Мерекелік бағдарлама “Менің отаным – Қазақстан “


Султангереева Газиза Мырзабаевна

№4 “Буратино” балақшасының

қазақ тілі мұғалімі

Мақсаты: Балаладың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерді туралы түсініктерін толықтыру, елін,жерін.Отаның құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру , ойын ,сұрақ-жауап

Көрнекіліктер: Отан туралы әңгіме (Аңыз), тақпақтар, мақал-мәтелдер, суреттер, слайд-шоу, көрме.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу

Шаттық щеңбері:    Көк аспандай күн күлсін.

Бірге күлсін бүлдіршін

Ұл қолында ту жүрсің

Қыз қолында гүл жүрсін

Аман болсын бүлдіршін

Сәлеметсіңдер ме балалар , құрметті қонақтар. Бүгінгі Қ-н Р-ның тәуелсіздік күніне арналған көркем-шығармашылық сабағымызды бастайық.

–         Қазір қай жыл мерзімі?

–         Қандай ай?, аптаның күні?

–         Дұрыс қазір қыс мерзімі, желтоқсан айы.

Осы желтоксан ай мерекеге өте бай. Кәне еске түсірейік (мерекелерді атау)

Тақпақ: “Тәуелсіздік“       Арина

Тәуелсіздік – таңның нұры,

Шапағы оның алтын арай.

Мәңгілік алдым мұны,

Жүрем қалай жарқырамай?!

 

Бар бақытым сонда менің,

Қандай қымбат еркіндігім!

Қыдыр келіп қонған елім,

Күндей ашық көркің бүгін.

Өлең  «Бақытты балалық»

Балалар сабағымызды жалғастырмас бұрын теледидарға назар аударайық.Бізді құттықтайды бағдарламада біздің кішкентай бүлдіршіндер.

Теледидардан “Бейне құттықтау“ (естияр топ)

–         Балалар, Қазақстан Респуб-ң рәміздерін кім атап береді?

–         Елтаңба,Ту , Әнұран.

Мемлекеттік рәміздер туралы әңгімелеу.

–         Ту, Елтаңба, Әнұран туралы тақпақтар

Рамиль Наташа Рома

    Елтаңба

Елтаңбасы!

Сөйле,жаңа ғасырдан,

Қазақ үйден түңілігі ашылған.

Аспанға ұқсас тұрған шаңырақтың-

Уықтары, Күн шуағы шашылған.

 

Тарап түнді,

Нұрлы сәуле тарағы,

Жарқырайды жарық жұлдыз жанары.

Келер күнге кекілі алтын,қанатты,

Қос тұлпар ат алып ұшып барады.

 

Әнұран

 Уақыттың ұмытылып сан ұраны,

Елесте, тарихымның қаны, жаны.

Қосылып, шырқайтын бар, Қазақстан,

Әнұран! Мемлекеттік Халық әні!

 

Қөгілдір туы елімнің.

 

Көгілдір туы қазақтын,

Көксеген жетті тарихтан;

Белгісі біздің азат кун,

Тұғырын берік танытқан .

 

Алғанда ауыр ақ міндет,

Мол жігер қосып тасқынға.

Ант береді Президент,

Көгілдір тудың астында.

 

–         Орнымыздан тұрып, Әнұранмызды орындайық.

–         Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Балалар ерте заманда ата-бабаларымыз тәуелсіздікті аңсап келген,қазір мен сендерге бір аңыз айтып беремін.Сол аңызда Қыран құс пен Алтынқанатты Тұлпарлардың жерұйықты іздегеніне куә боламыз.

                 Аңыз “Ту мен Елтаңба“               

Баяғы заманда, бүгінгі қазақ жерінде ай

Мүйізді, алтынқанатты қос.Тұлпар өмір сүріпті

“Ат-өмір қанаты“- демекші олар ұшса-қайспас қанат, ұмтылса қайырылмас қару болып, жері-дүние кезіп, шарлапты.

“Бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан“ деп ел мен жерді жаулапты

Бірақ,бір уақыттарда“ ел аралаған сыншы болар“дегендей естерін жиіп елге оралыпты.

Олар қайтып оралғанда алдарынан қалқып Қырын шығыпты.

–         Иә, не көрдіңдер,не түйдіңдер ?

Сонда қос Тұлпар.

–         Көргенімізді айтсақ-көп сөз.Түйгенімізді айтсақ

“Әркімнің өз жері ұжмақ “

–         Туған жер-тұғырың туған ел-қыдырың, -деп қостапты Қыран

–         Кісі елінді күркірегенше,өз елінде дүркіре дегендей, Алтын Шаңырағымызды өз еліміздің төріне тігуге бел байладық .

–         Онда жол болсын! – депті Қыран.

–         Сол Шаңырағымыз биік, берекелі болсын,нұр шашсын, шайкалмасын, Жұлдызымыз әрдайым жоғары болсын деп қырағы қорғаны боламыз.

–         Онда, “Төрттеу түгел болса,төбедегі келеді“

Деп, мен де көк төрінде төбелеріңнен қалықайын, Алтын нұрлы  Күн астында айбарларыңды асқақтайын.

–         Тауып айттың “Қыран! Қазақстан атты елдің рәмізіне айналсақ біз үшін бақыт емес пе“.

Міне қысқаша Еліміздің Елтаңбасы мен Туы аңыз бойынша  осылай пайда болыпты. Қазір біз кішкене бой сергетіп алайық, сұраққа жауап берейік.

“ Брейн ринг “

  1. Біз қай қалада тұрамыз?
  2. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
  3. Біздің балабақша қалай аталады?
  4. Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді ?
  5. Қыс айларын ата.
  6. 1-ден 10-ға дейін және кері санау
  7. Біздің ақша қалай аталады? Теңгемізге неше жыл?

 

Күні нұрлы таңы

Жері гүлдей бақтағы

Ел ырысы-тайқазан

Төл теңгеміз қақпағы

Қазынамыз толығып,

Болсын дәйім жолы құт!

«Төл теңге – ел тірегі!»

Деп құрметтер оны жұрт.

 Ойын –  “Теңге алу“

Қырғыстанда-/сом/ Ресейде – /рубль/  Германияда – /Марка/  Америкада – /доллар/  Ұлыбританияда – /фунт/  Украинада –/гривна/ Қытайда – /юань/ Тәжікстанда –/манат/ Өзбекстанда – /сум/ Туркияда – /лира/ Латвияда – /лат/ Кореяда – /йена/

 

Жарайсыңдар , ал енді Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер.

(балалардың жауаптары)

 

Ал енді Илья, Полина, Дима, Лера өз тақпақтарын оқып береді.

 

Гүлзар баққа оранған,

Күннен киген бөрікті

Аққудай таранған

Алматы – әсем көрікті .

 

Қараганды көмірі

«Қара алтынға» баланар,

Алтын астық – өңірі.

Сарыарқадай далам бар.

 

 

Күміс күріш – Сыр бойы,

Оңтүстікте – ақ мата.

Република қыр, ойы-

Қазыналы алқаптар.

 

Жер тұрып, әдемі әуеннің дауысы естіледі, сол әуеннің үнімен Самрұқ құс кіреді.

–       Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен сендердің мерекелеріне Астанадағы  Бәйтеректен ұшып келдім. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.

–       Рахмет самрұқ құс төрлет біздің балалардың өнерін көр.

Лера Кең байтақ жерім

Тәуелсіз елім

Шырқай бер шырқа

Қазақстаным.

Талапқа – орын,

Жаныма – дарын

Шырқай бер шырқа

Қазақстаным.

 

Атыңнан айналайын Атамекен

Намысты жан жат жұртта жата ма екен

Сарғайып бөгде елде жүре беру

Қазақ болсаң жаныңа батады екен.

 

Атамекен – земля оцов. Так в переводе звучит это красивое слово. Красивое потому, что оно наша колыбель детства.

Балалар триосы қарсы аламыз, Максим, Аня, Диана.

«Атамекен» – әнімен.

Тосын сый: Самұрық құс алтын жұмыртқасының ішінен шоколад алып балаларға таратады.

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *