ТӘРБИЕ САҒАТЫ «Салт-дәстүрім жарасқан» 7 сыныбында


Павлодар қаласы

№41 жалпы орта білім беру мектебі

Мұғалім: Кабиденова Б.М

Сәлеметсіздер  ме, құрметті  әріптестер!  41 мектепке  хош  келдіңіздер!

Құрметті қонақтар,   бүгінгі  тәрбие  сағатымыздың  негізгі мақсаты  оқушылардың  ұлттық  салт-дәстүр, әдет-ғұрпын  үйренуге  және сыйлап құрметтеуге  шақыру. Ұлтымызға жанашыр  ұрпақ тәрбиелеу.

Құрметті балалар! Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз де  ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, ананың қасиетті сөздерінен бастау алады.

Сондықтан  бүгінгі  тақырыбымыз балалар  салт-дәстүр  жайлы болады.

Ақырын  күй  ойналып тұрады.

Мұхтар  Шаханов

 «Төрт  ана»

Тағдырыңды  тамырсыздық  індетінен  қалқала,

Мазмұн жоқта  мазмұнсыздық  шыға келер ортаға.

Әр адамға  өз анасынан  басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі  астана,

Демеп  жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу  керек  құдыретті  төрт ана:

Туған  жері-түп  қазығы, айбыны,

Туған тілі-мәңгі  өнеге  айдыны,

Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі,

Және  туған тарихы,

Еске алуға қаншама

Ауыр  әрі  қасіретті  болса  да.

 

 

Оқушы: Ассалаумағалейкүм, халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

1-жүргізуші:
Туғаннан соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ата-бабаң ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты.

 

 

2-жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даланың ежелгі
Қазақ деген халықпыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.

 

Балалар, Біз атадан балаға мирас болып келе жатқан қандай әдет-ғұрып салт-дәстүрін білеміз?
/Балаға ат қою, Атқа мінгізу, Тоқым қағу, Сүйінші, Сәлемдеме, Көрімдік, Базарлық,  Шашу, Ерулік,  Аманат. т.б./

2 тапсырма: Бала шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, үлкен азамат болып, қартайғанға дейінгі халқымыздың дәстүрлі той мерекелерін кім атайды?
/Бесікке салу, Қырқынан шығару, Тұсау кесу, Сүндет той, Мүшел той,

Ендеше оқушылар осы атап  берген салт-дәстүрімізді біздің қонақтарға   сахналап  көрсетейік.

 

Көрініс: « Әжесі  мен немерелері»

(Әже  ұршықпен  жіп иіріп отырады )

Немересі: (даладан жүгіріп келеді)

-Әже, әже, не істеп отырсыз?

-Е, балам, мынау ұршық  деген болады. Жіп иіріп отырмын, саған шұлық  тоқимын. Аязды  күндер алдымызда ғой.

Әжетай: , Сүйінші деген не?

-Әже, әже мен айтайыншы.

-Сүйінші  қазақ халқының  жақсы дәстүрлерінің бірі. Қуанышты хабар  болғанда, туған-туыс, дос-жаран  бір-бірінен  сүйінші  сұрап, мәз-мейрам болып жатады.

 

Көрініс:

 

-Сүйінші, сүйінші, сүйінші! Болатбек  ағаның әйелі босаныпты! Ұл туыпты. Сүйінші!

Дауыстар: О, бәрекелді! Жақсы болған екен! Бауы берік болсын!

 

Үй  иесі: Әй шырағым, жақсылық  хабар  айтып келгеніне, бізді қуантқанына рахмет. Қазақ баласы жақсы хабарды жерге тастамайды, жақсылықтың сүйіншісі болады. Міне айналайын, сүйіншің. (сыйлық береді)

 

Әже, балаға  ат  қою  туралы  айтыңызшы!

-Балалар, балаға  ат қою  дәстүрі туралы  кім  біледі?

-Мен білемін.

– Қазақтың салты бойынша, жас нәресте туған кезде ата-анасы ең сыйлы, қатты, құрметтейтін  адамына  сәбиінің  есімін қойғызады. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды.  Олар айтқан есімді ата-анасының азан шақыртып, сәбиіне қоюы – бұлжытпай орындалатын міндет.

 

-Құрметті  қонақтар! Халқымыздың  «Балаға ат қою»  дәстүрін  тамашалаңыздар.

 

Балаға ат қоюдың  құрметін  ауылымыздың  құрметті  атасы  Алпамыс  атаға ұсынамыз. (бір оқушы  шапан, тымақ  киіп  ата болып  келеді.)

 

Ата: Баланы әкеліңіздер, ат қойып  берейін.

Абай, Жамбыл, Сәкендей

Ақын болар ма екенсің?

Қажымұқан  атандай

Батыр  болар ма екенсің?

 

Құрманғазы, Динадай

Күйші  болар ма екенсің?

Мың  бұралып  Шарадай

Биші  болар  ма екенсің?

 

Тағы  саған  не дейін?

Үмітіне сенейін.

Елің  сүйер ер болшы

Үстем болсын  мерейін

Сенің атың Алпамыс, Алпамыс, Алпамыс

(деп құлағына айтады )

Ән: Ата-дәстүрлері –ай

 

-Әжетай, тұсау кесу деген қандай ырым?

Менің досым, Асқардың інісінің тұсауын кесейін деп жатыр.

Нұржан , ұялмайсың ба, соны да білмейсің бе?

Әдетте  балаға  12-14 ай болғанда  қаз тұрып, жүре бастайды. Осы кезде қарт әжелер мен қыз-келіншектер жиналып, той жасап, пысық, елгезек, еңбексүйгіш бір келіншекке тұсауын кестіреді

 

Ата-бабаларымыз  бұл ырымға  қатты көңіл бөлген. Өйткені, баланың болашақтағы жолы, аяқ басуы нық  осы тұсау кесуге байланысты деп түсінген. Бұл жақсы ырым. Абай  атамыз айтқан екен: «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кіреді денең» деп. Айтқандай, сәби дүние  есігін ашқанда  «бесік той», шілдехана, қырқынан шығару қадамдары болса, тұсау кесу өмірге аттанар алдында алғашқы қадам.

 

-Әже сонда баланың тұсауын қалай кеседі?

-Әже, әже мен айтайыншы.

Баланың тұсауын  малдың тоқ  ішегімен  кессе, бала келешекте бай болады деп түсінген. Ал ала жіппен кесу , болашақта  адал болып өссін деген мақсатта.

 

Тұсау кесу рәсімі

Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадамына қарайық,

Басқаныңды санайық.

Жолын болсын  деселік,

Жолына нұр төселік,

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын  қадамың.

 

(балаға анасы шашу шашады, тәтті дәмдісін ұсынады)

 

Құдыретіңнен  айналдым  ата  салтым,

Ұрпақтан-ұрпаққа  жалғастырған  халқым,

Орындалып  әрқашан  салт-дәстүрім,

Қазағымның  дүркіреп атсың даңқы.

 

Кешіміздің қадірменді қонақтарына сөз кезегін береміз.

Метки: , , , , ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *