Тәрбие сағаты «Егемен елім – Қазақстан!»


Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі

Дуйсенбаева Нуржамал Жалгасбаевна

Т.Позолотин атындағы Явленка №1 орта мектебі

  1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
    2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
    3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
    Көрнекілігі:
    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.
    2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
    3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

    Жүргізуші сөзі:
    Сәлеметсіздер ме, балалар. Біздің “ Егемен елім – ҚАЗАҚСТАН!” атты сабағымызға қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. І Ұйымдастыру бөлімі:
    – Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
    – 24 жыл толып отыр.
    – Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
    – 29 жыл.
    – Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
    – Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
    – Біздің президентіміз кім ?
    – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
    – Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
    – Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
    – Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

    Жүргізуші. Құрметті қонақтар сүйікті балалар ! Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл толды.
    Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіндер. Сәби күлкісімен ана мейрімінің сәні ешқашан бұзылмасын.
    Ән-ұран
    Би: «Шаңырақ»

Жүргізуші. Ежелден – ақ жақсылықты Алладан күтіп, болашаққа үмітпен қараған кеңпейіл халықпыз. Сол пейілге орай қазақ халқына кең байтақ жер, көл-көсір көңіл бұйырған. Өз тілін мәдениетін дамытам деген қазақ халқына мүмкіндік бермеді. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ляззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызының аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш бар ол азаттық үшін жан аямай алысқан, сол боздақтардың кейбірінің бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмауы. Сол боздақтарға арналған таппақтарды тыңдаңыздар:

1 Бала:
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік
Жазира мен Ляззаттың
Арымен келген еркіндік
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік

2 Бала:
Он алтыншы желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан

3 Бала:

Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Тәуелсіздік туған күн! .

4 Бала:
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн

Жүргізуші:
Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Көп ұзамай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президентінің ҚР тәуелсіздігі жөнінде Конституциялық заңы қабылданды. ҚР президенті Н. Ә. Назарбаевтың «1986 жылы 17, 18 желтоқсанға қатысқандарды ақтау жөнінде» 1991 жылы жарлығы шықты. Осыдан кейін еліміздің басшысы 17 – желтоқсанды «демократиялық жаңару» күні деп жариялады.Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.

Көрініс.

Жүргізуші:
Шалқы қазақ шалқитын заман келді! Текке қанын төккен жоқ бабаларың демекші осы күнге жеткізген еркіндік таңы мәңгі жасасын!
1-бала:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.

2-бала:
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *