Авторлық бағдарлама “Қазақ тілі көне тіл”


Пахирдинова Г. Ш.   – Алматы қаласы, Жетісу ауданы №129 жалпы білім беретін мектебінің педагог-зерттеуші, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

                                                      Түсінік хат

Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша  жаңартылған білім беру  бағдарламасына негізделген.

Оқу сауаттылығы – оқушының жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Қазіргі уақытта оқушының бойындағы функционалдық сауаттылығы пен өмірге қажетті құзырлылықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударылады. Сонымен қатар, қазақ тілін тереңдете үйренгісі келген оқушылар да  пайдалана алады. Бұл бағдарламаны мұғалімдер аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат пайдалана алады.

Курс бағдарламасының өзектілігі: Бұл  бағдарлама  оқушылардың ауызша- жазбаша тілін  дамытуға көмек көрсетеді. Сонымен қатар бұл бағдарламаны мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете үйренгісі келген оқушылар үшін де пайдалана алады.

Курстың негізгі мақсаты: оқушыларды еркін, жақсы әрі жатық сөйлеуге, сауатты жазуға, айтайын деген ойды дәл жеткізуге баулу, қазақ тілінің шексіз мол мүмкіндіктері мен сарқылмас байлығын дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру, әдемі әрі әуенді, үйлесімді әрі ұйқасымды сөйлеудің, жазудың үлкен өнер екенін көңіліне ұялату, ұғындыру.

Курстың міндеті: оқушылардың танымдық деңгейін көтеру; ойлау белсенділігін, ой-өрісін дамыту; оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру.

  Оқушылардың дайындық  деңгейіне қойылатын талаптар:

– қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

– сөздіктің көмегімен көркем шығармалардан үзінділер оқып, мазмұны бойынша талдау жасау;

– сауатты оқу, жазу, есте сақтау, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту;

– сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрастыра алу керек;

– мәтіндегі сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажырата алу керек;

– мәтін қандай тәсілмен жазылғанын ажырата алу керек;

Күтілетін нәтиже:

  • Логикалық ойлауға мүмкіндік алады.
  • Ақыл-ойын дамытады.
  • Топпен іс-әрекетке тәрбиеленеді.
  • Тіл байлығы жетіледі.

Оқушылар нені білу керек:

— қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді ;

— білгенін  практика жүзінде іске асыра алуды;

— талдау машығының жоғары болуы;

— орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

— салыстыра алу қабілетінің басым болуы;

Оқушылар нені үйрену керек:

— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

— сауатты талдау қолданып, бірігіп жұмыс істеу.

                                        Курс бағдарламасының  мазмұны

 «Қазақ тілі көне тіл» атты дамытушылық курсының мазмұны оқушыға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, оқушыны өз ойын түсінікті жеткізуге үйрету, дара тұлғаның дамуына  мүмкіндік жасау мақсатын көздеді.

1.Қазақ тіл білімінің салалары-4сағат. Ана тілін құрметтейік!

Ана тілім-әдеби тіл. Сөз әлемінде. Сөздердің көп мағынасы бар.

2. Тіл  әлемінде-4сағат. Синоним, омоним,антонимдерді білесің бе? Мақал-мәтелдер әлемінде. Қазақ тілінің сөз байлығы. Сөздердің қолдану өрісіне байланысты түрлері

 3. Тіл дыбыстарына саяхат5сағат. Тіл дыбыстарына саяхат.Дауысты дыбыстар сөйлейді. Дауыссыз дыбыстармен  жұмыс. Буынға бөле аласың ба? Үндестік заңын есте сақтаймыз!

4. Сөз өнері-8сағат.Сөзжасам әлемі. Тіл мәдениеті. Қандай көмекші сөздер білесің? Зат есімнің ерекшелігі. Деректі мен дерексіз есімдерге шолу. Зат есімнің сөйлемдегі қызметін білу. Сын есімнің әлемі. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін білу.

5. Сөз таптарына саяхат-6сағат. Сан есіммен дос бол! Есімдік әлемі. Сен қандай есімдік түрлерің білесің? Етістікке саяхат. Етістіктің түрленуі туралы не білесің? Қандай болымды әрі болымсыз етістік бар?

6. Дұрыс сөйле!5сағат.Үстеуге әлемі. Одағайдың ерекшелігі. Көмекші есімдер қандай? Көмекші етістіктер әлемі. Шылаулар қандай болады?

7. Қорытынды сабақ-2сағат. Тест. Қайталау

Міндетті деңгей

Сөйлеу әрекеті.  Тақырып бойынша сөйлесе алу.

Оқылым. Мәтіндерді оқу, жалпы мазмұнын түсіну.

Тыңдалым. Мәтінді түсіну үшін сөз, сөз тіркестерінің  байланысын ұғыну.

Сөйлесім. Тақырып бойынша айта білу, сөйлесе алу.

Жазылым. Монолог, диалог, эссе жаза білу.

Күтілетін нәтиже:

  • Логикалық ойлауға мүмкіндік алады.
  • Ақыл-ойын дамытады.
  • Топпен іс-әрекетке тәрбиеленеді.
  • Тіл байлығы жетіледі.
  • Жан-жақты ізденушілігі артады.

Оқушылар нені білу керек:

— тілдік және әдеби білімдерін толығуы ;

— салыстыра алу қабілетінің басым болуы;

— талдау машығының жоғары;

— өзіндік ой дербестігінің болуы;

— білгенін  практика жүзінде іске асыра алуды;

Оқушылар нені үйрену керек:

— тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

— грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

— сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

— деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындай алу.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Пахирдинова-авт.-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]