Әдістемелік құрал “Қазіргі мектептегі әлеуметтік-психологиялық тәрбие берудің мәселелері”


Кажикова Г. Т.   – Павлодар облысы Екібастұз ауданы Өлеңті жалпы негізгі білім беретін мектебінің педагог-психолог маманы

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі.Қазіргі уақытта психология ғылымындағы маңызды салалардың бірі ол арт-терапия болып саналады. Арт-терапия даму үстіндегі психология мен психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып есептеледі. Қазір Қазақстанда арт-терапия өзінің қалыптасу кезеңінде. Бұл сала Қазақстанда әлі де болса әлі де зерттелуүстінде.

Арт-терапиямен айналысу үлкен кәсіби дайындықты, психология аймағында іргелі білімді талап ететін  қиын іс-әрекет болып есептеледі. Қазіргі кезде мұндай мамандар біртіндеп көбейіп келеді. Осыған қарамастан арт-терапияны қолдануға деген қызығушылық өте жоғары.

Арт-терапия жөніндегі білімді елімізде дәл қазіргі күнде тек қана психологтарға ғана емес, сонымен қатар педагогтарға, әлеуметтік жұмыскерлерге, қарт адамдар, жасөспірімдер психикалық ауру адамдарға тағы басқа көптеген жерлерде қолдану маңызды және қажет екендігі дәлелденуде.

Алғашқыда арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, кейін келе оның қолданыс шеңбері кеңейді. Бұл дегеніміз арт-терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды деген сөз. Мұнда адамның шығармашылық әрекетіндегі әсемдігі емес,сол кезеңдегі басынан өткен сезімдерді, қобалжуларды бейне арқылы жеткізу болып табылады. Психоаналитикалық бағыттың негізін салушы З.Фрейд айтқандай бұл барлық уақытта оңай емес.Яғни, бұдан шығатын қорытынды толығымен сезімдерді жеткізе білгенде ғана, сол кезде  арт-терапия өз мақсатына жетіп, тиімді болары сөзсіз.

Алғашқыда арт-терапияны тек ауру немесе сырқат адамдарға жүргізген болса, казіргі кезде оның қолданыс аясы кеңеюде.Яғни, бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.

Арт-терапия бойынша осы кезге дейін біршама зерттеушілер жұмыстанған болатын: З.Фрейд, К.Юнг, С.С.Корсаков, В.М.Бехтерев, К.Швабе, Д.Райн, М.Наумбург, Э.Крамер, А.Хилл, А.Хилл, И.Чампернон,М.Либман т.б.

Қазақстанда арт-терапияның дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар ретінде И.С.Сарыбаева,С.М.Дүйсенова, У.И.Ауталипова, С.Т.Бапаева, М.Қасымбекова, Ә.Нұрмұхамбетұлы, Н.Мырзаханұлы т.б. атап көрсетуге болады.

Сонымен қатар қазіргі қоғамда тек ересектерде ғана емес, жасөспірім жасындағы жоғары сыныптардағы оқушылардың бойында да стресс деңгейі артып келеді. Бұл әлі де болса стресті реттеуде қолдану аясы кеңейе қоймаған арт-терапияны тиімді пайдалануды қажет етеді.

Жұмыстың мақсаты: Жоғары сыныптарда арт-терапияны қолдану мен оның стрессті реттеудегі ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік тексеру жұмыстарын жүргізу.

Зерттеу нысанасы: Жоғары сыныптардағы оқушыларға арт-терапияның қолданылуы.

Зерттеу пәні: Жоғары сыныптарда жасөспірімдердің стресс деңгейін реттеуге арт-терапияның тигізетін ықпалы.

Зерттеу болжамы:Жоғары сыныптарда оқитын жасөспірім жасындағы оқушыларға арт-терапия түрлерін қолдану олардың стресс деңгейін реттеуге ықпалын тигізеді.

Зерттеу міндеттері:

1.   Психологиядағы арт-терапия және оның қолданылуы туралы мәліметтерді теориялық талдау.

2.   Стресске психологиялық құбылыс ретінде теориялық талдау.

3.   Жоғары сыныптарда оқитын жасөспірімдердің стресс деңгейін реттеуде арт-терапияны қолдану бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу және нәтижелерге сай ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері: В.В.Бойканың «күйіп-пісу» деңгейін  диагностикалау әдісі, «Стресс-тест», «Сіздің оқу-тәрбие процесінде стресске  ұшыратуы мүмкін себептер» атты сауалнама, «САН» әдістемесі.

Зерттеудің жаңалығы: Жоғары сыныптарда оқитын жасөспірімдердің стресс деңгейін арт-терапиялық жаттығуларды қолдану арқылы төмендету тәжірибесі жүргізіледі.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Кажикова-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]