Авторлық бағдарлама “Қазақ тілін маңыздылығы”


Кокенова Ж. И. / Раисова А. О. – Жетісу облысы, Панфилов ауданы «Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Түсінік хат

 «Қазақ тілінің маңыздылығы» тақырыбындағы элективті курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани- адамгершілік пен қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.

  «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы (өзгерістермен және толықтыруларымен 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496с бұйрық) оқушылардың функционалдық   сауаттылығын  дамыту жөніндегі  арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына,  ҚРБҒМ 25.10.2017 жылғы   № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына  сүйене отырып,  жасақталды.  Бағдарлама қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы 5-сыныпқа арнап құрастырылған және әр сыныпта 34 сағатқа құрылған.  Қазіргі таңда нарықтық экономикада академиялық білімі мен дағдыларын жоғары кәсіптік деңгейде қолданатын, мемлекеттік тілді жетік меңгерген ұрпақ қажет. Соған орай, бұл бағдарламада алдымен оқушылардың мемлекеттік тілде шығармашылық  ойлауы  және  өзінің  жеке  ойын  өз бетінше дамыту, тілдік құзіреттілік сияқты дағдыларын қалыптастыру көзделді.

                        Курс бағдарламасының өзектілігі:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бүгінде мемлекеттік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкілдерінің де үлесі едәуір артты. Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты”, – деген болатын. Ендеше, қазіргі таңда оқушылардың бірнеше тіл білуі өздерінің көкжиегін кеңейтіп, көкірек көзін оятатыны сөзсіз.

Курс бағдарламасының мақсаты:

                 Оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын қалыптастыру.

Курс бағдарламасының  міндеттері: 

  • Оқушының ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Басқалармен қарым-қатынасқа еркін түсу;
  • Дүниетанымдық дағдыларын кеңейту;
  • Қазақ халқының мәдениетімен танысу;
  • Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

         Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметі артады, сөздік қоры молаяды, оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым дағдыларын меңгереді.

Курс бағдарламасының мазмұны

«Қазақ тілінің маңыздылығы» атты элективті курсының мазмұны негізгі VІ бөлімге жіктеледі.

  1. . (6 сағат) Тәуелсіз Қазақстан. Рәміздер. Нұр-сұлтан – бас қала. Қазақ батырлары. Ақын-жыраулар. Туған жерім – Оралым.

2. Қазақтың дастарқаны. (6 сағат) Қазақтың ұлттық тағамдары.  Қазақтың ұлттық сусындары. Қонаққа шақыру. Ас атасы-нан. Мерекелік дастарқанның сәні. Тамақ ішу мәдениеті. 

3. Әдептілік қағидалары. (6 сағат) Сәлем – сөздің анасы. Кел, балалар, оқылық. Әдептілік – әдемілік белгісі. Әдепті бала – арлы бала. Әке мен бала. Жирен жаман әдеттен.

4.  Еңбектің наны тәтті.  (5 сағат) Еңбек етсең ерінбей. Еңбекпен тапқан тиын. Еңбек туралы мақал мәтелдер. Кім боламын? Мамандықтар.

5.  Ертегілер әлемінде.  (6 сағат) Түлкі мен қырғауыл. Қасқыр мен қозы. Түлкі мен тырна. Бауырсақ. Мақта қыз бен мысық. Оқылған ертегілерді бейнелеп салу. 

6. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар. (5 сағат) Отан. Достық. Денсаулық. Жаңылпаштар жаттайық. Қорытынды.

[embeddoc url=”http://oqu-zaman.kz/wp-content/uploads/2022/10/Кокенова-Раисова-1.docx” download=”all” viewer=”microsoft”]