балалар, Біз Астана қаласына саяхат жасайық.

1 – жүргізуші:  Валя, сен Астана қаласында болдың ба?

2 – жүргізуші: Әділет, жоқ, мен болған жоқпын. Ал сен ше?

1 – жүргізуші:Мен де болған жоқпын.

2 –жүргізуші Біз Астананың ең әдемі жерлеріне барамыз.

Ол- «Астана-Бәйтерек» кешені. Ол өте биік, зәулім  және әдемі.

Слайд  2-4.  «Бәйтерек»  монументі – Астана символы.

Мадина: “Астана – Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады.

1 – жүргізуші: ( Әділет) Астана қаласында демалатын орындар өте көп екен.

2- жүргізуші: ( Валя) Біз қандай демалыс орнына барамыз?

Слайд 5-9.  «Думан»   ойын – сауық кешені  суреттері көрсетіледі.

Нұрсұлтан: Келесі көрікті жерлерінің бірі- “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз.

1- жүргізуші. Валя, біздің президентіміз кім екенін білесің бе?

2-жүргізуші. Әрине, білемін. Біздің президентімізді бүкіл әлем біледі. Ол Н.Ә.Назарбаев.

Слайд 10. Н.Ә. Назарбаевтың  суреті.

Тақпақтар айтылады.

Нұрсұлтан.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем

Бұның бәрі елбасының арқасы.

Даяна

Шықты тарап ой данадан,

Бері қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлаған,

Елімнің бар Президенті.

1 – жүргізуші.  Бейбітшілік және келісім  сарайы.

Слайд 11.

Настя: Бейбітшілік және келісім  сарайы Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республика жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер.

2 – жүргізуші. Ал, енді демалатын да сәт келді.

Даянаның  орындауында «Қосалқа»  күйі.

Слайд. 12. Домбыра суреттері.

1- жүргізуші: Балалар суретте  Астана қаласында елбасының мәдени орталық мұражайы. Бұл жерде көптеген тарихи жәдігерлер бар.

2- жүргізуші:  Иә, біздің ата-бабаларымыз мұра өткен көне заттар да осы жерде.

Слайд 13-14.  Мұражай  суреті  көрсетіледі.

Мұғалім: Балалар, сендер Астана қаласы туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

Астана суреттері экранда. Слайдтар 15-24.

Мадина

Туған елдің көркі неткен ғажайып?!

Дала күйін шертейік, біз қала жырын жазайық.

Жерұйығы Сарыарқаның даласы

Арман қусаң Астанаға қарашы.

Руслан

Бабалардың көзіңдей

Даналардың сөзіндей

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей.

Настя

Астанам

Астанамның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам.

Нариман

Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған,

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала Астанам!

Әлемжан

Асқақтай бер, Астанам!

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

1 – жүргізуші: Бүгін біздің сыныпта үлкен той болып жатыр.

2 – жүргізуші: Иә, біз елордамыз Астана қаласына саяхат жасадық.

1 – жүргізуші:  Ал енді  оқушылар  бүгінгі тақырыпқа  арналған  сөзжұмбақты шешейік.

2 – жүргізуші: Сөзжұмбақты шешіңдер.  Сіздерге  орысша  сөздер  беріледі, сол сөздерді  қазақша аудармасын жазу керек.

2015-10-25_225454 

1.Герб. ( Елтаңба)

2.Гимн. ( Әнұран)

3.Музей.(Мұражай)

4.Государство. ( Мемлекет)

5.Памятник. ( Ескерткіш)

6.Дворец. ( Сарай)

7.Столица. (Елорда)

8.Комплекс. ( Кешен)

1 – жүргізуші:  Енді оқушылар   бүгінгі  сынып  сағатында алған  білімдерімізді  көрсетейік.

2 – жүргізуші: Топтастыру.  «Астана туралы не білеміз?»   Әр оқушы   бір – бірден шығып  «Астана»  туралы не білетіндерін жазсың.

1- жүргізуші: Қазақ халқының салтында әрбір той-думанда бата беріліп, жылы лебіздер айтылады екен. Ендеше, біз де жылы лебізімізді айтайық.

2 –жүргізуші: Жылы лебіз айтқан әр балаға біз жылы жүрегімізді сыйлаймыз.

1-жүргізуші: Бұл жылы лебіздер «Жүректен жүрекке» деген ізгі тілектер тізбегі деп аталады.

Слайд  29. Жылы лебіздер.

  1. Зәулім, биік үйлер, ғимараттар көбейсің!

2.Тұрғындары- жарқын жүзді адамдар, бақытты балалар болсын.

3.Көркейе бер Астана!

4.Бүкіл әлем Астананың сұлулығына таң қалсын!

5.Есіл өзенінің суы ортаймасын!

6.Өсіп өркендей берсің!

7.Астана-мемлекет дидары бол!

8.Жаса, Жаңа Астанам!

9.Астана- Еуразия контингенті жүрегі бол!

10. Астана көңілімізге шаттық сезім ұялатсын

11.Тәуелсіздігіміз нығайсың!

12.Қазақстан жасасын! Қазақ елі  гүлденсің!

13.Шекарамыз берік болсын.!

14. Еліміз тыныш болсын!

15.Жастарымыз білімді болсын!

Дауыстап бірге:

Жаса, жаңа жас қалам.

 Жайнай бер менің Астанам.

Қорытынды:  Ән орындалады.   «Астана».  Шар лақтырылады.

Метки: , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *