РЕЦЕНЗИЯ №94 – 30.09.2022 ж.


Жетісу облысы, Панфилов ауданы, «Аманбайұлы атындағы орта мектеп МДШО» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ж.И. Кокенова мен А.О. Раисованың «Қазақ тілінің маңыздылығы» атты авторлық бағдарламасына

ПІКІР

          «Қазақ тілінің маңыздылығы» атты авторлық бағдарлама мектеп оқушыларына  арналған және 34 сағатқа бөлінген. Авторлық бағдарламаның мақсаты – оқушылардың тіл сауаттылығы мен сөз байлығын қалыптастыру.

          Бағдарлама үш бөлімнен: кіріспе, теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Бұл бағдарламада оқушылардың функционалдық сауаттылығын, соның ішінде мемлекеттік тіл – қазақ тілін оқып-үйренуге бағытталған оқу тапсырмаларын дайындау мен өткізуде мұғалімдерге  әдістемелік көмек беру мақсаты көзделеді.

          Тақырыптардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрі турасындағы танымын кеңейтуге бағытталған. Мәселен, қазақтың дастарқаны бөлімі қазақтың ұлттық тағамдары, қазақтың ұлттық сусындары, тамақ ішу мәдениеті, т.б. тақырыптардан тұрады. Бағдарламада қазақ халқының ұлттық танымына тән қасиеттер бойынша оқушыларға кеңінен түсінік беріледі: «Одан кейінгі кезекте ақты төкпей қадірлеген қазақ халқы үшін сүт өнімдерінің рөлі ерекше. Бүгіндері баяғы дәстүрді сақтаған халық той-томалақта, түрлі мерекелік жиындарда дастархан басына құрт пен қаймақ, және т.б. сүт тағамдары мен сусындарын қоюды ұмытқан емес».

          Авторлық бағдарламаның практикалық бөлімінде тапсырмалардың үлгілері берілген. Тапсырмалар «Екі жақты күнделік», кластер әдістері арқылы құрастырылған.

          Қорытындылай айтқанда, Ж.И. Кокенова мен А.О. Раисованың «Қазақ тілінің маңыздылығы» атты авторлық бағдарламасын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қосымша құрал ретінде ұсынуға болады деп есептеймін.

Еуразия гуманитарлық институты,

қазақ және орыс филологиясы

кафедрасының доценті,            

PhD (философия докторы):                                                 М. Аманғазықызы