Әдістемелік құрал “Географияны оқыту әдістемесінің даму тарихы, құрылымы”


Молдақынов А. Е.   – Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, «№27 орта мектеп-гимназиясы» КММ география пәнінің мұғалімі

Кіріспе

  Оқу процесінде оқу құрал-жабдықтарын айқын жүйеде орналастыру жағдайы оны тиімді пайдалану, кабинетті жиһаздармен және көмекші құрал-жабдықтармен жабдықтау географияны оқытудың негізгі құралдары болып табылады.Географияны оқытуда оқу құрал-жабдықтары сынып, кабинет жағдайларына сай болуы керек.Орта мектепте география кабинетінің қажеттігі туралы идеялар және оны оқу процесінде пайдалану оқымысты географтардың, әдіскерлердің еңбектерінде көрініс тапты. (А.А.Барзова, А.Ю.Петри, В.П.Буданова, А.С.Баркова, Н.Н.Баранский т.б.).

Көрнекi құралдар немесе оқыту құралдары (немесе бiлiм беру көздерi)  табиғат пен қоғам туралы ғылыми бiлiмнiң қалыптасуына, оқыту мен тәрбиелеудiң негiзгi мақсатын жетiлдiруге керек. Көрнекi құралдардың негiзгi  бiр функциясы – бiлiм меңгеруi барысында оларды көрсете алу. Бұлар әсiресе, оқушылар физикалық және экономикалық  география курсын оқыған кезде, көптеген обьектi мен құбылыстарды шын түрiнде көре алмаған жағдайда, маңызды болып келедi. Сонымен қатар, табиғатта кездесетiн заттарда кейде көзге көрiнбейтiн нақты көрсеткiштердi байқау қиынға түседi, сол кезде оларды сызбалар, схемалар, модельдер т. б. арқылы көрсетуге болады. Көрнекi құралдар бiлiмнiң негiзгi көзi болып келедi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың бiлу қабiлеттерi, ойлары, тiлдерi дамиды, және көрнекi құралдар арқылы олар ғылыми зерттеу лердiң қарапайым түрлерiн және т.б. бiлiктiлiктерiн игередi. Көрнекi құралдар географияны оқыту мақсаты, маңызы және әдiстемесiне қазiргi қойылатын талаптармен байланысты.  Олар мұғалiм мен оқушылардың жұмыс iстеу ерекшелiктерiмен сәйкес келу керек, сонымен қатар бiлiм мен бiлiктiлiктердiң жақсы игеруiне көмектеседі.

Көп жылдан бері географиялық кабинетті құрастырып, жабдықтаға көптеген тәжірибелер жинақталған.Көптеген мұғалімдер мен методистер географиялық кабинетті құрастыруда өз ұсыныстарын жасаған болатын.Мысалы, мұндай кабинеттің жоспарын жасаушлардың бірі – Н.К.Семакин.[27]. Бұл жоспар мұғалімдер арасында қолдау тауып, кейбір мектептерге енгізілген болатын.Семакиннің конструкциясы бойынша жасалған кабинетте мұғалімге жұмыс істеу өте ыңғайлы.Барлқ жабдықтар жанында және бір мезгілде бірқатар шектеулер бар.Автор мысалы, жабдық түйіндер мен бөлшектеуді пайдаланудағы антрополитрлік және санитарлық – гигиеналық шарттарды бірыңғайға келтірілмеген.

          Географиялық кабинеттерді жабдықтау барлық мектеп кабинеттерінің шарттарына сай атқарылуы керек.Жабдық барысында әрбір құралдың ерекшеліктерін, құрамын, оқытудағы маңызын білу, оның жұмыс істеуге қауіпсіздігін және ыңғайлығын қамтамасыз ету керек.

Зерттеудің  нысаны: Жалпы орта  білім  беретін  мектептегі  география  сабақтарында оқу-құрал жабдықтарын оқу үрдісінде пайдалану

География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдалану бiлiмнiң негiзгi көзi, олармен жұмыс iстеу барысында оқушылардың іскерліктері мен дағдылары  қалыптасады

География курсы бойынша оқу–құрал жабдықтарының түрлеріне талдау жасап, оларды пайдалану әдістемесін  көрсету

1.География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың теориялық  негіздерін  айқындау.

          2. География курсында оқу-құрал жабдықтарын оқыту технологиясын пайдаланудың жолдарына  талдау   жасау

          3. География курсында оқу-құрал жабдықтарын оқытуда пайдаланудың тиімді  әдіс – тәсілдерін  анықтау

1.Тақырыпқа  байланысты  ғылыми-педагогикалық,  әдістемелік  және  теориялық  еңбектеріне  талдау  жасау;

2.Озат  мектептердің  іс – тәжірибелерін  жинақтап,  талдау  жасау;

География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың  әдіс – тәсілдері,  үлгі – жоспарлары  жасалынды

География курсында оқу-құрал жабдықтарын пайдаланудың  әдіс – тәсілдерін,  үлгі – жоспарларын орта мектептің география пәнінің мұғалімдері пайдалануына болады  

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Молдақынов.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]